Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘҚ 1курс жаңа Қазақ тілі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.47 Mб
Скачать

3.Сұрақтарға жауап жазыңыз.

    1. Жастар саясаты жайлы қашан қандай заңдар қабылданды?

    2. Елбасы жастар мәселесін шешудің қандай маңызды қадамдарын атап көрсетті?

    3. Еліміздегі жастар ісімен айналысатын құрылымдарды атаңыз.

    4. Жастардың қоғамдық ұйымдарының орны және оның модельдері.

4.Сұхбаттасыңыз.

  • Марат, сен жастардың қоғамдағы орны жайлы не айтар едің?

  • ......................................................................................................... .

  • Қазіргі жастардың бұрынғы жастардан қандай айырмашылығы бар деп ойлайсың?

  • ............................................................................................................... .

  • Жастар өз бетінше өмірден өз орындарын таба ала ма, сен қалай ойлайсың?

  • ................................................................................................................ .

  • Қазір жастар «Көп оқығаннан сұрама, көпті көргеннен сұра» деген мақалды ұстана ма?

  • ................................................................................................................ .

  • Жастар қазір қоғам өміріне өзгеріс енгізе ала ма, енгізсе – қалай?

  • ................................................................................................................ .

  • Өзің қоғам өміріне араласасың ба?

  • ............................................................... .

Екінші сабақ (1 сағат)

1.Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз. Жастардың қоғамдық ұйымдары туралы

Қазіргі уақытта, тек Алматы қаласында ғана емес, барлық Республика бойынша, жастар ұйымдары қызметтерінің белсендірілуі байқалады. Ол бір қатар факторларға байланысты. Біріншіден, жастар ортасында сана-сезімнің арттырылуы байқалады, тусовкалық құндылықтардың орнына жауапкершілік, парыз және бастамашылық сезімге орын беріле бастады. Екіншіден, мемлекеттік емес сектор, саяси партиялар және мемлекеттік құрылым жақтарынан әлеуметтік пайдалы қызметке жас адамдарды тарту белсенді түрде жүргізіліп жатыр.

Жастар ұйымдарының мақсатты жұмыстары жастардың патриоттық, рухани-адамгершілік тәрбие алуына, мемлекеттік тілді насихаттауға, бос уақытты мәдени түрде ұйымдастыруға жағдай жасауға бағытталған.

КВН халықаралық ойындарының мерзімді өткізілуі, тек қала жастарын ғана емес, сонымен бірге ауылдық мектеп оқушыларын да қатыстыру жақсы жолға қойылған. БҰҰ-ның қолдауымен Алматы қаласы жастар қоғамдық Ассоциациясы өткізген халықаралық театр форумы, халықаралық дебат өтті. Осы жылдың қыркүйегінде (21-28) «Парасатты олимпиадалар» атты халықаралық жастар фестивалін өткізу жоспарланды, онда Ресей, Түркия, Қырғызстан, Украина командалары қатысады. Бірақ жастар ұйымдары қызметімен, негізінде, тек студенттік жастар қамтылған, ал жұмыс істейтін жастар немесе жастардың еш жерде әрекеттелінбеген маргиналдық тобы (ауылдық жастар) назардан тыс қалады.

Бүгінде жалпы қала жастарын, ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған жастарға бөлуге болады, сондықтан, жастардың дәл осы категориясын, мемлекеттік және мемлекеттік емес жастар ұйымдары қызметтеріне тарту жайын ойластыру қажет.

Исқақов Бахтияр

2.Мына сөз тіркестерін құрамына қарай талдаңыз және аударыңыз.

Жастар ұйымдары, тусовкалық құндылықтар, парыз, бастамашылық сезім, мемлекеттік құрылым, мақсатты жұмыстар, халықаралық дебат турнирі, еш жерде әрекеттелінбеген.

3.Сөйлемдерді толықтырыңыз.

Жастардың ... жағдай жасалған.

КВН-ге ... қатыстыру жақсы жолға қойылған.

«Парасатты олимпиадалар» атты ... жоспарланды.

Жастар ұйымдары қызметімен ... қамтылған.

4.Жалғаулық шылауларды пайдаланып, сөйлемдер құраңыз.

Өйткені, сол себепті, да, бен, сол себепті, және.