Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘҚ 1курс жаңа Қазақ тілі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.47 Mб
Скачать

7. Өлеңді жаттап алыңыз. Ақынның көңіл күйі жайлы айтыңыз.

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем. Мен оның қасиетті тілін сүйем, Мен оның құдіретті үнін сүйем Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған, Бәрі маған "Отан" - деп сыбырлаған Жаным менің кеудемді жарып шық та, Бозторғайы бол оның шырылдаған. Отан, Отан! Бәрінен биік екен. Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем... Мұқағали Мақатаев

Бөж тапсырмалары

1. «Өз елім менің» деген тақырыпқа эссе жазыңыз.

Пысықтау сұрақтарына жауап әзірлеңіз.

1. Қазақстан қандай географиялық аймақта орналасқан?

2. Жер көлемі жағынан дүние жүзінде нешінші орында?

3. Еуропаның қандай мемлекетінен неше есе үлкен?

4. Іле Алатауы, Алтай, Орал таулары Қазақстанның қай тұстарында орналасқан?

5. Қазақ жерінде қандай өркениеттік ескерткіштер бар?

6. Қазіргі кезде қай жерлерден өркениет ошақтары табылуда?

7. Алматыда қандай мәдени орындар бар?

8. Астанада соңғы жылдары қандай ғимараттар салынды?

10. Қандай өнеркәсіп орындарын білесіздер?

11. Қазақстанның қазіргі экономикалық дамуы қандай деңгейде?

12. Әнұранның авторлары кім?

13. Отан туралы андай мақал-мәтел білесіз?

Он екінші апта

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ӨНЕРІ (3 сағат)

Грамматика: Зат есім тудырушы жұрнақтар.

Зат есімдер негізгі және туынды болып екіге бөлінеді. Туынды зат есімдер төменде берілген жұрнақтар арқылы жасалады:

-шы, -ші: жазу (писать) - жазушы (писатель), сурет (рисунок) - суретші (художник), балық (рыба) - балықшы (рыбак).

-ша, -ше: мысалы: кітап (книга) - кітапша (книжка).

-лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік: бала (ребенок) - балалық (детство), дос (друг) - достық (дружба), батыр (герой) - батырлық (мужество, геройство), бай (богатый) - байлық (богатство).

-хана: ас (пища) - асхана (столовая), дәріс (лекция) - дәрісхана (лекционный зал), ем (лечение) - емхана (поликлиника).

-паз: істемпаз (трудолюбивый), өнерпаз (талантливый).

1. Берілген туынды зат есімдермен сөйлемдер құрастырыңыз.

Мейірбандық, қонақжайлық, азаматтық, дәріхана, қалашық, үйшік, аңшы, шеберхана, әнші, кедейлік, балалық, үгітші, тігінші.

Үлгі: Мейірбандық – жақсы қасиет, т.б.

2. Мәтінді оқып, баяндауға жоспар жасаңыз. Халық дәстүрлі өнері — ұлттық мәдени мұра

Қазақ халқының дәстүрлі қолданбалы өнері – көшпелі түркі тектес халықтар әлемінің алып бәйтерегі, қара шаңырағы. Ол ерте кезден-ақ әлемдік мәдениеттің көрнекті қайраткерлерін қызықтырған. Мысалы, Геродот былай деп жазып қалдырған: «Олардың барлық заты алтын мен мыстан жасалған, оғы, айбалталары мыстан істелген. Бас киім мен белдік әшекейлері түгелдей алтыннан жасалған».

Тайпалар еңбек құралдарын, қарулар, сәндік заттар, тұрмыстық бұйымдар жасауда құю, қақтау, қысып өрнектеу, жону, тегістеп жылтырату техникасын жақсы меңгерді, заттарға өрнек сала білді.

Халық мұрасындағы көркем мәдениет тас дәуіріндегі геометриялық өрнектер мен сақ дәуіріндегі «жануарлық таңбадан» басталған. Ол бертін келе дәстүрлі зергерлік, тас қашау, мүсіндеу, киіз үй жасау т.б. кәсібінен көрініс алды.

Қолданбалы өнердің бел туындыларының бірі – тас өңдеу. Оның негізгі түрлері тас ескерткіштер, мүсінтастар. Тасқа қашалып жазылған жырлар («Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк») еркіндік аңсаған халықтың бақытты өмірі жайлы арман-қиялын, тәуелсіздік үшін ғасырлар бойы күресіп келе жатқан ерлердің қаһармандықтарын келер ұрпаққа үлгі-өнеге етіп, тәлім-тәрбиелік әсер қалдырған.

Қазақтардың ою-өрнектері негізінен тұрмысқа қажетті заттарды әшекейлеу үшін пайдаланылса, жалпы қолданбалы өнері тұрмысты әшекейлеу үшін пайдаланылған мәні бар шығармаларға айналды. Ер адамдар тастан, балшықтан, сүйек пен мүйізден, метал мен ағаштан бұйымдар жасап, оны әсемдеді. Ал әйелдер кесте тігу, өрмек тоқу, ши орау, киіз бастыру, сырмақ сыру, тері киім тігу сияқты өнер түрлерімен айналысқан. Қыз- келіншектердің қолынан  тоқылған кілем, алашалар, басылған киіз, текеметтер, сырылған сырмақ, көрпелер әрдайым көздің жауын алады. Бұл өнер де шеберден асқан ісмерлікті, бояу түрлерін сезіне білуді, үлкен эстетикалық талғамды талап етеді.

Самұратова Т.К.

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

3.Жаңа сөздерді жаттап алыңыз.

дәстүрлі қолданбалы өнері – традиционное прикладное искусство

әлемдік мәдениет – мировая культура

әшекейлер - украшения

зергерлік - ювелирный

тас өңдеу – обработка камня

кесте тігу - вышивка

ісмерлік - художественность

эстетикалық талғам – эстетический вкус

4. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1) Халықтың дәстүрлі өнеріне не жатады?

2) Дәстүрлі өнер қалай басталған?

3) Тас өңдеу өнерінің туындылары қазір бар ма?

4) Тұрмысты әшекейлеу өнеріне нелер жатады?

5) Қазақтың дәстүрлі өнерінен сізге не ұнайды?

6) Өз туыс-таныстарыңыздан өнерлі адамдарды білесіз бе?

5.Өнер туралы қанатты сөздерді жаттап алыңыз.

Е р қадірін ер білер,

Зер қадірін зергер білер.

Қыз еркем кестесімен көркем,

Ұл еркем өнерімен көркем.

 

Қолы білген құм үстінен кеме жүргізер.

Болат біз қап түбінде қалмас.

 

Алтынды ала білген бөле де біледі.

 

Шеберлікке шек жоқ.

Қазаншының өз еркі

Қайдан құлақ шығарса.

Ата өнері - балаға мұра.

6.Мәтінді оқып, қысқаша өз сөзіңізбен баяндаңыз.

Қазақтың ұлттық қолөнері (қосымша оқуға)

Оюлап өрнек салу - халық өнерінің бір саласы. Оның түрлері көп. Халық арасында кеңінен тараған кесте өнерінде де ою-өрнектің сан түрі қолданылады. Қазақтың халықтық қолөнерінде жиі қолданылатын мүйіз тектес ою-өрнек. Арқар мүйіз, қошқар мүйіз оюлар халқымыздың күнделікті тұрмыстағы тұтыну заттарында жиі кездеседі.

Ертедегі ою-өрнектердің халық арасында көп қолданылатын түрлері «Ай»- өрнектері аспандағы айға ұқсас етіп жасалған. «Айыр»-айырдың өрнекте берілетін түрі көбінесе айыр тұяқты малдардың бақайын бейнелейді. «Алақан» өрнегі сырмақ, сырмақ, алаша, бау өрнектерінде кездесіп отырады.

Ши тоқу өнері де ерте заманнан бері ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық қолөнердің түрі. Сан-алуан әдемі өрнектермен оралып тоқылған шилер, киіз үйдің керегесіне тартылып, үйге өзгеше сән беретін болған. Шиді үйдің аяқ-табақ, саба тұратын бөлігін қоршап кою үшін, киіз үйдің есігіне ұстау үшін пайдаланған және төсеніш ретінде киіздің астына да төсеген.

Қазақтың үй кәсіпшілігінде өрмек тоқу кең таралған. Өрмек арқылы бау-басқұрлар, алаша токылады. Арқан, жіп, баулар, негізінен, түтіп, шүйкелеп, есіп, бұрау арқылы, кейде жіптен өру, тоқу тәсілдерімен жасалады.

Кілем тоқу. Қазақ әйелдерінің қолөнерінің бір түрі - кілем тоқу. Кілемнің екі түрі - түкті кілем және тақыр кілем болады. Түкті кілем көбінесе оңтүстік аймақтарда таралса, тақыр кілемді, негізінен, солтүстік өңірде тоқыған.

Киіз басу. Киіз басуға қойдың күзде кырқып алынған жүнін пайдаланған. Қазақта оюлы киізді текемет, сырмақ деп екіге бөледі. Текеметтің жай киізден айырмашылығы бір түсті (ақ немесе қара) жүнді шиге төсеген соң бетіне бояған жүннен ою салады.

Қазақ киізді үйдің жабулары үшін, жерге салу үшін, тұсқа ілу үшін жасаған. Тұсқа ілінетін өрнектеліп жұқалау қылып жасалған киізді түскиіз деп атаған. Киізден бұдан басқа да тұрмыстық заттар, киіз қалпақ, байпақ, кесеқап, шәйнекқап, кірқап, сандыққап, жер жастық, асмалдық (түйенің жабуы), тоқым, жабу, т.б. істеген.

www.topreferat.com/