
- •Мазмұны
- •Жарғы капиталы. Оперативті-қаржылық жұмыс.
- •Инвестициялық қызмет. Негізгі қаражаттар және басқа да айналымнан тыс активтер
- •Айналым қаражаттары. Айналым қаражаттарына қажеттілікті анықтау
- •Қаржылық жоспарлау. Бизнес жоспарды құру кезіндегі қаржылық аспектілер
- •Кәсіпорынның табысы мен рентабельділігі. Кәсіпорынның бюджетке төлемдері
- •Бухгалтерлік есепті жүргізу нысандары
- •Кәсіпорынның қаражаттар есебі және есептесу
- •Негізгі құралдар есебі
- •Қорлардың бухгалтерлік есебі
- •Еңбек төлемі және оның есебі
- •Өндіріс шығындарының есебі мен өнімнің өзіндік құныны калькуляциялау
- •Қаржылық есеп мен меншікті капитал есебі
- •Есеп саясаты. Салықтық есеп саясаты
- •Шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын, табыстылығын талдау
- •Шаруашылық субъектісі қызметінің іскерлік белсенділігін және тиімділігін талдау
- •Қорытынды
Есеп саясаты. Салықтық есеп саясаты
ҚР ІІМ Алматы академиясы есеп саясаты 2009 жылдың 12 ақпанында қайта қарастырылып бекітілген. Есеп саясаты – бұл ұйым қаржы есептілігін дайындау және ұсыну үшін қолданатын нақты қағидаттар, негіздер, келісімдер, ережелер және тәжірибе. Есептік бағалаудағы өзгеріс – бұл активтің немесе міндеттемелердің баланстық құнын немесе активті кезең-кезеңмен тұтынудың активтердің және міндеттемелердің ағымдағы жай-күйін бағалау салдарынан болатын, сондай-ақ оларға байланысты күтілетін болашақ пайдалар мен міндеттерге байланысты өлшемін түзету. Есептік бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер жаңа ақпарат алу немесе жаңа міндеттемелердің басталу нәтижесі болып табылады және тиісінше қателерді түзету болып табылмайды. Қаржы есептілігінің баптары туралы ақпараттың елеулі түрде бұзылуы немесе бұрмалануы, егер олар әрқайсысы жеке-жеке немесе жиынтығымен пайдаланушылардың осы қаржы есептілігі негізінде қабылдаған экономикалық шешімдеріне әсер етсе, маңызды болып табылады. Маңыздылық ақпараттың нақты бұзылуының немесе бұрмалануының ілеспе жағдайлардың мәтініндегі бағаланатын мөлшеріне және сипатына қатысты болады. Қаржы есептілігінің тиісті бабының не мөлшері, не сипаты, не екеуінің де үйлесуі шешуші фактор болуы мүмкін.
ҚР ІІМ Алматы академиясы бухгалтерлік есепті жүргізу барысында есептік саясатта келесі ережелер қамтамасыз етеді:
-есеп беру кезеңі барысында жекелеген шаруашылық амалдарды көрсету және активтер мен міндеттемелерді бағалауды есепке алу бойынша қабылданған саясатының айнымас болуын;
-есеп беру кезеңі бойынша барлық шаруашылық амалдардың есепке алынуында толық көрсетілуін;
-есеп беру кезеңдеріне сай кіріс және шығындардың дұрыс көрсетілуін.
Шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын, табыстылығын талдау
Қазіргі заманғы жағдайларда тиімді қызметті қамтамасыз ету үшін басшыларға өз кәсіпорындарының қаржылық-экономикалық жағдайдың, сондай-ақ серіктері мен бәсекелестерінің іскерлік белсенділігі жағдайын нақты бағалай білуі қажет. Ол үшін: • кәсіпорынның қаржылық экономикалық жағдайын бағалау әдістемесін меңгеруі; • қаржылық ақпараттарды жинақтаудың, өндеудің үстірт және үстірт емес түрде пайдалануы; • тәжірибеде осы әдістерді жүзеге асыруға қабілетті талдаушы мамандарды тарту қажет. Қаржылық-экономикалық жағдай шаруашылық қызметтің барлық қатысушыларының экономикалық мүдделерін тиімді жүргізуде. Оның бәсеке қабілеттілігі мен артықшылығын анықтайтын кәсіпорынның белсенділігі мен сенімділігін маңызды критерийлері. Ол қаражаттарды орналастыру мен пайдалану және олардың қалыптасу көздерімен сипатталады. Талдаудың негізгі мақсаты – кәсіпорынды жалпы және сонымен бірге оның қаржылық ресурстарын басқарудағы ең күрделі проблемаларды айқандау. Қаржылық талдаудың мақсаттары:
қаржылық жағдайдың көрсеткіштерінің өзгерістерін табу;
кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер ететін факторларды табу;
қаржылық жағдайдың сандық және сапалық өзгерістерін бағалау;
кәсіпорынның қаржылық жағдайдың белгілі бір датаға (күнге) бағалау;
кәсіпорынның қаржылық жағдайының тенденцияларының өзгерісін бағалау;
кәсіпорынның қаржылық жағдайдың тенденцияларының өзгерісін анықтау;
Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын талдаудың басты міндеті бастапқы қаржылық жағдайы мен оның одан әрі даму динамикасын дұрыс бағалау болып табылады. Ол келесі сатылардан құралады:
қаржылық-экономикалық жағдайды теңестіру;
кеңістіктік уақыттық айырымда қаржылық-экономикалық жағдайдың өзгерісін айқындау;
қаржылық-экономикалық жағдайға өзгеріс әкелген негізгі факторларды анықтау;
қаржылық жағдайды нығайтудың шаруашылықішілік резервтерін айқындау.
Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын талдау қаржылық талдаудың, сондай-ақ менеджменті мен аудиттің мәнді элементі болып табылады. Қаржылық талдаудың негізіне қаржылық есеп беруді талдау жатады. Бұл қаржылық-экономикалық жағдайды бағалауды жүргізуде қаржылық талдаудың әдістері мен жүмысшы амалдарын пайдалануды негіздейді. Қаржы менеджментінің мәні нң тиімді жағдайларда қосымша қаржы көздерін тартуға, ең тиімді инвестициялауға, қаржы нарығында пайдалы операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қаржылардыбасқаруды ұйымдастырудан тұрады. Кәсіпорын дамуының қаржы қаржы көздерін іздестіру, сонымен қатар қаржы ресурстарын ең тиімді инвестициялау бағыттарын анықтау нарықтық экономика жағдайларында өзекті болуда. Қаржы менежменті маңындағы табыс көбіне қаржылық есеп беруді зерттеп білудің жан-жақтылығына, жүйелігіне, мұқияттылығына тәуелді. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын тексеру және талдау нәтижесіндегі аудиторлар ресми нысанындада белгілі бір кезеңде бақыланып отыоған экономикалық объектілердің қызметі қортындысы туралы негізделген түйін ұсынады. Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық талдау субъектілері болып кәсіпорын қызметіне тікелей және жанама мүдделі ақпараттарды пайдаланушылар жүреді. Қаржылық-экономикалық жағдай – кәсіпорынның нарықтағы сенімділігі, бәсеке қабілеттілігі, орнықтылығының маңызды сипаты. Сондықтан талдауды пайдаланушылардың бірінші тобының әрбірі субъектісі өзмүддесінен шыға отырып қаржылық ақпараттарды өз тұрғысынан танып біледі.