
- •Мазмұны
- •Жарғы капиталы. Оперативті-қаржылық жұмыс.
- •Инвестициялық қызмет. Негізгі қаражаттар және басқа да айналымнан тыс активтер
- •Айналым қаражаттары. Айналым қаражаттарына қажеттілікті анықтау
- •Қаржылық жоспарлау. Бизнес жоспарды құру кезіндегі қаржылық аспектілер
- •Кәсіпорынның табысы мен рентабельділігі. Кәсіпорынның бюджетке төлемдері
- •Бухгалтерлік есепті жүргізу нысандары
- •Кәсіпорынның қаражаттар есебі және есептесу
- •Негізгі құралдар есебі
- •Қорлардың бухгалтерлік есебі
- •Еңбек төлемі және оның есебі
- •Өндіріс шығындарының есебі мен өнімнің өзіндік құныны калькуляциялау
- •Қаржылық есеп мен меншікті капитал есебі
- •Есеп саясаты. Салықтық есеп саясаты
- •Шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын, табыстылығын талдау
- •Шаруашылық субъектісі қызметінің іскерлік белсенділігін және тиімділігін талдау
- •Қорытынды
Бухгалтерлік есепті жүргізу нысандары
Бухгалтерияның табысты және тұрақты жұмыс істеуінің шарты - сауатты ұйымдастырылған бухгалтерлік есеп болып табылады. Ретсіз, жүгенсіз жүргізілген бухгалтерлік есеп жүйесі бухгалтерлердің жұмысы мен есептік деректерді өңдеуге кететін уақытты тиімсіз жұмсауға алып баруы мүмкін. Бухгалтерлік есеп жүргізудің мақсаты – ең аз шығындармен бастапқы құжаттарды өткізіп, есептілікті алуға мүмкіндік беретін ең қолайлы есеп схемасын әзірлеу және өндіру болып табылады. Сондықтан Ақтөбе облысы Шалқар аудандық ауруханасы есеп бөлімімен жұмыс істейтін мамандарға қатаң талаптар қойылған. Бухгалтерлік есепті жүргізу нысаны ретінде «1С:Бухгалтерия» 8.2. версиясы қолданылады.
Бухгалтерлік сүйемелдеу және ұйымға қызмет көрсету бойынша қызмет кешеніне мына қызмет түрлері кіреді:
- бастапқы есептік және салық құжаттарының бар екендігін, дұрыс рәсімделгендігін және заңнама талаптарына сай екендігін тексеру;
- жетпейтін бастапқы есептік және салық құжаттарын жасау, алынған шот-фактураларды өңдеу және ұсыну;
- ҚР-ның Салық Заңнамаларына сәйкес салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді есептеу және төлем тапсырмаларын төлеуге дайындау;
- барлық немесе жекелеген есеп учаскелерінің талдау және синтездік есептерін жүргізу;
- банк және касса амалдарын рәсімдеу және өңдеу, банк көшiрмелерін, кадрлық құжаттарды өңдеу;
- типтік шарттарды әзірлеу, клиенттермен қатынасты рәсімдеу;
- есеп беретін тұлғалармен есептерді жүргізу және өңдеу;
- жабдықтаушылармен және сатып алушылармен есептерді жүргізу және өңдеу;
- тіркелген активтерді есептеу;
- жалақыларды есептеу;
- ішкі қаржы есептерін жасау;
- барлық бухгалтерлік (қаржы) және салық есептілік формаларын жасау;
- бухгалтерлік және салық есептерінің регистрлерін жасау.
Бухгалтерияны бас бухгалтер басқарады және ол үш бөлімді кіргізеді: қаржылық есеп; басқару есеп; салық есебі.
Кәсіпорынның қаражаттар есебі және есептесу
ҚР ІІМ Алматы академиясы әдетте бір уақытта қызмет көрсетумен айналысады. ҚР ІІМ Алматы академиясы қаржы есептілігі ҚР «бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп» туралы заңына сәйкес құрылған. Ұйымның қаржылық есептілігіне келесілер кіреді:
Қаржы есетіліктің формаларының атауы |
Есеп берудің кезеңдері |
Бухгалтерлік баланс НСФО №2 4 бөліміне сәйкес құрылады. |
Жылдық есеп беру |
Кіріс пен шығыс есебі НСФО №2 5 бөліміне сәйкес құрылады. |
Жылдық есеп беру |
Қаржы қозғалысының есебі НСФО №2 7 бөліміне сәйкес құрылады. |
Жылдық есеп беру |
Капиталдағы өзгерістер есебі НСФО №2 6 бөліміне сәйкес құрылады. |
Жылдық есеп беру |
Қаржы есептілігіне енгізілетін өзгерістер НСФО №2 8 бөліміне сәйкес құрылады. |
Жылдық есеп беру |
Есеп саясаты туралы ақпараттар, жылдық есеп берудегі түсіндірме қағаздар және т.б. |
Жылдық есеп беру |
ҚР ІІМ Алматы академиясы қаржы есебі ұйымның қаржы жағдайын, қаржы қорытындыларын, ақша қаражаттарының қозғалыстарын көрсетеді.
Қолма-қол ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін ҚР ІІМ Алматы академиясы кассасы бар. Оның есебін кассир жүргізеді. Кассир — материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбекақы мен басқа да төлемдерді беру үшін субъекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынады. Кассалық операциялар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен Ережелерімен жүргізіледі.
ҚР ІІМ Алматы академиясы басқа ұйымдарда сияқты құжаттарды беру белгілі банктің ішкі құжат айналымының тәртібі бойынша жүргізіледі. Есеп бөлімі құжаттарды клиенттерге беру қатаң тыйым салынады. Ал, берілуге тиісті құжаттарды клиенттерге міндетті түрде тапсырылады. Құндылықтарды беру немесе қабылдау кассалық құжатсыз тыйым салынады.
Артықшылық немесе кемшілік акт бойынша кассирден талап етіледі.
Есеп бөліміндегі құжаттарды есеп кітабымен тексергеннен кейін оның бірінші бетіне жазуларды тіркейді және ол құжат қызметкер мен касса меңгерушісімен толтырылады.
Есеп бөлімі операцияларының есебін есеп кітабында жүргізеді, ол нөмірленуге, тігілуге және оған сүргі салынуға тиіс; ондағы парақтар санын басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады.
Есеп бөлімі есеп айырысу және басқа да шоттары Центр Кредит банкінде ашылған. Шот иесінің банктегі шотына қосып есептеу үшін түсім қаражаттарын және қолма-қол ақшамен салынатын басқа да сомаларды банкке қабылдау жөніндегі бұйрығы. Хабарлама сиямен бір дана етіп жазылады; қабылданған ақшаға банк түбіртек береді және ол кассаның шығыс ордеріне қоса тіркеледі.
ҚР ІІМ Алматы академиясы есеп айырысу шоты бойынша операциялардың есебі 1030 «Ағымдағы банктік шотттарындағы ақша қаражаттары» шотында жүргізіледі. Субъектілер шоттары бойынша банк екі дана етіп бет есебін ашады. Бірінші дана бет есептің көшірмесі болып табылады және ол бастапқы құжаттармен бірге шаруашылық жүргізуші субъектіге беріледі, екіншісі - бет есебі болып қалады. Банк көшірмелері оған қоса тіркелген құжаттармен тексеріледі.