Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ЭРСТ Каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.05 Mб
Скачать

2.8 Курс бойынша емтихандық сұрақтар тізімі

Берілген сұрақтар емтиханға даярлануға арналған, 050724- «Мұнай және газ өнеркәсібінің технологиялық машиналары мен жадықтары» мамандығы бойынша пән кестесіне сәйкестендірілген.

1. «Мұнай-газ саласындағы энергия қорын үнемдеушілік технологиясы» пәні. Кіріспе

2. Энергия қорын сақтаудағы негізгі проблемалар.

3. Энергия қорын үнемдеушілік технологиялардың принциптері.

4. Мұнай және газ өнеркәсібіндегі энергия қорларын үнемдеушілік техологиялары көздері.

5. Энергия үнемдеудің негізгі терминдері.

6. Екінші энергетикалық қорлар (ЕЭҚ)

7. ЕЭҚ энергия түрлері.

8. ЕЭҚ классификациясы.

9. Мұнай және газ өнеркәсібіндегі ЕЭҚ-ның негізгі пайдалану бағыттары.

10. Принциптік схема және энергия қорларын пайдалану.

11. ЕЭҚ пайдалану арқылы отынды үнемдеу есебінің схемасы.

12. Энергия тасығыштардың энергетикалық потенциалы.

13. Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау кезіндегі энергия қорын үнемдеу технологиялар.

14. Ұңғыларды бұрғылау кезіндегі материалдардың шығынын төмендету жолдары.

15. Қор сақтағыш технологияларды енгізу кезіндегі мұнай өндірісін көбейту жолдары.

16. Ұңғыларды бұрғылау кезіндегі ІЖҚ газдарын пайдалану.

17. Бұрғылаудың технологиялық қажеттіліктеріне және ұңғыларды тазарту үшін ІЖҚ газдарының жылуы мен энергиясын утилизациялау.

18. Құмды тығындарды ІЖҚ газдарымен бұрғылау кезіндегі технологиялық жабдықтың технологиялық схемасы.

19. ІЖҚ газдарын пайдаланудағы құралдың принциптік схемасы.

20. Фреонды пайдалану арқылы ІЖҚ пайдаланған газдарын утилизациялаудың принциптік схемасы.

21. ІЖҚ газдарының энергиясын пайдалану арқылы жөндеу жұмыстарын жүргізу мен ұңғыларды игеру технологиясы мен техникасы.

22. 2Д-12Б дизель-моторының пайдаланған газдары арқылы ұңғыларды игеру мен түбегейлі жөндеу қондырғысы.

23. ЯМЗ-238 дизель-моторының пайдаланған газдары арқылы ұңғыларды игеру мен түбегейлі жөндеу қондырғысы.

24. ІЖҚ пайдаланған газдарындағы азотты компримирлеу қондырғысының негізгі даму бағыттары.

25. Ұңғыларды жөндеу мен игеру кезіндегі пайдаланатын агрегаттардағы орнатылған дизель-моторларының пайдаланған газдарының мөлшерін есептеу.

26. ІЖҚ пайдаланған газдары арқылы ұңғыларды игеру мен түбегейлі жөндеу қондырғысының термоэкранды құбырының есебі.

27. Мұнай мен газды тасу мен сақтау кезіндегі энергия қорын үнемдегіш технологиялар.

28. Компрессорлы станциялардың (КС) құбырларындағы екінші энергия қорлары және оларды қолданудың негізгі бағыттары.

29. КС магистральді құбырларындағы энергия қорларының көздері және оларды қолданудың негізгі бағыттары.

30. КС газтурбинді жетектегі жылулықтың негізгі шығындары.

31. КС магистральді құбырларындағы шыққан газдардың жылуын утилизациялаудың негізгі бағыттары.

32. КС қосымша механикалық және электр энергиясындағы өндіру.

33. КС-ғы ГТҚ шыққан газдарының жылуын пайдаланудың арқылы бу турбиналық қондырғыдағы электр энергиясын өндіру үшін КС-ғы ГТҚ принциптік схемасы.

34. Турбогенераторлы қондырғыны утилизациялаудың принциптік схемасы.

35. Жылу энергиясын өндіру үшін ҚЭҚ газотурбинді газ айдағыш агрегатын (ГГАА) пайдалану.

36. ГТҚ шыққан газдарының жылуын пайдалану арқылы бу мен ыстық су өндіру үшін утилизатор-қазанның схемасы.

37. Су мен бу жіберу жолымен ГАА қуатын көбейту.

38. ГТҚ қайтымды газдардың жылуын қолдану кезіндегі КС-дағы ГТҚ-ның ПӘК-і

39. Тасымалданушы табиғи газды салқындатқыш КС-дағы жылу утилизациясы.

40. Суытқыш қондырғының технологиялық схемасы.

41. Тасымалданушы газды арлас жүйелі салқындатқыштың схемасы.

42. Технологиялық газды терең суыту үшін салқын өндіру.

43. Сыртқы тұтынушыларға және жылумен жарқтандырғыш КС-дағы жылу утилизациясы

44. Ауыл және КС объекттерін ыстық сумен қамту.

45. ҚЭҚ-ды ауылшаруашылық мақсаттарда қолдану.

46. Хлорелла өсіретін қондырғылардың сызбасы.

47. Газреттеуші санциялар(ГРС) және компрессорлы станциялардағы(КС) табиғи газдың артық қысымын утилизациялау.

48. Газотубиналы КС-дағы қосалқы энергоөнімді(ҚЭӨ) утилизациялаудың кешенді жүйесі.

49. ГАА жеңілдетілген газды отынның энергиясы және бастапқы газды бір жүйелі утилизациялау схемасы.

50. ОЭҚ (отынды энергетикалық қор) үнемдеудегі қосалқы энергоөнімдерің ролі.

51. КС-дан шығыушы жылудың утилизациясын реттеу.

52. КС-ны ҚЭҚ -та пайдаланғандағы қосалқы жылу көздері.

53. Жылу беруші қондырғыларды(ЖБҚ) мұнай-газ кәсібіндегі технологиялық үрдістерде пайдалану.

54. Жылу насосының тиімділігі және қолданыс аясы.

55. ЖБҚ жұмыс істе принцптері және сипаттамсы.

56. Модульді-контейнерлі ЖБҚ сызбасы.

57. ЖБҚ жылу жүйелерінде пайдалану.

58. Мұнай және газды сақтаудағы энергия сақтаушы технологиялар.

59. Мұнай-газ кәсібіне арналған технологиялық жылулық-газогенераторлар(ТЖГ)

60. Бу-газогенераторлары.

61. Бу-газогенераторлы қондырғының технологиялық сызбасы.

62. Мұнайды утилизациялағыш жылулық КС сызбасы.

63. Тұтқырлығы жоғары мұнайды қыздырғыш қондырғының сызбасы.

64. Мұнай өндірісіндегі жылулық әдістер.

65. Мұнай және газ өнеркәсібіндегі жылуэнергетикалық қондырғылардың энергия сақтау тезнологиялары.

66. Жанармай және жағармай шығындарының себептері.

67. ІЖҚ және ГТҚ қолданысындағы жанармай шығынын төмендету жолдары.

68. Жанармай және жағармай шығындарын есептеу және реттеу.

69. Қолданылған мұнай өнімдерін жинау және жұмыс сұйықтықтарын қалпына келтіру.

70. Резервуардағы мұнай өнімдерінің ауаға ұшуын алдыналу әдістері.

71. Құбыр желілерінің жылуизоляциясы.

72. Жылуизоляциялағыш материалдар қолданысындағы жылу шығынын есептеу.

73. Мұнай және газ желілеріндегі жылу шығынын төмендету жолдары.

Глоссарий

Энерготехнология – кинетика мен химиялық реакцияларды терең зерттейтін механизмдерге негізделген, жылудың физикалық жолмен берілуі жөніндегі ғылым саласы.

Энергия үнемдеу – энергияны үнемді қолдануға істелген организациялық, техникалық, ғылыми, экономикалық іс-шаралар.

Энергетикалық ресурс – қазіргі қолданылып жатқан және перспективалы қолдануда пайдалы болатын энергия көзі.

Қосалқы энергетикалық ресурс –өндірістегі негізгі өнімнен қосалқы өнім ретінде алынып жатқан энергетикалық ресурс.

Энергия ресурстарын үнемді қолдану - технология мен техниканың қоршаған ортаны қорғай отырып, үнемді қолданылған энергетика жетістігі.

Энергияның оңтайлы қолдануының көрсеткіші – мемлекетпен орнатылған, энергия көзінің қолдану мен жоғалтудағы абсолютті мөлшері.

Энергияны рационалды қолдану – әлеуметтік, политикалық, қаржылай шектеулерді ұстана отырып, экономикалық жетістіктерге жете отырып, энергияны қолдану.

Энергия сыйымдылығы – белгілі бір өнімді өндірудегі жұмсалған энергия көзі.

Жанармайлық ЕЭҚ – ЕЭҚ-ті жанармай ретінде тікелей қолдану.

Жылулық ЕЭҚ – ЕЭҚ арқылы немесе ЕЭҚ ретінде жылуды қолдану. Осы бөлімге ЕЭҚ арқылы суықты өндіру де жатады.

Күштік ЕЭҚ – екінші дәрежелі энергия ресурстары есебінен механикалық, электірлік энергияны қолдану.

Артық қысымды ЕЭҚ – атмосфераға шығару алдында төмендетуге тиісті, агрегаттарддан шығатын газдар мен сұйықтықтардың потенциялды энергиясы.

Жылулық оқшау – жылу шығынын азайту мақсатындағы тұрғын үйлер мен жылу қондырғыларын оқшаулау.

ЕЭҚ -тың өндірілу коэфицентті – экономикалық мүмкіндіктің жоспарланған өнімге қатынасы.

ЕЭҚ есебінен жанармай үнемдеу – ЕЭҚ қолдаун арқылы үнемделетін алғашқы жанармай мөлшері.

ЕЭҚ-тың утилизация коэффициенті – ЕЭҚ есебінен үнемделетін нақты(жоспарлы) жанармайдың, экономикалық тиімді жанармайға қатынасы.

Жылу сорабы (насосы)- жылуды неғұрлым төменгі температуралық деңгейден неғұрлым жоғарғы деңгейге алмастырушы машина, жұмыс барысында тасымалданатын жылу куатынан аз қуат жұмсалады. Жылу сорабының көмегімен жылу қалдықтарын және табиғи жылуды әр түрлі жылу қамту мақсатында қолдануға болады.

Энергия тасымалдағыш – көзделген мақсатқа тура қолданылатын өңделген энергетикалық қор және қызметіне қарай табиғи қор болып табылады.

Энергетикалық баланс - энергия түзілуін сипаттаушы және онымен қамту кезіндегі кеткен шығын мен соңғы шығын теңдігін сипаттаушы көрсеткіштер жүйесі.

Энергияның регенерациясы – белгілі бір үрдістен кейінгі қалдық энергияны, осы немесе басқа үрдіске қайтара пайдалану.

Энергетикалық технология – энергияның түзілуін, қолдану аясын, өнеркәсіптегі қолданысын айқындайтын технологиялық сала.

СП ОЭК Мұнай және газ кәсіпшілігінің

машиналары мен жабдықтары”

кафедрасының мәжілісінде талқыланған

2009ж. « » « » № хаттамасы

СП ОЭК мұнай және газ институтының

Оқу -әдістемелік кеңесінде талқыланып,

мақұлданған

2009ж. « » « » № хаттама

«Мұнайгаз саласындағы энергия қорларын үнемдеу технологиясы » пәні бойынша

050724 – «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығына арналған

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Құрастырушылар: Нұғыманов Х.Қ., Әбікәрімов .С.Ә

Басуға ________ 2009 ж. қол қойылды. Пішімі 60х84 1/16. Кітап - журнал қағазы.

Көлемі _______ ес. – б.т. Таралымы ____ дана. Тапсырыс № ____

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ баспа типографиясында басылған

Алматы қаласы, Ладыгин көшесі, 32

79