Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘҚ 1курс жаңа Қазақ тілі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.47 Mб
Скачать

5 Маусым - Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні

Алматы қаласында "2010 жылдың Үздік экологиялық жобасы" байқауы жарияланды. Осы байқау аясында мамыр айының аяғында "Менің аулам" номинациясы бойынша үздік аула ішіндегі аумақтарды көгалдандыру және көріктендіру, "Алматының көшелері" номинациясы бойынша көшелердегі гүлзарлар мен әсемдік - гүлді көгалдандыру, "Нұрлы-Тау" кешені алдындағы құрылысы тоқтаған алаңшада жасалған гүл экспозицияларына баға берудің аралық қорытындысы шығарылды.

Биылғы жылы Алматы қаласында 211 учаскеде гүлді композициялар мен гүлзарлар жасалып, 103 мың шаршы метр жерде гүл егілді. Қала даңғылдары мен үлкен көшелерінің бойында, жол айрықтарында тік-гүлді көгалдандыру элементтерін орнату бойынша кешенді шаралар жүргізілді. Қаламызды көгалдандыру мен көріктендіруде түрлі өсімдіктер, кіші сәулет формалары, жасыл мүсіндер және әсем ландшафтық шешімдер қолданылуда. Бұған қоса көктемде 10 мыңдай ағаш көшеттері отырғызылса, күзде әлі 15 мың ағаш отырғызу жоспарланған.

Алматы қаласының имидждік келбетін нығайту, меншік түріне қарамастан, қаладағы кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелерді, сонымен қатар, Алматы қаласының тұрғындарын қаланы көріктендіру, оның жасыл қорын сақтау және қорғау жөніндегі шараларға тарту мақсатында Алматы қаласы әкімдігі жыл сайын мамырдың 25-нен бастап маусымның 25-не дейінгі аралықта "Алматы - гүл қала" фестивалін өткізу туралы шешім қабылданды.

Gazeta.kz

ЕКІНШІ АПТА

АДАМ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ – ЕГІЗ (жалғасы)

Грамматика: Сан есім.

Бірінші сабақ (1 сағат)

1. Мәтінді оқып, өз сөзіңізбен баяндаңыз.

Қазақстанның табиғи саябақтары мен оларды қорғау.

Қазіргі кезде Жер шарында адамның аяғы тимеген және іс-әрекетінің әсеріне ұшырамаған алқаптар жоқтың қасы. Дегенмен де табиғаттың бастапқы табиғи қалпы сақталған экожүйелердің біраз бөлігін табиғи эталон ретінде сақтап қалудың маңызы зор. Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң 1997 және 2006 жылдары қабылданды. Мұндай Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бірнеше топқа бөлінеді. Олар мемлекеттік табиғи қорықтар, мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар, қорықтық аймақтар, корықшалар және т.б. табиғи нысандар жатады. Соңғы деректер бойынша дүние жүзінің 100-ден астам ірі мемлекеттерінде 1000-нан астам ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұйымдастырылған. Мұндай аумақтардың жалпы көлемі 230 млн га жерді алып жатыр. Бұл жер бетіндегі құрлықтың 1,6%-на тең.

Ұлттық табиғи саябақтар

Елімізде 10 ұлттық табиғи саябақ ұйымдастырылған. Ұлттық табиғи саябақтар көбіне табиғаттың көрікті жерлерінде ұйымдастырылған. Соңғы жылдары Шарын (2004 ж.), Сайрам-Өгем (2006 ж.) және Көлсай көлдері (2007 ж.) ұлттық табиғи саябақтары ұйымдастырылды. Алдағы уақытта елімізде тағы да 5 ұлттық табиғи саябақ (Жоңғар Алатауы, Ақсу-Лепсі, Бұйратау, Зайсан, Ақжайлау) ұйымдастыру қарастырылуда.

Марқакөл ұлттық саябағы

Марқакөл көлінің суы таза және жұмсақ, ал негізгі байлығы лосось балығы – ускуч. Бұл балық тек бұл көлде ғана мекен етеді. Таулы аймақтар қалың шыршалармен әдеміленген. Субалтайлық жайықтар түрлі шөптер мен емдік шөптерге бай.  Туристер қонақүйлермен қатар киіз үйлерге де жайғаса алады. Марқакөл таулы көлі – Шығыс Қазақстан және Алтайдың ең әдемі көлдерінің бірі. Оның ұзындығы – 38 шақырым, ені – 19 шақырым. Көлдің алаңы 455 шаршы шақырым.

Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи саябағы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданының шығыс жағында орналасқан. Ұлттық бақтың жалпы аумағы 90323 га жер учаскесін құрайды, оның 40341 га орман шаруашылығы. Орман негізінен қарағайдан, қайың мен көктеректен, үйеңкі, шегіршін, терек тал және бұталардан тұрады. Қарқаралы МҰТБ флорасы 198 түрлі тұқымдық өсімдіктерден, 3 жалаңаш тұқымды түрі, 2 папортник тәрізді, 27 мүк түрлері, 14 қына түрлері тіркелген. Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына осы өсімдіктердің 244 түрінен 5-еуі енгізілген. Ұлттық бақ аумағында ҚР Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мыналар: архар, елік, қара ләйлек, бүркіт, үкілер, ергежейлі бүркіт, дала сұржыланы. Қос мекенділер фаунасының негізі: сұр суыр, сұр тышқан, ор қоян, қосаяқ, жоңғар аламаны, сұр суыр, саршұнақ, ондатр, күзен және т.б. тұрады.

Сан есім дегеніміз заттың санын, ретін білдіретін сөз табы. Сұрақтары Қанша? Неше? Қаншасыншы? Нешінші? т.б. Мысалы: бес, он, алтыншы, жетеу, екі-екіден, сегізден екі, он шақты т.б.

Сан есімнің бірнеше түрлері бар:

1)есептік: бір, үш, бес, он жеті, екі мың алпыс бес;

2) реттік: бір-інші, үш-інші, бес-інші, он жеті-нші, екі мың алпыс бес-інші.

3) жинақтық: бір-еу, ек-еу, үш-еу, төрт-еу, бес-еу, алт-ау, жет-еу.

4) болжалдық: он-даған, жүз шамалы, жетпіс-тей, онға таяу.

5) бөлшектік: екіден бір, оннан бес, алты жарым, ширек, жарты.