Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД этнопс КПХ 401.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
688.64 Кб
Скачать

Этнопсихология және оның ғылым жүйесіндегі орны

Қазіргі заманғы этнопсихологияның негізгі теориялық-әдіснамалық аспектілері

Шетелдегі мыңжылдық этностық өркендеу. "Этникалық парадокс” ұғымы. Қазіргі заманғы әлемдегі әлеуметтік этностықтың рөлі.

Этнопсихология білімдердің пәнаралық саласы ретінде. Қазіргі этнопсихологияның негізгі бағыттары.

Этнопсихологияның объект мәселелері. Объектті анықтаудағы негізгі тұжырымдық тұрғылар. Қоғамдық психология этностық психологияның объектісі ретінде. Этнопсихологияның мақсаты. Негізгі теориялық және қолданбалы міндеттері. Этнопсихологиялық зерттеулердің негізгі бағыттары.

Қазіргі заманғы этнопсихологияның негізгі принциптері мен категориялары

Этнопсихологияның принциптері бастапқы теориялық-әдіснамалық жағдайлары ретінде. Б.Ф. Поршневтің әлеуметтік-этностық принциптерін құрастырудағы үлесі. “БІЗ” және “ОЛАР” принципін қазіргі заманғы ұғыну.

Категориалдық аппаратты анықтаудағы негізгі тұрғылар. Этнопсихологияның категориалдық аппараты ұғымдардың көпдеңгейлі жүйесі ретінде.

Этнос ұғымы этноәлеуметтік организм ретінде (Ю.В. Бромлей, Л.Н. Гумилев, С.А. Арутюнов, Н.Н. Чебоксаров, Т.Г.Стефаненко).

Әлеуметтік-этностық мәдениет ұғымы. Жекелік және ұжымдық мәдениеттің пайда болуының этнопсихологиялық ерекшеліктері.

Ұлттық-этностық ерекшеліктер этностық психологияның негізгі категориясы ретінде. Ұлттық-этностық ерекшеліктердің пайда болу деңгейлері. (В.Г.Крысько).

Тұлға этнопсихологиялық мәселе ретінде

Тұлғаның этнопсихологиялық мәселелерінің ерекшеліктері. Тұлғаның этнопсихологиялық детерминанты. Тұлға мәдениет контекстінде. Тұлғаның әлеуметтиптік мінез-құлық ұғымы (А.Г.Асмолов). Тұлғаның мінез-құлқы мен іс-әрекетінің этнопсихологиялық мотивациясы.

Әмбебап және этностық тұлғалық бітістер. Тұлғалық бітістердің салыстырмалы-мәдени "еtіс" және "еmіс" зерттеулері.

Норма мен патологияның этнопсихологиялық мәселелері. Конформдылық этностық топтағы тұлға мінез-құлқының реттеушісі ретінде.

Тұлғаның этностық сапаларын психологиялық талдау. Темперамент, қабілет, қажеттіліктер, қызығушылықтар, нұсқаулар, құндылық бағдарлар ұлтық психологияның құрылымдық элементі ретінде.

Ұлттық психология этнопсихологиялық феномен ретінде

Қоғамдық сана құрамындағы ұлттық психология. Іс-әрекет этностық қауымдастықтың ұлттық психологиясының көрінуінің негізгі аумағы ретінде.

Ұлттық мінез ұлттық психологияның анықтаушы құрылымдық элементі ретінде. Ұлттық мінез және психикалық тұрпат.

Ұлттық өзіндік сана, оның негізгі типтері мен функциялары. Ұлттық өзіндік сананың трансформациясы.

Ұлттық сезім. Ұлттық дәстүрлер және әдет-ғұрыптар этностық мінез-құлықтың өңделген моделі ретінде. Менталитет және этностық дүние суреті туралы ұғым.

Этнопсихологиялық зерттеу әдістері

Әлеуметтік-этностық ерекшеліктерді психологиялық өлшеу әдістерінің жіктелуі. Обсервациялық әдістер. Диагностикалық және эксперименттік әдістер. Биографиялық және праксиметриялық әдістер.

Ұлттық әдістер мен этнопсихологиялық зерттеу әдістерін өңдеу.

Этнопсихология дамуының тарихи жолына қысқаша шолу

Этнопсихологияның бастамасы ғылыми білімнің дербес саласы ретінде

Тарих және философиядағы этнопсихологиялық идеялардың дамуы мен өркендеуі. Антикалық кезеңдегі этнопсихологиялық ойлардың дамуы.

М.Монтеське – "географиялық детерминизм теориясының" негізін салушы. К.Гельвеция, Д.Юм, И.Гердер, И.Кант еңбектеріндегі ұлттық мінез-құлықты зерттеу. Фихте және Г.Гегель еңбектеріндегі "ұлттық рух" ұғымы.

Г.Штейнталь және М.Лацарус – жаңа ғылыми пән - этнопсихологияның негізін салушылар. В.Вундтың "ұлттар психологиясы" дамуына қосқан үлесі. Г.Лебонның "Ұлттық рух концепциясы".

Қазіргі шетел этнопсихологиясының дамуы

Американдық этнологиядағы этнопсихологиялық бағыттар. Психологиялық ("Ф.Боасаның тарихи мектебі", "Мәдениет және тұлға") антропология. Р.Бенедикттің этос мәдениеті туралы ілімі. А.Кардинер және оның "негізгі тұлғалық құрылымдар" тұжырымдамасы. Р.Линтонның "Модальды тұлға тұжырымдамасы". Ұлттық мінез-құлықты зерттеудегі мәдени-орталықтаушы және тұлғалық-бағыттаушы тұрғылар.

Психоаналитикалық антропология. Психологиялық антропологияның қалыптасуы (Ф.Хсю). Кросс-мәдени психология және психологиялық антропология – американдық этнопсихологияның қазіргі негізгі бағыттары. (Д.Уайтинг, Т.Шварц, Д.Бери, Р.Дасен). АҚШ-та жаңа этнопсихологиялық орталықтардың пайда болуы.

Ресейде этнопсихологиялық ойлардың дамуы

Н.И.Надеждинаның жаңа ғылыми бағыттың қалыптасуындағы рөлі. Орыс революциялық демократтарының ұлттық мінез-құлық және орыс халқының руханилығы туралы. Этнопсихологиялық ойлардың дамуына славянофилдердің қосқан үлесі. Н.Я.Данилевскийдің мәдени-тарихи типі туралы. В.С.Соловьевтың тұлғаның қалыптасуындағы ұлттық доминанты туралы. Н.А.Бердяевтің "орыс жанының құпиясы" туралы. Ресейдегі әлеуметтік-этностық идеялардың дамуы. А.А. Потебня, Д.И. Овсянико-Куликовский, В.М. Бехтерев және т.б. еңбектеріндегі этнопсихологиялық мәселелер. А.М. Горькийдің “орыс жанының” қарама-қайшылығы жөнінде. Г.Г. Шпеттің қазіргі заманғы этнопсихологияның дамуындағы рөлі. Л.С. Выготскийдің тарихи-мәдени теориясының маңызы.

Қазіргі заманғы ресейлік этнопсихологияның құрылымы мен дамуы білімнің пәнаралық саласы ретінде.

Қазақстандағы этнопсихологиялық идеялардың қалыптасуы мен дамуы

“Гильгамеш жөнінде аңыз-әнгіме”, “Авеста” этнопсихологиялық білімдердің алғашқы ескерткіштері. Әбу-Насыр әл-Фарабидің этнопсихологиялық ерекшеліктері туралы. М.Қашқари, М.Х.Дулати, Қ.Жалайырдың этнопсихологиялық көзқарастары. Ш. Уәлихановтың қазақ этнопсихологиясы дамуына қосқан үлесі. Абай Құнанбаевтың қара сөздерінің этнопсихологиялық мағынасы. XX ғасырдың басындағы ойшылдар мен қайраткерлердің шығармаларындағы ұлттық психология мәселелері. (Ж.Аймауытов, А.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев және т.б.). Т.Т.Тәжібаев, М.М.Мұқанов, Н.Жандильдин, Қ.Б.Жарықбаев еңбектерінің мәні және олардың ұлттық психология аумағындағы ғылыми зерттеулердің дамуын белсендірудегі рөлі. Егеменді, тәуелсіз Қазақстан Республикасындағы қазіргі заманғы этнопсихология ғылымының негізгі мәселелері.