Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД этнопс КПХ 401.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
688.64 Кб
Скачать

Пәннің мазмұны

Кіріспе

Қазіргі қазақстандық қоғам екінші онжылдық өзінің тарихында өзгерісті кезеңді басынан кешіріп отыр. Қоғамның тіршілік әрекетінің сфералары, сонымен бірге этнопсихологияның парадигмалары да өзгерістерге ұшырап отыр. Өтіп жатқан процестер әлемдік бірлестік дамуындағы глоболизация мен интеграцияға бағытталған. Қазіргі этнопсихология мәселелері жыл сайын әртүрлі этностық бірліктегі және әлеуметтік жағдайы мен білімі әртүрлі адамдардың қызығушылығын тудырып, қоғамда өзіне аса көп назар аудартады.

Осы фактілер ескеріле отырып жоғарғы кәсіби білімнің мемлекеттік жалпыбілімдік стандартта қарастырылған басқа да жоғарғы оқу орнындағы пәндер арасында орын алуға лайықты жаңа ғылым бағыты қалыптасты.

Бүгінгі этнопсихология жалпы, әлеуметтік психология, философия, әлеуметтану, этнология және мәдениеттану ғылымдарының түйіскен жерінде дамыған пәнаралық сала болып табылады.

Этнопсихологияның объектісі этностық бірлік, сонымен бірге қоғамдық сананың бір формасы ретіндегі қоғамдық психологияны зерттеу болып табылады. Қоғамдық психология психикалық процестер, психикалық қасиеттер және психикалық күйлерді анықтайтын этностық бірліктің реттелген жиынтығын көрсетеді.

Этнопсихологияның зерттеу әдістері: этнопсихологиялық және психологиялық әдебиеттерді талдау; тұлғаның жекелік-этностық бітістерін зерттеуге бағытталған әдістер; халықтар өмір бейнесі мен мәдениеттерінің объективті элементтерін зерттеуге бағытталған әдістер; ұжымдық мінез-құлық пен қарым-қатынасын зерттеуге бағытталған әдістер.

Этнопсихология ғылым ретінде "ұзақ өткен тарихы мен өте қысқа тарихы бар". Ол өзінің даму жолын ежелгі өркениеттегі жазу ескерткіштерінен, антикалық ойшылдардың пікірлерінен, ХVІІ, ХVІІ, ХІХ ғ. басындағы ағартушылардың географиялық детерминизм теориясы, ұлттық мінез-құлықты зерттеуден бастады.

ХІХ ғ. екінші жартысында этнопсихологиялық ойлардың дамуында ұлттық этнопсихология мәселелерінің тарихы мен әдіснамасының жаңа өңделуіне байланысты жаңа өзгерісті кезең басталды. Осы кезеңнен бастап, этнопсихология өзінің объектісін, зерттеу пәнін, міндеттерін, әдіснамасын анықтайтын дербес ғылыми пән статусын алды.

ХІХ ғасырдың 90 жылдары этнопсихологияда сол заманғы шетел этнопсихологиясының негізіндегі "Боасаның тарихи мектебі" және "Мәдениет және тұлға" жаңа бағыттары қалыптасты.

Қазіргі уақыттағы шетел этнопсихологиясы - дербес ғылым, ол үш тармақтың дамуымен детерминацияланған – психологиялық антропология, кросс-мәдени психология және этносаралық қатынас психологиясы.

Ресей этнопсихологиясы өзінің дамуын 1848 ж. "психикалық этнографияның" құрылуынан бастайды. Оның дамуындағы өзгерісті кезеңі соңғы славиянофильдер мен орыс философтарының зерттеулері болып табылады. Этнопсихология дамуының кеңестік кезеңі "типтік ұжымдық әсерлену" мен мәдени-тарихи теориялық түсініктерімен анықталады.

Қазіргі кездегі даму кезеңінде "қоғамда ұлттық мәселелерге қызығушылықтар туған кезде", ресейлік этнопсихология – алдына міндет қойған бірден бір ғылым болып табылады. Қазіргі уақытта Ресейде күрделі этносаралық қатынастар өзінің дамуын "Этносаралық қатынастар психологиясынан" алады.

Қазақ этнопсихологиясының ғылым ретінде дамуы алғашқы қазақ ғалымдары мен ағартушыларының есімімен байланысты. Ұлттық психология мәселелері ХХ ғасырдың басындағы қазақ ойшылдары мен қайраткерлерінің шығармаларында қарастырылған. Қазіргі кездегі қазақ этнопсихологиясының дамуы ұлттық психология, этнопсихология дамуының тарихи-этностық аспектілерінің зерттеуімен байланысты.

Бұл типтік бағдарлама мазмұнының негізгі жетістігі жаңашылдығы болып табылады. Қоғамның саяси өміріндегі этнопсихологиялық идеялардың рөлі мен мәнін, нарықтық қатынастың даму кезіндегі этнопсихологиялық мәселелер мен экономикалық қалыптасуын зерттеудің қазіргі тұрғылары болып табылады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ