
- •050724 – «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығының 050724- «Мұнай және газ кәсіпшілігінің технологиялық машиналары мен жабдықтар» мамандыруы үшін.
- •Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2 Пәндер туралы мәліметтер:
- •1.6 Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және олардың орындалу мерзімі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.7.1 Негізгі әдебиеттер
- •1.8Студенттер білімін бағалау жүйесі.
- •1.9. Оқу үрдісінің саясаты
- •2.Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәрістік сабақтардың конспектлері.
- •Кіріспе. Энергия қорларын үнемдеудің жалпы проблемалары.
- •1.2 Көмірсутекті шикізаттың энергоқорүнемдеу технологиясы
- •2.1. Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылаудағы энергоқорүнемділік технологиясы.
- •2.1.1. Қор үнемділік технологиясын енгізудегі ұңғымаларды бұрғылауда материалдардың шығынын азайту жолдары және мұнай бергіштікті көбейту.
- •2.1.3. Ұңғыларды игеру және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін іштен жану қозғалтқыштарынан (іжқ) шығатын газдардың энергиясын пайдалану технологиясы және техникасы.
- •2.2.6 Газ бөлу станцияларындағы (гбс) және кс-дағы табиғи қалдық газдардың артық қысымын пайдаға асыру.
- •2.2.7. Мұнай және газ кәсіпшілігінің технологиялық процестерінде жылунасостық қондырғыларды (жнқ) пайдалану.
- •14.1 Мұнай және газ кәсіпшілігінде жылуэнергетикалық қондырғыларды пайдалану кезіндегі энергия қорларын үнемдеу технологиясы.
- •14.2 Нормалау және жжм-ың орташа шығынын есептеу.
- •14.3 Мұнай өнімдерін өндірудегі қорүнемдеу. Мұнай өнімдерінің шығыны (жоғалу) және сипаты
- •15.1 Мұнай және газ өнеркәсібіндегі құбыр жолдарын жылу оқшаулағыштау.
- •2.3 Тәжірибелік сабактар мазмұны.
- •Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмыс орындау (cоөж) кездегі сабақтар жоспары
- •2.5 Студенттердің өздік жұмыстарының (сөж) мазмұны
- •Студенттердің өздік жұмысының (сөж) мазмұны
- •2.6 Семестрлік тапсырмалар бойынша тапсырмалар
- •2.7 Өзіндік бақылау үшін тесттік сұрақтар. 1-18
- •2.8 Курс бойынша емтихандық сұрақтар тізімі
14.3 Мұнай өнімдерін өндірудегі қорүнемдеу. Мұнай өнімдерінің шығыны (жоғалу) және сипаты
Мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету жүйелеріндегі кездесетін әртүрлі шығындар негізгі проблемалардың бірі және мұнайды өндіруден бастап, тасымалдау және мұнай өнімдерін таратып беруге дейінгі операциялардың техникалық көрсеткіштерін жетілдіруді талап етеді.
Қазіргі уақытта экономиканы дамытудың негізгі бағыттарының бірі, ол мұнай өнімділігімен қамтамасыз етудің дүние жүздік қорүнемдеу технологиясы. Әртүрлі себептерге байланысты болатын мұнай өнімдерінің шығынын (жоғалуын) табиғи, пацдаланудағы, апаттық деп, ал сипатын қарай сандық сапалық және санды-сапалы (аралас) деп бөлуге болады.
Қайтып келмейтін (технологиялық) шығын көздеріне тқмендегілер жатады;
-фланецті жалғасулар;
- ашық тиекті арматурадағы нығыздағыш САЛЫНТЕР;
-ортадан тепкіш насостардың сальниктерінен және бүйірлік нығыздағыштарынан кеткен майларды жинағыштар;
- технологиялық және тауар ыдыстары;
- бұралқы суларды дайындау және тазалау ыдыстары мен тұндырғыштар;
- тазалау және жөндеу жұмыстарына арналған ыдыстар;
- құбырларда ендірмелерді және қажетті орынды ою кезінде;
- ішкі қойма аралық айдауға;
- қондырғыларды, жабдықтарды және аппараттарды пайдалануға техникалық ережелердің сақталмауынан;
Мұнай өнімінің сапасының төмендігі, табиғи азаюы тұтқырлығы және булану дәрежесіне байланысты. I,II, III- топтардағы мұнай өнімдері үшін жоғалу нормасы қарастырылған. (26)7
61 ДЫСТЫ тазалау кезінде I- топтағы мұнайөнімдерінің жоғалу нормалары;
ыдыстың ішін мұнайөнімінен тазалау кезінде құйылған суммен бірге шығып кету;
ыдысты газдан тазалау кезінде мұнай қнімінің булануынан жоғалу;
эмульгирленген мұнай өнімдерімен сыртқа шығып кету;
бірінші топқа кіретін мұнай өнімдерінің тұтқырлығы нормативтік құжаттармен анықталмайды.
II-III- топтардағы мұнай өнімдерінің жоғалуына төмендегілер жатады;
ыдыстардың қабырғасын және түбін жуу сұйықтарымен және сумен жуу кезінде жоғалу;
газдан тазалау кезіндегі жоғалу;
эмульгирленген мұнай өнімдерінен тазалау құбырларына ағып кету;
Екінші топтағы мұнай өнімдеріне температурасы 20˚С- температурадағы тұтқырлығы 75 сСТ жоғары мұнай өнімдері жатады.
Мұнай өнімдерінің жоғалуын азайту
Ыдыстағы мұнай өнімдерінің булануынан болатын экономикалық шығындары азату мақсатында төмендегідей әдістермен нәтижелі іздесістер қолданылады;
-ыдыстардағы газ көлемінің кеңістігін азайту, мұнай өнімдерін артық қысымда сақтау;
- ыдыстардағы мұнай өнімінің бетіндегі және газкеңістігіндегі температуралардың ауытқуын азайту;
- мұнай өнімдеріндегі булардыЖИНАЛУ және қайта пайдалану;
- 61 ДЫСТАРДЫ ұтымды пайдалану
Мұнай өнімдерінің ағынды сулармен жоғалуы. Мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету орындарындағы ағын сулар өндірістік және НОСЕРЛІК деп екіге бөлінеді.
Өндірістік түрлеріне құрамында мұнай өнімдері бар ағын сулар;
-тұндырылған (тауар түрлі)- суланған мұнай өнімдерін тұндыру нәтижесінде 50%- құрайды.
- шаю ағылатын және құйылатын эстакадаларды, өндірістік едендерді, ыдыстарды мұнай өнімдерінен тазарту және жуып- шаю;
- ластанған конденсат- қара түсті мұнай өнімдеріне арналған қыздырғыш құрылғы;
- мұнай немесе насостарының подшипниктерін салқындатуда сальниктерден кеткен су;
Мұнай өнімдерінің сулануы төмендегідей өлшемдерге рұхсат етіледі;
а) су кемелермен тасымалдау кезінде;
-ашық өңді мұнай өнімдері үшін ( бензин, керосин, дизель, отындар) 1...2%
-қара түсті мұнай өнімдері үшін ( шикізат мұнай, мазут, май) 5...6%
б) теміржол көлігімен немесе құбырлар арұылы тасымалдау;
- ашық түсті мұнай өнімдері -0.25...1.0%;
- қара түсті -5...6 % ;
Тазалауға түсетін ластанған жаңбыр суының жылдық көлемі, төмендегі формуламен анықталады:
Q= F H Ψ
Мұндағы: F- ластанған беттерден ағып келетін территория ауданы, м2
H-жауынның жылдық шөгу қабаты; Ψ- ағындық коэффицент;
Көлік құралдарына құю-ағызу кезіндегі мұнай өнімдерінің жоғалуы.
Мұнай өнімдерін автоциестерналарға құю кезінде болатын буланумен жоғалуы құю әдістеріне байланысты төмендегідей өзгереді: жоғарғы ашық ағысты құюда көлемнің -0,105%; БАТЫЛЫ құбыр арқылы құюда көлемнің- 0,055% ТӨМЕНЕН құнда -0,55% құрайды. Көмір сутегінің жоғалуы ашық ағысты құю кезінде 0,76 кг\ м3 болса, төменгі құю кезінде 0,38 кг\м3 сәйкес келеді. Жанармайды теміржол цистерняларын ашық әдіспен сұйықтық деңгейінен төмен батырылып құйылса буланумен жоғалуы 0,1 % құрайды.
Көмірсутектерді теңіз көлігімен тасымалдаудағы булану шығыны 0,05% құрайды. жоғарыда көрсетілген шығындарды азайту үшін ыдыстар мен су кемесі құбырларын сақтаусыздандыру және тыныс алу жолдарының жұмысын қамтымасыз ету қажет.
Жоғалуды шығындарды азайтудың басқа жолы ол, қазіргі заманғы құю- ағызуы құрылғыларының конструкциясын жетілдіру, автоматты жарытқыш крандарды, колонкаларды қашықтықтан басқару пультінің сенімділігін оларға қызмет көрсету мәдениетін арттыру болып табылады.
Мұнай өнімдерін құбырлар арқылы тасымалдауда насос станцияларында және тізбек бөліктерінде бакулар болады.
Насостардан ағатын мұнай, оның көлеміне байланысты 0,06% құрайды, олар көбінесе насостардың сальниктерінен және планецті жалғасулардың сақталуларынан болады.
Қосымша әдебиеттер:
16 [391…393б]
17 [398…399б]
18 [85…130б]; [141…16б]
24 [153…155б].
Бақылау сұрақтары:
Дизель отының сығымдалағн табиғи газбен ауыстырғанда не болады?
Мұнай газ өндірісінде жылу күш – қондырғыларын пайдаланудағы ЖЖМ- сығымдаудың негізгі бағыттарын атаңыздар?
ЖЖМ- негізгі жоғалу себептерін атаңыздар?
ЖЖМ- негізгі жоғалу түрлерін атаңыздар?
Пайдаланған мұнай өнімдері дегеніміз не?
Жылу энергетикалық қондырғылырды (ІЖҚ, ГТҚ) пайдаланудағы ЖЖМ шығынын азайту жолдары?
ЖЖМ және жұмыстың сұйықтарды қайта қалпына келтіру әдістері?
№ 15 дәріс тақырыбы