Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Отчет Айдана.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
67.16 Кб
Скачать

Мазмұны

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1.1.Кәсіпорынның қаржы қызметтерімен құрылымдық ұйымдастыру. Қаржы қызметіндегі жұмысшылардың лауазымы.

1.2.Жарғы капиталы. Оперативті-қаржылық жұмыс

1.3.Инвестициялық қызмет. Негізгі қаражаттар және басқа да айналымнан тыс активтер

1.4.Айналым қаражаттары. Айналым қаражаттарына қажеттіліктерді анықтау.

1.5.Қаржылық жоспарлау. Бизнес жоспарды құру кезіндегі қаржылық аспектілер

1.6.Кәсіпорынның табысы мен рентабельділігі. Кәсіпорынның бюджетке төлемдері

2. Қаржы есебі

2.1.Бухгалтерия мен шаруашылық субъектісі есебін ұйымдастырудың құрылымы

2.2.Қаражаттар есебі және есептесу

2.3.Негізгі құрал жабдықтар мен материалды емес активтер есебі

2.4.Тауарлы-материалдық қорларды есептеу және жеткізушілермен есептесу есебі.

2.5.Еңбек пен оның төлем есебі

2.6.Өндіріс шығындарының есебі мен өнімнің өзіндік құныны калькуляциялау

2.7.Қаржылық есеп мен меншікті капитал есебі.

2.8.Есеп саясаты. Салықтық есеп саясаты.

3. Экономикалық талдау

3.1.Шаруашылық субъектісінің қаржылық тұрақтылығын, табыстылығын талдау.

3.2.Шаруашылық субъектісі қызметінің іскерлік белсенділігін және тиімділігін талдау

ҚОРЫТЫНДЫ

Қолданған әдебиеттер

Кіріспе

Өндірістік тәжірибені 2014 жылдың 19 мамыр мен 20 маусым аралығында Алматы қаласы, Өтепов көшесі 29 оаналасқан ҚР ІІМ Алматы академиясында өттім. Бұл өндірістік тәжірибені өту барысында ұйымның қаржы жағдайымен, құрылымымен, есеп саясатымен және жұмыс істеу қарқынымен таныстым. Мемлекетіміздегі әрбір мекеме пайда табуға және қызмет көрсетуге бағытталған. Сонымен қатар өзіне пайда әкелумен мемлекетке белгілі бір мөлшерде салық төлей отырып бюджетке де белгілі бір сомада пайда түсіреді.

ҚР ІІМ Алматы академиясы бухгалтерлік есепті құрастырғанда, салықтық есеп саясатын жүргізгенде, қаржы жағдайын талдап, бақылағанда ҚР шағын және ірі кәсіпорындарға бекіткен міндетті талаптарына сәйкес жұмыс жасайды. Сондықтан, бұл мекемеде заңға қайшы келетіндей мәселелер туындамаған.

ҚР ІІМ Алматы академиясы жоғарғы білімді ішкі істеер министрлігі кадрларын даярлайтын жетеші мемлекеттік мекеме болып табылады.Басқа ұйымдарда сияқты бұл мекемеде өзінің материалдық емес активтері, негізгі құралдары, ақша қаражаттары,құнды қағаздары бар. Әрбір қызметкер өзінің жұмысын тыңғылықты орындайды.

Бухгалтерия әр жыл сайын жылдық есепті дайындап, тұрғындарға қандай көмек көрсетілгендігін және қаражаттардың қаншасы мемлекетке пайда әкеліп жатқанын көрсетеді. ҚР ІІМ Алматы академиясының жұмыс істеу қарқыны өте жақсы.

Іс-тәжірибе өту барысында оқу бағдарламасы бойынша жұмыстарды жасауға тиісті дәрежеде көңіл бөлінді. Бұл уақытта мекеме режиміне сәйкес талаптарды орындап отыруға мән берілді.

Іс-тәжірибені өту бағдарламасына сәйкес келесі құжаттармен танысып, жұмыс жасадық:

1 Баланс - жыл қорытындысы бойынша;

2 Ақша құралдары айналымы есебі;

3 Кіріс және шығыс есептері;

4 Жарғы;

5 Есеп саясаты;

6 Негізгі құралдар жайлы есеп;

7 Еңбек бойынша есеп;

8 Шоттар талдауы;

Іс-тәжірибе уақытында мекеме еңбеккерлерінің еңбек жалақысын есептеу жұмысына қатыстым. Сонымен бірге есеп жұмыскерлері арасында міндеттемелердің бөлінуімен танысып, бухгалтерлік құжаттарды толтыру мен өңдеу, түгелдеу және тексеру жүргізу жұмыстарына да қатыстым.

Іс-тәжірибе есебінде кәсіпорын қызметіне де талдау жүргізіп, ішкі шаруашылық аудитіне қатысты анықтамалармен де танысу жұмысын орындадық. Негізгі құралдары бойынша есеп жасау жұмыстарына да ерекше көңіл бөлініп отырды. Тікелей кейбір еңбек құралдарын есептен шығару операциясына қатысты. Бұл жұмыстар бухгалтерлік есепті жүргізу, шаруашылық қызметін экономикалық талдау және қаржылық есеп аудиті, салық салуды ұйымдастыру мен техникасы жөнінде қажетті тәжірибе жинақтау мүмкіндігімен қатар теориялық сабақтарда алған білімдерді тереңдету және бекіту мақсатын жүзеге асыруды қамтамасыз етті.

Берілген жұмыстың басты мақсаты  кәсіпорынның жұмысы, оның жарғысы, өндірістік процесс пен технологиялары, басқару жүйесі және ішкі бөлім қызметтері, бәсекелестік стратегиясы туралы ақпаратты көрсету; қаржы көздері мен ақша ағымдары туралы есеп арқылы кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және де кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымын, кәсіпорынның қызметтерінің артықшылықтарын бейнелеу.

Кәсіпорынның қаржы қызметтерімен құрылымдық ұйымдастыру. Қаржы қызметіндегі жұмысшылардың лауазымы.

ҚР ІІМ Алматы академиясы шаруашылық субъектісінің қызметін зерттеуде қаржы нәтижелері есебі өте маңызды рөл атқарады. Себебі, ол қолданушылардың өз қызметіне экономикалық шешім қабылдауы үшін үлкен көмегін тигізеді. Қаржылық нәтижелер көрсеткіштері кәсіпорынның шаруашылық жүргізуінің абсолюттік тиімділігін сипаттайды. Олардың ішінде ең негізгілері болып кәсіпорын экономикасының дамуының негізін құрайтын пайданың көрсеткіштері табылады. Пайданың өсуі өз-өзін қаржыландыру, әлеуметтік мәселелерді шешу үшін және жұмысшылардың материалдық қажеттіліктері үшін қаржылық базаны қлыптастырады. Пайданың есебінен бюджет, банктер және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдар алдындағы міндеттемелерінің бір бөлігі өтеледі. Осылайша пайданың көрсеткіштері кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметінің бағалауындғы ең негізгілері болып табылады. Олар оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық жағдайының деңгейін сипаттайды.Сонымен қатар, қаржылық нәтижені есептеу мен талдау арқылы ұйымдардың ресурстық базасын қалыптастыру жөніндегі мүмкіндігін және түсетін ақша ағынын болжауға да болады.

ҚР ІІМ Алматы академиясы қаржы-шаруашылық қызметі нәтижелерінің есебін ұйымдастыруды, оны бағалауды және кәсіпорынның пайдасы мен шығындарына экономикалық сипаттама беру, оларды тану қағидалары мен табысты тану және жетілдіру жолдарын қарастырылады. Осы ретте пайда және оның мәнін, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық нәтижесінің қалыптасу тәртібі мен құрылымын, сатудан пайда болған қаржылық нәтиженің есебін, орындалмаған және өзге де операциялардың кірістері мен шығыстарының есебін, пайданы есепті кезең ішінде қолдану есебін, жұмыстар, көрсетілген қызметтердің өзіндік құнын және оларды сатудағы жұмсалған шығындар есебін есептеу, өндірістік және кезеңдік шығындардың туындауын сипаттау, жұмсалынған шығындарды түскен табыстар мен теңестіру сабақтастығын көрсету және бөлінбеген пайда есебінің тәртібі негізге алынады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]