Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОӘҚ 1курс жаңа Қазақ тілі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.47 Mб
Скачать

Үшінші сабақ (1 сағат)

  1. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Отбасы және ұлттық дәстүрлер

Ботагөздің үш ағасы бар еді. Балтабек – ең үлкені. Айбала – соның келіншегі. Екінші – Темірбек – ортаншы ағасы. Кенжетай – кіші ағасы. Кенжетай жалданып, қазынаның жәмшігін айдайды. Ағайынды бұл үшеуінің де жас мөлшерлері бір-біріне жақын: Балтабек жиырма алтыда, Темірбек жиырма төртте, Кенжетай жиырма екіде. Әкелері Тұяқ ерте өлген. Шешелері Ұлберген шаруадан қалмаған, жасы қырық бес шамасындағы кісі. Ол ауылдағы Кенжетай мен Темірбектің қолында тұрады. Шаруалары кедей. Балтабек Бурабай қаласында темір соғады, етікшілік кәсібін істейді. Ботагөз солардың қолында тұрып, орыс школында оқиды.

«Кенжетай келді» деп ойлаған Ботагөз, оны қарсы алмақ боп үйден шықса, есік алдында Айбала жүр екен.

  • Еркем! – деді ол дыбыс беріп.

Кенеттен шыққан дауысқа Ботагөз «ә» деп үлгірмей, жүгірісін кілт доғарып, жалт қарады.

  • Қайда барасың, еркем?

  • Кенжетай келді білем.

  • Апаңды сағындың ба?..

Көптен көрмегендіктен Ботагөз апасын сағынған. Сондықтан Айбаланың «Апаңды сағындың ба?» - деген сөзі Ботагөздің жүрегіне тық ете түсіп, көзіне жасы келіп қалды. Оны Айбала көрмесін дегендей, Ботагөз жүгіре жөнелді.

С.Мұқанов. «Ботагөз» романынан.

2.Сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Ботагөздің отбасы жайлы не білесіз?

  2. Ботагөз жетім бе? Анасына сипаттама беріңіз.

  3. Ботагөз қайда тұрады, кіммен бірге?

  4. Ботагөздің жеңгесі кім, ол қандай адам?

  5. Боагөз неге ұялды?

3. Мәтінді оқып, мазмұндаңыз.

Қыз ұзатуға байланысты салт-дәстүрлер

Сүт ақы – қыз анасына берілетін сый. Қызды үйден шығару күні екі жақтың келісімімен белгіленеді. Бұл күнгі сыйлықтарда сан жоқ. Солардың ішіндегі айрықша сый – қыз анасына берілетін «сүт ақы» болып есептеледі. Бұл сыйлық қыз анасына аса үлкен құрметпен табыс етіледі.

Келін түсіру – келіншектің күйеу баланың үйіне келуі. Бұл шараға барлық ауыл болып дайындалады. Жас қыздар мен келіншектер келінді қарсы алуға шығады. Олар жас келінді бөлмеге оң аяғымен кіргізеді, қарсы алушылар келінге шашу шашады. Содан соң келінді шымылдыққа отырғызады.

Үй көрсету - келіннің күйеу жігіттің туыстарымен танысуы. Тойдан кейін күйеу жігіттің туыстары және көршілер кезектесіп, келінді үйлеріне қонаққа шақырады. Келін бұл үйлерге құр қол бармайды. Енесі немесе үлкен жеңгесі дәстүр бойынша ол үйге келіннің атынан сыйлық алып барады

4. Сөйлемдерді толықтырыңыз.

1. Қалыңдықты … күйеу жігіт бас құдамен, достарымен, туыстарымен келеді.

А) көруге;

Ә) алып кетуге;

Б) кездесуге;

В) сөйлесуге.

2. Қыз баланың тәрбиесіне … ықпалы көп.

А) анасының;

Ә) әкесінің;

Б) құрбыларының;

В) мектептің.

3. Келінді жігіттің туыстарымен таныстыратын - … .

А) үй көрсету;

Ә) беташар;

Б) келіннің үйге түсуі;

В) келіннің жеңгесімен сөйлесуі.