Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКД этнопс КПХ 401.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
688.64 Кб
Скачать

Дәріс сабақтарының курсы

1 дәріс.

Тақырып: ЭТНОПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ

Мақсаты: Этнопсихологияның пәні, мақсат-міндеттері және әдіснамасының мазмұнын ұғыну.

Жоспар:

Қазіргі заманғы этно-психологияның негізгі теориялық-әдіснамалық аспектілері.

Тұлға этнопсихологиялық мәселе ретінде.

Тұлғаның этнопсихологиялық мәселелерінің ерекшеліктері.

Тұлғаның этнопсихологиялық детерминанты. Т

ұлға мәдениет контекстінде.

Тұлғаның әлеуметтиптік мінез-құлық ұғымы (А.Г.Асмолов).

Этнопсихология – адамдардың қоғамдық және жеке тәрбиесінен, өмірдегі пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық білімдерінің жүйесі. Халықтық  психологияның теориялық мәселелерін зерттеумен  этнографиямен астарласа дамыған  этнопсихология атты ғылым саласы шұғылданады. Халқымыздың ұлттық психологиясының өзегі имандылық пен адамгершілігінің басты белгісі, оның ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрінісі. Әрине «Тауына қарай аңы, заманына қарай заңы», «Әр елдің салты басқа, иті қара қасқа» дегендей, әлеуметтік өзіндік ерекшеліктері болғандығы белгілі. «...Өз ұлтын сүйген адам өз ұлтының бақыты үшін өз бақытын құрбан қылады»М.Жұмабаев «Дүниеде туған еліңнен артық ел де, жер де жоқ» Ғ.Мүсірепов

  Ұлттық психология ұлтаралық қатынастар идеологиясымен, ұлттың құндылықтарға қатысымен бірге қоғамдық сананың маңызды құрауышы болып табылады. Қоғамдық сана- қоғамның рухани дамуының барлық жақтарын көрсетеді. Зерттеушілердің көпшілігі ұлттық сананы қоғамдық сананың бір элементі ретінде сипаттайды.

Этнопсихологияның құраушы элементтер. Ұлттық психология 4 құрауыштан- ұлттық мінездің нышандарынан, ұлттық мүддені түсінуден, ұлттық өзіндік санадан және ұлттық сезімнен тұ Этнос белгілі бір сыртқы түр-келбеттің ортақ белгілері, сондай-ақ біршама қалыпты мәдениет және тіл белгілері, мінез-құлық, қоғам және басқа ұлттар мен нәсілдерге ұқсайтын адамдар тобының тарихи қалыптасқан бірлестігі, одағы. Этностың сипатын, қатынасын көрсететін және басқа этностардан ажырататын белгілері: тіл, халықтық өнер, әдет-ғұрып, дәстүр, қалыптасқан тәртіп, дағды, яғни ұрпақтан ұрпаққа берілетін мәдениет компоненттері. Бұлар өзіндік ерекшеліктері бар этностық мәдениетті құрайды. Этностың белгісі-мәдени құндылық.

Сонымен этностың негізгі белгілеріне тіл, өнер, әдет-ғұрып, мәдениет,т.б. бірлігі жатады. Әдетте этнос территориялық және экономикалық бірлік негізінде құралады. Қазіргі ұлттар-дамыған капитализмнің жемісі. Ал тайпа, халықтық этностар қазіргі ұлттар қалыптасқанға дейін пайда болған.

Қазіргі заманғы ең негізгі этностық топ – ұлттық топтасу. Ұлт дегеніміз территория бірлігі, тіл бірлігі, мәдениет бірлігінен көрінетін психикалық кейіп бірлігі және экономикалық өмір бірлігі негізінде тарихи қалыптасқан адамдардың тұрақты қауымдастығы. Халықтық этнос құлиеленуші және феодалдық қоғамдарға тән қауымдастық еді. Оның негізгі белгілері территория, тіл және психикалық кейіп болды, бірақ корольдік, князьдік, хандық-сұлтандық сияқты толып жатқан ұсақ феодалдық қауымдастықтардың арасында тұрақтыэкономикалық қарым-қатынас, бірлік болмады, сондықтан бытыраңқы

Рулық - алғашқы адам тектестер тобырынан кейінгі бірінші адамдық әлеуметтік топ (қауымдастық), яғни тас дәуірінде (палеолит дәуірінде) өмір сүрген тобырдан кейінгі әлеуметтік топ. Ру табиғаттың стихиялы күштеріне және жабайы аңдарға қарсы бірлесе күресу мақсаты және шаруашылығы бір туысқан,қандас адамдардың тарихи тобы болып табылады.

Алғашқы руға қатыстылық (мүшелік) анасы тарапынан анықталады(матриархат), кейіннен әкесі тарапынан анықталатын болды (патриархат). Бірнеше рулардың одақтасуынан тайпалар құрылды.Бұл екеуі де тіл, территория және әдет-ғұрып бірлігіне негізделді.

Ру мен тайпа алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік топтар болып саналады. Бұл топтар қоғам дамуында үлкен рөл атқарады, өйткені адамзаттың материалдық және рухани мәдениеттік бастамасын салды.

Өндірістің дамуына байланысты жеке меншікке негізделген таптық қоғам және мемлекеттік бірлестік шыққаннан кейін туысқандық,қандастық байланыс біртіндеп ыдырап,адамдардың тарихи топтасуының жаңа түрі – халықтық топтасу пайда болды.

Халықтық топтасу құл иеленушілік және феодалдық қоғамдық формацияларға тән тарихи-әлеуметтік жиынтық болып табылады. Бұл әлеуметтік топтасу бірнеше туысқан тайпалардың территория, тіл және мәдени өмір бірлігінің негізінде қалыптасты. Бұл топтасудың шаруашылық негізі көбінесе егіншілік пен мал өсіруге негізделген натуралдық шаруашылық болды. Бұл кезде бір ел, бір мемлекет көлемінеде берік экономикалық бірлік болмағаннан,халықтық бірлік те айтақлықтай берік, тұрақты жиынтық бола ала алмады. Экономикалық және саяси жағынан бытыранқылық басым болды.

Капитализмнің тууына және бдамуына байланысты әлеуметтік топтың жаңа түрі – ұлттық топтасу пайда болды.Капитализм тұсында біртұтас рыноктың құралуына байланысты бұрынғы феодалдық бытыранқылық жойылып, бірнеше халықтар бір ұлттоық топқа бірікті. Ұлттақ қоғам дамуының буржуазиялық дәуірінің қажетті жемісі және қажеттік формасы (Ленин).

Ұлтқа тән мәнді белгілер :территория бірлігі, тіл бірлігі, мәдениет бірлігі және федализм тұсындағы бытыранқылықтың салдарынан болмай келген экономикалық өмір бірлігі. Демек, ұлттың құралуында экономикалық өмір бірлігі шешуші рөл атқарды.

Ұлтты нәсілдік топппен шатастырмау қажет.Нәсілдік айырмашылық түсіне, бет-пішініне т.б. сыртқы белгісіне қарай айырылатын топ – ақ, қара және сары нәсілдері бар.

Капитализм тұсында енді ұлт мәселесі (езілген ұлттардың азаттыққа, бостандыққа жету үшін күресу мәселесі т.б.) туды. Капитализм тұсында ұлттық қатынстардың дамуында бір-біріне қарама-қарсы екі тенденция туды:біріншісі – капитализмнің өрлеу дәуірінде ұлттық мемлекеттердің құрылуына байланысты тенденция. Екіншісі – империализм дәуірінде түрлі ұлттардың өзара байланысының дамуы салдарынан ұлттық шекараның жойылып, біртұтас экономиканың құрылу тенденциясы.

Өзінің ұлтқа жатқызылуын сезіну «Мен бейнесінің» бір бөлігі болып табылады. Сондықтан оның дамуы туралы сұрақтар өзіндік сананың «мен тұжырымдамасының» бірдейліктің дамуының жалпы контекстінде қарастырылуы мүмкін. Этникалық бірдейліктің дамуын өзіндік сананың жалпы тұжырымдамасынан бөлек ажыратып қарастыру мүмкін емес. Отандық психологияда осы туралы зерттеулерге бірнеше еңбектер арналған :

  1. Әртүрлі жас кезеңдерінде этникалық өзіндік сананың дамуының ерекшеліктерін талдау.

  1. Этникалық өзіндік сананың құрылуына әлеуметтік фактілердің әсері.

Л.С. Рубинштейн сананың индивидуады онтогенезін қарастыра отырып, сана өзіндік санадан туындамайды, керісінше жеке субъект ретіндегі тұлға санасының дамуы кезінде өзіндік сана қалыптасады, деп айтты. Бұл жерден этникалық өзіндік сана этникалық санадан туындайды деген ой қорытындысын шығаруға болады. Этникалық өзіндік сананың феномені материалдық, әлеуметтік және рухани мәдениеттің этноспецификалық бөліну үрдісімен байланысты. Этникалық өзіндік сананың маңызды элементтерінің бірі – ұлттық сезім болып табылады. Ұлттық сезім өзінің халқына деген, басқа халықтың құндылықтарына деген эмоционалдық қатынасы және сырқы құбылыстар мен оқиғаларға эмоционалдық реакцияларды көрсетеді.

Г. Шпет әлеуметтік топ мүшелерінің этникалық өзіндік санасынының қалыптасуын адамның мәдени құндылықтарға деген жағымды эмоциялық қатынасы арқылы түсіндіреді. Этникалық өзіндік сананың көпжақты, көпдеңгейлі құрылымы бар және ол мынадай компоненттерден тұрады. Этникалық бірдейлік, этноконсолидациялаушы және этнодифференсациялаушы белгілер туралы түсінік, оны қабылдау және өзіне деген қатынас, этникалық таптауырындар, теріс пікірлер, нұсқаулар.

А.О. Бромлейдің айтуынша, этникалық өзіндік сана құрылымын екі түрде қарастыруға болады: біріншісі – өзіндік анықталумен байланысты көзқарастар мен идеялар, екіншісі – адамгершілікті психологиялық бағалау. «Туған жер» ұғымына кіретін, ұлттық құндылықтар жиынтығын саналаумен байланысты. Этникалық өзіндік сана индивидтің этникалық бірдейлігіндегі басты фактор болып табылады.

В.Ю. Хотинец жүргізген эксперименттік зерттеу нәтижесінде этникалық өзіндік сана бұл өзінің пайда болуында екі деңгейден өтетін тұтас құрылым екені анықталды:

1. Типологиялық – мұнда қоғамдастықтың этникалық ерекшеліктері туралы түсініктер қалыптасады.

2. Өзінің этникалық қауымдастығының психологияляқ ерекшеліктерін саналау.

3. Өз этникалық қауымдастығымен тең екенін саналау.

4. Өзіндік этнопсихологиялық ерекшеліктерін саналау.

5. Өз-өзін этникалық қауымдастығының субъектісі ретінде сезіну.

6. Этникалық әлеуметтік адамгершілікті өзіндік бағалау.

Қазіргі уақытқа дейін этникалық өзіндік сана ұлттық ұқсастандырудан бастап оны ұлттық сана ретінде түсіндіруге дейін әртүрлі құбылыстармен түсіндіріліп келеді. Көп уақыт бойы Кеңес әдебиеттерінде этникалық өзіндік сананы тар мағынада зерттеліп келген, яғни этникалық өзіндік сана мәселесіне назар аударған көптеген этнографтар, әлеуметтанушылар және психологтар оның мәнін индивидтің өзінің нақты бір ұлттық қауымдастыққа тиістілігін саналы түрде сезіну деп түсіндіруге тырысты.

Академик Ю.Б. Бромлейдің пікірі бойынша, этникалық өзіндік сана деп өзі туралы ұлттық ойлардың жиынтығы, оның басқа ұлт өкілдеріне қатынасты саналы түрде түсінген мүдделері, құндылық бағдарлары және нұсқаулары түсініледі.

Л.М. Дробижеваның пікірінше этникалық өзіндік сана құрамына мыналар кіреді: этникалық автотаптауырындар, территория, мәдениет, тіл, тарихи жолы жөніндегі ойларда өзінің халқының мәдени және тарихи құндылықтарына қатынасы ретіндегі эмоциялық компонент және ең бастысы адамдардың іс-әрекетін ынталандыратын ұлттық мүдделер. Этникалық өзіндік сананы күрделі рухани құрылым ретінде басқа да көптеген авторлар қарастырған болатын. Мысалы А.К.Қалмырзаевтың анықтауынша, этникалық өзіндік сана – бұл халықтың өзінің этникалық бірлігін өзінің ұлттық тіліне, ұлттық мәдениетіне саналы түрде сезінуге, қаһарман тарихына мақтаныш сезім, халықтың тарихи естілігі. Осылайша мамандар арасынан этникалық өзіндік сананы өзінің құрылымы бойынша күрделі феномен ретінде қарастырылатын, негізінен бірыңғай пікірлер қалыптаса бастады. Сонда да жоғарыда келтірілген және басқа да этникалық өзіндік сананың анықтамаларынан оның құрылымын құрайтын элементтердің барлық жиынтығы қаншалықты екені туралы жеткілікті түрде толық және қайшылықсыз көзқарастар құру әзірге қиындық тудыруда.

Этникалық өзіндік сананың негізгі құрылымдық компоненттерін білу, оның эмпирикалық сипаттамаларын әлеуметтік-психологиялық әдістердің көмегімен зерттеу жағынан маңызды.

Этникалық өзіндік сананың құрылымына ұлттың жалпы өзі туралы түсінігі, ұлттық мүддесі, басқа ұлттармен қатынастағы құндылық бағдарлары мен нұсқаулардың саналануы, басқа ұлттық қауымдастықтар ішіндегі өз орнын саналауға байланысты сезімдер, көзқарастардың қалыптасуы. «Отанды сүю» ұғымын сипаттайтын қоғамдық-саяси құндылықтар, және де этникалық таптауырын, территория, тіл, мәдениет туралы түсінік, жалпы жоғарыда айтылған анықтамалар, ұлттық мақтаныш кіреді.

Ұлттық психология — белгілі бір ұлт өкілдеріне тән, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын мінез-құлық пен психологиялық қарекет ерекшеліктері. Ұлттық психология рухани мәдениетте, сезімдерде, әдет-ғұрыпта, тілде, адамгершілік әдептік салада ұлттық мінездің көптеген психологиялық көріністері мен этностық белгілерін қамтиды. Ұлттық психология — тіпті әр түрлі таптарға жататын адамдардағы мінез-құлықтың орнықты негіздерінің бірі. Алайда қоғамда болып жатқан өзгерістерге тәуелді ол да өзгеріп отырады.