Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК +++МШ Документ Microsoft Word.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
461.31 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Орталық – Қазақстан акакдемиясы

Ғылыми білім беру орталығы«СГТИ»

Әлеуметтік-педагогикалық факультет

Дефектология және әлеуметтік жұмыс кафедрасы

MSһBDKE2204 «Мүмкіндіктері шектеулі балалар дамуының клиникалық ерекшеліктері» пәні бойынша

5В010500 «Дефектология» мамандығы үшін

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

Қарағанды 2013

Құрастырған: Нурманбетова Улжалғас Есенбаевна, доцент,м.ғ.к.

ОӘК түіндемесі: пән дефектология мамандығы бойынша оқылатын медициналық және табиғи – ғылыми пәндер циклының негізі болып есептеледі. Осы пәнді игеру барысында болашақ дефектологтар кемістік даму және оның нәтижесі – психофизикалық дамудың ауытқуларының себептерін, қалыптасу механизмдерін және оның дәрежелері мен клиникалық белгілерін анықтай алады. Осы балалардың жағдайына сәйкес сауықтыру, бейімдеу, оқыту және тәрбиелеу мәселелерін анықтайды.

1.3 Пререквизиттері: Мамандыққа кіріспе, генетика, жасқа сай анатомия мен физиология, патологиялық физиология, невропатология, психопатология пәндерінен алған білімдері

1.4 Постреквизиттері: Коррекциялық педагогика, арнайы педагогика, арнайы психология, оқыту мен тәрбиелеудің арнайы әдістері, дефектологияның кәзіргі мәселелері.

1.5 Пәннің қысқша мазмұны: пән дефектология мамандығы бойынша оқылатын медициналық және табиғи – ғылыми пәндер циклының негізі болып есептеледі. Осы пәнді игеру барысында болашақ дефектологтар кемістік даму және оның нәтижесі – әртүрлі кемтарлықтың себептерін, қалыптасу механизмдерін және оның дәрежелері мен белгілерін анықтай алады.

Пәннің мақсаты. Студенттердің зияты зақымдалған балалар дамуының клиникалық ерекшеліктері туралы сапалы білімдерін қалыптастыру.

Курстың міндеттері: -Кемақыл балалар туралы ғылымының даму тарихымен таныстыру,

  • арнайы білім беруді қажет ететін зияты зақымданған балалар топтары туралы білімдерді қалыптастыру;

  • арнайы тәрбиелеу мен білім беруді қажет ететін зияты зақымданған балаларға арналған мекемелер жүйесімен таныстыру;

  • арнайы педагогиканың Қазақстан Республикасындағы және әлуметтегі даму тенденцияларымен және кәзіргі кездегі өзектті мәселелерімен таныстыру

Алған білімдер жүйесі студенттерді олигофренопедагогика саласымен таныстырып, оның ерекшеліктері туралы толық мәлімет береді.

Студенттердің міндеттері: дәрістерді белгіленген тақырыптар бойынша арнайы оқу – әдістемелік әдебиеттермен жұмыс істеу арқылы игеру;

  • көрсетілген кестеге сәйкес тәжрибелік жұмыстарды мұқият әзірлеумен қатар, қойылған сұрақтарға жауап беру, презентациялар және арнайы сөздіктер құрастыру;

  • дефектологиялық терминдердың мағынасын түсіну, оларды жазып, дұрыс қолдана білу;

  • балалардың кемістік дамуындағы әртүрлі ауытқулар этиологиясын, патогенезін және клиникалық ерекшеліктерін білу;

  • мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы мекемелер жүйесімен танысып, олардың жұмыс ерекшеліктерін білу.

1.6 Оқыту нәтижелері ( пәндік және пәннен тыс құзыреттілік)

студенттер мүмкіндіктері шектеулі балалардың даму ерекшеліктерін, оларды тєрбиелеу мен оқыту тәсілдері туралы мәлімет алады және алған білімдерін әлеуметтік беймдеу жєне педагогикалық түзету бағыттарында тиімді қолдана алады.

1.8 Әдебиеттер тізімі.

Негізгі:

  1. Выготский Л.С.Собрание сочинений в 6-ти томах. Тома 5-й и 6-й. М.,1983.

  2. Джагельдинова З.Б. Актуальные проблемы социальной поддержки детей и подростков с отклонениями в развитии в Републике Казахстан. Информационно-методический бюллетень «Специально образование в Казахстане» Алматы, 2003, №2(3) С.15

  3. Забрамная С.Д. Отбор умственно отсталых детей в специальные учреждения.М., Просвещение 1988

  4. Исаев Д.Н. Психическое недоразвитие у детей. Л., Медицина 1983.

  5. Лурия А.Р. Умственно отсталый ребенок. М., 1983

  6. Ляпидевский С.С., Шостак Б.И. Клиника олигофрении. М., Просвещение 1973.

  7. Мастюкова Е.М. Ребенок с отклонениями в развитии: ранняя диагностика, коррекция . М., Просвещение 1992

  8. Намазбаева Ж.И. Некоторые особенности личности учащихся вспомогательной школы. Алма - Ата.1985

  9. Намазбаева Ж.И. , Сарсенбаева Л.О Особенности психофизического развития детей с особыми потребностями. Алматы, 1999.

  10. Нурманбетова У.Е. Мүмкіндіктері шектеулі балалар: интеллектулды даму кемістіктері. Оқулық құрал. Қарағанды 2003

  11. Нурманбетова У.Е. Мүмкіндіктері шектеулі балалар дамуының клиникалық ерекшеліктері: электрондық лекциялар. Қарағанды 2007

  12. Обучение детей с задержкой психического развития. Под ред. В.И. Лубовского. Смоленск. 1994.

  13. Самсонов Ф.А. Основы генетики в дефектологии. М., Просвещение1980

  14. Сулейменова Р.А. Система ранней коррекционной помощи детям с ограниченными возможностями в Казахстане: проблемы создания и развития. Алматы, 2001.

  15. Сухарева Г.Е. Избранные клинические лекции по психиатрии детского возраста.т.3. М., Медицина.1979

  16. Умственная отсталость при наследственных болезнях. Под ред. Маринчевой Г.С., Гаврилова В.И. М., Медицина 1988

Қосымша:

  1. Давиденкова Е.Ф. Болезнь Дауна.,Л. Медицина 1986

  2. Коррекционная педагогика. Основы обучения и воспитания детей с отклонениями в развитии. Под ред. Пузанова Б.П. М., Академия 1999

  3. Ляпидевский С.С. Невропатология. М., Владос .2000

  4. Надирова К.Г., Дәрібаев Ж. Р. Клиникалық невропатология, Қарағанды 1995

  5. Отстающие в учении школьники (проблемы психического равития) Под ред. З.И. Калмыковой ., И.Ю. Кулагиной. М., 1986

  6. Тебенова К.С. Дамуында ауытқулары бар балалар. Оқулық құрал. Қарағанды, 2003

  7. Шматко Н.Д. Дети с отклонениями в развитии. Метод. пособие для педагогов,

воспитателей массовых специальных учреждений и родителей.

М.,Аквариум, 2001. 128 с.

  1. Пән бойынша оқу -әдістемелік материалдар

Барлығы 3 несие

Тақырып атауы

Лекциялар

Семинар

СОӨЖ

СӨЖ

Кіріспе. Балалардың зиятының дамуындағы әртүрлі ауытқулар этиологиясы және патогенезі.

3

6

Моногендік және хромосомдық зақымданулардың клиникалық ерекшеліктері

3

6

Психикалық дамудың тежелуі. Пайда болу себептері мен даму ерекшеліктері

3

6

Антенатальдық зияндылықтар.

3

6

Дамудың барлық кезеңдеріндегі емдік және педагогикалық шаралар.

3

6

Барлығы:

15

30

2.2 Дәріс сабақтарының тезистері

№1 дәріс тақырыбы: Кіріспе. Балалардың зиятының дамуындағы әртүрлі ауытқулардың этиологиясы және патогенезі.

Лекция тезистері:

1.Кіріспе

Курс дефектология мамандығы бойынша оқылатын медициналық және табиғи –ғылыми пәндер циклының негізі болып есептеледі. Осы пәнді игеру барысында болашақ дефектологтар кемістік даму және оның нәтижесі - кемтарлықтың себептерін, қалыптасу механизмдерін және оның дәрежелері мен белгілерін анықтай алады.

Пәнінің негізгі мақсаты - әртүрлі зиянды себебтердің әсерінен болатын ауытқулар мен кемістіктер, оның ішінде орталық жүйке жүйесінің зақымдануының нәтижесінде қалыптасатын зиятының (интеллектісінің) даму кемістіктерінің клиникалық түрлерінің этиопатогенетикалық механизмдерін анықтау.

Пәннің негізгі міндеттері:

  1. Болашақ дефектолог мамандарын нерв – жүйке ауруларының синдромдарымен, әртүрлі кемістіктерде кездесетін негізгі клиникалық белгілермен таныстыру.

  2. Медициналық.- биологиялық циклдағы пәндерден алған білімдерін бір жүйеге келтіріп, келешекте меңгеретін арнайы психологиялық – педагогикалық циклдегі пәндердің негізін түсіну.

  3. Кемақылдылықтың клиникалық түрлерін, дәрежелерін зерттейтін әдістемелермен танысып, оларды қолдана білу.

  4. Зияты зақымдалған балаларға арналған арнайы мекемелердің тәрбиелеу, оқыту, кешенді түзету әдістерімен, әлеуметтік бейімдеу бағыттарымен таныстыру.

  5. пән бойынша алған білімдерін осы күнге дейін әлі де жеткілікті жан-жақты зерттелмеген кемақылдылықтың кейбір себептерін анықтап, алдын алу, сақтандыру тәсілдерін жетілдіруге бағыттау.

Дені сау балалар мен кемтар балалардың психикалық дамуындағы ортақ заңдылықтар.

Психикалық процесстер мен оның қасиеттерінің бәрі де даму процессінің нәтижесінде қалыптасады. Жоғарғы психикалық қызметтің дамуы дені сау балаларда да, кемтар балаларда да отбасының әлеуметтік жағдайының, әсіресе педагогикалық ықпалдың, тәрбиенің әсерінен болады. Сонымен қатар жеке тұлғаның дамып, қалыптасуында биологиялық және әлеуметтік факторлар бірегей қызмет атқарып, олар баланың алғашқы даму кезеңдерінде туа пайда болған бойындағы нәсілдік ерекшеліктеріне де түрліше әсер етеді. Өсе келе, баланың күрделі психикалық процесстері болып саналатын түйсіну, қабылдау, зейін, есте сақтау, ойлану мен қиял және сөйлеу, эмоция мен ерік, мінез, темперамент, қабілет сияқты жеке бас қасиеттері біртіндеп күрделене түседі. Мұндай процесстердің дамып жетілуі мен қалыптасу ерекшеліктері балалардың жасының ұлғаюына байланысты түрліше сипатта болады. Баланың жеке басының қасиеттерін қалыптастыруда оның өмір сүрген ортасы, әлеуметтік жағдайы, оқу -тәрбие істері түрлі іс -әрекеттермен шұғылдануға бейімдеп,өз қабілеттерін жетілдіруде тұқым қуалау арқылы берілетін биологиялық ерекшеліктерімен бірге отырып, әлеуметтік бейімделуде де шешуші роль атқарады. Л.С. Выготский өз зерттеулерінің нәтижесінде бала табиғатының сезімталдығы, әрбір нәрсені шапшаң қабылдап, олардың мән-жайын тез түсінуі сияқты ерекшеліктерін дамытуға дұрыс тәрбие, оқыту процесстері әсер ететінін анықтайды. Баланың сезімталдық ерекшеліктерінің даму кезеңі сензитивтік кезең деп аталады. Мұндай кезеңдер баланың әртүрлі жастағы даму бағыттарында қайталанып отыратын болғандықтан оқу-тәрбие жұмыстары күрделене түсіп, оның үғымталдығын, ойланып – толғану әрекеттерін өрістетеді. Осымен қатар, балалардың жекеленген психикалық қызметтерінің дамуы мен қалыптасуы өсу барысында бірі ерте, бірі кеш дамып, бала санасында түрліше деңгейде болады. Бала психологиясының дамуындағы мұндай заңдылық тек дені сау, қалыпты дамыған балаларда ғана емес, кемтар балаларды да оқытып, тәрбиелеуде де маңызды орын алады.

Бала психикасының бастапқы даму кезеңінде түйсіну процесінің орны ерекше. Түйсіну – баланың дүниені танып – білудегі бейнелеу процесінің алғашқы есігі. Бұл процесс талдағыштар арқылы жүзеге асады. Талдағыштардың аны рецепторлардың анына дәл. Соған орай талдағыштар: көру талдағышы, есту талдағышы, тері талдағышы, т.б. болып бөлінеді. Баланың дұрыс қалыпты дамуына жас кезінен әртүрлі түстерді түйсінуі,естуді түйсінуі, әртүрлі сезімдерді түйсінуі зор әсер етеді. Осы процестің зақымдануы, немесе кешеуілдеуі баланың психикалық және интеллектуалды дамуына кері әсерін тигізеді.

Қабылдау. Егер түйсіну айналадағы заттар мен құбылыстардың жеке қасиеттері мен сапларының мидағы бейнесі болып саналса, ал қабылдау сол заттар мен құбылыстардың мидағы тұтастай бейнеленуі болып табылатын тікелей танымдық процесс. Қабылдау түйсінудегідей бір ғана талдағыштың қызметі емес, ол бірнеше талдағыштардың (көру, есту, дәм, иіс, т.б.) өзара байланысып жұмыс атқаруымен жасалады.

Құбылыстар мен заттарды қабылдау процесінде баланың бұрынғы тәжрибесінің көлемінің мәні өте зор. Өйткені, тәжрибе қабылдауға ғана әсер етіп қоймайды, ол баланың ойлау мен іс -әрекетін де билейді.

Кеңістікті және уақытты қабылдау АҚШ-тың кибернетик - ғалымы дәлелдегендей , адамның денесі, әсіресе ішкі ағзалары,( жүрек, өкпе, ішек қарын, т.б.) сағат тәрізді қызмет атқарады. Мұнымен қатар кеңістіктердегі заттарды және уақытты қабылдау көбінесе адамның ішкі субъективті ойына тәуелді. Сондықтан адамның әрқилы жастағы кездерінде оқиғларды есте қалдыруы және жаңғыртуы да түрліше.

Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық дамуы мен оның санасында жетекші роль атқаратын процесс – ес. Бұл кезеңде бала есінің дұрыс дамуы әртүрлі тітіркендіргіштерді қабылдауы мен сөйлеуіне және ойлау әрекетіне негізделіп, жалпы даму қарқынын күрделендіре түседі.

«Ес- ақыл қоймасы» ( А.В.Сувроров). Ана тілімізде «ес» деген сөздің екі түрлі мағынасы бар. Біріншіден ол « ақыл -ой» дген мағынада қолданса, екіншіден, «жады» деген мағынаны білдіреді. Мәселен, «жаттау», «жаттығу» деген өздердің түбірлері осы «жады» сөзінен шыққан. Сондықтан, еске ақыл –ой, оның сапасы, ауытқуы үлкен әсер етеді.

Ес типтерінің түрлері. Оқу материалдарын, естігенін есте қалдыру немесе еске түсіру, сезім мүшелеріндегі рецеторлардың түріне қарай әр түрлі келеді: біреулер көзімен көргенін немесе оқығанын, екіншілері құлағымен естігенін,ал үшіншілері қолымен ұстағандарын, ал басқалары осы рецепторлардың бәрін біріктіре қолданғанда ғана тиісті мағлұматтарды есте ақтай алады. Осыған орай, балалар көргенін есте қалдырғыш, естігенін есте қалдырғыш және және мағлұматтарды естіп,қозғалыс жасау арқылы есте қалдыратын типтер деп бөлінеді. Интеллектуалды дамуы зақымданған балалар осы аталған типтердің бірде - біреуіне икемсіз болып келеді№

Мектеп жасындағы балалар санасының дамып жетілуінде жетекші процесс - ойлану әрекеті. Ойлану әрекетінің бұл кезеңде қарқынды дамуы бала санасының өзге де психикалық процестерінің шапшаң дамып, оның танымдық әрекеттерінің тереңдеуіне қолайлы жағдай тудырады. Ойлану деп – мәселені шешудегі толғану процесін айтады. Ойлану - дамушы құбылыс және ол балалар арасында үнемі жұмыс күйінде кездеседі. Мида болып тұратын үздіксіз ойлану және оның нәтижесі – ұғымдар мен сөйлемдер бір емес.

Жалпы психикалық процесстердің дамуы мен өзара ықпал етуі нәтижесінде бала психикасының жаңа сапалары қалыптасады. Егер тәрбиелеу , оқыту, бейімдеу жұмыстары баланың ұғымталдық кезеңіне сай жүргізілетін болса, оның нәтижелері барынша жемісті болады. Ал кемтар балалардың ақыл-ойын жетілдіру үшін олардың бойындағы барлық мүмкіндіктерін оятып, жұмылдыру қажет. Осы бағытта тиісті арнайы шараларды қолданып, оның ішінде көрнекі құралдарды, арнайы әдістерді пайдалана отырып, түрлі іс -әрекеттерді сапалы орындауға бағыттау керек. Осы әдістерді қолдану нәтижесінде кемтар балалардың ақыл – ойы өрістеп, тәжірибелік іскерліктері артады, жүре келе еңбектің жеңіл түрлерін де меңгеретін болады, сонымен қатар олардың сөйлеу және ойлау процестері де қалыптаса бастайды.

2. «Мүмкіндіктері шектеулі балалардың даму ерекшеліктерінің клиникасы» пәнінің басқа медициналық – биологиялық пәндермен байланысы.

«Мүмкіндіктері шектеулі балалардың даму ерекшеліктерінің клиникасы» пәнін игеру барысында болашақ дефектологтар кемістік даму және оның салдары - кемтарлықтың себептерін, қалыптасу механизмдерін және оның дәрежелері мен белгілерін анықтай алады. Сондықтан бұл пән биологиялыќ, медициналық, педагогикалыќ және психологиялық пәндермен тығыз , пәнаралық байланыста. Бұл пәнінің дефектология мамандығы бойынша оқылатын медициналық және табиғи –ғылыми пәндер арасында ерекше орны бар. Осы пәнді игеру барысында болашақ дефектологтар кемістік даму және оның салдары - кемтарлықтың себептерін, қалыптасу механизмдерін және оның дәрежелері мен белгілерін анықтай алады. Сондықтан бұл пән биологиялыќ, медициналық, педагогикалыќ және психологиялық пәндермен тығыз, пәнаралық байланыста.

Жоғарыда көрсетілген ғылымдар арасындағы байланыс, және болашақ дефектологтарға қажетті мемелекеттік стандартта көрсетілген пәдердерді жеке –жеке игерумен қатар оларды пәнаралық байланыста игеру – кемтарлық пен оның салдарын жеңілдету үшін, кемтар балаларды медициналық –педагогикалық және психологиялық тұрғыдан қолдау үшін өте маңызды. Осымен қатар, көрсетілген ғылыми салалардың жетістіктерін, зерттеу нәтижелерін қолдана отырып құрастырылған арнайы оқыту –тәрбиелеу әдістемелері, алдын алу шаралары дефектологтардың тәжрибелік жұмыстарында жақсы нәтиже береді.

Олигофренопедагогика- әртүрлі дәрежедегі зияты (интеллектісі) зақымдалған балаларды арнайы әдістемелерді қолдана отырып, жеңілдетілген оқу бағдарламасымен оқытудың теориялық және тәжрибелік әдістерінін жинақтайтын арнайы педагогиканың саласы. Балардың есею кезеңдеріндегі даму ерекшеліктері олардың жоғары жүйке қызметінің жетілуіне байланысты. Дені сау балалар мен кемтар балалардың психикалық процесстерінің дамуы және олардың саналарының сапалық жағынан қалыптасулары да жүйке жүйесінің әрекетіне байланысты.Сонымен қатар дені сау балалар мен кемтар балалардың дамуында шешуі орын алатын әлеуметтік орта мен тәлім-тәрбие беру әдістері екені де сөзсіз. Өйткені, баланың дамуы әлеуметтік өмірмен тығыз байланысты.

Олигофренопсихология - зияты (интеллектісі) зақымдалған балалардың психикалық дамуын жан –жақты зерттеп, ауытқу дәрежелерінің себеп –салдарын айқындап, психиканың зақымдануының алдын алу шараларын айқындайтын арнайы психологияның саласы. Психикалық процесстер мен оның қасиеттерінің бәрі де даму процессінің нәтижесінде қалыптасады. Жоғарғы психикалық қызметтің дамуы дені сау балаларда да, кемтар балаларда да отбасының әлеуметтік жағдайының, әсіресе педагогикалық ықпалдың, тәрбиенің әсерінен болады. Сонымен қатар жеке тұлғаның дамып, қалыптасуында биологиялық және әлеуметтік факторлар бірегей қызмет атқарып, олар баланың алғашқы даму кезеңдерінде туа пайда болған бойындағы нәсілдік ерекшеліктеріне де түрліше әсер етеді.