Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
bd4c5735cb8081ca23461ac8a0311695.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
501.76 Кб
Скачать

3. Біркелкі кешен ретінде аймақ экономикасының қызмет ету сызбасы

Аймақтың құрылымын әртүрлі көзқарастардан қарастыруға болады: экономикалық, әлеуметтік, табиғи-ресурстық, институционалдық және т.б. Аймақтың қызмет ету сызбасы кем дегенде өзара бір бірімен байланысты үш блокты енгізу қажет: «экономика», «тұрғындар», «табиғи орта». Сонымен қатар, болып жатқан үрдістерге ықпал ететін мемлекеттік құрылымын және сыртқы секторды (аймақ үшін бұл – тек шетел экономикасы ғана емес, сонымен бірге көрші аймақтың экономикасы) ескеру қажет.

Аймақ экономикасындағы қайта өндірістік цикл – аймақтық байланыстарды кешенді зерттеудің негізі және белгілі бір қоғамдық қайта өндірістік аспектісін сипаттайтын аймақтық жүйелер бөлігі.

Аймақтық қайта өндірістік циклге жататындар: еңбек ресурстарының қайта өндірісі, ақша – несиелік ресурстардың қайта өндірісі, инвестициялық үрдістің қайта өндірісі, өндірістік және әлеуметтік – тұрмыстық қызметтердің, нарықтық инфрақұрылым қызметінің, ақпараттық қызмет көрсетудің қайта өндірісі, табиғи ресурстардың қайта өндірісі.

4. Аймақтық қайта өндірістік пропорциялар

Аймақтық қайта өндірістік пропорциялар – бұл өнім мен ресурстар арасындағы, өнім мен ресурстардың бөлек түрлері арасындағы, шығындар мен нәтижелер арасындағы ара қатынасты сипаттайтын көрсеткіштер.

Аймақ экономикасының кешенді дамуы – табиғи, ғылыми, өндірістік-техникалық және әлеуметтік-экономикалық потенциалды тиімді қолдану негізінде берілген аймақтың абсолютті және қатысты басымдықтарын жүзеге асыру мақсатында кәсіпорын аумағындағы шаруашылық позициялардың болуы.

Аймақтық қайта өндірістік пропорцияларға жататындар:

1. Жалпы экономикалық пропорциялар;

2. Макроқұрылымдық пропорциялар;

3. Өндірістік пропорциялардың тізімі;

4. Әлеуметтік – экономикалық пропорциялар;

5. Демографиялық пропорциялар;

6. Экологиялық пропорциялар;

7. Қаржылық пропорциялар.

Негізгі әдебиет: п. 1.7

Қосымша әдебиет: п. 1.7

Тақырып 3. Аймақтық талдау әдістері

1. Аймақ экономикасы дамуының және жағдайының индикаторлары

2. Аймақтарды түрлендіру мәселесі

3. Өндірісті орналастырудың құрылымдық-логикалық және баланстық әдістері

4. Аймақтық кешенінің салааралық моделі

5. Имитациялық-эксперттік модельдеу әдісі

  1. Аймақ экономикасы дамуының және жағдайының

индикаторлары.

Аймақ экономикасының дамуымен қызмет етуінің әртүрлі аспктілерін талдау объективті тенденцияларды анықтау және осы негізде объективті диагноз бекіту үшін жүргізіледі. Осы негізде аймақтық дамудың стратегиясы мен тактикасы құрылуы қажет.

Аймақтық есептер жүйесін жасау- аймақтық статистиканы жетілдірудің басты бағыты.Аймақтар үшін қазіргі уақытта ұлттық есептер жүргізу жүйесіне кіретін сондай есептер тізбегін жасау қажет, тура айтсақ:

• тауар және қызметтер есебі;

• өндіріс есебі;

• табыстарды құру есебі;

• алғашқы табыстарды бөлу есебі;

• табыстарды екіншілік бөлу әдісі;

• қолданылатын бөлінуші табыстар есебі;

• капиталдық операциялар есебі.

Аймақ туралы жалпы мағлұматтар.

Мұнда аймақтың географиялық орналасуы көрсетіледі, табиғи ресурстардың жалпы мазмұны беріледі және табиғи-климаттық зонаның түрі суреттеледі. Сонымен қатар аймақтың әкімшілік бөлінуі баяндалады, оның халқының жалпы саны, ұлттық құрамы және орналасу тығыздығы, ЖАӨ-і аймақ экономикасындағы басты салалардың орны ауыл шаруашылық қызметін барлық түрлері бойынша пайда, жұмыссыздар саны, қорлармен капитал құрушы инвестициялар бөлшек тауар айналымының көлемі көрсетіледі.

Аймақтың экономикалық жүйелер үшін макроэкономикалық индикаторлар кешеніне өндіріс пен ЖАӨ-ді қолдануды, бағалар деңгейінің өзгеруін, жұмысбастылықпен инвестициялық белсенділік деңгейінің өзгеруінің динамикасын және аймақтардың қаржылық және шаруашылық қызметінің басқа да жақтарын баяндайтын көрсеткіштер кіреді.

Осындай көрсеткіштерге жеке салалар бойынша келесілерді жатқыза алады.

өндіріс саласында:

• ЖАӨ көлемі;

• Адам санына ЖАӨ;

• ЖАӨ-нің өсу ырғағы;

• тұтынудың өсу ырғағы мен негізгі капиталға инвестициялардың салыстырмасы;

• өндірістік негізгі қорлардың тозуының деңгейі;

• шығынды кәсіпорындардың үлес салмағы;

Қаржы саласында:

• банк несиелері бойанша;

• негізгі капиталға инвестициялардың өсімінің ырғағы;

• ЖАӨ мен аймақтық бюджетке түсетін түсімдердің салыстырмалы индексі ;

• бағалар деңгейі;

• аймақтың бюджеттік қамсыздандырылуы;

• аймақтың кредиторлық және дебиторлық

қарыздарының жағдайы, соның ішінде салықтар бойынша;

Әлеуметтік салада:

• өмір сүру деңгейі;

• ЖАӨ ішіндегі еңбекті төлеу үлесі;

• орташа айлық жалақы мен өмір сүру минимумының айырмасы;

• жалақыны, зейнетақыны және жеңілдіктерді төлеу бойынша қарыздар

• халықтың жалпы санының ішіндегі өмір сүру минимумынан төмен табыстары бар тұрғындар үлесі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]