Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД этнопс КПХ 401.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
688.64 Кб
Скачать

Этнопсихология

көлемі 2 кредит (90 сағат)

Авторлар:

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент О.Х. Аймағанбетова

психология ғылымдарының кандидаты, доцент С.Қ. Бердібаева

биология ғылымдарының кандидаты, доцент Н.К. Сатыбалдина

Пікір жазғандар:

педагогика және психология ғылымдарының докторы,

профессор Қ.Б. Жарықбаев

психология ғылымдарының докторы, профессор Р.Б. Каримова

АЛҒЫ СӨЗ

Бүгінгі күндері Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы тек демократиялық саяси жүйенің құрылуымен ғана емес, сонымен қатар дамудың жаңа сапалы деңгейіне өтудегі этносаралық қатынастардың трансформациясымен байланысты.

Қазіргі кездегі Қазақстан Республикасы этностық дербестікті іздеудің қарқынды даму сатысын бастан кешіп отыр. Тәуелсіз, егеменді және көпұлтты мемлекетті қазіргі кезде құру этносаралық қатынастардың даму динамикасын, этносаралық өзара қатынасты, этникалық өзіңдік сананың қалыптасу ерекшелікгерін, этностық сәйкестілікті, этностық шиеленіс пен этностық конфликттердің психологиялық табиғатын зерттеуге арналған теориялық және эмпирикалық зерттеулердің пайда болуын ынталандырады.

Осыған байланысты, қазіргі кездегі қоғамның даму сатысында этносаралық қатынастарды құру тәжірибесінде құндылыққа ие этнопсихологиялық негізгі мәселелерді зерттеу ерекше орын алады.

Сондықтан бүгінгі этнопсихология негізіндегі білім әрбір адамға және оның күнделікті өмірі мен іс-әрекетіне қажет. Жоғары білікті психологты даярлау алдында осы психологиялық кешен әрбір жоғары мектеп түлектерінің білім жүйесіне енгізілуі керек.

Берілген “Этнопсихология” курсы ғылым ретінде қазіргі психологияның мәнін ашатын қазіргі заман әдіснамасының, сонымен қатар, отандық және шетелдік психологияның жетістіктеріне негізделеді.

Пәнді оқытудың мақсаты: студенттердің қазіргі өмірдегі этнопсихологиялық білімдерін, осылардың таңдалынған мамандық шеңберінде кәсіби қалыптасу процесіндегі рөлі мен оның мәнін анықтау, этностық ерекшелік пен этносаралық қатынас мәселелерін өзінше, терең зерттеуге қызығушылығын тудыру.

Сонымен қатар, бұл курсты оқу студенттерде гуманистік көзқарас, психологиялық-педагогикалық творчествалық ойлау, коммуникативті хабардарлықтың дамуы арқылы тұлғалық потенциалын өздігінше жетілдіруге басымдылығын қалыптастыруды мақсат етіп қойды.

Пәнді оқытудың міндеттері:

  • басқа ғылымдар жүйесінде этнопсихологияның рөлі мен мәнін көрсету, оның объектісін, пәнін, негізгі түсініктері мен әдіснамалық позициясын анықтау;

  • өте қажетті және терең зерттелмеген білім саласының тарихи даму жолын талдау;

  • қазіргі этнопсихологияның негізгі тұжырымдамаларын зерттеу негізінде студенттердің білімін жүйелеу;

  • жекелік-тұлғалық және топтық деңгейде этностық өзіндік сана мен этностық бірдейлікті зерттеу негізінде этнопсихологиялық мәселелерді теориялық және эмпирикалық зерттеу;

  • этносаралық қабылдау, этносаралық шиеленіс және этносралық келісімді зерттеу негізінде психологияның этнопсихологиялық мәселелерін жаңғырту;

  • студенттердің этнопсихологиялық білімдерді өз кәсіби іс-әрекетінде және этносаралық қарым-қатынас пен өзара әрекеттестік тәжірибесінде сәтті пайдалануға ынталандыру.

Берілген пәннің алдында оқытылатын пәндер тізімі: философия, әлеуметтану, мәдениеттану, конфликтология, жалпы және әлеуметтік психология, психология тарихы, Қазақстан тарихы.

Іргелес пәндер тізімі: қазақ этнопсихологиясы, этнология, этнопедагогика, қазіргі психологияның әлеуметтік-этностық мәселелері.

Негізгі біліктіліктер (білім, ептілік, дағдылар):

  • қазіргі заманғы этнопсихологияның теориялық-әдіснамалық аппаратын білу;

  • қазіргі заманғы этнопсихологияның мәселелерін анықтаудың негізгі тұрғыларын білу;

  • қазіргі заманғы этносаралық қатынастардың даму ерекшеліктерін білу;

  • тұлғалық деңгейде және толық этностық бірлікте халықтардың ұлттық психологиясы мен психологиялық мінезінде көрінетін психологиялық ерекшеліктерін салыстырмалы зерттей білу;

  • этносаралық қатынастардың кемелденуі мен этносаралық өзара әрекеттің күшеюіне практикалық ұсыныстарды құру дағдысын игеру;

  • этносаралық қатынастардың болашақтағы дамуын болжай алу және мониторинг дағдыларын игеру.

Оқу жұмыстарының негізгі түрлері — дәрістер, практикалық (семинарлық) сабақтар, оқытушымен бірігіп жасайтын студенттің өзіндік жұмысы, студенттерге ұсынылған өдебиеттер және дәріс материалдары бойынша творчестволық жұмыстары, сонымен қатар, кредиттік жүйеде қарастырылған қазіргі білім технологиясының әртүрлері әдістері (презентация, кейс-стади дискуссия, дөңгелек стол, эссе және т.б.).