
- •050724 – «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығының 050724- «Мұнай және газ кәсіпшілігінің технологиялық машиналары мен жабдықтар» мамандыруы үшін.
- •Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2 Пәндер туралы мәліметтер:
- •1.6 Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және олардың орындалу мерзімі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.7.1 Негізгі әдебиеттер
- •1.8Студенттер білімін бағалау жүйесі.
- •1.9. Оқу үрдісінің саясаты
- •2.Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәрістік сабақтардың конспектлері.
- •Кіріспе. Энергия қорларын үнемдеудің жалпы проблемалары.
- •1.2 Көмірсутекті шикізаттың энергоқорүнемдеу технологиясы
- •2.1. Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылаудағы энергоқорүнемділік технологиясы.
- •2.1.1. Қор үнемділік технологиясын енгізудегі ұңғымаларды бұрғылауда материалдардың шығынын азайту жолдары және мұнай бергіштікті көбейту.
- •2.1.3. Ұңғыларды игеру және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін іштен жану қозғалтқыштарынан (іжқ) шығатын газдардың энергиясын пайдалану технологиясы және техникасы.
- •2.2.6 Газ бөлу станцияларындағы (гбс) және кс-дағы табиғи қалдық газдардың артық қысымын пайдаға асыру.
- •2.2.7. Мұнай және газ кәсіпшілігінің технологиялық процестерінде жылунасостық қондырғыларды (жнқ) пайдалану.
- •14.1 Мұнай және газ кәсіпшілігінде жылуэнергетикалық қондырғыларды пайдалану кезіндегі энергия қорларын үнемдеу технологиясы.
- •14.2 Нормалау және жжм-ың орташа шығынын есептеу.
- •14.3 Мұнай өнімдерін өндірудегі қорүнемдеу. Мұнай өнімдерінің шығыны (жоғалу) және сипаты
- •15.1 Мұнай және газ өнеркәсібіндегі құбыр жолдарын жылу оқшаулағыштау.
- •2.3 Тәжірибелік сабактар мазмұны.
- •Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмыс орындау (cоөж) кездегі сабақтар жоспары
- •2.5 Студенттердің өздік жұмыстарының (сөж) мазмұны
- •Студенттердің өздік жұмысының (сөж) мазмұны
- •2.6 Семестрлік тапсырмалар бойынша тапсырмалар
- •2.7 Өзіндік бақылау үшін тесттік сұрақтар. 1-18
- •2.8 Курс бойынша емтихандық сұрақтар тізімі
2.2 Дәрістік сабақтардың конспектлері.
№1 Модуль. «Энергия үнемдеу технологиясының негіздері» және «Екіншілік энергия қорлары (ЕЭҚ) ».
№1 Дәріс тақырыбы.
Кіріспе. Энергия қорларын үнемдеудің жалпы проблемалары.
Энергияүнемдеудің технологиясының қағидалары және оның мұнай мен газ өнеркәсібіндегі көздері.
Мұнай және газ өнеркәсіптік кәсіпорында ОЭҚ жабдықтарын тиімді пайдалану немесе энергия үнемдеуде жаңа технология ендіру арқылы технологиялық процестерді жетілдіру, ПӘК – ін арттыру, өндірілетін жылу және электр энергиялық, сонымен қатар, тұтынушылардың екіншілік немесе өзгеде энергия көздерін тиімді пайдалана білу ( ОЭҚ) жылу – энергиялық қорлардың негіздеріне жатады.
ҚР Президенті үкімет мемлекет пен қоғам алдына қойған стратегиялық міндеттемесі екіншілік энергетикалық және табиғи қорларды өте тиімді пайдалану жолдарын анықтау, себебі, ол ұлттың елдің игілігі үшін маңызды және оның дамуымен қоғамдағы материялдық шығындарды азайту арқылы халықтың өмір сүру сапасын жақсарту.
Энергетикалық қор үнемдеуліктің жалпы проблемасы
ҚР – ның мұнай мен газ өнеркәсібіндегі ең өзекті мәселелердің бірі, энергоқор үнемдеулік, ол экономикалық өсу мен әлеуметтік дамудың маңызды комплекті болып табылады, себебі негізгі қажеттіліктерді қанағаттандырып қызмет көрсетеді.
Бұл жағдайлардың шешімі – жылу – энергетикалық секторында өзгерістерді қажет етеді. Бұл жаңа техника мен технологиялық дамуына жаңа инвестициялық жобаны жетілдіруге және энергетикалық саясаттың өзгеруіне, тұтынушылар тәртібінің талабына әкеп соқтырады және қоршаған ортаға тигізетін әсерін арттыру болып табылады.
Мұнай өнеркәсібі халық шаруашылығындағы ең маңызды сала болып келетіні белгілі, қазірігі кезде ол қоршаған ортаға елеулі шығын әкелетіні белгілі. Бұл мұнай және газ қалдықтарының пайда болуымен, дайындау, жинау және тасымалдацлармен байланысты.
Республикалық мұнайгаз саласының өсуімен бірге, экология және энергоқорүнемдеулік технологиясын рационалды пайдалануда проблемалар туындауда.
Энергияүнемділік технологиясы мұнай – газ өнеркәсібіндегі қайнар көзі. Қоғамдық дамудың объективтік заңдалағы болып есептеледі. Энергия құралдандыру еңбегінің жүйелі өсуі, сонымен қатар, ғылыми – техникалық прогресс, қоғамдық өндірістің энергетикалық тиімділігін арттыруға бағытталған, яғыни, энергоүнемділік энергоүнемділікті екі бағытт ақарастыруға болады: біріншісі ұлттық табысқа немесе шығарылған өнімнің бірлігіне кететін энергия мен отынның физикалық көлемін төмендетуден, яғыни электрлік және жылу энергиясын үнемдеуден тұрады. Екіншісі энергетикалық баланс және өндірістің өзінің мәнді структурасының арқасында мұнайгаз өнеркәсібінде нақты экономикалық тиімділікке жетуді қамтамасыз ететін шараның бірі, сонымен қатар еңбек қорларын немесе қымбат және тапшы материялды энергиямен алмастыру тұрады. Энергосыйимдылықты қысқарту саласындағы және энерготұтыну структуралық қатынасындағыдай энерго үнемділік саясаты энерготұтынудың да бүкіл жинағын алып жатыр.
Жылулық ЕЭҚ көбі қара және түсті металлургия, химия өнеркәсібінде, газ бен мұнайды қайта өндіруде және мұнай химиялық өнеркәсіпте, құрылыс материал өнеркәсібінде, ауыр машина жасау құрылыс пен басқада халықшаруашылық салаларында орналасқан.
Мұнай өндіру және мұнай шығару салаларының энергоқоршығындары мыналарға байланысты:
Мұнайды қабаттық бөлудегі жеткілікті жоғары коэффициентке;
Жұмыстық ұңғыны жоғары деңгейде пайдалануда;
Мұнай шығарудағы технологиялық процестердің тиімділігінің аздығы, ЕЭҚ жеткіліксіз пайдалану;
Энергетикалық тиімділікті арттыру үшін мыналар қажет:
Мұнайлы қабатқа әртүрлі химиялық реагенттермен әсер ететін амал, тасу, жоғары қысымды бу, ыстық су, сығылған газ;
Диафрагмалық энергосорабы бар мұнай өндіретін жабдықты, терең – сорғышты қондырғысы бар жабдықты меңгеру;
Газлифтті ұңғымаларды автоматтандыру;
ЕЭҚ пайдалану деңгейін арттыру;
Барлық сатыдағы өндірістің энергоқоршығындарын бақылауын есепке алу жүйесін жақсартуға бағытталған, ұйымдастырылған техникалық шара кешендерін жасау;
Қолданылатын энергргосыймдылығы жоғары материялдарды, жабдықтарды пайдалануды кеңейту.
Мұнай өңдеу заводтарындағы өнімдерге мыналар жатады: отын, отынды мұнай, мұнайлы газ, майлау майлары және химиялық заводтар шикізаты. Энерго қор шығындар 25% өзіндік бағасы бар мұнай шығару завод өнімдері құрайды.
Жылулық ЕЭҚ газ өнеркәсібінде компресс станциясына (КС) кететін газдан алынған физикалық жылудың арқасында, газ шығарушы құбырлы пештер және өнім ағындағы жылуды суыту арқасында пайда болады. Мұнай және газ өнеркәсібінде көп мөлшерде отын тұтынатын газмотокомпресс және іштен жану двигателі (ЖД) бар үлкен кешен пайдаланылады. ІЖД бар қондырғыны пайдаланғанда жылулық энергия шығыны 60-65)% - ті құрайды. Бұл шығындарды азайту жолдарының бірі – ЕЭҚ пайдалану тиімділігін арттыру.
Жылусорғышты қондырғыларын кеңінен енгізу газ-мұнайлы өнеркәсіп обьектілеріндегі жылу газын тұтынуды белгілі мөлшерге азайтуға мүмкіндік береді. ЕЭҚ негізгі қайнар көздеріне мыналар жатады: мұнай өндіру процесі, синтетикалық каучук өндірісі және синтетикалық спирт күлдерді.
Терең бұрғылаудағы ең өзекті мәселе материалдарды үнемді пайдалану және химиялық регенттерді пайдалану, сондай-ақ бұрғы ерітіндісін дайындауға және өңдеудегі ұңғы өткізгіштігі.
Газдағы жылуды жылуды кептіргіштерде және басқада төмен температуралы қондырғыларда қолдануға болады, мұнайды мұнай өткізгіштерде қыздыру үшін КС-дан шыққан жылуды пайдаланады, қою мұнай өнімдерін қыздыру үшін резервуарларда бу және ыстық су қолданылады.
Айдалған газды ең төменгі нүктеге дейін суытқан кезде және сулы буды конденсациялау кезінде газды жаққанда пайда болатын табиғи газды пайдалану коэффиценті 95%-ке дейін жоғарғы жану газ жылу қатынасымен төмендетуге болады.