Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘҚ 1курс жаңа Қазақ тілі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.47 Mб
Скачать

3.Сұрақтарға жауап беріңіз.

1) Дамыған елдердің экономикасын қалай анықтайды?

2) Қазақ­стан­ның артықшылықтары не?

3) Қазақстанның дамуына қиыншылықтар неде?

4) «Ғылыми еркіндік» дегенді қалай түсінесіз?

5) Ұлттық ғы­лы­ми-инновациялық жүйеге нелер жатады?

4.Сөйлемдерді толықтырыңыз.

Әлемдік экономи­ка­да білім мен инновацияны маңызды ... пайдалану қалыптасты. Қа­зақ­стан­ның ... әлеуеті бар. Әр ел жаһандық инновациялық эко­но­микада өз ... табады. Ұлттық ... Астана қаласында ашылған Жаң­а университет (Nazarbayev University) бола­ды. Ғылымның, білім беру мен өн­дірістің ... сапалы жаңа деңгейге көтеріледі.

Керекті сөздер: ықпалдасуы, ғы­лы­ми, ғы­лы­ми-инновациялық орта­лық, экономикалық ресурстар ретінде, тетігін,

Екінші сабақ (1 сағат)

1.Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Қазақстандықтардың ғылыми жаңалықтары

Қазақстандық ғалымдар үшін ең ірі ғылыми-техникалық ақпараттар ресурстарына жол ашылды. Бұл бүгін «Мұсылман әлеміндегі ғылым мен технология: жетістіктер мен перспективалар» атты халықаралық ғылыми симпозиум барысында ҚР Білім және ғылым министрлігі мен әлемдегі ең ірі баспалардың (Ұлыбритания) арасында қол қойылған меморандумның арқасында мүмкін болып отыр.

«Енді қазақстандық ғалымдарға ең ірі ғылыми-техникалық ақпараттар ресурстарына жол ашылды. Бұл республикамыздың ғылыми саласында бүгінгі күні өте өзекті болып отыр. Аталмыш меморандум шетелде қазақстандық жарияланымдар санының артуына және зерттеу дәрежесінің өсуіне сеп болмақ», - делінген баспасөз хабарламасында.

Wiley-Blackwell жыл сайын 1500 ғылыми журнал, 1500 жаңа кітап басып шығарып, 4 миллион мақала мен 10 мың онлайн-кітапқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Баспа 730 жетекші халықаралық ғылыми ұйым мен ғылым академиямен бірге қызмет етеді. «Көбінесе табиғаттағы өзгерістер (адамның дамуы, денсаулық), ғылымды зерттеудегі өзгерістер - бүгінгі күнгі ғылыми зерттеулердің ошағы болып отыр», - деп хабарлаған Willey компаниясының (Ұлыбритания) вице-президенті Кейт Уэбстер.

Қазақстандық ғылымның нәтижелі болу мәселесін шешу және жүргізіліп жатқан зерттеулердің дәрежесін арттыру үшін жетекші шетелдік жарияланымдарына қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет.

BNews.kz

Диана ҚҰЛМАҒАНБЕТОВА

2.Жаңа сөздермен танысыңыз.

Ақпарат – информация

Перспектива – мұнда: болашақ

Баспа – типография

Жарияланым – издание

Сеп болмақ – көмектеседі

Қол жеткізу – достигнуть

Жетекші – ведущий

Өзгерістер – изменения

Нәтижелі - результативный

3.Сұрақтарға жауап жазыңыз.

1) Симпозиум барысында ҚР Білім және ғылым министрлігі неге қол жеткізді?

2) Меморандум неге септігін тигізеді?

3) Баспа нелермен бірлесіп жұмыс істейді?

4) Ғылыми зерттеулердің ошағы болып отырған не?

5) Жетекші шетелдік жарияланымдар не үшін керек?

4.Сөздерді сәйкестендіріп, сөз тіркестерін жасаңыз.

Қазақстандық болу

әлемдік өзгерістер

ақпараттар жарияланымдар

ғылыми ұйым

нәтижелі ғалымдар

шетелдік ресурстары

табиғаттағы баспалар