Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘҚ 1курс жаңа Қазақ тілі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.47 Mб
Скачать

2.Мақал-мәтелдерді есіңізде сақтаңыз және олардың мағынасын ұғып алыңыз..

  • Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді.

  • Ағаға қарап, іні өсер

Інісі бардың тынысы бар

  • Қыз өссе, елдің көркі.

  • Жеті атасын білмеген жетесіз.

  • Жеті атасын білген ұл –

Жеті жұрттың қамын жер.

Өзін ғана білген ұл –

Құлағы мен жағын жер.

3.Оқып, мағынасын анықтаңыз. Осы сөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.

Әженің немересі Атаның ұрпағы

Әкенің намысы Үлкен үйдің шаңырағы

Ананың үміті Баланың мақсаты

Қазақ тілінде күрделі сөздердің үш түрі бар: қос сөздер, біріккен сөздер, қысқарған сөздер.

Қос сөздер (парные слова): ата–ана, бала–шаға, ұл–қыз, қарым–қатынас, әке–шеше, оқта–текте.

Біріккен сөздер (сложные слова): тасбақа, Ақтөбе, Талдықорған, Сарыағаш, күнбағыс, асқабақ, күнтізбе.

Қысқарған сөздер (сокращенные слова): БҰҰ, АҚШ,ҚР, ҚазМҰУ, ЕҰУ.

4.Сұхбатты толықтырыңыз.

А:- Қайырлы күн, достым!

С:-_______________

А:- Сіздің атыңыз кім?

С:-________________.Ал, сенің атың ше?

А:- Қасым. Сен қайда оқисың?

С:-______________________. Өзің ше?

А:- Мен университетте оқимын.

С. Сіз пәтер жалдап тұрасыз ба?

С. _______________________________________________ .

А. Отбасыңыз да осында тұра ма?

С. __________________________________ .

А:-Маған __________________ аялдамасын айтып жіберіңізші.

С:-Ол әлі алда, бір үйден кейін.

А:-Рахмет. Танысқаныма қуаныштымын.

С:-Мен де қуаныштымын. Сау болыңыз.

Екінші сабақ (1 сағат)

1.Өлеңнің мазмұнын біліп, жаттап алыңыз.

Анам маған: - Үлкенді сыйла, - деген,

Сол сөз маған ізгілік құйған ерен.

Үлкендерден ауысқан кішілікті,

Үлкендердің өзіне сыйға берем.

Атамнан қалған мұра – ізеттілік,

Арымды соған қойған күзеттіріп.

Адалдық – менің сәби Айбарым ғой,

Маңдайынан жүргені жүз өптіріп.

Мұқағали Мақатаев

2. Сұраққа жауап жазыңыз. «Сый, құрмет, ізеттілік» дегенді қалай түсінесіз?

2.Берілген фразеологиялық тіркестерді ұғып алыңыз.

Сөзін жерге тастамау – айтқанды тыңдау, талапты орындау.

Сөзінің жаны бар – айтқан сөзі шындық.

Сөзі түйеден түскендей – дөрекі сөйлейтін адам.

3.Мәтінді оқып, мағынасын ұғып алыңыз.

Отбасын әлеуметтік қорғау

Әлеуметтік қорғау дегеніміз – адамдарға қолайсыз жағдай туғанда (қартаю, денсаулығының кемуі, асыраушысынан айырылу, жұмыссыздық т.б.), олардың өмір сүруіне қажетті жағдай жасайтын жүйе.

Халықаралық тәжірибені талдай келе, әлеуметтік қорғаудың басты элементтері болып саналатын:

1) мемлекеттік жәрдемақы;

2) міндетті әлеуметтік сақтандыру;

3) жинақтаушы зейнетақы қоры;

4) әлеуметтік жәрдем.

Қазақстанда нарықтық экономика кезеңі аяқталып келеді. Экономикалық қатынастардағы өзгерістер әлеуметтік қорғаудың неғұрлым қолайлы жүйесін талап

етеді.