Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД этнопс КПХ 401.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
688.64 Кб
Скачать

Қазіргі заманғы этносаралық қатынастардың психологиясы Этносаралық қатынастардың психологиялық детерминанты

Тұлғааралық, топаралық және этносаралық қатынастар. Этносаралық қатынастардың даму типтері мен кезеңдері. Топаралық қатынастар және топаралық қабылдаудың механизмдері этнопсихологиялық мәселелер ретінде.

Әр түрлі этностық қауымдастықтардағы этносаралық қабылдау ерекшеліктері. Этносаралық өзара әрекеттестік және этносаралық түсінудегі шекаралар.

Этносаралық комплимент туралы Л.Н.Гумилевтің концепциясы. Этносаралық бағдарлар, қажеттіліктер, әдеттер, жаңсақ нанымдар, жаңсақ ойлар және олардың этносаралық қатынастардың қалыптасуындағы рөлі.

Этноцентризм және этносаралық қатынастардың психологиясы. Этноцентрлік идеологияның құрылымы. Ұлттық нигилизм, мәңгүрт ұғымдары.

Этностық сәйкестілік және оның трансформациялық мәселесі

Этностық сәйкестілік ұғымы. Этностық сәйкестіліктің құрылу кезеңдері. Этностық сәйкестіліктің когнитивтік және аффективтік компоненттері. Этностық сәйкестіліктің дамуы мен трансформациясы.

Этностық сәйкестілікті өлшеу моделі. Позитивті және негативті этностық сәйкестіліктер.

Этностық сәйкестілік көрінуінің деңгейлері. Моноэтностық сәйкестілік, этностық гиперсәйкестілік, бөтен этностық топпен моноэтностық сәйкестілік, биэтностық сәйкестілік, космополиттік сәйкестілік. Этномәдени маргиналдылық және этномәдени екіжақтылық ұғымдары. Этностық сәйкестілікті ұстану стратегиясы.

Қарым-қатынастың этнопсихологиялық аспектілері

Қарым-қатынас - этнопсихологияқ феномен ретінде. А.А.Потебняның “Ой және тіл”, “Тіл және халықтылық” еңбектеріндегі қарым-қатынастың этнопсихологиялық мәселелерін түсінудегі маңыздылығы.

Қарым-қатынас психологиясы мен мәдениет. Қарым-қатынастың этнопсихологиялық мәселелеріне салыстырмалы-мәдени ықпал. Коммуникацияның мәдени контекстен тәуелділігі (жоғарыконтекстілі және төменконтекстілі мәдениеттер). Вербалды және вербалды емес қарым-қатынастың этнопсихологиялық аспектілері. Этносаралық қарым-қатынастағы тұлғааралық қатынастар. Каузалдық атрибуциядағы этностық айырмашылықтар.

Қазіргі заманғы этнопсихология құрылымындағы этностық таптаурындар

Қазіргі заманғы этнопсихологиядағы этностық таптаурындар мәселесі. Этностық таптаурындардың функциялық және этнопсихологиялық табиғаты. Этностық таптаурынның әлеуметтік және психологиялық функциялары. Этностық таптаурынның негізгі қасиеттері мен “шынайылық” және “шынайы еместік” мәселесі. Айналық бейне феномені. Автотаптаурындар және гетеротаптаурындар, олардың өзара байланысы. Этнотаптаурындар және этнопсихологиялық қорғаныстар.

Этностық таптаурындар этносаралық қатынастар мониторингісінің (бағалаудың) формасы ретінде.

Этносаралық конфликттердің психологиясы

Этносаралық шиеленіс психологиясы (Г.У. Солдатова). Этносаралық шиеленістің фазалары. Этносаралық конфликттің анықтамасы мен классификациясы. Топаралық конфликттің әлеуметтік-этностық теориялары. Этносаралық конфликттердің психологиялық табиғаты. Этносаралық конфликттердің негізгі детерминанттары. Этносаралық конфликттердің өту барысы мен олардың модальдығы. Әлеуметтік-этностық категоризация. Этносаралық конфликттерді шешу тәсілдері. Этностық терроризм спецификасы.

Қазіргі заманғы этнопсихологияның қолданбалы аспектілері

Этнопсихологиялық мәселелер және саясат. Мемлекеттік тіл және этносаралық қатынас тіл ұғымы, олардың этнопсихологиялық аспектілері.

Экономиканың этнопсихологиялық мәселелері мен реформалары. Экономикалық саясат, экономикалық менталитеттің этнопсихологиялық мәселелері. Экономикалық мінез-құлық, лидерлік институтқа этнопсихологиялық ерекшеліктердің әсері.

Қазіргі заманғы этнопсихологияның демографиялық және экологиялық аспектілері.