
- •050724 – «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығының 050724- «Мұнай және газ кәсіпшілігінің технологиялық машиналары мен жабдықтар» мамандыруы үшін.
- •Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2 Пәндер туралы мәліметтер:
- •1.6 Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және олардың орындалу мерзімі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.7.1 Негізгі әдебиеттер
- •1.8Студенттер білімін бағалау жүйесі.
- •1.9. Оқу үрдісінің саясаты
- •2.Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәрістік сабақтардың конспектлері.
- •Кіріспе. Энергия қорларын үнемдеудің жалпы проблемалары.
- •1.2 Көмірсутекті шикізаттың энергоқорүнемдеу технологиясы
- •2.1. Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылаудағы энергоқорүнемділік технологиясы.
- •2.1.1. Қор үнемділік технологиясын енгізудегі ұңғымаларды бұрғылауда материалдардың шығынын азайту жолдары және мұнай бергіштікті көбейту.
- •2.1.3. Ұңғыларды игеру және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін іштен жану қозғалтқыштарынан (іжқ) шығатын газдардың энергиясын пайдалану технологиясы және техникасы.
- •2.2.6 Газ бөлу станцияларындағы (гбс) және кс-дағы табиғи қалдық газдардың артық қысымын пайдаға асыру.
- •2.2.7. Мұнай және газ кәсіпшілігінің технологиялық процестерінде жылунасостық қондырғыларды (жнқ) пайдалану.
- •14.1 Мұнай және газ кәсіпшілігінде жылуэнергетикалық қондырғыларды пайдалану кезіндегі энергия қорларын үнемдеу технологиясы.
- •14.2 Нормалау және жжм-ың орташа шығынын есептеу.
- •14.3 Мұнай өнімдерін өндірудегі қорүнемдеу. Мұнай өнімдерінің шығыны (жоғалу) және сипаты
- •15.1 Мұнай және газ өнеркәсібіндегі құбыр жолдарын жылу оқшаулағыштау.
- •2.3 Тәжірибелік сабактар мазмұны.
- •Оқытушының жетекшілігімен студенттердің өзіндік жұмыс орындау (cоөж) кездегі сабақтар жоспары
- •2.5 Студенттердің өздік жұмыстарының (сөж) мазмұны
- •Студенттердің өздік жұмысының (сөж) мазмұны
- •2.6 Семестрлік тапсырмалар бойынша тапсырмалар
- •2.7 Өзіндік бақылау үшін тесттік сұрақтар. 1-18
- •2.8 Курс бойынша емтихандық сұрақтар тізімі
14.2 Нормалау және жжм-ың орташа шығынын есептеу.
Нормалаудың негізгі талаптары ЖЖМ-ды машиналардың жеке және бір топ машина түрлеріне қарай тиімді пайдалану мақсатында техника экономикалық тұрғыда дәлелденіп жоспарлауды қамтамасыз ету. ЖЖМ жеке шығын норсмасы – ол өндірістегі нақты бір машинаға негізделген түрі немесе сол жұмыс уақыты ішінде өндірістің жұмыс шартына сәйкес қолдану.
ОЖМ-ның топтық шығын нормасы – ол машина паркіне қолданатын шығын қажетті жоспарланған жұмысты орындау үшін.
Технологиялық норма- өндірістегі негізгі және қосымша технологиялық процестерді ескергендегі нақты машиналардың жасаған жұмыс шығындарының нормасы жеке топтық норма шығынын арнайы әдіс бойынша есептейді (18).
Пайдаланған мұнай өнімі - ол нормативті техникалық құжаттарға сай өз қасиеттерін жоғалтқан немесе екінші рет қолдануға жарамсыз мұнай өнімі. Пайдаланған мұнай өнімдері қайта қолдану үшін олар қайта қалпына келтіріледі (регенерация). Пайдаланған мұнай өнімдеріне (турбина және матер майлары, инжетриалды майлар, мұнай өнімдерінің қоспасы).
Қазіргі мұнай өнеркәсібінің проблемаларының бірі – экологиялық проблемалар, мұнай қалдықтарын қайта пайдалану. Мұнай өнеркәсібінде қалдықтар мұнайды өндіру, кәсіпкерлік дайындауда, тасымалдағанда пайда болады, сонымен қатар резервуарларда сақтаған кезде қауіптісі – мұнай шламы. Мұнай шламының құрамы – мұнай, мұнай өнімі, минералды тұздар өте қауіпті компоненттер. Экологиялық жағдайларды ескере отырып мұнай грунттарын қайта өңдеу жолдары қарастырылған. Сонымен қатар мұнай шламынан керамикалық материалды алуға болатыны орнатылды. Алынған бұйым энергоресурс қорғайтын технология мен қоршаған ортаны қорғауға негіз бола алады.
Отындарды, жоғары материалдарды, жұмысшы сұйықтарды қалпына келтірудің негізгі тәсілі – тұндыру, центрден тепкішті тазалау, фильтрация. Жанар және жағар май материалдарын және жұмыстық сұйықтықтарды тәсілдеріне – тұндыру, ортадан тепкішті тазалау және сүзу әдістері жатады. Жағар және жанар май материалдарын қайта қалпына келтіру әдістері: физика-химиялық – сорып алу присаткалар енгізу арқылы; физикалық – тұндыру, сүзгілеу центрифугамен айналдыру, электр өрісінде, магнит өрісінде және ультрадыбысты өрісте өңдеу әдістері.
Гидродинамикалық - арнайы клапаннан қысым арқылы өткізу. Бәрінен гөрі физикалық тәсіл жеңіл әрі тиімді.
Тұндыру - дисперсиялы жүйенің қабаттануының баяу жүретін процессі. Осы тәсілмен ЖЖМ-ды механикалық қоспамен суды жоюға болады.
Сүзгілеу - кеуек бөгеттерінің көмегімен аэрозольдерді бөлу процессі және сұйықты өткізуде қатты бөлшектерді ұстап қалатын процесс. Бұл кезде ЖЖМ-ның химиялық қасиеті өзгермейді.
Ортадан тепкіш әдіс - ортадан тепкіш күш әсерінен біркелкісіз қоспалы қосылыстарды бөлшектерге бөлу процессі. Ортадан тепкіш әдісте жұмыстық сұйықтықтарды кептіреді.
Сепарация – қатты бөлшектерді сұйықтан айыру процессі (механикалық қоспалардан айыру).
Резервуардағы буланудан мұнай өнімдерінің жоғалуын азайту тәсілдері.
Буланудан жоғалтуды сақтау көптеген әртүрлі тәсілдер мен жолдары бар, оларды бес топқа бөлуге болады.
Бірінші топ конструкцияға байланысты, газ алып тұрған көлемді V2 азайтады. Vг көлемі аз болған сайын, булану аз болады.
Екінші топ - артық қысым астында сақтау.
Үшінші топ – резервуардағы газ көлемінің температура амплитудасының ауытқуын төмендету шаралары.
Төртінші топ – ыдыстан шығатын мұнай өнімінің буын сақтау арқылы. Ол үшін газды теңестіретін жүйелер қолданады.
Бесінші топ – ұйымдастырылған техникалық шаралар.