Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД этнопс КПХ 401.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
688.64 Кб
Скачать

Тақырыбы: Этносаралық конфликттердің психологиясы.

Мақсаты: Этносаралық шиеленіс психологиясы туралы білім беру.

Жоспар:

Этносаралық шиеленіс психологиясы (Г.У. Солдатова).

Этносаралық шиеленістің фазалары.

Этносаралық конфликттің анықтамасы мен классификациясы.

Топаралық конфликттің әлеуметтік-этностық теориялары.

Этносаралық конфликттердің психологиялық табиғаты.

Ғылыми әдебиеттерде шиеленіс деген ұғымға бірқатар анықтамалар берілген (олардың қазіргі саны 50 – ге жуық ). Осы анықтамалардың бәрінде дерлік шиеленіс ұғымы әлеуметтік қайшылықтар арқылы түсіндіріледі.

Мәселен, Е. М. Бабосов деген автордың анықтамасы бойынша әлеуметтік шиеленіс – түрлі әлеуметтік қауымдастықтардың, яғни таптардың, ұлттардың, мемлекеттердің, әлеуметтік топтардың, әлеуметтік институттардың, т.б. арасындағы мүдделерінің, мақсат, даму бағыттарының қарама – қарсылығынан немесе, мәнді айырмашылықтарынан туатын қақтығыс түрі. Әлеуметтік шиеленіс шешілуі қажет әлеуметтік жағдайда қалыптасады. Оның білгілі бір себептері, қозғаушы күштері (таптар, ұлттар, әлеуметтік топтар, жеке адамдар т.б.) болады. Сонымен бірге шиеленіс ұзаққа созылуымен, қайшылықтың өткірлік дәрежесімен, атқаратын қызметімен сипатталады.

Әрине бұл берілген анықтама әлеуметтік шиеленіс ұғымын толық ашып көрсетпегенімен, оның мәнін түсінуге мүмкіндік береді.

Келтірілген анықтамаға сүйене отырып, әлеуметтік шиеленістің қажетті құрылымдық элементтерін қарастырайық.

Шиеленіс болуы үшін оның барлық алғы шарттары пісіп жетілуі қажет. Бұл қоғамдық құбылысты өзара байланыста болатын мәнді элементтер құрайды. Яғни, әлеуметтік шиеленістерді өзара тығыз байланыста болатын элементтерден тұратын күрделі, тұтас процесс ретінде қарастыру қажет.

Шиеленісті құрайтын элементтрге келсек, олар төмендегідей:

1. Шшиеленісті жағдай қарама – қарсы жақтардың арасында болады. Олар кем дегенде екі жақ болуы мүмкін. Бұларды шиеленістің субъектілері деп атайды, оларға жекелеген индивидтер, әлеуметтік топтар, әлеуметтік жіктер, саяси партиялар, т.с.с. жатады.

Сол сияқты шиеленіске оның негізгі субъектілерінен басқа да адамдар араласуы әбден мүмкін. Бұлар – екі жақтан қолдаушылар, арашашылар, ақыл – кеңес берушілер немесе тіпті кінәсіз құрбандар да болуы мүмкін . Шиеленістің субъектілерін бұл аталғандардан айыра білген жөн. Шиеленісті жағдайда субъектілердің әлеуметтік және психологиялық сипаттамалары басты роль атқарады.

Әлеуметтік сипаттамасы деп отырғанымыз, олардың әлеуметтік жағдайлары, қызмет жағдайлары, атқаратын кәсіптері, беделдері т.б.

Құрылымдық немесе макросоциологиялық парадигманың екіншісі-конфликтік парадигма. Мұның өкілдері де қоғамды құрылымдық тұрғыдан қарастыра отырып, оның тұтас жүйе екендігін мойындайды. Құрылымдық принципті мойындай отырып, өз теорияларын қоғамның әртүрлі топтық құрылымына, олардың мүдделерінің әртүрлі болуына және бірі екіншісін пайдалану арқылы пайда табу әрекеттеріне талдау жасауға негіздейді.

Міне, сол топтардың мүдделерінің әртүрлі болуына байланысты конфликтердің болатындығын көрсетіп, ал ол өз тарапынан қоғамдағы әлеуметтік-саяси тұрақсыздық тудырып отыратындығын анықтау мақсаты қойылады. Яғни, олардың пікірінше, әлеуметтік әртүрлі топтардың болуына және олардың мүдделерінің бір-біріне сәйкес келмеуіне байланысты қоғамда әр кезде конфликтік потенциалдық болуы табиғи құбылыс болып есептеледі.

Конфликтік парадигмалар қоғамдағы әлеуметтік топтардың бөліну негізіне және конфликтердің сипатына қарай, марксистік, неомарксистік және беймарксистік конфликтік парадигмаларға бөлінеді.

Марксизм қоғамды тұтас әлеуметтік шындық ретінде қарастырады. Екіншіден, марксизм халықты қоғамды жасаушы және халық қоғамның даму нәтижесі ретінде таниды.

Сондықтан халыққа әлеуметтік қатынас, идеялар жүйесі ықпал етіп отыратын болып есептеледі. Демек, қоғамдағы әртүрлі институттар, әсіресе экономикалық, саяси, құқықтық және діни институттар өзара тәуелділікте болатын тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс дейтін ұстаным басшылыққа алынады.

Үшіншіден, марксизм қоғамның қозғалу, өзгеру даму тарихына диалектикалық көзұарасты қалыптастырады. Яғни, әлеуметтік өзгерістер қоғамдағы бір-біріне қарсы күштердің өзара күрестері негізінде болатындығын көрсетеді. Диалектикалық қозғалыс – ол қарама-қарсылықтардың күресі, қарама-қайшылықтардың конфликтінің жемісі деп көрсетіледі. Сол қайшылық немесе одан туатын конфликт қоғам дамуының қайнар көзі дейтін пікірді мойындайды марксизм. Әсіресе экономикалық жүйедегі қайшылық және конфликт әлеуметтік өзгерістегі басты фактор болып есептеледі.

Марксистік парадигмада экономикалық конфликт, әсіресе, қоғамның үстем және тәуелді топтарға бөлінуінен, сондай-ақ олардың арасындағы, ең алдымен, экономикалық қайшылықтардан туындайтындығына талдау жасауға басты назар аударылған. Сайып келгенде, марксистік конфликтологиялық парадигмада қоғамның құрылымдық институттарына және оның топтық жіктерге бөліну принциптеріне сүйенеді.

Этносаралық шиеленіс психологиясы (Г.У. Солдатова). Этносаралық шиеленістің фазалары. Этносаралық конфликттің анықтамасы мен классификациясы. Топаралық кон-фликттің әлеуметтік-этностық теория-лары. Этносаралық конфликттердің психологиялық табиғаты

«Мәдениет» атауы латын тілінде алғашында «топырақ өңдеу» дегенді білдірді. Сөйтіп табиғи себептерден туған өзгерістерден өзгеше, адам әрекетінен табиғат объектісінде болатын барлық өзгерістер мәдениет деп түсінілді. Кейінен «мәдениет» сөзі адам жасағанның бәрін білдіретін жинақтаушы атауға айналды. Осы тұрғыда алғанда мәдениет адам жасаған «екінші табиғат», табиғатта жоқ, адамның саналы қызметімен жасалған бүкіл дүние ретінде қарастырылады. Мәдениет дегеніміз – белгілі бір адамдар тобы үшін ортақ мінез-құлық нормалары мен үлгілері, сенімдер мен адамгершілік құндылықтарының жиынтығы.

Әлеуметтік субъектінің құндылықтар жүйесіне олардың алуан түрі енуі мүмкін.

1. Өмірдің мәні (қайырымдылық пен қатігездік, бақыт, мақсат) туралы;

  1. Әмбебап құндылықтар:

а/ күнделікті өмір, денсаулық, жеке қауіпсіздік, әл-ауқат, отбасы, туысқандар, білім, квалификация (біліктілік), құқық тәртібі;

ә/ қоғамдық мойындау (еңбек сүйгіштік, әлеуметтік жай-күй, т.б.);

б/ адамдар арасындағы қатынас (адалдық, риясыздық, айнымастық), қайырымдылық;

в/ демократиялық (сөз, ар-ождан, партиялар бостандығы, ұлттық егемендік, т.б.).

  1. Азаматтық: а/ туған жеріне, отбасына қарайлағыштық;

ә/фетишимизмдер (соқыр сенімдер, құдайға сену, мәңгілікке ұмтылу, т.б.).

Құндылық құбылыстарға социологиялық тұрғыдан келу атап айтқанда, оларды әлеуметтік мінез-құлық стандарттары, үлгілері ретінде қарауда. Мұндай құндылықтар себептер элементтері болып қана емес, қайта ережелер, міндеттер, талаптар сипаты бар нормалар, қатынас өлшемдері мазмұнының маңызынан көрінеді. Қазіргі заманғы аксиологияның (құндылықтар теориясының) атасы Герман Лотце құндылық көзін шындықтан емес, қайта адам санасынан іздеуге тұра келеді деп көрсетеді. Құндылықтар дүниесі адам үшін айрықша маңыз алатын бірқатар мазмұнды элементтер ретінде айқындалуы мүмкін. Құндылық субъектінің мақсаттары үшін объектінің сан мен сапа көрсеткіштерінде айқындалатын мәнді қатынасты білдіреді. Шындықтың қандайда бір құбылысы құндылық болып алуы үшін пайдалылық қабілеті бар белгілі бір қасиет болуы тиіс.

Дәстүрлер – ұрпақтан ұрпаққа берілетін және белгілі бір қауымдастыққа, әлеуметтік топта ұзақ уақыт бойы сақталатын әлеуметтік және мәдени мұра элементтері. Дәстүрлер барлық әлеуметтік жүйелерде қызмет атқарады және олардың өмірлік қызметінің қажетті шарты болып табылады. Дәстүрге ұқыпсыз қарау қоғам мен мәдениеттегі сабақтастықты бұзуға, адамзаттың құндылықты жетістіктерін жоғалтуға келтіреді. Ал дәстүр алдында көз жұмып бас ию қоғамдық өмірдегі керітартпалық пен тоқырауды тудырады.

Бұл сипаттамалар бір халықтың, бір ұлттың, алуан түрлі ұлттық-мемлекеттік құрылымдардың, әлеуметтік топтардың және сондайлардың мәдениетіне ғана емес, сондай-ақ бүкіл адамзаттық мәдениетке де қатынасты болып келеді. Алайда мәдениет белгілі бір нақтылы формалардағы алуан түрлі деңгейлерде қоғамдық өзара байланыстарда қызмет етеді. Мәдениет болмысының осы нақты формасын бейнелеу үшін социологияда өзіндік мәдениет ұғымы пайдаланылады. Өзіндік мәдениет – қандай да бір қауымдастықты немесе белгілі бір әлеуметтік топты ажырататын символдар, сенімдер, құндылықтар, нормалар, мінез-құлық үлгілері жиынтығы. Әрбір қауымдастық өзіндік мәдениетін жасайды. Өзіндік мәдениет жалпы адамзаттақ мәдениетті жоққа шығармайды, қайта сонымен бір мезгілде оның өз айырмашылықтары болады. Бұл айырмашылықтар қандай да бір қауымдастықтардың өмірлік қызметінің ерекшеліктерімен байланысты.

Ұлттық, конфессиональдық, кәсіби өзіндік мәдениеттерді, ұйымдардың, әлеуметтік топтасулардың т.б. өзіндік мәдениеттерін бөліп көрсетуге болады. «Ұлттық мәдениет» термині қандай да бір елдегі, мемлекеттегі адам қауымдастығын сипаттайтын символдарды, наным-сенімдерді, құндылықтарды, мінез-құлық нормалары мен үлгілерін анықтау үшін қолданылады.

Лингвистикалық және этникалық жөнінен біртектес мемлекетте бір ұлттық мәдениет болуы мүмкін. Алайда жер шарындағы елдердің көпшілігінде бірнеше алуан түрлі ұлттық мәдениеттер бар. Әдетте бұл ұлттардың көпшілігінің өзіндік мәдениетін және ұлттық азшылдық өзіндік мәдениеттерін көрсетуге болады. Қазақстан мәдениеттердің осыңдай арақатынасының мысалы.

Социология үшін бұл өзіндік мәдениеттер араласа ма, қатар-қатар өмір сүре ме және бір-біріне шыдамдылықпен қатыса ма немесе мәдени жанжалдар орын ала ма дегенді маңызды деп айқындауға болады. Осы мемлекеттің экономикасының жай-күйі, әлеуметтік-саяси ахуалы және күллі әл-ауқаты дұрыс мәдениет саясатына тәуелді.

Конфессионалдық мәдениет өзіндік мәдениеттің басқа бір маңызды формасы болып табылады. Конфессионалдық мәдениет белгілі бір діни тұтастық негізінде жасалынады. Бұл тұтастықта символдар, құндылықтар, идеялар мен мінез-құлық үлгілері ортақтастығы қалыптасады. Тұтасынан христиан, мұсылман, будда мәдениеті туралы айтуға болады.

Кәсіби өзіндік мәдениет қандайда бір кәсіби топқа бөлінген ортақ символдар, құндылықтар, мінез-құлық нормалары мен үлгілері негізінде құралады. Ол қоғамға оның өкілдері алатын жұмыс мазмұнымен, рөлімен тығыз байланысты. Кәсіби білім мен дайындық бәріне ықпал етеді.

Енді мәдениеттен айрықша орын алатын, қоғамның әлеуметтік өмірінде өзіндік үлкен үлесі бар ғылымды қарастырамыз.

7 дәріс.

Тақырыбы: Қазіргі заманғы этнопсихологияның қолданбалы аспектілері.

Мақсаты:

Жоспар: Этнопсихологиялық мәселелер және саясат.

Мемлекеттік тіл және этносаралық қатынас тіл ұғымы, олардың этнопсихологиялық аспектілері.

Экономиканың этнопсихологиялық мәселелері мен реформалары.

Қазіргі заманғы этнопсихология ның демографиялық және экологиялық аспектілері.

Инкультурация – баланың өз халқының мәдениетіне енуі.

Мәдени трансмиссия – бұл «өзін мұрагерлік арқылы» этникалық топтың жаңа мүшелеріне, ең алдымен балаларына өткізу механизмі.

Балалардың әлеуметтенуінің қазіргі салыстырмалы-мәдени зертеулері кең ауқымды тақырыптарды кіргізеді, оларды төрт топқа бөлуге болады:

• әлеуметтену үрдісін, балалардың өз халқының мәдениетін меңгеруінің тәсілдерін, әдістері мен өзіндік амалдарын;

• балаларды тәрбиелеу мен қоғам өмірінің басқа да аспектілерінің өзара байланысын зерттеу;

• әлеуметтенудің мәдениетпен себептелген тікелей нәтижелерін салыстыру (түрлі әлеуми-мәдени орталарда өскен балалардың айырмашылықтары неде, олардың құндылықтары, идеалдары, мінез-құлық стереотиптері қандай);

• әлеуметтенудің алысталған нәтижелерін зерттеу, яғни мәдениетке тән баланы тәрбиелеу әдісі мен ересек адамға тән мінез арасындағы өзара байланысты зерттеу.

Инкультурация терминін мәдениантропологияға М.Херсковиц енгізді. Инкультурацияны аккультурациямен шатастырмау керек. Аккультурация – бұл индивидтің жаға мәдени ортаға ену үрдісі.

Этнопсихологияның зерттеу әдістері: этнопсихологиялық және психологиялық әдебиеттерді талдау; тұлғаның жекелік-этностық бітістерін зерттеуге бағытталған әдістер; халықтар өмір бейнесі мен мәдениеттерінің объективті элементтерін зерттеуге бағытталған әдістер; ұжымдық мінез-құлық пен қарым-қатынасын зерттеуге бағытталған әдістер. Этнопсихология ғылым ретінде "ұзақ өткен тарихы мен өте қысқа тарихы бар". Ол өзінің даму жолын ежелгі өркениеттегі жазу ескерткіштерінен, антикалық ойшылдардың пікірлерінен, ХVІІ, ХVІІ, ХІХ ғ. басындағы ағартушылардың географиялық детерминизм теориясы, ұлттық мінез-құлықты зерттеуден бастады.

ХІХ ғ. екінші жартысында этнопсихологиялық ойлардың дамуында ұлттық этнопсихология мәселелерінің тарихы мен әдіснамасының жаңа өңделуіне байланысты жаңа өзгерісті кезең басталды. Осы кезеңнен бастап, этнопсихология өзінің объектісін, зерттеу пәнін, міндеттерін, әдіснамасын анықтайтын дербес ғылыми пән статусын алды.

ХІХ ғасырдың 90 жылдары этнопсихологияда сол заманғы шетел этнопсихологиясының негізіндегі "Боасаның тарихи мектебі" және "Мәдениет және тұлға" жаңа бағыттары қалыптасты.

Қазіргі уақыттағы шетел этнопсихологиясы - дербес ғылым, ол үш тармақтың дамуымен детерминацияланған – психологиялық антропология, кросс-мәдени психология және этносаралық қатынас психологиясы.

Ресей этнопсихологиясы өзінің дамуын 1848 ж. "психикалық этнографияның" құрылуынан бастайды. Оның дамуындағы өзгерісті кезеңі соңғы славиянофильдер мен орыс философтарының зерттеулері болып табылады. Этнопсихология дамуының кеңестік кезеңі "типтік ұжымдық әсерлену" мен мәдени-тарихи теориялық түсініктерімен анықталады.

Қазіргі кездегі даму кезеңінде "қоғамда ұлттық мәселелерге қызығушылықтар туған кезде", ресейлік этнопсихология – алдына міндет қойған бірден бір ғылым болып табылады. Қазіргі уақытта Ресейде күрделі этносаралық қатынастар өзінің дамуын "Этносаралық қатынастар психологиясынан" алады.

Қазақ этнопсихологиясының ғылым ретінде дамуы алғашқы қазақ ғалымдары мен ағартушыларының есімімен байланысты. Ұлттық психология мәселелері ХХ ғасырдың басындағы қазақ ойшылдары мен қайраткерлерінің шығармаларында қарастырылған. Қазіргі кездегі қазақ этнопсихологиясының дамуы ұлттық психология, этнопсихология дамуының тарихи-этностық аспектілерінің зерттеуімен байланысты.

Этностық сәйкестілік ұғымы этностық сәйкестіліктің құрылу кезеңдерімен тығыз байланысты. Этностық сәйкестіліктің когнитивтік және аффективтік компоненттері оның негізін жасайды. Этностық сәйкестіліктің дамуы мен трансформациясы этнопсихологияның негізгі сұрақтарының бірі.

Этностық сәйкестілікті өлшеу моделі және позитивті және негативті этностық сәйкестіліктер этнопсихологиялық ерекшеліктермен байланысты.

Этностық сәйкестілік көрінуінің деңгейлері бойынша моноэтностық сәйкестілік, этностық гиперсәйкестілік, бөтен этностық топпен моноэтностық сәйкестілік, биэтностық сәйкестілік, космополиттік сәйкестілікті зерттейді. Этномәдени маргиналдылық және этномәдени екіжақтылық ұғымдары бірі бірімен байланысты.

Қазіргі заманғы этнопсихологиядағы этностық таптаурындар таптаурындардың функциялық және психологиялық табиғаты өзара байланысты. Этностық таптаурынның әлеуметтік және психологиялық функциялары негізгі этнопсихологиялық зерттеулерді көрсетеді. Этностық таптаурынның негізгі қасиеттері мен “шынайылық” және “шынайы еместік” түсінігімен, айналық бейне феноменімен байланысты. Автотаптаурындар және гетеротаптаурындар өзара байланысты қалыптасады.

Этностық таптаурындар этносаралық қатынастар мониторингісінің (бағалаудың) формасы болып табылады.