
- •Мазмұны
- •Жарғы капиталы. Оперативті-қаржылық жұмыс.
- •Инвестициялық қызмет. Негізгі қаражаттар және басқа да айналымнан тыс активтер
- •Айналым қаражаттары. Айналым қаражаттарына қажеттілікті анықтау
- •Қаржылық жоспарлау. Бизнес жоспарды құру кезіндегі қаржылық аспектілер
- •Кәсіпорынның табысы мен рентабельділігі. Кәсіпорынның бюджетке төлемдері
- •Бухгалтерлік есепті жүргізу нысандары
- •Кәсіпорынның қаражаттар есебі және есептесу
- •Негізгі құралдар есебі
- •Қорлардың бухгалтерлік есебі
- •Еңбек төлемі және оның есебі
- •Өндіріс шығындарының есебі мен өнімнің өзіндік құныны калькуляциялау
- •Қаржылық есеп мен меншікті капитал есебі
- •Есеп саясаты. Салықтық есеп саясаты
- •Шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын, табыстылығын талдау
- •Шаруашылық субъектісі қызметінің іскерлік белсенділігін және тиімділігін талдау
- •Қорытынды
Айналым қаражаттары. Айналым қаражаттарына қажеттілікті анықтау
Кәсіпорын өнімді өндіру үшін шикізаттың, материалдың, сатып алынатын жартылай фабрикаттардың, құралдардың, ыдыстардың, қосалқы бөлшектердің, құрылыс материалдырдың қорлары болуы керек. Бұл қорлардың барлығы дерлік. Бұл қорлар, сонымен қатар аяқталмаған өндірістің шығындары кәсіпорынның өндірістік айналым қорларының құрылуы. Кәсіпорынның айналым қаражаты – бұл өндірістің айналым қорлары қалыптастыруға жұмсалған қаражат құны. Айналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігінде олардың қажеттілігін дұрыс бағалау болып табылады. Себебі, өндірістің осы көлемінде жоспарланған пайданы ең төменгі мөлшердегі шығынмен табуға үлкен ықпалын тигізеді. Айналым қаражатының төмендетілген мөлшері кәсіпорынның тұрақсыз қаржы жағдайына, өндіріс процесінің іркілісіне әкеліп соғады. Осының салдарынан өндірістің көлемі мен пайдасы төмендейді. Осы кезекте айналым қаражатының көтеріңкі мөлшері кәсіпорынның өндірісті ұлғайту үшін күрделі қаржы шығынын жұмсау мүмкіндігі төмендейді.
Кәсіпорында айналым қаражатының қажеттілігін бағалау кәсіпорынның өндіріс жоспары және өндіріс шығынының сметасымен үйлестіру керек. Мұнда қажетті мөлшерде өнімнің нақтылы түрлерін және оларды белгілі мерзімде шығаруды негіздеу қажет. Ақтөбе облысы Шалқар аудандық ауруханасының айналым қаражатының қажеттілігін есептеген кезде мыналар ескеріледі:
- Айналым қаражаттары өндірістік бағдарламаны орындауда тек
негізгі өндірістік қажеттілікті өтеу ғана емес, сонымен қатар, кәсіпорынның негізгі қызметіне жатпайтын қосалқы және көмекші өндірістер, тұрғын үй, коммуналдық және тағы басқа шаруашылықтар және дербес баланста тұрмайтындар да өтелуі қажет.
Айналым қаражатын қалыптастыру және пайдалану механизмі өндіріс барысына, сондай-ақ ағымдағы өндірістік және қаржы жоспарын орындауға жан-жақты ықпал етеді.
Айналым қаражаты өндіріс көлемін және өнімді сатуды кеңейтуді, жаңа өткізу нарықтарын, яғни кәсіпорын капиталы айналатын саланы басып алуды жоспарлы түрде және барынша ұтымды, сондай-ақ үнемді, басқаша айтқанда, айналым қаражатының ең аз мөлшерімен қамтамасыз етуі тиіс.
Айналым қаражатын тиімді пайдалануды жоспарлау және ұйымдастыру үшін жауапты менеджерлердің ең негізгі міндеті болып табылады.
Айналым қаражаты оның екі саласындағы ауыспалы айналымға: өндіріс саласы мен айналыс аясына қатысады. Сондықтан айналым қаражаты өндірістік айналым қоры мен айналыс аясындағы қорға бөлінеді.
Айналым қаражаты өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан кәсіпорынның айналым қаражатына қажеттілігінің құрамы мен көлемі өндіріс қажеттілігіне ғана емес, айналыс қажеттілігіне де орай анықталады.
Айналым қаражаты айналымының жалпы уақыты (бір айналымның жылдамдығы немесе айналымның жылдамдығы) өндіріс саласында және айналыс аясында болатын уақыттан кұралады. Ол айналым қаражатын тиімді пайдалануға, кәсіпорын қаржысының жай-күйіне ыкпал ететін аса маңызды сипаттама болып табылады.
Айналым қаражаты айналымының жылдамдығы айналым қаражатын өндірісте пайдалану деңгейін сипаттайды. Айналым жылдамдығы неғүрлым жоғары болса, кәсіпорынға айналым қаражаты аз қажет болады. Бұған өнім сату процесін жеделдету арқылы да, сондай-ақ өндіріс.