Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘҚ 1курс жаңа Қазақ тілі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.47 Mб
Скачать

1. Құрмалас сөйлем жайлы есіңізге түсіріңіз.

Екі немесе бірнеше жай сөйлемдерден тұратын сөйлем құрмалас сөйлем деп аталады. Егер құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты болса (жіктеліп тұқрса), ондай құрмалас сөйлем салалас құрмалас сөйлем болалы.

М: Бүгін жұмыс аз болды, біз қатты шаршамадық.

Салалас құрмалас сөйлемдердің бірнеше түрі бар:

Түрлері

Шылаулары

Мысалдар

Ыңғайлас салалас

Және, да, де, әрі

Жаз келді (де), күн ысыды.

Қарсылықты салалас

Бірақ, дегенмен, әйтсе де, сонда да т.б.

Кеш болды, бірақ әкем әлі келген жоқ.

Себеп-салдар салалас

Сондықтан, сол себепті, себебі, өйткені т.б.

Ауырып қалдым, сондықтан сабаққа бара алмадым.

Талғаулы салалас

Не, немесе, я, я болмаса, әлде, не болмаса

Бүгін не жаңбыр жауады, не қар жауады.

Кезектес салалас

Кейде, бірде, біресе

Ол кешке кітап оқиды, не теледидар көреді.

Іліктес салалас

Сонша, сондай, мынау

Оның қуанғаны сонша, орнынан секіріп тұрды.

1.Мәтінді оқып, мазмұнын айтыңыз. Университет – білім ордасы

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ құрамында жалпы саны 26 ғылыми мекемені құрайтын ғылыми-зерттеу институттары, ғылыми орталықтар, зертханалар, 12 факультет, қосымша білім беру және біліктілікті жетілдіру институты, әскери кафедра, түрлі мемлекеттердің мәдени білім беру орталықтары бар.

Еуразия ұлттық университетінде мамандарды даярлау жүйесі 3 білім беру баспалдағы бойынша: жоғары негізді білім (бакалавриат), магистратура және Ph.D докторантура. Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-ге қабылдау мемлекеттік білім гранты мен ақылы негізде жүзеге асырылады. Оқу орны құрамында бакалавриатта - 61 мамандық, магистратурада - 64 мамандық, Ph.D докторантураcында - 29 мамандық бойынша мамандар даярлануда. Еуразия ұлттық университетінде 2011-2012 оқу жылында студенттер саны – 11 300 құрады.

Факультеттер мен ғылыми-зерттеу бөлімшелерінде 1678 оқытушы бар, мұнда 61,3 пайыз ғылым докторлары, профессорлар, түрлі академиялардың мүшелері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының иегерлері, ғылым кандидаттары, доценттер жұмыс істейді. Университеттің көптеген ғалымдары тек Қазақстанға ғана емес, сондай-ақ, шетелге де танымал тұлғалар. 2001 жылдың 29 маусымындағы N 892 «Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес университетке Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті атауы берілді.

Университеттің 5 оқу ғимараты, 12 лингафондық кабинеті, 1 250 000 қоры бар кітапханасы мен 500 орындық компьютерлік оқу орталықтары бар. ЕҰУ базасында 2000 жылы Ломоносов атындағы ММУ (Мәскеу Мемлекеттік Университеті) Қазақстандық филиалы құрылған. 2012 жылы Еуразия ұлттық университеті ХХ ғасырдың көрнекті ғалымы, түркі, славян, азиялық және еуропалық халықтардың тарихы туралы ірі еңбектердің авторы, тарихи этнология және тарихи география салаларының атақты маманы Лев Николаевич Гумилевтің (1912-1992) 100 жылдық мерейтойы бүкіләлемдік дәрежеде атап өтілді.

2.Жаңа сөздерді біліп алыңыз.

зертхана - лаборатория

біліктілікті жетілдіру – повышение квалификации

баспалдақ - ступень

ақылы негізде - платное

танымал тұлғалар - известные личности

мерейтой - юбилей

3.Мәтінді берілген сұрақтар бойынша мазмұндаңыз.

  • Университеттің құрамы қандай?

  • Білім беруші мамандар туралы білесіз бе?

  • Университеттің атауы қашан берілді?

  • Университет жайлы тағы не айтасыз?

4.Сөйлемдерді аяқтаңыз.

1.Л.Н.Гумилев атындағы университет республикамыздағы іргелі оқу орны, сондықтан ... .

2. Унивеғрситетте бірнеше ғылыми орталықтар бар, себебі ... .

3. Бакалавриат біітірген соң студенттер не... , не ... .

4. Университетте студенттердің көптігі сонша, ... .

5. Демалыс күндері студенттер кейде ... , кейде ... .