«Кәсіпорын шығындары» тақырыбы
1. Нақты бір өнім түрін өндірумен тікелей байланысты шығындар:
a) тікелей;
b) жанама;
c) жүкқұжат;
d) негізгі;
e) біртекті.
2. Тұрақты шығыстар:
a) өндіріс көлемі мен құрылымына байланыссыз;
b) өндіріс көлемі мен құрылымына байланысты;
c) жалпы зауыт шығыстарына байланысты;
d) кезең шығыстарына байланысты;
e) өнім көлеміне тікелей үйлесімді өзгереді.
3. Жалпы шығындар:
a) тұрақты және өзгермелі шығындар сомасы;
b) шекті шығындар;
c) тұрақты, өзгермелі және шекті шығындар сомасы;
d) негізі капиталды қайта жасау формасын жүзеге асырғанда туындайтын шығындар;
e) инвестиция және күрделі жұмсалым сомасы.
4. Нақты өнім түрін өндіруге және өткізуге жұмсалатын шығындар мынаны білдіреді:
a) өндіріске жұмсалатын шығын сметасын;
b) бір мезгілдегі шығындарды;
c) кезең шығыстарын;
d) тікелей шығындарды;
e) калькуляциясын.
5. Үлкен фирманың өндіріс қарқынында үнемдеу мүнкіндігі бар:
a) білікті қызметтерді жалдауы мүмкін;
b) өнім бірлігіне жұмсалатын өзгермелі шығыстары едәуір төмен;
c) өнім бірлігіне жұмсалатын тұрақты шығыстары едәуір төмен;
d) өнім бірлігіне жұмсалатын өзгермелі және тұрақты шығындары едәуір төмен;
e) ҒТП жетістіктерін енгізуі мүнкін.
6. Өндірістік өзіндік құнның құрамына енбейді:
a) коммерциялық шығыстар;
b) өндірістік жұмысшылар еңбекақысын төлеу шығыстары;
c) жарамсыз өнім ысырабы;
d) жабдықты ұстау және пайдалану шығыстары;
e) жалпы өндірістік шығыстар.
7. Бухгалтерлік пайда - өнімді өткізуден түскен кіріс (түсім) пен ..... арасындағы айырмашылық:
a) анық шығындар;
b) экономикалық шығындар;
c) тұрақты шығындар;
d) жалпы және әкімшілік шығындар, өнім өткізуден,сондай-ақ пайыз төлеуден түсетін пайда;
e) өзгермелі шығындар.
8. Іскер белсенділіктің түрлі деңгейіне және өндірістік шығарылым деңгейіндегі өзгерістерге бейімделген өнім өндіруге жұмсалатын болжалды шығын есебі:
a) калькуляция;
b) калькуляция бірлігі;
c) икемді смета;
d) өнімнің сметалық құны;
e) инвестициялық жоба.
9. Тұрақты шығындарға жатпайтын шығыстар:
a) жалдау ақысы;
b) негізгі құрал-жабдық амортизациясы;
c) материалдық емес активтер өтелімі;
d) несиеге пайыз төлеу;
e) өндірістік жұмысшылар еңбекақысы.
10. Өзгермелі шығындарға жатпайтын шығысдар:
a) ыдыс пен орама;
b) шикізат;
c) өндірістік жұмысшылар еңбекақысы;
d) көлік;
e) негізгі құрал-жабдық амортизациясы.
11. Тікелей шығынға жататын шығындар:
a) шикізат;
b) отын;
c) жарықтандыру;
d) машина мен жабдық амортизациясы;
e) машина мен жабдықты сақтандыру.
12. Төмендегі шығын түрлерінің қайсысы экономикалық элементке жатпайды:
a) материалдық шығындар;
b) еңбекақыға жұмсалатын шығыстар;
c) қаражат амортизациясы;
d) жалпы өндірістік шығыстар;
e) әлеуметтік сақтандыру аударымы.
13. Өзіндік құн калькуляциясына қосылмайтын бап:
a) материалдар (қайтарымды қалдықтарды шегергенде);
b) өндірістік жұмысшылардың негізгі және қосымша жалақысы;
c) машина мен жабдықтарды ұстау және пайдаланушығыстары;
d) жалпы өндірістік шығыстар;
e) жалпы және әкімшілік шығыстар.
14. Кезең шығыстарына жатпайтын шығыстар:
a) өндірістік жұмысшылар еңбекақысы бойынша;
b) жалпы;
c) әкімшілік;
d) өткізу бойынша;
e) пайыз төлеу бойынша.
15. Өткізілген өнімнің өзіндік құнына:
a) инжинер-техникалық қызметкерлердің біліктілігін көтеруге жұмсалатын шығыстар;
b) кеңес беру, аудиторлық және өзге де қызметтер ақысы;
c) өткізу бөлімінің жұмысшыларының жалақысы;
d) өндірістік қызметпен байланысты іс-сапар шығыстары;
e) банк несиесіне пайыз төлеу бойынша шығындар.
