- •Пән бойынша оқу -әдістемелік материалдар
- •2.2 Дәріс сабақтарының тезистері
- •Дені сау балалар мен кемтар балалардың психикалық дамуындағы ортақ заңдылықтар.
- •3. Балалар зиятының дамуындағы әртүрлі ауытқулардың этиологиясы және патогенезі
- •Баланың құрсақта қалыптасу кезеңінде әртүрлі залалды себептердің әсер етуі (антенатальдық зияндылықтар).
- •5.Босану кезіндегі зақымданулар мен асфиксия.
- •5.Олигофренияның патоморфологиясы.
- •Идиотияның клиникалық –педагогикалық сипаттамасы
- •2. Кемақылдылықтың гендік түрлерінің клиникасы.
- •Соматикалық хромосомалардың зақымдануларынан
- •4. Жыныстық хромосомалардың зақымдануларынан болған кемақылдылықтың клиникалық түрлері
- •Шекаралық интеллектуалдық жетіспеушіліктің дизонтогенетикалық түрінің динамикасы мен клиникасы.
- •Гидроцефалия және микроцефалияның клиникалық ерекшеліктері
- •5. Гидроцефал балаларды әлеуметтік бейімдеу мен қалыптастыру әдістері және алдын алу шаралары.
- •Микроцефалияның этиопатогенетикалық ерекшеліктері.
- •Микроцефал балаларды әлеуметтік бейімдеу мен қалыптастыру және алдын алу шаралары
- •Туа пайда болған мерез.
- •1. Әлеуметтік адаптация, реабилитация және емдеудің негізгі принциптері.
- •Мінездеменің негізгі бөлімдері:
- •3. Дамуында ауытқуы бар балаларға медициналық – психологиялық- педагогикалық кеңес беру.
- •Интеллектуалды кемістігі бар балаларды оқыту -тәрбиелеу мекемелері
- •2.3 Семинарлық сабақтар жоспары
- •Реабилитациялау
- •Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өздік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары
- •Тақырып: Қанның жалпы анализінің көрсеткіштері
- •2.6 Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •2.6.1 Курс бойынша жазба жұмыстар тақырыптары
- •2.7 Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиалық ілеспе
- •2.8 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •2.9 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •2.10 Глоссарий
- •2.11.Әдістемелік ұсыныстар
5. Гидроцефал балаларды әлеуметтік бейімдеу мен қалыптастыру әдістері және алдын алу шаралары.
Бұл бағыттағы негізгі жұмыстар баланың жалпы жағдайына, кемістігінің дәрежесіне және оның уақытында анықталуына байланысты жүргізіледі. Көбінесе жүре келе пайда болған гидроцефалия аса ауыр жағдайларға душар етпейді, әлеуметтік бейімделуі жеңіл келеді. Бұл балалар кемақылдылықтың дәрежесіне байланысты арнайы бала бақшаларда, мектептерде тәрбиеленіп, оқи алады. Гидроцефалияның алдын алу шараларына төмендегі негізгі әрекеттерді жатқызуға болады:
ананың екіқабат кезінде әртүрлі зиянды себептердің әсерінен сақтануы;
толғақ кезіндегі зиянды зақымданулардан сақтану және алдын алу шараларын қолдану. Егер зақымдану болса, дер кезінде дұрыс емдеу;
бала туғаннан кейін де әртүрлі жарақаттанудан, әсіресе бастың зақымдануынан, мидың шайқалуынан, қатты жығылу-сүрінуден абай болу.
Микроцефалияның этиопатогенетикалық ерекшеліктері.
Микроцефалия грек сөзі : (микро- кішкентай, цефалон- ми) – бас миының салмағының қалыптан тыс аз болуынан (200-400 гр.) баланың бас сүйегінің дамымауы, кішкенелігі, сонымен қатар ақыл- ойының күрделі кемістігі және дене пішінінің сәйкессіздігі байқалады. Бүл кемістіктер әр түрлі дәрежеде болады: бір қарағанда байқала қоймайтын клиникалық жеңіл түрінен , жалпы жағдайлары өте ауыр, ақыл - ой кемістігі айқын түрлері де кездеседі. Көбінесе микроцефалия жүктілік кезінде қалыптасады да, туғаннан кейін баланың кемістігінің белгілері күрделене түседі.
Микроцефалияның негізгі себептері:
залалды тұқымқуалаушылық әсерінен ата- анасының регенеративті жыныс клеткаларының зақымдануы;
ұрықтың дамуы барысында, әсіресе алғашқы 3 айлық мерзімінде анасының улануы, жарақаттануы, ауруы және баланың құрсақта гипоксияға ұшырау салдарынан зақымдануы;
екіқабат кезінде анасының вирустық (грипп, қызамық,, герпес т.б) аурулармен ауруы және ол аурулардан дұрыс емделмеуі;
анасының екіқабат кезінде немесе одан ертеректе мерез, токсоплазмоз ауруларымен ауруы;
анасының, ұрықтың әртүрлі радиациялық, рентген сәулелерінің әсерінен зақымдануы. Осыған дәлел ретінде 1959 жылы Улик жариялаған мәліметтерді келтіруге болады. Ол Хиросимадағы атом жарылысынан кейін көптеген аналардың балаларының басы кішкентай, кемтар, ақыл - ойы кеміс болып туғанын көрсетеді.
Микроцефалияның патогенезі көп уақыт дұрыс анықталмады. Сондықтан кейбір зерттеушілер микроцефалияны алдымен бас сүйегі дамымағандықтан, немесе оның тез сүйектенуі әсерінен ми дамымай кішкентай болады деп түсіндірді. Ал Д.Н. Зернов пен И.П. Мержеевский бұл шешімді жоққа шығарып, зиянды (патогендік) факторлардың әсерінен ең алдымен мидың қалыптасуы, дамуы бұзылады да, содан барып бас сүйегі үлкеймейді, өспейді деген өте маңызды және дұрыс тұжырым жасайды. Қазіргі уақытта микроцефалияның екі клиникалық түрі бар: шынайы (истинная) және жалған (ложная). Нағыз микроцефалия – генеративті ұрық клеткаларының зақымдануынан мидың жалпы қалыптасуы, немесе кейбір бөліктерінің дамуы ерте кезден бұзылады да, мидың көлемі, салмағы дамымай қалады. Микроцефал балалардың миы, басының көлемі өзі қатарлы дұрыс дамыған балалармен салыстырғанда 2 есеге дейін төмендеуі мүмкін.
Жалған микроцефалия – оны патогенетикалық өзгерістеріне байланысты церебропатиялық (церебрум – ми) микроцефалия деп те атайды. Микроцефалияның бұл түрінің негізгі себебі - мидың немесе ми бөліктерінің, ми қабықтарының қабынуы, зақымдануы. Осы микроцефалияға тән белгілер кемақылдылықтың басқа клиникалық түрлерінде де кездеседі.
Микрацефалияның шынайы түрі балалар арасында сирек кездеседі. Оған қарағанда церебропатиялық түрі жиі кездеседі. Бұл көбінесе мидағы ісіктердің, іріңді қабынулардың, тыртықтардың және мидағы қан тамырларының зақымдануының әсерінен болады.
Патологоанатомиялық, гистологиялық зерттеулер микроцефал балалардың миларындағы зақымданулар әртүрлі дәрежеде және кейбір бөліктерінде өте күрделі болатынын анықтайды. Кейбір жағдайларда ми қатпарлары, иірімдері дұрыс дамымайды, маңдай бөлігіндегі қатпарлар өзара бөлінбейді де, микро- , макрогирия сияқты өзгерістер пайда болады. Мидың гистологиялық зерттеулері ми клеткаларының арасында көптеген өзгерген, дамымаған эмбриональды нерв клеткаларына ұқсас нерв клеткаларының пайда болғанын айқындайды. Бұл клеткалардың марфологиялық құрылымы өзгергендіктен олар өз функцияларын дұрыс атқармайды
Микроцефалияның клиникалық белгілері. Микроцефалияның клиникасын балалардың физикалық, психикалық жағдайларында және жүйке жүйесінде болатын патологиялық өзгерістер құрайды.
Физикалық жағдайындағы өзгерістерге – микроцефалияның алғашқы нышандары бала туғаннан кейін - ақ біліне бастайды немесе, аз уақыттыан кейін - ақ баланың өз қатарына қарағанда артта қалуы, дене мүшелерінің сәйкессіздігі (қолы мен аяқтары қысқа, кеудесі ұзын, басы кішкентай), жалпы мүсіндерінің өзгергені байқалады. Өсе келе кемістіктері айқыдала түседі: жүрістері серпімді, денесі алға қарай еңкиген, жүргенде аяқтарын жерден көтере алмайды. Осымен қатар, олардың ішкі ағзаларындада да: жүрек және қантамырларының, асқорыту системасының ақаулары сияқты кемістіктер де кездеседі. Осы белгілер баланың кемтар екенін бірден айқындайды.
Жүйке жүйесіндегі өзгерістерге – бас мидан тарайтын бас сүйек - ми жүйкелереінің қандай жұбының зақымдануына байланысты баланың бет-әлпетінде, аяқ-қолы мен денесінде әртүрлі кемістіктерің белгілері айқындалады. Мысалы: қылилық , денесінің жартысының жұмысы әлсіреп, немесе сал болуы, бұлшық еттерінің сіңірлерінің түйілуі, е қабылдау және дәм сезу талдағыштарының зақымдануы т.б. Бұл кемістіктердің ауырлығы микроцефалияның қандай дәрежеде екеніне байланысты.
Психикалық жағдайындағы өзгерістер – ақыл- ойдың кемістігі микроцефалияның шынайы түрінде өте жоғары, нақұрыстық, мәңгүрттік дәрежеде кездеседі. Ал микроцефалияның жалған түрінде баланың психикалық іс-әрекеті бұзылады, тілі мерзімінен кеш шығады да, дамымай қалады. Жадысы, зейіні төмен, есте сақтау қабілеті бұзылған. Істелетін жұмыстың мақсатын анықтай алмайды да, бастаған істерінің нәтижесі болмайды, танып - білу әрекеті өте төмен.
Жалпы мінез-құлқына, іс-әрекетіне қарай микроцефал балаларды екі топқа бөледі:
бірінші топ - бұл балалар енжар, селқос, іс- әрекеттері баяу, эмоциялары жұтаң, психикалық даму дәрежесі өте төмен, нақұрыс деңгейінде;
екінші топ – керісінше, мінезіне қызбалық, шапшаңдық, әбігерлік тән балалар жатады. Істеген істерін аяғына дейін бітірмейді, бір істен екінші іске тез ауысады да ешқандай нәтижеге жетпейді. Оларға тән тағы бір ерекшелік – еліктеушілік. Жақсы, жаман істерге, әдеттерге тез еліктейді, бірақ сапасы өте төмен. Бастаған істерін тез бастап, тез жалығады. Дегенмен бұл балалардың психикалық даму деңгейі бірінші топқа қарағанда жоғарылау, мейірімділік, қуаныш сезімдерін көрсете алады, бірақ тез ашуланып, тіптен істеген ісінің тасталқанын шығарады. Бұл балаларды арнайы әдістемелерді қолдана отырып, аз да болса әлеуметтік бейімдеуге болады., ал оқыту мүмкін емес, өйткені олар жеңілдетілген бағдарламаны да игере алмайды.
