«Еңбекақы» тақырыбы
1. Тікелей кесімді бағалама бойынша белгіленген норма шегінде дайындалған өнім үшін төлем және жоғары бағалама бойынша нормадан тыс өнім үшін төлем сомасы:
a) жеке кесімді ақы;
b) мерзімді-сыйақы төлемі;
c) кесімді-сыйақы төлемі;
d) кесімді-прогрессивті төлем;
e) жанама кесімді ақы.
2. Жұмыс уақыты бірлігіндегі түрлі топтар мен санаттардағы қызметкерлер еңбекақысының абсолютті мөлшері:
a) тарифтік коэффициент;
b) тарифтік мөлшерлеме;
c) тарифтік тор;
d) қызметкердің тарифтік разряды;
e) жұмыстың тарифтік разряды.
3. Тікелей кесімді бағалама бойынша еңбекақы мен сандық және сапалық көрсеткіштерді орындағанына берілетін сыйақыдан құралатын жалақы еңбекақы жүйесін береді:
a) кесімді-сыйақылы;
b) кесімді-прогрессивті;
c) жеке;
d) мерзімді-сыйақылы;
e) көтерінкі.
4. Кәсіпорын жұмысшылары бірінші және соңғы разрядтарының тарифтік мөлшерлемесі арасындағы ара қатынас:
a) тарифтік коэффициент;
b) тарифтік мөлшерлеме;
c) тарифтік тор;
d) айлық есеп айырысу көрсеткіші;
e) тарифтік разряд.
5. Еңбекақының кесімді формасында жалақы мөлшері мынаған байланысты:
a) өндірілген өнім бірлігінің кесімді бағаламасына;
b) нақты жұмыс істеген уақыттың тарифтік мөлшерлемесіне;
c) уақыттың атаулы қорына;
d) уақыттың күнтізбелік қорына;
e) өндірістік тапсырманы орындауға жұмсалған уақытқа.
6. Айылық есеп айырысу көрсеткіші қызмет етеді:
a) кәсіпорын жұмысшылырына ең төмен жалақымен есеп айырысуға;
b) кәсіпорын жұмысшыларына сыйақымен есеп айырысуға;
c) зиянды еңбек жағдайыына тарифтік мөлшерлемемен есеп айырысуға;
d) аудандық коэффициенттермен есеп айырысуға;
e) қоғамның жұмыс істемейтін мүшелеріне түрлі жәрдемақылар есептеуге.
7. Мерзімді еңбекақы формасында жалақы мөлшері былай анықталады:
a) өндірілген өнімнің бірлігіне кесімді бағалама бойынша;
b) тарифтік мөлшерлеме және нақты жұмыс істелген уақыт бойынша;
c) уақыттың атаулы қоры бойынша;
d) өнім шығарылымының көлемі бойынша;
e) уақыттың күнтізбелік қоры бойынша.
8. Жалақы – бұл:
a) жұмыс берушінің жалдамалы жұмысшыға еңбек мөлшері,сапасы және күрделілігіне сәйкес беретін сыйлықақысы;
b) материалдық сыйлықақы мөлшерлемесі;
c) уақыттың режимдік қорының төлемі;
d) уақыттың күнтізбелік қорының ақысы;
e) күнелту минимум деңгейіне тәуелді белгіленген норматив.
9. Бірыңғай тарифтік тор:
a) барлық кәсіпорындардың міндетті түрде қолданылатын тарифтік жүйенің элементі;
b) бюджеттік сала ұйымдарында ғана қолданылатын тарифтік жүйе элементі;
c) қызметкердің біліктілік деңгейін сипаттайтын тарифтік жүйе элементі;
d) меншіктің барлық формасындағы өнеркәсіптік кәсіпорындарда еңбекақы ұйымдастыру үшін мемлекет әзірлеген нормативтік құжаттар жүйесі;
e) жұмысшы разрядының жұмыс разрядына сәйкестігін анықтайтын құжат.
10. Орташа сағаттық тарифтік мөлшерлемені, бір жұмысшының уақыттың жоспарлы қорын және жұмысшылар санын жүргізу:
a) мерзімді жұмысшылар жалақысы;
b) кесімді жұмысшылар жалақысы;
c) кәсіпорынның барлық жұмысшыларына сыйақы төлеу;
d) сағаттық жалақы және заңнама бойынша орташа жалақы сақталатын сағаттар үшін үстемеақы;
e) әлеуметтік төлемдер.
11. Жалақы төлеудің қай жүйесі еңбекақының кесімді формасына жатпайды:
a) кесімді-прогрессивті;
b) кесімді-сыйақылы;
c) көтеріңкі;
d) тарифсіз;
e) жанама кесімді.
12. Кез келген кәсіпорынның жұмысшылар еңбекақысын төлеу қаражаты:
a) пайда есебінен қалыптасады;
b) бюджет қаражатынан қалыптасады;
c) айналымнан тыс активтерден қалыптасады;
d) жалпы кіріс есебінен қалыптасады;
e) кәсіпорынның шығындарына жатады.
13. Ең төмен жалақыны белгілейді:
a) жұмыс берушілер;
b) мемлекет;
c) жеке кәсіпорындарда – жұмыс берушілер, мемлекеттік кәсіпорындарда – мемлекет;
d) мемлекеттік органдардың жергілікті органдарымен;
e) тиісті министерліктер мен ведомостволар.
14. Тарифтік тор – бұл:
a) жұмысшылар мен қызметкерлер жалақысын біліктілігіне, еңбек сипаты мен жағдайына, өндіріс түріне, экономика және аймақ саласына байланысты реттеп саралап отыруға мүмкіндік беретін нормативті материалдар жиынтығы;
b) біліктілік разрядтары мен тарифтік коэффициенттер жиынтығы, оның көмегімен қызметкерлердің еңбекақысы олардың біліктілігіне байланысты белгіленеді;
c) көңілге қонарлық еңбекақысын белгілеу және оның нәтижелері;
d) жалақыны ұжымның жекелеген мүшелері арасында әрқайсысының жеке еңбегін ескерумен ұжымдық жалақыны бөлуді көздейтін жүйе;
e) қызметкер мен жұмыс беруші арасындағы екі жақты келісімі.
15. Сағаттық тарифтік мөлшерлемені өндірімнің сағаттық нормасына бөлумен есептеледі:
a) уақыт нормасы;
b) тарифтік коэффициент;
c) тарифтік разряд;
d) кесімді жалақы;
e) бұйымға кесімді бағалама.
