Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘҚ 1курс жаңа Қазақ тілі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.47 Mб
Скачать

Екінші сабақ (1 сағат) Жамбыл шығармаларындағы батырлық концепция

1.Мәтінді оқып, мағынасын үғып алыңыз.

Жабаев Жамбыл (1846-1945) – қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері – Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Жас Жамбыл Жетісудың дүлдүл ақыны Сүйінбайға жолығып, оның батасын алады. Жас талап, он төрт-он бес жасында біржолата ақындық жолына түседі. Ол Айкүміс, Бақтыбай, Сары, Сарбас, Досмағанбет, Шашубай, Құлманбет сияқты ақындармен айтысқа түскен. Құлмамбет елінің байлығын тізбелеп мақтауға көшкенде, Жамбыл:

Адамдықты аайт, ерлікті айт, батырлықты айт,

Ел бірлігін сақтаған татулықты айт.

Қарынбайдай сараңдар толып жатыр,

Оны мақтап әуре болмай, жөніңе қайт, - дейді.

Адамдық, батырлық, елдік жоқ жерде малдың көптігінде ешқандай қасиет болмайтынын дәлелді, қисынды етіп алға тартады. Осылайша қарсыласын жеңеді. Елдің тәуелсіздігі үшін күрескен Сұраншы, Сауырық батырларды нағыз ерлер, халық қалаулылары етіп көрсетеді. Батыр Сауырық, Сұраншы жауда өлген, Халық үшін шайіт болып, жанын берген. Елді қорғап өлгеннің арманы не, Қалың қазақ құрметтеп, соңына ерген.

Жамбылдың батырлықты дәріптеген «Сұраншы батыр», «Өтеген батыр», «Алғадай туралы әрбір ой», «Аттандыру» «Ленинградтық өренім» атты шығармаларының тәрбиелік мәні зор.

Революция туралы Жамбыл «Менің бақытым» деген әңгімесінде: «Мен шыңыраудан шығып, тамаша гүлдерді, жұпар иісті шөптерді, қыруар араларды, сымбатты үйлерді көрдім. Мен нағыз күнді көрдім. Таудың асыл тасындай таза ауада дем алдым. Менің жаным да алма ағашындай гүлдеді. Көзім жұлдыздай жайнап, кеудемді шаттық кернеді. Өлеңдерім Іле өзеніндей тасыды. Мен жасардым, 18 жасар жігіттей болып шыға келдім», - дейді.

Жамбылдың өміріне Ұлы Отан соғысы үлкен қиындықтар әкелді. Ақынның үлкен екі баласы ертеректе қайтыс болады. Ал екі ұлы Ізтелеу мен Алғадай Ұлы Отан соғысына аттанады. 1942 жылы Жамбыл Алғадайды майданға шығарып салады. 1943 жылы «Алғадай ерлікпен қаза тапты» деген қара қағаз келеді. Ұлының қайғысы ақынның жанына қатты батады.

Ұлы Отан соғысында жүзге таянған Жамбыл да елімізге опасыздықпен басып кірген неміс-фашистеріне деген кегі мен оғын отты өлең жыры арқылы жаудырды. Жамбыл домбырасын қолға алып, «Ленинградтық өренім» атты жырын жазды. Қала тұрғындары Жамбылдың бұл жырын жаттап алған еді. Ленинградтық ақын, Социалистік Еңбек Ері М.А. Дудин: «Ауыр күндердегі, қоршаудағы Ленинград әлі менің көз алдымда. Қираған үйлердің қабырғаларында Жамбылдың жыры жазылған плакат қағаздарын топ-топ халық аспаннан жауған бомбадан қаймықпай оқып жататын. Сол кездегі Жамбылдың бұл өлеңі арқылы бізге тыңнан күш қосылғандай болып, ашыққан халықтарға әл-қуат берді. Ұлы Жамбылдың жан тебірентер «Ленинградтық өренім!» атты өлеңі маған арналып айтылғандай әсер қалдырды. Жігерімді жанып, жауға деген өшпенділігімді бұрынғыдан да арттырды, – деді ол.

«Заман жаршысы» газеті. Жамбыл мен ленинградтықтардың достығы

08 Желтоқсан 2012ж.

2.Жаңа сөздердің мағынасын, сөздікті пайдаланып, біліп алыңыз. Оларды тұлғасына қарай талдаңыз.

Тұлға, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы, батасын алу, татулық, қиындықтар, опасыздық, жан тебірентер, өшпенділік.