
- •Мазмұны
- •Жарғы капиталы. Оперативті-қаржылық жұмыс.
- •Инвестициялық қызмет. Негізгі қаражаттар және басқа да айналымнан тыс активтер
- •Айналым қаражаттары. Айналым қаражаттарына қажеттілікті анықтау
- •Қаржылық жоспарлау. Бизнес жоспарды құру кезіндегі қаржылық аспектілер
- •Кәсіпорынның табысы мен рентабельділігі. Кәсіпорынның бюджетке төлемдері
- •Бухгалтерлік есепті жүргізу нысандары
- •Кәсіпорынның қаражаттар есебі және есептесу
- •Негізгі құралдар есебі
- •Қорлардың бухгалтерлік есебі
- •Еңбек төлемі және оның есебі
- •Өндіріс шығындарының есебі мен өнімнің өзіндік құныны калькуляциялау
- •Қаржылық есеп мен меншікті капитал есебі
- •Есеп саясаты. Салықтық есеп саясаты
- •Шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын, табыстылығын талдау
- •Шаруашылық субъектісі қызметінің іскерлік белсенділігін және тиімділігін талдау
- •Қорытынды
Өндіріс шығындарының есебі мен өнімнің өзіндік құныны калькуляциялау
ҚР ІІМ Алматы академиясы өнімнің өзіндік құнындағы өндірістің материалдық шығындар басқа шығындармен салыстырғанда ең үлкен үлес салмақ алады. Өндірістің материалдық шығындар есебін ұйымдастырғанда келесі принциптерді сақтаған жөн: өндіріске өндірістік ресурстарды өткізуді шектеу; өндіру кезінде осы ресурстарды шығындау нормасынан ауытқуларды анықтау; бұйымдар бойынша шикізат, негізгі материалдар және басқа өндірістік запастарды тура жатқызу үшін жағдайларды қамтамасыз ету; іс жүзінде шығындалғын ресурстарды бейнелеу.
Шикізат пен материалдар өндірістік материалдық шығндардың маңызды бөлігін алады. Шикізат пен материалдарды пайдалануды бақылауға алғашқы құжаттарды рәсімдеу көмектеседі. Өндіріске лимитті-заборлы карта бойынша материалдарды босату олардың шығындауына бақылауды қамтамасыз етеді. Алғашқы құжаттар негізінде ай соңында шикізаттар мен материалдарды шығындау ведомосі толтырылады. Онда әрбір материал бойынша іс жүзіндегі шығындар нормалар және нормалардан ауытқуларға бөлінеді.
Материалдық шығындарды бұйымдар арасында таратудың бірнеше әдістері мәлім, мысалы, нормативтік және коэффициенттік. Нормативтік әдісте өнімнің бірлігіне кететін нақты материал шығынының нормасы белгіленеді; оны шығарылатын бұйым санына көбейту арқылы іс жүзіндегі материалдар шығыны анықталады; нормативтік шығындар іс жүзіндегімен салыстырылады; үнемдеу не артық шығындау проценті анықталады.
Еңбек төлемдері шығындары өнімнің өзіндік құнында материалдық шығындар сияқты өнім шығындарының бағыттары бойынша және пайда болу орындары бойынша бейнеленеді. Өнімнің жеке түрлерінің құнын дәл және нақты анықтау үшін осы тікелей өнімнің түрлерін дайындауға кеткен еңбек төлемі шығындарын анықтау дұрыс. Сондықтан да жәрдемақыны есепте негізгі және қосымша деп бөледі. Мұндай бөлу негізінен өндірістің еңбек шығындарын өнімнің, жұмыстың, қызметтің жеке түрлеріне жатқызу үшін қолданады.
Еңбек төлемі шығындар есебінің мұндай есебі негізгі өндіріс жұмысшылары бойынша ұйымдастырылады. Негізгі өндірістің көмекші жұмысшыларының еңбек төлем шығындары жалпы өндірістік шығындар құрамына кіреді, ал жалпы кәсіпорын жұмысшыларының еңбек ақылары - жалпы шаруашылық шығындардың сәйкес статьяларына.
Үстеме шығындарға өндіріске қызмет көрсетумен және дайын өнімнің жеке түрлеріне тікелей жатқызылмайтын, негізгі және көмекші цехтардың жұмысын ұйымдастырумен байланысты шығындар жатады. Үстеме шығындардың бірнеше сипаттар бар:
- кешендік сипат - шығындар құрамына шығындардың барлық экономикалық элементтер бейнеленеді;
- екі не одан да көп бұйым өндірілгенде бұл шығындар бұйымға тікелей жатқызылмайды; бір жағынан, дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс арасында, екінші жағынан, жанама түрде бұйымдар арасында таратылады.
Үстеме шығындарды тарату тәсілі өндіріс ерекшелігінен тәуелді және шаруашылық субъектінің таңдауы бойынша есептік саясатында көрсетіледі:
- өндірістік жұмысшылардың еңбек ақыларына пропорционалды;
- тікелей материалдардың шығындалуына пропорционалды;
- өндірілген өнімнің санына немесе өңделетін шикізаттың салмағына пропорционалды;
- цех құнына пропорционалды;
- шығындарды таратудың белгіленген тұрақты коэффициенттер бойынша;
- таратудың басқа жолдары.
Үстеме шығындардың есебі 8410 "Үстеме шығындар" шотында жүргізіледі.