Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Отчет Айдана.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
67.16 Кб
Скачать

Негізгі құралдар есебі

ҚР ІІМ Алматы академиясы түгендеу жүргізілмейді. Сондықтан бұл мекеме түгендеу қатысты құжаттармен жұмыс істемейді. Бірақ басқа мекемелерде негізгі құралдарды бухгалтерлік есепте әрбір инвентарлық объект бойынша толық теңгеге дейін дөнгелектенген сомаларда есептейді. Инвентарлық объект болып және қызметтерді орындауға беріледі. Объектілердің номерін сериялық жүйеде қояды. Жабдықтарды төл құжаттау маңызды орын алады. Ол бұл құралдарды техникалық дәрежесін, жағдайын және жалпы параметрлерін белгілеуге, оны жетілдіру, жөндеу, өндіріс процесінде рационалды пайдалану перспективаларын анықтау үшін қажет.

Қоғамдағы төлқұжат негізгі құралдар есебі бойынша инвентарлық карточкаларды толтыру үшін пайдаланылады. Негізгі құралдар қолма - қол ақшаға және кредитке сатып алу, қайтарымсыз алу, жалға алу есебінен келіп түсуі мүмкін. Негізгі құралдардың келіп түсуін «Негізгі құралдарды қабылдау- беру актісімен» құжаттайды. Оны мекеменің жетекшісімен тағайындайындалған комиссия жасайды.

Негізгі құралдар үшін картотекаларды дұрыс жүргізу өндірістік қорлардың жағдайы және қозғалысы есебін және бақылауды қамтамасыз етеді.

Ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар шоты бойынша айналымдарды және қалдықтарды жинақтау үшін НҚ-12а “ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдар есебі” карточкаларын пайдаланады.

Негізгі құралдарды есептен шығаруға толтырылған актілер бухгалтерияға келіп түседі және №12 журнал-ордерге арнала отырылған дебеттелетін шоттар бойынша қорытындыларын санайды. Олардың сомалары басқа журнал – ордерлердегі жазулармен салыстырылуы тиіс. Кітаптағы ай басындағы және соңындағы “Негізгі құралдар” бөлімшесінің қалдықтары және айналымдарын негізгі құралдардың жіктелу топтары бойынша НҚ-12 “негізгі құралдардың қозғалысы есебі” карточкаларымен салыстырады.

ҚР ІІМ Алматы академиясы негізгі құралдарды жұмыс жағдайында ұстау үшін оларды мерзім сайын жөндеу қажет. Ұйымдардағы негізгі құралдардың пайдалану барысындағы табиғи және сапалық жағынан тозатындығы белгілі. Бүтін бөлігі, яғни табиғи пішінінің барлық тетіктері бір мезгілде, бір уақытта іске жарамсыз болып қалмағанымен, негізгі құралдардың бір бөлшегінің жарамсыз болып, соның себебінен негізгі құрал істен шығуы мүмкін. Тіпті іске жарамды болғанның өзінде кейбір бөлшектерінің тозуының әсерінен өнім өндіру қаблетінің азаюы да ғажап емес. Сонымен қатар сапалық жағынан тоза бастаған кейбір негізгі құралдары да толығымен ауыстыруға мекеменің қаржылық жағынан мүмкіндігі болмай, пайдаланып жүруі мүмкін. Мекемелер өздерінің негізгі құралдарын пайдалану мерзімі уақытынан бұрын тозып, істен шығып қалмауы үшін белгілі бір уақыт аралығында жөндеп отырады. Негізгі құралдарға жүргізілетін жөндеу жұмыстары өзінің ұйымдастырылуына қарай жай және күрделі деп аталатын екі түрге бөлінеді.

ҚР ІІМ Алматы академиясы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, өзіне тиесілі үйлерді, ғимараттарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдары мен құрал-саймандарды басқа субъектілерге беруге, айырбастауға, жалға беруге, уақытша тегін пайдалануға беруге, сондай-ақ баланстан шығарып тастауына болады. Негізгі құрал-жабдықтарды есептен шығару: табиғи және моральдық (сапалық) тозуына байланысты жою қажет болғанда; құрылыс жүргізгенде; мекемеде, цехтарда немесе басқа объектілерді техникалық жағынан қайта жабдықтағанда; кеңейткенде; негізгі табыннан малдарды жарамсыз деп тапқанда; табиғи қиыншылықтар мен апаттардың нәтижесінде, пайдаланудың қалыпты жағдайлары өзгергенде; баланстан тегін бергенде; сыйлағанда; шаруашылықаралық және басқа мекемелерге, қоғамдық ұйымдарға бергенде, өткізгенде және айырбастағанда жүзеге асады.

Негізгі құрал-жабдықтардың жарамсыздығын анықтау үшін, сондай-ақ қажетті құжаттарды дайындау үшін басшының бұйрығы мен комиссия құрамы тағайындалады, оның құрамында бес инженер немесе субъект жетекшісінің орынбасары, бас бухгалтер немесе оның орынбасары, материалдық жауапкершілігі бар тұлғалар, меншік иесінің өкілі, мемлекеттік көлік инспекциясының өкілі бар тұрақты жұмыс істейтін комиссиялар құралады.

Негізгі құрал-жабдықтарды жою туралы дайындалған актілер бухгалтерияға түседі де талдамалық есеп тізімдемесіне жазылады.

ҚР ІІМ Алматы академиясы негізгі құралдар өндіріс процесіне ұзақ уақыт бойы қатыса отырып, біртіндеп тозады, яғни физикалық күштердің, техникалық және экономикалық факторлардың әсерінен өз қасиеттерін жоғалтады. Тозу – бұл негізгі құралдардың табиғи және моральдық факторлар әсерінен өз қасиетін жоғалту процесі. Амортизациялық аударымдарды есептеу кезінде “Барлық негізгі құралдар бойынша амортизациялық аударымдар есептеу тәртібі туралы” жағдайды жетекшілікке алады.

Негізгі құралдардың синтетикалық есебі 2410 «Негізгі құралдар», 2420 «Негізгі құралдардың тозуы» шоттарында жүргізіледі.

ҚР ІІМ Алматы академиясы материалдық емес активтердің түсуі мен шығарылуы «Материалдық емес активтерді » қабылдау – беру актісімен рәсімделеді. Актіде материалдық емес активтердің түрі дәл аталады және кәсіпорынға берілген күні, объектінің сипаттамасы, оның бастапқы құны, амортизация нормасы және басқа қажетті мәліметтері көрсетіледі.

Материалдық емес активтерді қабылдап алу жөніндегі акті әрбір объектіге бір данадан толтырылады. Бірнеше біртектес материалдық емес активтерді қабылдау жөніндегі ортақ акт жасауға болады. Акт материалдық емес активтердің объектісі, оларды пайдалану тәртібі немесе кәсіпорынның мүліктік құқықтарын растайтын құжаттармен қоса бухгалтерияға беріледі, оған бас бухгалтер қол қояды және кәсіпорынның басшысы бекітеді. Материалдық емес активтерді басқа кәсіпорынға бергенде акт екі дана етіп жасалынады: беруші және алушы кәсіпорын үшін.

Актіде мыналар көрсетіледі:

  1. Материалдық емес активтердің дәл атауы;

  2. Кәсіпорынға өткізілген ( келіп түскен ) күні;

  3. Объектінің сипаттамасы;

  4. Бастапқы құны;

  5. Амортизация нормасы.

Материалдық емес активтердің нақты бары мен қозғалысын есепке алу келесі шоттарда жүргізіледі:

- 2711 ─ « Лицнезиялық келісімдер »;

- 2712 ─ « Бағдарламалық жабдықтау »;

- 2713 ─ « Патенттер»;

- 2714 ─ « Ұйымдастыру шығындары »;

- 2715 ─ « Гудвилл »;

- 2716 ─ « Өзге материалдық емес активтер ».

Материалдық емес амортизациясын тікелей әдіспен есептейді және синтетикалық есебі 2720 «Материалдық емес активтердің амортизациясы».

ҚР ІІМ Алматы академиясы босалқыларды сақтауды жүзеге асыратын және кәсіпкерлік қызмет ретінде сақтауға байланысты қызметтер көрсететін коммерциялық ұйымдар тауар қоймасы деп танылады. Қойманың жүк жіберушінің мүдделерінде жүзеге асырылған (тауарларды сақтандыру, тиеу-түсіру жұмыстары, кеден баждарын төлеу және т.б.) қосымша операциялары бойынша, шартта көзделген немесе заңды актілерде көзделген шығындар ставкаларының орнын толтыруға құқығы бар. Бұл құқық сақталатын тауарды қойманың ұстап қалу құқығымен қамтамасыз етіледі. Қоймадағы материалдық қорлар есебін материалдарды есептеу карточкаларында жүргізеді. Карточка номенклатуралық номері бойынша материалдардың әрбір түріне жеке ашылады және жартылай толтырылған күйі бухгалтериядан материалды-жауапкершілікті адамға қолхат арқылы беріледі. Карточкаға жазуды қоймашылар кіріс және шығыстық құжаттары негізінде жүргізіледі.

Тауарлы–материалдық қорларды кәсіпорын әртүрлі жағдайда алуы мүмкін: жабдықтаушының қоймасынан, темір жол станциясынан, аймақтардан, аэропорттан, материалды тұлғалар арқылы өз қоймаларынан, жабдықтаушылардың (жіберушілердің) қоймаларынан тауарлы–материалдық қорларды алған кезде алушы–кәсіпорын өздерінің жауапты тұлғалары арқылы жүзеге асырады.

Тауарлы-материалдық қорларды мынадай жағдайларға сенімхат бойынша босатуына болмайды:

  • сенімхаттың барлық реквизиттері толық толтырылмаса, жөнделген немесе өшірілген болса;

  • көрсетілеген сенімхаттағы құжаттар болмаса;

  • сенімхаттың мерзімі біткен болса;

  • субъектіден берілген сенімхаттың жойылғаны туралы хабар алса;

  • сенімхат берген субъекті өз қызметін тоқтатса (жойылса, қайта құрылымдық өзгерістер жасалса).

Тауар беруші тауарларды жеткізіп беруді шартта көзделген көлікке тиеп және шартта белгіленген жағдайларда жөнелту жолымен жүзеге асырады.

Тауарлы-материалдық қорларды кірістеуге мына құжаттар негіз болып саналады:

- шот-фактура, онда: қатар нөмері мен күні, атауы және жабдықтау мен тауарлы-материалдық құндылықтарды сатып алушының салық төлеушінің тіркеу нөмері, қосылған құн салығын есепке қою туралы куәлік нөмері, әкелінген тауарлы-материалдық қорлардың атаулары мен саны, құны, акцизделенетін тауарлы-материалдық қорлардың сомасы т.б.;

- тауарлы-транспорттық накладной;

- тауарды қабылдап алған материалды жауапты тұлғаның жазған накладной құжаттары, атап айтқанда:

Кіріс ордерін жабдықтаушылардан немесе өңдеуден түскен запастарды есепке алу үшін пайдаланады. Ол бір ғана данада жазылады және ол жауапты тұлғадан материалдар қоймаға келіп түскен кезде толтырылады.

Материалдардың бүлінуі, сынуы, қирауы, туралы актісін кәсіпорында бүлінудің, сынудың, қираудың нәтежиесінде арзандатуға және қорларды есептен шығару үшін пайдаланады. Ол 2 дана етіп жасалынады. 1-ші дана бухгалтерияға жіберіліп, қорларды жоғалуына себепші болған материалды жауапты тұлғалар еаестен шығаруға негіз болады, 2-ші бөлімшеде қалады.

Материалдардың шығысы мына құжаттар бойынша рәсімделеді: лимиттік-жинақтама картасы; материалдарды айырбастауға арналған талап-актісі; материалды босатуға арналған талап накладнойы.