Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘҚ 1курс жаңа Қазақ тілі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.47 Mб
Скачать

4.Төмендегі қанатты сөздердің мағынасын біліп алыңыз және есіңізге сақтаңыз.

Сенбе ешкімге тұрса да қанша мақтап, Әуре етеді ішіне қулық сақтап. Өзіңе сен өзіңді алып шығар, Білімің мен ақылың екі жақтап!!

Абай

Ақылмен ойлап білген сөз, Бойына жұқпас, сырғанар. Ынталы жүрек сезген сөз, Бар тамырды қуалар. Абай

БӨЖ тапсырмасы

Мәтін бойынша өз пікіріңізді айтыңыз.

Ауылға да маман керек

«Жол картасы», «Жастар тәжірибесі» бойын­ша келіп жатқан жас мамандардың дені экономист, заңгерлер, бұлай бола берсе, болашақта ауылды басқарар мамандардың болмай қалуы мүмкін. Мамандар болса, «ауыл шаруашылығына қажетті мал дәрігерлері, агрономдар, өсімдіктерді қорғау мамандары, инженер-механиктер, инженер-электриктер, жерге орналастырушылар, зоотехниктер жетіспейді» деп дабыл қағуда..

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауында ауыл шаруашылығына ерекше мән береді. Атап айтсақ, 2009 жылы халыққа арнаған Жолдауында: «…Біз тауарлы-сүт фермаларын, құс фабрикаларын, мал бордақылау алаңдарын ұйымдастыру мен дамыту арқылы жеміс-көкөніс дақылдары өндірісін ұйымдастыру, ауыл шаруашылығы техникаларын жинау жөніндегі жобаларды қаржыландыруға шешім қабылдадық», – деді. Биылғы Жолдауында: «2016 жылдың өзінде ет экспорты 60 мың тоннаға жетеді… . Бұл ауылдық жерлерде 20 мыңнан астам жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді», – деп атап көрсеткен болатын.

Әрине, бұл міндеттерді орындау үшін кәсіби мамандар керек. Ал өмір бойы қолын жылы суға малып отырған қала баласының ертең ауылға барып, кетпен, күрек ұстамасы анық. Осы арада біз бірқатар оқу орындарында құжат тапсырып жүрген талапкерлер мен оқуын бітіріп, бірақ жұмыссыз жүрген жастармен тілдескен едік.

Айдана АХМЕТОВА: (Алматы облысынан келген) «Мен жастайымнан спортқа жақын едім. Бірақ ата-анам «қыз балаға спортшы болу қол емес, одан да экономист бол» деп менің таңдауыма түбегейлі қарсы болғандықтан, құжаттарымды ата-анам айтқан мамандыққа тапсырып қойдым. Өз қалауым болмаса да, оқимын да…»

Маржан ОРЫНБАЙҚЫЗЫ: (Алматы облысынан келген) «Менің таңдау пәнім – география. Негізі экономист болсам деп армандаған едім. Бірақ Алматы қаласындағы бірқатар жоғары оқу орындарын аралап көріп, «бұл мамандыққа ҰБТ-дан жинаған балым жеткіліксіз бола ма» деп қауіптеніп отырмын. Сондықтан, шынымды айтсам, қай мамандықты таңдарымды да білмеймін».

Айбын: (Шығыс Қазақстан облысынан) «Ата-анам жалғыз ұл болғандықтан маған «мұғалім болып, ауылға кел» дейді. Бірақ өзім қаламаймын. Әлі ойланып жүрмін». Динара: (сатушы) «Мен Алматыдағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және бизнес факультетін үш жыл бұрын бітіргенмін. Мамандығым бойынша жұмыс таба алмадым. Қазір отбасылы болғандықтан, амалсыз, дүкенде сатушы болып істеп жатырмын».

Шалқар ӘЛИҚЫЗЫ: (сатушы) «Менің негізгі мамандығым – мұғалім. Бастапқы кезде жұмыс табылмағандықтан, «уақытша болса да, тиын-тебен таба тұрайын» деп сатушы болдым. Оқуымды бітіргеніме біраз жыл болды, қазір мұғалімдікке барғым да келмейді».

Анар Дүйсенбайқызы

Осы мәселе бойынша «Мен таңдаған мамандық» деген тақырыпта шағын шығарма жазыңыздар.

АЛТЫНШЫ АПТА

БАСШЫ КЕЛБЕТІ (3 сағат)

Бірінші сабақ (1 сағат)

Грамматика: Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем.

Ыңғайлас салалас құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай сөйлемдер өзара мәндес, мағыналас болады. Оларды жалғастыратын шылаулар: да, де, та, те, мен, бен, пен, әрі, және.

Мысалы: Күн суытты да, біз үйге кірдік