Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Отчет Айдана.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
67.16 Кб
Скачать

Қаржылық жоспарлау. Бизнес жоспарды құру кезіндегі қаржылық аспектілер

Ақша қаражатының қозғалысы жоспарының көмегімен кәсіпкер өзінің айналым қаражатын анықтау үшін кез келген уақытта қысқа мерзімді несиедегі қажеттіліктерін бағалай алады. Түсім есептері туралы есептен ерекшелігі ақша түсімдері туралы есеп акция сату мен алынған ақша сияқты барлық қаржы көздерінен түскен ақшалық түсімдерді есептейді, сонымен қатар кейбір активтердің тарауы мен сатылуынан түскен қаржыны да есепке алады. Шығындауға келсек, ақша түсімдері туралы есеп барлық шығындарға кеткен ақшаны есептейді.

Ақша қаражатының айналымы жоспарын құру үшін екі маңызды көрсеткішті анықтап алу керек:

  • Күтілген ақша түсімдері

  • Күтілген төлемдер.

Түсімге ағымдық есептегі және қолма-қол ақша төлемдері жатады. Түсім Ақтөбе облысы Шалқар аудандық ауруханасы сауда қызметімен байланысты және тауар сату нәтижесі мен қызметі кезінде туады. Түсімнің басқа көздері болып мыналар саналады:

  • Банктік несиелер;

  • Басқа мекемелер мен жеке тұлғалардың несиелері;

  • Арнедаға берілген сауда орындарының арендалық төлемдері;

  • Қандай да бір керек емес кәсіпорындарды пайдаланғандағы төлемдер. Төлемдерге түрлі баптардың көптеген сандары жатады, яғниқосымша тауар қорын ұстау, жабдық сатып алу, үстеме шығындар мен ағымдық шығындар жатады. Ақша қаражаты туралы есепке амортизация жатпайды.. Ақша қаражатындағы болашақ қажеттіліктері сауда көлемін ұлғайтуға және жоспарланған барлық шығындарға жететіндей болуы керек.

Қаржылық есептерді жасау қаржылық жоспарлаудың соңғы қадамы емес. Оның сапалық жағын да тексеру қажет, яғни компания жағдайының индикаторы болып табылатын жасалған нормалар мен нормативтерге сәйкестігін анықтау. Мұндай индикаторларға мыналар жатады:

  • Жоспарды іске асыру барысында фирма қызметінің шапшаңдығын көрсететін қаржылық көрсеткіштер. Олар пайда көрсеткіштері, капитал ұтымдылығы, қаржылық қызметтің көрсеткіші.

  • Нақты жобаларда инвестициялардың қолайлығын көрсететін инвестиция қолайлығының көрсеткіштері: салынған қаржыларды қайтарудың уақытын көрсететін өтемділік мерзімі; жаңа өнім мен жаңа қызметтің пайдалық жағына әсер ететін кіріс көлемі; кірістің ішкі нормасы мен инвестиция тиімділігінің нормасы.

Кәсіпорынның табысы мен рентабельділігі. Кәсіпорынның бюджетке төлемдері

ҚР ІІМ Алматы академиясы өзінің атқарған жұмысынан неғұрлым көп пайда алуға тырысады. Ол өзінің тауарларын тек жоғарғы тиімді бағамен сатып қана қоймай, сонымен қатар оны өндіруге және өткізуге кететін шығындарды қысқартуға тырысады. Кәсіпорын табысының ұлғаюының қайнар көзі, ең біріншіден, оның сыртқы жағдайына байланысты болса, екіншіден, кәсіпорынның ұйымдастырылған өндіріс үрдісінің тиімділігіне және өндірілетін тауардың кезекті өткізілуіне байланысты болады.

Өндірістік шығындар, өнімнің өзіндік құны экономикалық сатының басты элементтері болып табылады. Олардың деңгейі, көбінесе, пайда көлемін, кәсіпорын рентабельділігін және шаруашылық қызметінің тиімділігін анықтайды. Сонымен қатар, кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін, беріктілігін, қаржылық тұрақтылығын анықтай отырып, оның өндірістік шығындарын қысқартып, оптималды экономикалық жетілдірудің негізгі бағыты болып табылады.

Жалпы, өнімнің өзіндік құны дегеніміз – кәсіпорынның өнім өндіруге және өткізуге жұмсаған шығындарының ақшалай тұлғалануы.

Ол кәсіпорынның жалпы өндірістік тиімділігін анықтайды. Өзіндік құнды, яғни өндірістік шығындарды жүйелі түрде төмендету – кәсіпорындардың жұмыс істеу тиімділігін арттырудың негізгі құралы болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында залалды кәсіпорындарды қаржылай қолдау қағидаға жатпайды.

Ұлттық экономиканың барлық салаларында өндіріс шығындарын төмендетудің мына негізгі бағыттарын айтуға болады:

  • ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану;

  • еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;

  • экономикалық үрдістерді мемлекет тарапынан реттеу.

Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін іске асыру – бұл, бір жағынан, өндіріс қуатын, шикізат және материалдар, оның ішінде отын-энергия ресурстарын көптен-көп пайдалану, ал екінші жағынан, тиімді жаңа машиналарды, жаңа технологиялық үрдістерді іске асыру.

Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімді ету – шаруашылықты жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгендегі басты талап болып отыр. Тек қанша өнім өндірілгендігінің ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да маңызы зор. Мәселенің бұлайша қойылуы мынаны аңғартады: шикізат пен материалдарды жұмсай отырып немесе машиналар мен механизмдерді пайдалана отырып, шикізаттардың әрбір бөлігінен неғұрлым көп өнім алуға, әрбір станок пен технологиялық үрдістердің түсімін өсіруге, шығындарын, бұйымдардың өзіндік құнын төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін арттыруға жету керек.

Егер кәсіпорын ұжымдарының ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдалануының негізгі бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, онда оларды үш топқа бөлуге болады. Өндіріс тиімділігін, біріншіден, негізгі өндіріс қорларының пайдалануын жақсартудың, екіншіден, айнымалы өндіріс қорларын неғұрлым тиімді пайдаланудың және үшіншіден, қазіргі еңбек шығындарының нәтижелілігін жақсартудың есебінен арттыру.