
- •Мазмұны
- •Жарғы капиталы. Оперативті-қаржылық жұмыс.
- •Инвестициялық қызмет. Негізгі қаражаттар және басқа да айналымнан тыс активтер
- •Айналым қаражаттары. Айналым қаражаттарына қажеттілікті анықтау
- •Қаржылық жоспарлау. Бизнес жоспарды құру кезіндегі қаржылық аспектілер
- •Кәсіпорынның табысы мен рентабельділігі. Кәсіпорынның бюджетке төлемдері
- •Бухгалтерлік есепті жүргізу нысандары
- •Кәсіпорынның қаражаттар есебі және есептесу
- •Негізгі құралдар есебі
- •Қорлардың бухгалтерлік есебі
- •Еңбек төлемі және оның есебі
- •Өндіріс шығындарының есебі мен өнімнің өзіндік құныны калькуляциялау
- •Қаржылық есеп мен меншікті капитал есебі
- •Есеп саясаты. Салықтық есеп саясаты
- •Шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын, табыстылығын талдау
- •Шаруашылық субъектісі қызметінің іскерлік белсенділігін және тиімділігін талдау
- •Қорытынды
Қаржылық есеп мен меншікті капитал есебі
Бухгалтерлік баланс ҚР ІІМ Алматы академиясы ресурстарының турлерін және пайда болу көзін белгілі – бір уақыт аралығында оларды пайдалану бағытын сипаттайтын интервал көрсеткіштерінің жүйесін анықтау үшін қабылданған. Баланстың негізінде кәсіпорында бар қорлар, олардың жағдайы туралы, құрамы мен орналасуындағы өзгерістер, олардың пайда болу көздері туралы мәліметтер алады. Баланстың активі қолдану мерзімі бойынша екі бөлімнен тұрады:
- ұзақ мерзімді активтер;
- ағымдағы активтер.
Баланстың пассив бөлімі үш негізгі бөлімнен тұрады:
- меншікті капитал;
- ұзақ мерзімді міндеттемелер;
- қысқа мерзімді міндеттемелер.
Стратегиялық есептің құралы ретінде, стратегиялық баланс әдісі кең қолданыс тапқан. Стратегиялық балансты құрастырудың бірнеше әдісі бар және ол ішкі және сыртқы баланстарға бөлінеді. Сыртқы баланс нарықтағы өндірістің қауіп-қатерін айқындау мақсатында қолданылады (сыртқы ортада). Ішкі баланстарды құрастырудың міндеті, болып - өндірістің, мықты және әлсіз жақтарын ескере отырып, осал орындарын айқындау.
ҚР ІІМ Алматы академиясы өндірістің жұмыс істейтін ортасында, стратегиялық баланстың балды және пайызды бағасын бір-бірімен қарама-қарсы қою арқылы құрастырылған әдісітер көбіне қолданады. Тар орында пайда болған қауіпті жағдайларды анықтай алатын, әр түрлі ішкі нормативтер тұрақталынады. Баланстар классикалық баланс схемасы ретінде, сонымен қатар диаграмма және полярлы координата негізінде құрастырылуы мүмкін. Нарықтық экономика жағдайында баланстық жүйе есебі, қаржылық болжамның, талдаудың негізі болады. Бұл жағдайда, негізгі мағынаны туынды баланстық есеп алып жатырол жекеменшік стратегиялық баланстың айырылмас бөлігі болып табылады. Өндірістік баланстың есебі, берілген негіздерге байланысты. Қолданатын материалдың спектрі кең болған сайын, оның баланстық сапасы жоғары болады.
Жалпы ҚР ІІМ Алматы академиясы есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Ал айналымдағы активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында пайда табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша қаражаттары, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, тауарлық-материалдық қорлар, дебиторлық борыштар және басқа активтер жатады. Кәсіпорын мүліктерінің құралу көздері. Кәсіпорын мүлкі оның негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады. ҚР ІІМ Алматы академиясы меншікті капиталының көздері болып мыналар саналады:
жарғылық капитал;
резервтік капитал;
бөлінбеген табыс;
Кәсіпорынның жарғылық капиталы - қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.
Кәсіпорын өздерінің қызмет атқаруы барысында меншікті қаржыларынан басқа қарыз қаражаттарында пайдаланады. Ал олардың қатарында қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, алынған аванстар және басқа да кредиторлық борыштар жатады.
Меншік иесінің тиісті құқығымен жауапкершілігіне қарай ұйымның жарғылық капиталы мынадай түрлерге бөлінеді:
Кәсіпорындардың (толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, жабық және ашық акционерлік қоғам) жарғылық капиталы.
Өндірістік кооператив мүшелерінің мүлік жарналары (үлестері).
Жарғылық капитал мөлшері Ақтөбе облысы Шалқар аудандық ауруханасының жарғысында және басқа да құрылтайшылық құжаттарында белгіленген, үкіметтің атқарушы органдарында тіркелуі керек. Оның мөлшері құрылтайшылық құжаттарға тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін ғана өзгеруі мүмкін.
Қосымша төленген капитал – ұйымның өзінің акцияларын олардың атаулы құнынан артық бағаға сатқан жағдайда пайда болған құн айырмашылығынан туындайды.
Қосымша төленбеген капитал – кәсіпорынның өзінің меншітіндегі негізгі құралдары мен инвестицияларын қайта бағалаған уақыттағы олардың құнының өскен сомасынан және тағы да басқа жағдайлардан туындайды.
Резервтік капитал – келешекте болуы мүмкін зияндармен шығындардың орнын толтыруға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге арналып кәсіпорынның өзінің таза пайдасынан бөлінген меншіктік капиталының бір бөлігі. Резервтік капиталдың мөлшері мен құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдары мен ұйымның жарғысында қаралады.
Бөлінбеген пайда – кәсіпорынның жалпы кірісінен барлық жұмсалған шығындарды бюджетке төленген салық сомаларын, кірістен басқадай бағытарға пайдаланған сомаларын шегеріп таста- ғандағы қалған бөлігі болып табылады.