«Инвестиция және күрделі қаржы жұмсалымы» тақырыбы
1.Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығы дегеніміз:
a) инвестициялық жобаларды құру және әлеуетті инвесторлармен байланыс жасау жөніндегі жұмыстар кешені;
b) кәсіпорынның меншікті қаржы қаражаты көздерінің қоры;
c) кәсіпорынның қысқа мерзімді берешегі өз қаражатымен өтеуге дайындығы;
d) осы инвестицияланған өндіріс қызметінің экономикалық нәтижесі негізінде инвестордың мақсатына сенімді және мерзімінде жетуі;
e) инвестициялық қызметті жүзеге асыруға даярлығы.
2. Нақты инвестиция – бұл:
a) қаражатты жаңа кәсіпорын құруға, бұрынғы кәсіпорындарды қайта құруға немесе техникалық қайта жарақтандыруға жұмсау;
b) қаражатты түрлі қаржылық активтерге жұмсау;
c) материалдық емес активтерді инвестициялау;
d) ақшалай активтерді инвестициялау;
e) әлеуметтік саланы инвестициялау.
3. Инвестиция табыстылығының ішкі нормасы (IRR) – бұл:
a) келтірінді әсер көлемі келтірінді инвестициялық жұмсалымға тең болғандағы дисконт нормасы;
b) келтірінді әсер сомасының инвестиция мөлшеріне қатынасы;
c) бастапқы қадамға келтірілген есеп айырысу кезеңіндегі ағымдағы әсерлер сомасы;
d) инвестициялық жобалы жүзеге асырудың басынан инвестициялық шығынды өтеген сәтке дейінгі ең аз уақыт кезеңі;
e) таза ағымдағы (келтірінді) құнның (NPV) ағымдағы инвестиция құнына қатынасы.
4. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорынды техникалық қайта жарақтандыруға, қайта құруға, кеңейтуге және жаңадан салуға жұмсалатын шығын:
a) қаржылық активтерді инвестициялау;
b) күрделі жұмсалым;
c) ағымдағы шығындар;
d) кәсіпорын шығындары;
e) ағымдағы активтер.
5.
PV=
-
бұл
есеп айырысу формуласы:
a) ақшаның таза келтірінді (ағымдағы) құны;
b) ақшаның келтірінді (ағымдағы) құны;
c) ақшаның болашақ құны;
d) кірістің ішкі мөлшерлемесі;
e) ағымдағы (келтірінді) шығын индекстері.
6. Инвестиция – бұл:
a) жұмсалымды тек акция иелерімен ұлғайту;
b) капиталды көбейту мақсатымен ұзақ мерзімді жұмсалымы;
c) бюджеттік қаржыландыру қаражаты;
d) инвестициялық жобалар жиынтығы;
e) негізгі капитал элементі.
7. Дисконттау - бұл:
a) банктік салымнан пайызалу;
b) өндірісті саралау көрсеткіші;
c) кіріс пен шығысты уақыттың бір сәтіне келтіру;
d) өндіріс тиімділігінің көрсеткіші;
e) өндірістің құрылымын қайта қарау шаралары.
8. Таза (келтіріңді) ағымдағы құн мынаған тең:
a) ақша ағынының ағымдағы (келтірінді) құны мен инвестицияның түрлілігіне;
b) инвестиция мен ағымдағы/келтірінді құнның түрлігіне;
c) инвестицияның ақша ағынының ағымдағы (келтірінді) құнына қатынасы;
d) ақша ағынының ағымдағы (келтірінді) құнының инвестицияға қатынасы;
e) ақша ағынының ағымдағы (келтірінді) құнының кәсіпорын шығындарына қатынасы.
9. Жобалық – іздену және құрылыс – құрастыру жұмыстарына, сондай-ақ жабдықтар алуға жұмсалатын шығын жиынтығы:
a) кәсіпорын капиталы;
b) айналым капиталы;
c) негізгі қаражат;
d) кәсіпорын шығындары;
e) күрделі қаржы жұмсалымы.
10. Күрделі жұмсалымның технологиялық құрылымы – шығынның мынаған арақатынасы:
a) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды техникалық қайта жарақтандыру, қайта құру, кеңейту, жаңа кәсіпорындар құрылысына;
b) құрылыс-құрастыру жұмыстары, түрлі жабдық. машина және механизмдер түрлерін алу, жобалық-іздену жұмыстарына;
c) ғимараттар, құрылыстар, өткізу құрылғылары, машиналар мен жабдықтарға;
d) мүліктік құндылықтар мен оларға құқық алуға;
e) тауарлы-материалдық қорлар мен негізгі қаражаттарды алуға.
11. Келтірінді (ағымдағы) шығындар индексі (PVI):
a) ақша ағынының түрлі мерзімдік құндылығы есептегендегі «кірістер/инвестициялар» арақатынасы;
b) «инвестициялар/ақша ағынының ағымдағы (келтірінді) құны» арақатынасы;
c) «ағымдағы шығындар/инвестициялар арақатынасы»;
d) ақша ағынының ағымдағы (келтірінді) құны мен инвестициялардың айырмашылығы;
e) инвестиция мен ақша ағынының ағымдағы (келтірінді) құнының айырмашылығы.
12.
(
-
бұл
формула:
a) дисконттау коэффициенті;
b) пайдалылық коэффициенттін;
c) ағымдағы (келтірінді) шығын индексі;
d) капитал табыстылығы;
e) таза келтірінді (ағымдағы) құнды есептейтін формула.
13. Кәсіпорынның инвестициялық белсенділігі:
a) инвестициялық жобалар құру, әлеуетті инвесторлармен байланыс жасау жөніндегі жұмыс кешені;
b) кәсіпорынның меншікті қаржы қаражатының қайнар көздерінің қоры;
c) кәсіпорынның қысқа мерзімді берешегін қаражатымен өтеу даярлығы;
d) осы инвестицияланатын өндіріс қызметінің экономикалық нәтижесінің негізінде инвесторлардың мақсатына сенімді және уақытында жетуі;
e) инвестициялық жобаны жүзеге асырудың мақсаттылығын зерттеу.
14. Жаңа өнім шығару үшін өндіріс процесі технологиясының толық ауысуын қамтамасыз ететін инвестициялық қызмет:
a) жаңа құрылыс;
b) қайта кескінделген өндіріс;
c) қайта құру;
d) жаңғырту;
e) техникалық қайта жарақтандыру.
15. Бүкіл өндіріс процесінің қазіргі ғылыми-техникалық жетістіктер негізінде елеулі өзгерумен байланысты игвестициялық қызмет:
a) жаңа құрылыс;
b) қайта кескінделген өндіріс;
c) қайта құру;
d) жаңғырту;
e) техникалық қайта жарақтандыру.
