Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КӘСІПОРЫН ЭКОНОМИКАСЫ.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
161.28 Кб
Скачать

«Айналым капиталы» тақырыбы

1. Қалыпты емес айналым қаражатына мыналар жатады:

a) аяқталмаған өндіріс, ақшалай қаражат, дайын өнім;

b) болашақ кезең шығыстары, ақшалай қаражат;

с) болашақ кезең шығыстары, аяқталмаған өндіріс, қоймадағы дайын өнім;

d) түсірілген, төленбеген өнім, есеп айырысу шотындағы ақшалай қаражат, есеп айырысу қаражаты;

e) өндірістік қорлар, аяқталмаған өндіріс, қоймадағы дайын өнім.

2. Айналым қорының құрамына кіреді:

a) өндірістік қорлар, аяқталмаған өндіріс, қоймадағы дайын өнім;

b) өндірістік қорлар, аяқталмаған өндіріс, ақшалай қаражат;

c) өндірістік қорлар, аяқталмаған өндіріс, болашақ кезең шығыстары;

d) өндірістік қорлар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім, ақшалай қаражат;

e) өндірістік қорлар, аяқталмаған өндіріс, кейінгі кезең шығыстары, дайын өнім, ақшалай қаражат.

3. Шикізат пен материалдың айналым қаражатына қажеттілігі анықталады:

a) бір жылдағы шикізат пен материалдың құндық көрінісіндегі шығысын кезең ұзақтығына бөлумен;

b) шикізат пен материалдың бір күндік шығысын Уилсон үлгісіне көбейтумен;

c) шикізат пен материалдың құндық көрінісіндегі бір күндік шығысын шикізат пен материал қорын нормасына көбейтумен;

d) қордың ағымдағы, сақтандыру және дайындық сомасымен;

e) Шикізат пен материалдың құндық көрінісіндегі бір күндік шығысына өндірістік кезең ұзақтығына көбейтумен.

4. Осы кезеңде жасалатын, ал одан кейінгі кезеңде өзіндік құны есебінен өтелетін шығыстар мынаны құрайды:

a) кезең шығындары;

b) жалпы және әкімшілік шығындар, пайыз бойыншашығындар;

c) тауарлы-материалдық қорларды өткізу бойынша шығыстар;

d) кейінгі кезең шығыстары;

e) ағымдағы шығыстар.

5. Кәсіпорынның айналым капиталы:

a) айналым қаражаты және қоймадағы дайын өнімнен;

b) өндірістік қорлар, ақшалай қаражат және дайын өнімнен;

c) айналым қоры және айналыс қорынан;

d) өндірістік қоры мен ақшалай қаражат тұрады;

e) айналым қоры және ақшалай қаражат тұрады.

6. Екі кезекті жеткізімдер арасындағы үздіксіз өндірісті қамтамасыз ететін қосалқы қор:

a) дайындық қоры;

b) кепілдік қоры;

c) сақтандыру қоры;

d) ағымдағы қор;

e) көлік қоры.

7. Кәсіпорын қордв қалай сатып алса, сол кезекпен қолданылатын қорлар, яғни қорлар кезең соңында уақыты бойынша соңғы сатып алынғандардың өзіндік құны бойынша бағалануы тиіс қателіктеріне негізделген тауарлы-материалдық қорларды бағалау әдісі:

a) ФИФО әдісі;

b) ЛИФО әдісі;

c) өлшенген орташа құн әдісі;

d) кемімелі қалдық әдісі;

e) айырмашылықты сәйкестендіру бойынша бағалау әдісі.

8. Кәсіпорынның шикізат, материал, отын, шыны ыдыс, қосалқы бөлшек қорлары, аяқталмаған өндіріс және дайын өнім түріндегі активтерін құрайды:

a) айналым қоры;

b) айналыс қоры;

c) тауарлы-материалдық қор;

d) кәсіпорынның тауарлы өнімі;

e) кәсіпорынның жалпы өнімі.

9. Уилсон үлгісі мынаны анықтауға пайдаланылады:

a) айналым капиталының құнын;

b) кәсіпорынның жалпы шығынын;

c) түсірілген өнім сериясыныңщ оңтайлы молшерін;

d) сатып алынған өндірістік қорлар топтамасының және өндірілген өнім сериясының оңтайлы молшерін;

e) айналым қаражатының айналымдылық коэффициентін.

10) Айналым қорының материалды-заттай негізі:

a) еңбек құралы;

b) өндіріс құралы;

c) тұтыну заттары;

d) еңбек заттары;

e) ақшалай қаражат.

11. Құн құралуына қатыспайтын, тек оның жеткізушісі қызметін атқаратын қорлар:

a) негізгі;

b) айналым;

c) айналыс;

d) өндірістік;

e) жинақтаушы.

12. Мына формуламен анықталады:

a) өндірілетін өнім сериясының оңтайлы мөлшері;

b) аяқталмаған өндірістің оңтайлы көлемі;

c) шикізат пен материалдың сатып алынатын топтамасының оңтайлы мөлшері;

d) қоймадағы дайын өнімнің оңтайлы мөлшері;

e) кейінгі кезеңдегі өндірістік қор мен шығыс мөлшері.

13. Айналым қаражатының орташа сомасына бөлінген өткізілген өнім көлемі сипаттайды:

a) айналым қаражатының айналу ұзақтылығын;

b) айналым қаражатының айналымдылық коэффициентін;

c) айналым каражатының табыстылығын;

d) өндіріс табыстылығын;

e) ағымдағы жағдайының коэффициентін.

14. Соңғы кезекте алынған тауарлы-материалдық қорлар өндіріске бірінші түседі, осыған сәйкес олардың кезең соңында қоймада қалған қалдығы мерзімі бойынша бірінші сатып алынғандардың өзіндік құны бойынша бағалануы тиіс дегенге негізделген тауарлы-материалдық қорларды бағалау әдісі:

a) ЛИФО;

b) ФИФО;

c) өлшенген орташа құн;

d) айырықшалықты сәйкестендіру бойынша бағалау;

e) шоғырландырылма.

15. Өндірістік кезең ұзақтылығына көбейтілген бір күндік өнім шығаруға жұмсалатын шығын сомасы және шығынның өсу коэффициенті анықтайды:

a) аяқталмаған өндірістің айналым қаражатына қажеттілігін;

b) кейінгі кезең шығыстарының айналым қаражатына қажеттілігін;

c) шикізат пен материалдың айналым қаражатына қажеттілігін

d) дайын өнімнің айналым қаражатына қажеттілігін;

e) ағымдағы қорды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]