Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘҚ 1курс жаңа Қазақ тілі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.47 Mб
Скачать

4.Берілген сұрақтарға жауап жазыңыз.

  • Елбасы әр баланың дарындылығын арттыру жайлы не айтқан?

  • Ақылды, ойлы, дарынды жастардың шығармашылық потенциалын қалай жан-жақты өсіруге болады?

  • Дарынды баламен жұмыс істеуде мектептің және мектептен тыс мекемелердің қатысы қандай?

  • Жалпы жеке тұлғаның дарындылығының деңгейлік көрсеткіштері қандай және кімдер айқындайды?

Екінші сабақ (1 сағат)

1.Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.

Қазақстанның жарқын болашағы – білімді ұрпағында

Елбасының «Болашақ» бағдарламасы 1993 жылы қолға алынды. Ол уақыт, шынында, еліміз тәуелсіздікке жаңа қол жеткізген кез еді. Осыған орай, «Болашақтың» алғашқы легімен халықаралық қатынас қалыптасып, экономика мен қаржы саласындағы мамандардың бастапқы буыны даярланды. Ал екінші кезеңде «Болашақ» стипендиясы арқылы инженер-технолог мамандар даярланды. Өйткені сол кезде елімізде инженерлік, технологиялық мамандар тапшылығы білінді. Міне, осылайша, ел басшылығы аса қажетті мамандарды даярлау жүгін осы «Болашақ» бағдарламасына артып отырды. Нәтижесінде, 19 жылдың ішінде «Болашақ» президенттік стипендиясымен 4,5 мыңнан аса студент даярланды. Ал шетелде игерген үздік білімі оны жаңа биіктерге жетелеуші негіз болды.

Соңғы жылдары Қазақ-түрік лицейлері түлектерінің тасы өрге домалап тұр. Назарбаев атындағы университетке оқуға түскендердің 50 пайыздан астамы ҚТЛ-дің оқушылары. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев: «ҚТЛ-де Қазақстанның болашақтары тәрбиеленуде», — деді. КТЛ-дар ең алғаш 1992-1993 оқу жылында екі ел Президенттері Н.Ә.Назарбаев пен Т.Өзалдың қолдауымен ашылған болатын. КТЛ-дегі басты мақсат - оқушылардың рухани жан дүниесінің тазалығы.

«Болашақ» бағдарламасы бойынша үміткерлерді іріктеуде айтарлықтай өзгерістер енгізілді. Мәселен, биыл алғаш рет педагог, дәрігер және инженер-техник мамандар шетелде тағылымдамадан өтетін болды. Тағы бір маңызды өзгеріс үміткерлер қоятын кепіліне қатысты. Үміткер қолда бар мүлікті ғана кепілге қоя алады. Егер үміткердің ата-анасы мен туыстарында жылжымайтын мүлік жоқ болмаса, оған мемлекет тарапынан жеңілдік қарастырылуы мүмкін. Талапкерлерді қарапайым отбасынан немесе ауқатты отбасынан шыққандар деп бөлудің қажеті шамалы. Өйткені «Болашақ», ол — бәсеке. Дегенмен көргеніміз – қалалық мектептерден өте дамыған, тіл білетін балалар шығатын болса, табиғи дарынды балалар көп жағдайда ауылдық жерлерден шығады.

 

САЯСАТ НҰРБЕК.

2. Жаңа сөздерді біліп алыңыз.

Тапшылық – нехватка

Іріктеу – подбор

Айтарлықтай – значительный

Тағылымдама – стажировка

Кепіл - гарант

Жылжымайтын мүлік – недвижимость

Жеңілдік – льгота

3. Сөйлемдерді мәтін бойынша аяқтаңыз.

«Болашақтың» алғашқы кезінде экономика мен қаржы саласындағы мамандардың бастапқы буыны ... .

Екінші кезеңде «Болашақ» стипендиясы арқылы инженер-технолог мамандар ... .

Ал шетелде игерген үздік білімі оны жаңа биіктерге ... .

КТЛ-дар ең алғаш екі ел Президенттері Н.Ә.Назарбаев пен Т.Өзалдың қолдауымен ... .

Биыл алғаш рет педагог, дәрігер және инженер-техник мамандар шетелде тағылымдамадан ... .

Үміткер қолда бар мүлікті ғана кепілге ... .