Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘҚ 1курс жаңа Қазақ тілі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.47 Mб
Скачать

Екінші сабақ (1 сағат)

1.Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

2012 Жылғы ғылым мен технология жетістіктері

Ричард СОЛАШ

Марс сапары

Бір жылдық ұзақ сапарынан кейін АҚШ-тың NАSА ұлттық ғарыш агенттігі 2012 жылы тамыз айында Curiosity rover спутнигін Марсқа қондырды. Соңғы үлгідегі құрылғылармен жабдықталған алты доңғалағы бар спутниктің міндеті Марс бетінен тіршілік белгілерін іздеу еді. Қыркүйек айында аппарат су іздері бар Марс бетінің бедерін суретке түсіріп, соның нәтижесінде ғалымдар Марста бұрын тіршілік көзі - су болған деген тұжырым жасап отыр. «Бұл қиыршық тастардың тек формасы ғана емес, өлшемдері де шеңбер болып келеді. Ғылыми топ бұл тастар сумен ағып келген деген түйін жасап отыр» дейді зерттеу тобының мүшесі Ребекка Уильямс.

Тұңғиыққа саяхат

2012 жылы болған тағы бір айтарлықтай жаңалық – «Титаник» режиссері Джеймс Кэмеронның су астындағы Мариан шұңғымасына саяхат жасауы. Бұл ойпат жердің ең төменгі нүктесі - Тынық мұхиты табанынан 11 шақырым төмен жатыр. Кэмерон - жердің ең төменгі нүктесіне барған алғашқы адам. Бұл саяхат нәтижесінде бірнеше тіршілік формалары ашылды.

Биыл австриялық Феликс Баумгартнер де «тұңғиыққа секірді». Бірақ ол суға емес, 39 шақырым биіктен жерге секіріп, дыбыс жылдамдығынан да озды. Ол ең жоғарғы жылдамдықты бағындырған тұңғыш адам болды. Денсаулық сақтау саласындағы жобалар

Денсаулық сақтау саласында да 2012 жыл жемісті жыл болды. Ғалымдар жасанды ағза жасау саласында да ілгері жылжыды. Бұл салаға қатысты осы жазда жарияланған зерттеуге сәйкес, америкалық ғалымдар қант арқылы жасанды орган өсіріп, жасанды бауыр жасау жолында біршама жетістіктерге жеткен. Жасанды орган 3D таңбасы арқылы құрастырылған. Жақ сүйегін ауыстыру да жақында 3D тәсілімен жасалмақ.

Телефон, планшеттер нарығы

Барған сайын тұтынушылардың мобильдік құрылғылар мен сенсорлы экран мүмкіндіктеріне «тәбеті» артып барады. Биыл планшеттер нарығында сауда ерекше қыза түскен. Сарапшылар алдағы жылдарда сатылу жағынан планшеттер дербес компьютерлерді артқа тастайды деп болжайды. Осының салдарынан программалық жабдықтау компаниялары өнімдердің дизайнына қатты көңіл бөле бастады. Мысал ретінде Windows 8-ді айтуға болады. Мақаланы аударған Мақпал Мұқанқызы.

2.Сұрақтар:

  • Марста қандай жаңалық ашылды?

  • Джеймс Кэмеронның ержүректігі неде?

  • Феликс Баумгартнер қалай «тұңғиыққа секірді»?

  • Ғалымдар жасанды ағза жасауда қандай жаңалық ашты?

  • Планшеттер қандай «жетістіктерге жетті»?

3.Мақалдарды толықтырыңыз.

Б ілімнің алды жарық,

Білімсіздің түбі ... .

***

Мың малың болғанша,

Бір балаң ... . 

***

Ақыл — дария,

Ой — ... .

***

Оқығанның бәрі жарық,

Оқымағанның беті ... . 

***

Ай жарығы әлемге,

Шам жарығы ... . 

***

Ой түбі алтын,

Ойлай берсең ... . 

***

Білек сүріндіре алмағанды,

Білім ... . 

***

Білегі күшті бірді жығады,

Білімі күшті ... .

*** 

Білімдіден ақыл шығар,

Ақылды қарттан ... . 

нақыл жұғар, сүріндіреді, ғарып, мыңды жығады, шарық, теңіз, аларсың, түбіне, ғалым болсын.