
- •Мазмұны
- •Жарғы капиталы. Оперативті-қаржылық жұмыс.
- •Инвестициялық қызмет. Негізгі қаражаттар және басқа да айналымнан тыс активтер
- •Айналым қаражаттары. Айналым қаражаттарына қажеттілікті анықтау
- •Қаржылық жоспарлау. Бизнес жоспарды құру кезіндегі қаржылық аспектілер
- •Кәсіпорынның табысы мен рентабельділігі. Кәсіпорынның бюджетке төлемдері
- •Бухгалтерлік есепті жүргізу нысандары
- •Кәсіпорынның қаражаттар есебі және есептесу
- •Негізгі құралдар есебі
- •Қорлардың бухгалтерлік есебі
- •Еңбек төлемі және оның есебі
- •Өндіріс шығындарының есебі мен өнімнің өзіндік құныны калькуляциялау
- •Қаржылық есеп мен меншікті капитал есебі
- •Есеп саясаты. Салықтық есеп саясаты
- •Шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын, табыстылығын талдау
- •Шаруашылық субъектісі қызметінің іскерлік белсенділігін және тиімділігін талдау
- •Қорытынды
Қорлардың бухгалтерлік есебі
ҚР ІІМ Алматы академиясы бухгалтериясында қорлардың синтетикалық есебін мынадай шоттарда жүргізеді: 1310 «Шикізаттар мен материалдар»; 1311 «Сатып алынған жартылай фабрикаттар мен құрастырушы бұйымдар»; 1312 «Отын»; 1313 «Ыдыс және ыдыстық материалдар; 1314 «Қосалқы бөлшектер»; 1315 «Басқа да материалдар; 1316 «Өзге материалдар». Қоймадан бухгалтерияға түскен «Құжаттарды тапсыру реестрі» тіркелген құжаттармен бірге бағаланады. Қоймалардан түскен құжаттар жік-жігімен жинақталып, жөнелту қағаздарымен жабдықталады, содан соң олардың деректерін бухгалтериядағы мәліметтермен салыстарады. Құжаттардың бірінші даналары кейінгі есептік өңдеуге пайдаланылады, ал екіншісі даналары-материалдар сақталатын орындарда қалады, олар құндылықтар топтары және номенклатуралық нөмірлері бойынша орналасады. Олар анықтамалық мақсаттарда және қоймалар бухгалтериядағы есеп деректерін салыстырып тексеру үшін пайдаланылады.
Есептің журналдық-ордерінде материал қозғалысы есебі тізімдемесі қоймалар бойынша материалдық қорлардың қалдығы мен қозғалысы жайлы және материалды-жауапкершілікті адамдар бойынша мәліметтер жинақтап қаржыланатын есеп тізімі жинағы қызмет етеді. Оған материалдар қалдығы тізімдемесінен, есепті кезең ішіндегі материалдар қозғалысы бойынша жинақтаушы тізімдемелерден, сондай-ақ материалды-жауапкершілікті адамдардың материалдық есептерінен мәліметтер көшіріледі. Материалдар қозғалысы есебі тізімдемесі синтетикалық есептің мәліметтерін материалды талдаушы көрсеткіштерімен үйлестіруге арналған. Түскен материалдық қорлар құны синтетикалық шоттар шамасындағы немесе белгіленген есептік топтар бойынша келтіріледі. Сонымен қатар тізімделсе де алынған материалдардың нақты өзіндік құнының есептік бағалар бойынша құннан ауытқулар есебі жүргізіледі. Материалдардың қозғалысын есептеу тізімдемесі, сондай-ақ шығындарды бағыттау бойынша материалдар шығынның бөлуге қызмет етеді. Ол екі бөліктен тұрады.
ҚР ІІМ Алматы академиясы материалдар кірісі бойынша жиынтық мәліметтер мен ауытқулар есебі атты бірінші бөлігі ай ішінде түскен материалдардың есептік құны мен нақты құны бойынша жиынтық мәліметтерді көрсетуге арналған. Бұл мәліметтер көлік дайындау мен объектідегі қоймаларға дейін жүк жеткізу бойынша басқа да шығындарды, темір жол алымдарын және тағы да басқа материалдардың өткізу бағасынан тыс жүргізілетін төлемдер де кіретін, материалдық қорларды алу мен дайындауға жұмсалған шығындар ескерілген әр түрлі журнал-ордерлерден көшіріледі. Осы тізімдеменің екінші бөлігін материалдар қалдығы құны нақты өзіндік құны мен ай басындағы есептік бағалар бойынша жазылады. Оған ай ішінде түскен материалдар құны қосылады. Сонан соң нақты өзіндік құнның есептік бағалары бойынша құннан ауытқулар сомасы мен проценті анықталады.
Еңбек төлемі және оның есебі
ҚР ІІМ Алматы академиясы қызметкерлермен еңбек ақысының төлемi мен сыйақысы бойынша есеп айырысу есебi 3350 «Қысқа мерзімді еңбек ақысы бойынша есеп айырысу», 3380 «Төленуге тиісті қысқа мерзімді сыйақы», 4160 «Төленуге тиісті ұзақ мерзімді сыйақы», 6110 «Сыйақы бойынша кіріс», 7310 «Сыйақы бойынша шығыс» шотында жүргiзiледi және 19 «Сыйақылар» Қаржылық Есеп берудің Халықаралық Стандартында реттеледі.
Өнім мен еңбек төлемiнiң есептерi өндiрiлген өнiм саны аяқталмаған өндiрiс пен шығарылған жарамсыз өнiм туралы уақытында және дәл деректер алуды қамтамасыз етуге; әрбiр қызметкердiң өндiрiмiне сәйкес еңбек ақы төлемiнiң мөлшерiн дұрыс және уақытында анықтауға; өндiрiлген өнiмнiң материалдар мен өндiруге жiберiлген шала өнiмдердiң санына сәйкестiгiн бақылауға; өндiрiстегi тетiктердiң, бөлшектердiң және агрегаттардың қозғалыстарын қадағалап отыру қажет.
Мерзiмiнен тыс жұмыстар есебiн мерзiмiнен тыс жұмыс iстеген адамдардың тiзiмiнен тыс iстелген жұмыстарға төлем төлеу үшiн бухгалтерияға бередi. Қабылданып, тексерiлгеннен кейiн құжаттардың деректерi еңбек төлемiн есептеу жөнiндегi есеп айырысу-төлемнiң тiзiмдемесiн жасауға негiз болады. Есеп айырысу-төлем тiзiмдемесiнiң жасалуы. Бухгалтерияға келiп түскен жұмыс уақыты мен өндiрiлген өнiмнiң есебi жөнiндегi құжаттарды тексерiледi де, тек содан соң өңдеуге жiберiледi. Әрбiр жұмысшыға бiр ай iшiнде құжаттар жазылуы мүмкiн. Бiр айлық жалақыны есептеу үшiн жалақы есебiнiң жинақ карточкасы қолданылады. Онда қызметкердiң тегi, аты, әкесiнiң аты, табельдiк номерi, цех, учаске, құжаттарының толтырылған күнi мен номерi, сағаттық нормасы, әрбiр құжат бойынша есептелген жалақы сомасы, төлемдердiң басқа да түрлерi көрсетiледi. Карточка деректерiн есеп айырысу-төлем тiзiмдемесiн жасау үшiн пайдаланады. Есептi жүргiзу компьютерлендiрiлген жағдайда жинақ карточкалары, сондай-ақ есеп айырысу-төлем тiзiмдемелерi де, әдетте, бiр ғана жұмыс күнiнде жасалады.
ҚР ІІМ Алматы академиясы еңбек төлемi бойынша есеп айырысу әртүрлi кәсiпорындарда мынадай құжаттарда: есеп айырысу-төлеу тiзiмдемесiнде, оны сонымен қатар жалақы беру үшiн де пайдаланады; есеп айырысу тiзiмдемесiнде және жеке толтырылған төлем тiзiмдемесiнде; әрбiр жұмысшыға жасалған еңбек төлемiнiң арнайы есеп айырысуларында пайдаланатын кiтапқа тiгiлген есеп айырысуы тiзiмдемелерiнде жүргiзiледi.
Есеп айырысу-төлем тiзiмдемесi – жиынтық құжат, есептелген еңбек төлемiнiң барлық түрi және жұмыс iстеп жүргендерге берiлетiн басқа да төлемдер сондай-ақ күшi бар заңдарға сәйкес жасалған ұсталымдар мен шегерiмдер жинақталған. Оны еңбек төлем жөнiндегi есеп айырысу деректерi негiзiнде жасайды. Тiзiмдемеде қызметкерлердiң тегiн, аттарын, әкелерiнiң аттарын, олардың табельдiк номерлерi мен қызмет орындарын, разрядтарын немесе айлық ақыларын көрсетедi. Оған кәсiпорын басшысы мен бухгалтер қол қояды. Тiзiмдеменiң “Есептелдi” деген бөлiмiне құжаттармен негiзделген кесiмдi, мерзiмнен тыс т.б. төлемдердiң есептелген сомалары енгiзiледi. “Ұсталынды және есепке алынды” деген бөлiмiнде табыс салығының сомасы, сондай-ақ атқару қағаздары бойынша ұсталымдардың сомалары; несиеге сатылған тауарлар үшiн есепке алынған сомалар, еңбек төлемiнiң есебiне кiретiн аванс және басқа ұсталымдар енгiзiлдi. Салықты өткен айдың жалақысынан ұстайды. Айдың аяғында тiзiмдемеге әрбiр жұмысшыға тиiстi сомасын шығарады.
Еңбек кодексіне сәйкес еңбек төлемiн ұжымдық шартпен бекiтiлген мерзiмдерде, айына екi рет бередi. Онда айдың екiншi жартысы үшiн еңбек төлемi бойынша аванстық және аванссыз тәртiптер белгiленуi мүмкiн. Есеп айырысудың аванстық тәртiбiнде жұмысшылар мен қызметшiлерге жоспарлы аванс бередi; түпкiлiктi есеп айырысу кезiнде, айдың екiншi жартысында еңбек ақы төлемiн жасайды. Аванс мөлшерiн ұжымдық шарт жасасқан кезде әкiмшiлiк пен кәсiподақ ұйымы анықтайды, алайда аванс жұмысшының жұмыс уақыты есебiнiң табелiнен алынған нақты жұмыс iстеген уақыты үшiн тарифтiк төлем мөлшерi бойынша қойылған еңбек төлемiнен кем болмауы тиiс. Есеп айырысудың аванссыз түрiнде жоспарлы аванстың орнына айдың бiрiншi жартысы үшiн нақты өндiрiлген өнiм бойынша немесе нақты iстелiнген нақты жұмыс уақыты бойынша еңбек төлемi есептелiнедi.