Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Отчет Айдана.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
67.16 Кб
Скачать

Инвестициялық қызмет. Негізгі қаражаттар және басқа да айналымнан тыс активтер

Инвестиция (латынша іnvestіre – киіндіру) – табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен бейматериалдық сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын инвестициялық қаражат.

Инвестицияның күрделі қаржыдан өзгешелігі бар. Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және бейматериалдық активтерге де салынады. Инвестиция қаржы институттары, инновациялық және әлеуметтік сала арқылы тікелей де, жанамалай да салынады. Инвестиция өзінің құрамы жағынан біртекті емес, инвестициялау нысандарына, айналыс өрісіне, негізгі капиталдың ұдайы өндірісіндегі мақсатына, рөліне, қаржыландыру көздеріне қарай негізгі капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция, қоржындық инвестиция түрлеріне бөлінеді. Негізгі капиталға салынатын инвестиция – құрылысқа, материалдық, бейматериалдық негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, сондай-ақ, материалдық айналыс құралдарының қорларын толықтыруға жұмсалатын қаражат. Негізгі капиталды инвестициялау нысандарына үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, мал, екпе ағаштар, жер қойнауын барлау, компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету, көркем және әдеби шығармалардың түпнұсқалары, жаңа үйлер және жаңа ақпарат жатады. Негізгі капиталға салынған инвестиция Қазақстанда 2000 жылы бейқаржылық активтерге салынған инвестиция көлемінің 79,1%-ы болды. Бейқаржылық инвестицияның қалған 20,9%-ы материалдық айналым құралдарының қорларын толықтыруға, құндылықтар мен бейөндірістік активтерді сатып алуға жұмсалды.

Инвестицияны қайта бағалаудың операциялары бойынша. Инвестицияларды қайта бағалау белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Инвестицияларды қосымша есептеу сомалары 5430-ші «Инвестицияларды қайта есептеуден алынған қосымша төленбеген капитал» шотының кредиті бойынша көрініс табады:

5430 шотының дебеті ұзақ мерзімді инвестицияның құнынның төмендегенін және олардың баланстық құнының азайғанын көрсетеді, ол кезде қайта бағаланған сомасының чегінде мына шоттар корреспонденцияланады:

- ұзақ мерзімді инвестицияның төмендеген құнына 1150 шоты кредиттеліп, 5430 шоты дебеттеледі;

- инвестицияның баланстық құнының азайған сомасына 2210 шоты кредиттеліп, 5430 шоты дебеттеледі.

Басқа да активтердің қайта бағалануымен байланысты операциялары. Активтердің басқа түрлерін қайта бағалау операциялары үшін 5460–ші «басқа да қосымша төленбеген капитал» шоты пайдаланылады. Шын мәнінде бұл шот инвестиция-неттосы бойынша бағамның есептен шығарылатын кезеңіне дейінгі айырмасын есепке алу үшін пайдаланылады. Егер де инвестиция-неттосы шет елдегі бөлім- шелерге берілсе, бағамдық айырманың жиынтық сомасы табыс ретінде 6250 шоттының кредиті бойынша көрініс табады, ал егер де ол шығыс ретінде танылса, онда ол 7430-шоттың дебеті бойынша көрініс табады.

Егер де доллар бағамы теңгеге шаққанда азайса, онда оның бағамдық айырмасы қаржылық инвестицияның қысқарғаны ретінде бағаланады және ол 5460 «басқа да қосымша төленбеген капитал» шотының дебеті бойынша көрініс табады,ал егер де керісінше болса, онда 5460 шотының кредитінде көрсетіледі.