
«Кәсіпорын экономикасы» курсы бойынша тест сұрақтары «Өнеркәсіптік өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі» тақырыбы
1. Өндіріс тиімділігінің салыстырмалы үлгісі:
a) белгілі бір уақыт аралығында бір қатар кәсіпорындар қызметін салыстыру;
b) бір кәсіпорынның бірнеше жылдардағы қызметін салыстыру;
c) бірнеше өндірістік-шаруашылық міндет шешімінің ең жақсы нұсқасын таңдау;
d) белгілі бір уақыт аралығында және бірнеше жыл ішінде бірқатар кәсіпорындар қызметін салыстыру;
e) бір кәсіпорынның бірнеше жылдағы қызметін салыстыру және бірнеше өндірістік-шаруашылық міндет шешімдерінің ең жақсы нұсқасын таңдау.
2. Өндіріс тиімділігін сандық көріністе былай бейнелеуге болады:
a) шаруашылық қызмет нәтижесі;
b) өндіріс тиімділігі (пайдасы);
c) шығындармен салыстырғанда шыққан нәтиже;
d) басқа кәсіпорындармен салыстырғандағы кәсіпорын қызметінің әсері;
e) кәсіпорын ресурстары мен шығындарын салыстыру.
3. Актив айналымдылығына көбейтілген сату пайдалылығы/табыстылығы сипатталады:
a) девиденд төлеу көрсеткіші;
b) табыстылық коэффициентті;
c) ағымдағы жағдайының көрсеткіші;
d) активтер табыстылығы;
e) сату пайдалылығы.
4.Болашақ ақша ағынының ағымдағы құны мен инвестициялауға жұмсалатын бастапқы шығын айырмашылығы:
а) өндіріс әсері;
b) өндіріс нәтижесі;
c) таза келтірінді (ағымдағы) құн;
d) инвестиция пайдалылығы;
e) дисконттау коэффициенті.
5. Әлеуметтік-экономикалық нәтижеліктің сараланған көрсеткіші:
a) пайда;
b) өнімді өткізуден түскен кіріс;
c) өнімнің өзіндік құны;
d) өнімнің табыстылығы;
e) өнімнің материал сыйымдылығы.
6. Кәсіпорын активіне жұмсалған әрбір теңгеден 15 тиын пайда алынды. Бұл мынадай көрсеткіш:
a) сату пайдалылығы;
b) меншік капиталының табыстылығы;
c) капитал табыстылығы;
d) активтер айналымдылығы;
e) капитал айналымдылығы.
7. Капитал табыстылығы мына формуламен беріледі:
a)
b)
c)
d)
e)
8. Өтімділік көрсеткіші:
a) акцияға пайда;
b) активтердің табыстылығы;
c) сыни баға көрсеткіші;
d) активтердегі қарыз қаражатының үлес салмағы;
e) капитал айналымдылығы.
9. кіріс пен шығысты уақыттың бір сәтіне келтіру – бұл:
a) саралау;
b) дисконттау;
c) әртараптандыру;
d) өндіріс тиімділігі;
e) өндірісті мөлшерлеу.
10. Кәсіпорынның айналым қаражатын басқарудың қысқа мерзімді міндеттемесін орындау мүмкіндігін сипаттайтын көрсеткіштер:
a) қаржылық тұрақтылық;
b) өтімділік;
c) оңтайландыру;
d) тиімділіктің сараланған көрсеткіштері;
e) айналым қаражатының айналымдылық көрсеткіші.
11. Таза кірістің акционерлік капиталға қатынасы:
a) кәсіпорынның ағымдағы жағдайының коэффициенті;
b) өнімнің табыстылығы;
c) меншік капиталының табыстылығы;
d) өндіріс табыстылығы;
e) сату табыстылығы.
12. Активтердің айналымдығы мына формула бойынша анықталады:
a)
b)
c)
d)
e)
13. Нарықтық экономика жағдайында күрделі қаржы жұмсалымын орналастырудың ең тиімді критерийі:
a) пайдалылық өлшемі;
b) өтелімділік өлшемі;
c) пайдалылық өлшемі және өтелімділік өлшемі;
d) оңтайландыру өлшемі;
e) еңбек өнімділігінің өсу өлшемі.
14. Кәсіпорынның өнім өндіру мен өткізуге жұмсалған 100% шығыннан 25% таза кіріс болады.Бұл:
a) сату табыстылығының;
b) капитал табыстылығының;
c) актив табыстылығының;
d) өндіріс табыстылығының;
e) өнім табыстылығының көрсеткіштері.
15. Жалпы (абсалюттік) тиімділігі мынаны сипаттайды:
a) жекелеген және жиынтықты шағын мөлшерімен салыстырғандағы экономикалық әсердің жалпы көлемі;
b) кәсіпорын шығындары мен ресурстарының тек жекелеген түрлерін пайдалану деңгейі;
c) кәсіпорынның тек жалпы шығындарын пайдалану деңгейі;
d) шаруашылық міндетті шешудің екі (және одан да көп) нұсқасының біреуінің техника-экономикалық артықшылығы;
e) капиталды жұмсаудың баламалы нұсқкаларының ең таңдаулысы.