- •«Аймақтық экономика жєне басқару» пәні бойынша
- •5В051000-«Мемлекеттік жєне жергілікті басқару»
- •1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1. Оқытушы туралы мәліметтер
- •1.2.Пән бойынша мәліметтер:
- •1.3. Пререквизиттері:
- •1.5. Қысқаша сипаттама:
- •1.6 Оқу нәтижелері
- •1.7 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •1.8. Єдебиеттер тізімі:
- •1.9 Бағалау туралы ақпарат
- •Аралық бақылау:
- •Үй жұмысы:
- •Рейтинг- шкала
- •1.10 Курстың саясаты мен процедурасы
- •2. Пән бойынша оқу-әдістемелік материалдар
- •2.1. Тақырыптық жоспары
- •2. 2 Лекциялық сабақтар тезистері
- •2.Қазіргі аймақтық ғылымды қалыптастыру
- •1. Елдің қайта өндіріс үрдісіндегі аймақтық экономиканың орны
- •2. Елдің аймақаралық байланысты сипаттайтын көрсеткіштер
- •3. Біркелкі кешен ретінде аймақ экономикасының қызмет ету сызбасы
- •4. Аймақтық қайта өндірістік пропорциялар
- •Аймақ экономикасы дамуының және жағдайының
- •2. Аймақтарды түрлендіру мәселесі
- •3. Өндідісті орналастырудың құрылымдық – логистикалық және баланстық әдістері.
- •4. Аймақтық кешенінің салааралық моделі
- •Имитациялық-эксперттік модельдеу әдісі.
- •1.Аймақтық экономикалық саясаттың мақсаттары жєне міндеттері
- •2. Аймақтық басқарудың субъектілері жєне оның қызығушылықтары
- •3. Экономикалық дамуды басқару облысындағы
- •4.Аймақтың экономикасын басқару органдарының
- •5. Экономиканы басқару саласындағы мемлекеттік
- •Елдің өндірістік күштерін дамытудың және
- •2.Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуыныңболжамы
- •3. Елдің дамуын стратегиялық жоспарлау
- •4. Елдің дамуының индикативті жоспары
- •1. Аймақтық бюджеттік жүйенің қызметтері
- •2. Мемлекеттік бюджетті қалыптастыру әдістері
- •3. Елдің дамуындағы бюджеттің рөлі және орны
- •Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жою
- •Тақырып 7. Аймақтық инвестициялық саясат және оны жүзеге асыру
- •1.Инвестициялық саясаттың мазмұны, мақсаты және
- •Шетелдік инвестицияларды тарту тәсілдері және стратегиясы.
- •Өтпелі экономика жағдайында жұмысбастылық мәселелері
- •2. Жұмысбастылықты реттеу формалары мен әдістеріне теориялық тұрғы
- •3. Тұрғындардың жұмысбастылық мәселелерін шешудегі шағын бизнестің ролі
- •Аймақтандырудың мемлекеттік саясатының негізгі түсініктері
- •Ұлттық шаруашылықтағы еэа объективті қажеттілігі, ролі және мәні.
- •2.3 Семинар сабақтарының жоспары
- •Тақырып 7. Аймақтың инвестициялық саясаты және оны жүзеге асыру
- •2.5 Оқытушының жетекшелігімен орындалатын студенттің өзіндік жұмысы бойынша өткізілетін сабақтың жоспары
- •Тақырып 7. Аймақтың инвестициялық саясаты және оны жүзеге асыру
- •2.6 Студенттердің өзіндік жұмысы бойынша сабақтың жоспары
- •Тақырып 7. Аймақтың инвестициялық саясаты және оны жүзеге асыру
- •2.6.1 Пән бойынша жазбаша жұмыс тақырыптары
- •Курстық жұмыстың тақырыптары
- •2.7 Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиялық ілеспе
- •2.8 Өзіндік бақылау үшін тестік тапсырмалар
- •2.9 Пән бойынша емтихан сұрақтары
- •Мазмұны
2. Жұмысбастылықты реттеу формалары мен әдістеріне теориялық тұрғы
Экономикалық теорияда жұмыссыздық себептері, жұмысбастылық облысындағы мемлекеттік саясаттың бірнеше теориясы бар.
Классикалық теория нарықтық қатынасты экономиканы өзіндік реттеу, толық жұмысбастылықты қамсыздандырушы және мемлекеттің қатысуынсыз болатын саясатты жүргізуші ретінде қарастырады.
Жұмысбастылықтың кейнсиандық теориясы жиынтық сұраныс қоғамдағы өндірістің көлемін басқаратынына негізделеді, демек, жұмыс күшіне деген сұранысқа да негізделеді. Сондықтан, жұмыссыздық сұраныстың жеткіліксіздігінен пайда болады.
Жұмыссыздық пен инфляция арасындағы байланыс Филлипс жұмысында дамыған. (Филипс қисығы).
Жұмысбастылықты мемлекеттік реттеу механизміне жататындар:
• экономикалық әдістер (несиелеу және салық салу жеңілдіктері, кәсіпкерлікті ынталандырудың бюджеттік саясатыжұмыс орындарын құру және сақтау, кадрларды қайта оқыту);
• ұйымдастырушы әдістер (жұмысқа тұрғызу және жұмысбастылық қызметін құру, ақпараттық жүйелер, кадрларды даярлау және қайта даярлау);
• әкімшілік- заңдық әдістер (еңбек келісім-шарттарын рәсімдеу шарттары, жұмыс уақытының ұзақтығы, еңбек өмірін реттеу.).
Аймақтағы жұмыссыздық мәселелерін шешудің негізгі жолдары: жұмыс орындарына сұранысты реттеу; кадрларды даярлау және қайта даярлауды дамыту.
3. Тұрғындардың жұмысбастылық мәселелерін шешудегі шағын бизнестің ролі
Тұрғындар жұмысбастылығының жоғары деңгейін қамсыздандырудың перспективті бағыты болып шағын бизнесті дамыту табылады.
Шағын кәсіпорындар экономиканың құрылымдық қайта құруын жеделдетеді, тұтынушылардың сұранысына жедел әрекет етеді. Республикада шағын бизнестің дамуы мен қызмет жасауына қажетті ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық шарттарды қалыптастырудың алғашқы қадамдары жасалуда. Қазақстанда шағын кәсіпорындар Одағы құрылды. Бұл орган шағын кәсіпкерлікті қорғау, қолдау қызметін атқарады, олардың қызметін жүйелейді.
Ол мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:
- Қазақстанда шағын кәсіпорындарды қолдау қорын құру;
- жеңілдік жағдаймен несиелеу;
- шағын кәсіпкерлікті қаржыландыратын инвесторларға төмендетілген салық мөлшерлемесін қолдану;
- шағын кәсіпорындарды несиелеу және сақтандыру бойынша кепілдіктер беру;
- шағын кәсіпорындар мемлекеттік тұрақты бағалар мен тарифтерді қолданған кезде, олардың орнын толтыру үшін қаржыландыру;
- шағын кәсіпорындарға сыртқы экономикалық қызметпен айналысуға көмек көрсету.
Негізгі әдебиет: п. 1.7
Қосымша әдебиет: п. 1.7
Тақырып 9. Еркін экономикалық аймақтарды мемлекеттік реттеу
1. Аймақтандырудың мемлекеттік саясатының негізгі түсініктері
2. Ұлттық шаруашылықтағы ЕЭА объективті қажеттілігі, маңызы және ролі
Аймақтандырудың мемлекеттік саясатының негізгі түсініктері
Аймақтандырудың мемлекеттік саясаты – бұл берілген елдің аумағындағы ерекше қалыптасуының тиімді қызмет етуге және құруға бағытталған әлеуметтік, экономикалық және құқықтық сипаттағы шаралар кешені.
Аумақтық аймақтандырудың әлемдік тәжірибесін талдай келе, ЕЭА негізгі міндеттерін көрсетуге болады:
1) Ұлттық экономиканың әскери-саяси, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық дамудың қуатты фактор ретіндегі қызметі;
2) Берілген елдің халық шаруашылық салалар деңгейімен және алдыңғы қатарлы әлемдік шаруашылықтың арасын байланыстыратын құрылым ретіндегі қызметі;
3) Өзінің дамуының белгілі бір сатысында ішкі нарықты жоғары сапалы тауарлар және қызметтермен толықтыру факторы ретінде қатысу;
4) Ұлттық экономикаға шетелдік инвестициялардың түсімдердің арнасы ретінде қатыса отырып, кәсіпкерлік пен іскерлік белсенділікті ынталандыру және сонымен бірге жергілікті ресурстарды неғұрлым тиімді қолдануды ынталандыру: қаржылық, еңбектік, материалдық, табиғи;
5) Жаңа экономикалық ойлаудың, әлеуметтік психологияның жаңа жақтарын және басқа жаңалық енгізулерді құруда тексерудің орны болып қатысу.
Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының болашағы бар, жаңа мақсаттарынқою мен шешудің полигоны ретінде ЕЭЗ атауға болады.
ЕЭЗ – ны осылай түсіну ұлттық экономиканың тиімді дамуын ынталандыру үшін мемлекеттік аймақтандыру саясаты шешетін мақсаттарды анықтайды.
Отандық аймақтандыру саясатының негізгі мақсаттары мен міндеттері ҚР –ның аумағында құрылып жатқан ЕАЗ мыналарды істеуге тиіс дегенге әкеледі:
1) аймақтандырудың өз аймағының өндірістік қүштерін жедел дамудың күшті стимулы және маңызды факторы ретінде қарастырылуы тиіс;
2) өндірістік, еңбекті басқаруды әлемдік деңгейге сәйкес келетін, қазіргі заманғы техника мен технологияны енгізу мен дамытуды ұйымдастырудың дамыған нысаны ретінде болуы керек;
3) өзінің аумағында тұратын және жұмыс істейтіндердің әлеуметтік-мәдени және коммуналды-тұрмыстық қызмет көрсетуін шешетін стандарт болуға тиіс.
