Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘҚ 1курс жаңа Қазақ тілі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.47 Mб
Скачать

1.Мәтінді оқып, мазмұндаңыз. Мемлекеттік тілді білу – заман талабы

Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі. Ұлттық мәдениеті жоқ ел ешқашан да егеменді ел бола алмайды, болуы мүмкін емес.

Қазақ тілінің тағдыры үшін күрес соңғы жүз жылда бірде-бір толас тапқан жоқ. Ұлы Абайдың заманын айтпағанда, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновтар бастаған алып топ тіл мәселесіне ерекше мән берді. Оның шексіз байлығын, суреткерлік қуатын, бейнелігі мен саздылығын көркемдік сапаға жеткізді. Бүгінгі таңда мемлекеттік тілді білу – мемлекеттік қызметкерлердің ең басты біліктілік талабына айнала бастады. Қазір мұндай талап қойылатын лауазымдар саны күн өткен сайын артып келеді.

Бізге көп тіл білгеннің артықтығы жоқ. Күні ертең Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына кіргелі отырмыз. Осы ретте бізге қазақ, орыс, ағылшын, тіпті қытай тілін де мықтап меңгеріп алсақ, бұл әлемдік бәсекеге түскелі жатқан ел үшін аса қажет. Домбыраны шерткендей, біз мықты мамандарды да мемлекет ісіне шертіп-шертіп таңдап алуымыз керек. Сол кезде олардың бірнеше тілді еркін меңгергеніне артықшылық беріліп тұрылуы тиіс.

Қазақстан – көп ұлтты мемлекет болғандықтан, тіл мәселесі аса күрделі мәселе болып отыр. Тіл  мәселесінің өте нәзік екендігі, оның зорлықпен емес, тек қана шынайы ынталылықпен ғана ыңғайланатын шаруа.

«Тіл туралы» Заңның 4-бабында: «Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының  әрбір азаматының парызы» деп жазылған. Яғни, қазақ халқы болашақта өз ана тілін сақтап, дамыта алмаса, күндердің күнінде өз алдына жеке мемлекет болып өмір сүруін тоқтатады.

2.Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді теріп жазыңыз және оның сабақтастың қай түріне жататынын айтыңыз.

Үлгі: Ұлы Абайдың заманын айтпағанда, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсыновтар бастаған алып топ тіл мәселесіне ерекше мән берді.

3.Мәтінде кездесетін сөз тіркестерінің мәнін ұғып алыңыз.

толас тапқан жоқ – тоқтаған жоқ

ерекше мән берді – көңіл бөлді

көркемдік сапаға жеткізді – байытты

артықшылық беріліп тұрады - бағаланады

шынайы ынталылықпен ыңғайланатын шаруа – ынтамен істелетін іс

ана тілін сақтап, дамыту – ана тілін білу

4.Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Ана тілін білу не үшін керек?

  2. Ұлыларымыз тіл мәселесіне қалай мән берді?

  3. Бірнеше тілді білудің қажеттілігі неде?

  4. Ана тілін сақтамаған мемлекеттің болашақ тағдыры қандай болмақ?

Екінші-үшінші сабақтар (2 сағат)

1. Мәтінді оқып, өмірден мысал келтіріңіз.

Мемлекеттік тіл-менің тілім

Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» деген қанатты сөздерін басшылыққа ала отырып, «Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте» атты облысаралық байқаулар өткізілген болатын. Сондай байқаулардың бірі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ұйымдастыруымен өткізілді. Байқауға қатысушылардың ішінде өнерімен ерекше көзге түсіп, жүлделі екінші орынды иеленген балғар қызы Арабаджиева Кристина болды.

Ол байқау кезіндегі қазақ ұлтының «Беташар» көрінісінде абысын рөлін сомдады. Тіл жанашыры, ақын Мұхтар Шахановтың «Төрт ана» атты өлең-шумағын аса сүйіспеншілікпен айтып, тыңдарман көпшіліктің жүрегіне жеткізе білді. Кристина қазақтың ұлттық киімін киген кезде, дәл қазақтың шашбау таққан сұлу қызындай болып көрінді. Ақылына көркі сай қызметкер өзінің қазақ тілі жайлы ойын ашық айтты. «Қазақ тілін еркін, әрі мүлтіксіз таза сөйлеуім, өсіп-өнген ортама да байланысты болса керек. Өйткені, бала-бақша да, мектеп, тіпті студенттік кезімде де бірге жүрген достарым қазақ ұлтынан болатын, қазір де жұмысымда қазақ ұлтынан қызметкерлер басым. Қазақ тілінде сөйлеу маған өте қатты ұнайды, әрі осы тілде еркін сөйлеуіме себепші болған достарымның көп болғаны мен үшін мақтаныш, алғысым да шексіз»,- деп, өз ризашылығын білдірді.

Қашанда жүзінен күлкі кетпейтін, ақ жарқын балғар қызы Кристинаның ұлты басқа болғанмен, қазақ тілін дамытуға үлкен септігін тигізіп жүр. Өз тілін білмей, күрмеліп сөйлейтін қазақтың көптеген жастары осындай жандардан үлгі алса, нұр үстіне нұр болар еді.

Б.Б. Маразбаева