Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД этнопс КПХ 401.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
688.64 Кб
Скачать

Ұлттық психология ұғымы

  • Біріншіден, ұлттық психология қоғамдық (немесе әлеуметтік) психологияны құрайтын элементтердің бірі, оның құрамдас бөлігі болып табылады. Мұны түсіну қиын емес: қоғам түрлі әлеуметтік топтардан құралады. Ал әр әлеуметтік топтың өзіндік психологиялық ерекшеліктері болады. Ұлттақоғамды құрайтын әлеуметтік топтың бірі. Осыдан ұлттық психологияның қоғамның психологиясын айқындайтын құрауыш екендігі туындайды.

  • Екіншіден, ұлттың психология ұлтаралық қатынастар идеологиясымен, ұлттың құндылықтарға қатысымен бірге қоғамдық сананың маңызды құрауышы болып табылады. Қоғамдық сана — қоғамның рухани дамуының барлық жақтарын көрсетеді. Зерттеушілердің көпшілігі ұлттық сананы қоғамдық сананың бір элементі ретінде сипаттайды.

  • Үшіншілен, ұлттық психология — ұлттың негізгі белгілерінің бірі болып табылады.

Ұлттық психология — әлеуметтік психологияның бір бөлігі, оның үрдістері мен заңдылықтарына бағынған құрылымдық элементі. Демек, ұлттың қоғамдық санасы нақты мәнге ие — этнос тарихтың белгілі бір даму кезеңіндегі санасының жеткен деңгейін айқындайды

Ұлттық психология ерекшеліктерінің құрылымдық эелементтеріне ұлттық талғамы жатады. Жалпы психологияда талғам мәселелерінің физиологиялық негіздеріне және пайда болуының принциптеріне аса көңіл аударылады. Бұл жалпы психология пәнініің тұрғысынан қарағанда дұрыс әйткенмен де тек талғам емес, эмоция және сезім, мұқтаждық т.б. ұлттық психологияның элементтері белгілі бір физиологиялық негізде пайда болады. Ұлттық талғам мәселелері жалпы талғам мәселелерінен ерекше бөліп алып қарауға болмайды. Талғам адамдардың бірінші өмірлік қажеттіліктерімен тікелей байланысты. К.Маркс айтқандай өмір сүру үшін ең алдымен ішіп-жеп, тұрғын-үй, киім кешек және т.б. керек. Адамзат өзін қоршаған айналаны талғам арқылы таңу, түсінуі, онтогенетикалық және филогенетикалық мағынадан алғанда үздіксіз болып тұратын процесс. Бұл танымдар оны өзіне қажетті нәрселермен қамтамасыз етумен оның әдістерін ғана дамытып қоймай, рухани дамуға да әсерін тигізеді. Талғам адамға тек физиологиялық қанағат қана әкеліп қоймай, онсыз адам өмір сүре алмайтын көптеген эмоциялық құбылыстарға ұшыратады.

Ұлттық талғам тұрмыстық тұтыну жихаздарың және оларды пайдалану мен әсемдеуден, өнерден, киім киюден т.б. анық байқалады, әрі өзіндік ерекшелік реңі болады. Осы ерекшеліктердің қалыптасуына өзіндік ерекшелік сипат беруде географиялық ортаның маңызын естен шығармаған жөн.

Талғамдар қондырмалық құбылыс және ұлттық психологияның элементі ретінде халықтар өмірінің ерекшеліктеріне байланысты болғандықтан, өмірдің өзгеруіне сәйкес талғам да өзгерістерге ұшырайды. Оны қазіргі ұлттар мен ұлыстар тұрмысыныан, мәдениетінен, киімінен т.б. өмірлік талғамдарынан байқаймыз. Бұл туралы атақты жазушы Шыңғыс Айтматов былай дейді: «Қырғыз әдебиетінде тезек түтінінің, қымыздың және тері тонның иісіне, - «ұлттық ерекшеліктің» осы «міндетті» қасиеттеріне жаттану... біздің маңдайымызға жасалып қоймаған... Бүгінгі таңда бізге бензиннің, машиналардың ,тракторлардың иісі анағұрылым жақын, тұрмыстан шығып, жоғалып жатқан нәрселерге қарағанда, механикамен және қазіргі өмір қарқынымен байланысты нәрселер жақынырақ». Ұлттық, саяси-әлеуметтік өмірдің өзгеруі, өркендеуі тілдің дамуына, оның сапасына да ықпалы күшті. Оны күнделікті өмірден байқау қиын емес. Бір кездегі солақай саясат қазақ тілінің жөн-жосықсыз щұбаолануына әкеп соқты. Егеменді ел жағдайында ғана мемлекеттік терминалогия комиссиясы жіберілген ауытқуларды қалпына келтіруге ұмтылып отыр.

Талғам да қоғам сарынына лайық өзгереді. Мәселен, оның тарихи жүйесін бұзып, көненің көзін жоя берсек, ұлттық талғамның жалғасуы тоқталады. Уақытысында солай болып та келеді. Ұлттық тіліміздің шұбарлануы талғамның жаңа үлгісі емес, қысымға түскен ана тілдің тағдырына немқұрайды қарау, жауапсыздық пен қырсыздық деп түсінген ләзім. Ескімен күресіп жүріп жаңаның тәрбиелік мәнін, имандылық қасиетінің деңгейін естен шығарыппыз. Халқымыз құрметтеп, ғасырлар бойы сақтаған игіліктерді жаңаның тегеурінімен тұншықтырып, салт пен сезе астағанға ұқсаймыз. Көшпелі өмірдің дана салауатының туған халқымыздың үй жихаздарын, ат тұрмандарын білезік, сақина мен жүзіктерді өрнектеу жоғалуға айналды. Оның жөн-жосығын, нәзік сырын білетіндер сирек ұшырасады. Тіпті көшіп жүрсе де, аптаған ыстық далада тоңазытқышты керек етпеген халқымыздың ұлттық асханадағы тағамдары табиғи дәмін бұзбастан дайындау мен сақтау технологиясы қазіргі уақытта да жалғасатын өмір мектебіне айналуы қажет нәрсе.

Айтып кеткеніміздей, әдетғұрыптардың жақсысы да, жаманы да бар екені даусыз. Қазақ халқында өлікті ел бірлесіп, ағайын туысқан жиналып өкінішті бірге бөлісіп жеолеу теріс ғұрып емес. Жерлеу шығынын жақындары ортасынан көтеріп, кейін киімін есекрткіш етіп бірбірден бөлісіп алу қауымшылықтың жақсы белгісі болатын. Осы күннің өзінде кей жерлерде құныққан қулар, өлген кісі жақыны болмаса да, арандары ашылып, барды місе тұтпай, тіпті «жаңа ішік, тон, пальто, костюм, мыңдаған ақша салыңдар сүйегіне» деп, шаруасы шағын отбасына да қиғылық салатынды шығарыпты. Әрине, бұл жағдайда қазақөтың туысқандарына киім беру дағдысы кінәлі емес. Бұл дүние қуалаған кейбір қожамолдалардың арсыздық қылығы. Осындай жанжалдардың ертеректегі көрінісін белгілі жазушы Ә. Нұрпейісов «Қан мен тер» трилогиясында ерекше анық суреттейді. Осы тұста кейбір зерттеушілер әдетғұрыптың штеленісіп, дұрыс ұйымдаспауын «қазақтың өлык жерлеудегі әдетінің оңбағандығы» деп түсінетін көрінеді. Мәселе әдеттің оңбағандығы емес, оның айналдырып өз құлқынына пайдаланбақшы болған топтардың оңбағаандығы екендігін ұғынуымыз керек.

Сонымен ұлттық психологияның құрылымдық елементтеріне әрі оның тығыз байланысты құбылыстарына ықшамды мазмұнда ғана тоқталдық. Аталап көрсетілген құрылымдық елементтер бірбірімен етене байланыста, өзара шарттас болып келеді. Сондықтанда зерттеушілер үшін осындай шым-шытырық процестер жеке дара сипаттауға қиындығын түсіндіретіні рас. Оларды айқын ажырата білу, әрине, көптеген қиыншылық жағдайға тап келтіреді. Ең бастысы ұлттық психологияның ерекшеліктері мен оның құрылымдық елементтерінің әлеуметтік негізі мен табиғаты бір арнадан таралады.

2 дәріс.