- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі Қазақ гуманитарлық заң университеті экономика, бизнес және әлеуметтік ғылымдар жоғары мектебі
- •5В050300 – Психология
- •Пәннің оқу- әдістемелік кешенінің мазмұны
- •Этнопсихология
- •Авторлар:
- •Пікір жазғандар:
- •Пәннің мазмұны
- •Этнопсихология және оның ғылым жүйесіндегі орны
- •Тұлға этнопсихологиялық мәселе ретінде
- •Ұлттық психология этнопсихологиялық феномен ретінде
- •Этнопсихологиялық зерттеу әдістері
- •Этнопсихология дамуының тарихи жолына қысқаша шолу
- •Қазіргі заманғы этносаралық қатынастардың психологиясы Этносаралық қатынастардың психологиялық детерминанты
- •Этносаралық конфликттердің психологиясы
- •Практикалық (семинарлық) жұмыстардың тақырыптары
- •Курстық жұмыстардың тақырыптары
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •Пән бойынша соөж тапсырмалардың өткізуінің және мазмұнының графигі
- •Пән бойынша сөж тапсырмалардың орындауы және тапсыру графигі
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
- •Білімдер бағалау жалпы шкаласы
- •Студенттерді бағалаудың жалпы критерийлері
- •Апелляция процедурасы
- •Пәннің оқу-әдістемелік картамен қамтамасыз етілуі
- •Оқытуда білім алушының оқу мотивациясына творчестволық тақырыптық жетістігін көтеруге арналған үлестірмелі материал
- •Дәріс сабақтарының курсы
- •Ұлттық психология ұғымы
- •Тақырып: Этнопсихологиялық зерттеу әдістері
- •Тақырыбы: Этносаралық конфликттердің психологиясы.
- •Семинар № 1 Семинар сабағының тақырыбы
- •Этнопсихология пәні, мақсат міндеттері.
- •Семинар № 2 Семинар сабағының тақырыбы
- •Семинар № 3 Семинар сабағының тақырыбы
- •Ұлттық психология этнопсихологиялық феномен ретінде
- •Семинар № 4 Семинар сабағының тақырыбы
- •Этнопсихологиялық зерттеу әдістері
- •Семинар № 5 Семинар сабағының тақырыбы
- •Этнопсихологияның бастамасы ғылыми білімнің дербес саласы ретінде
- •«Этнопсихология» пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •Этнопсихология пәні бойынша реферат тақырыптары
- •Әлеуметтік және психологиялық бағытындағы пәндерді өткізуге арналған әдістемелік нұсқаулық
- •Аудиторияға және аудиториядан тыс жұмыстарға арналған материалдар
- •1.2. Білімді бақылауға арналған материалдар
- •1.3. Дәріс сабақтары бойынша әдістемелік нұсқаулық
- •1.4. Семинар, сөож сабақтары бойынша және сөж тапсырмаларын орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулық
- •Әлеуметтік және психологиялық пәндері қолданатын интерактивті үлгідегі және оқытудың әдістері
- •Әлеуметтік және психологиялық пәндер кафедрасында қолданылатын дәстүрлі әдістерге жалпы шолу
- •Оқытудың инновациялық-техникалық құралдарын қолданылуына шолу
- •Аудиторияға және аудиториядан тыс жұмыстарға арналған материалдар
Оқытуда білім алушының оқу мотивациясына творчестволық тақырыптық жетістігін көтеруге арналған үлестірмелі материал
ГЛОССАРИЙ бойынша студенттерге тақырыпқа байланысты карточкалар таратылады, карточканың бірінші бетінде термин жазулы тұрады, ал студент сол терминге түсініктеме жазады.
Адам – өмірдің жоғары деңгейін жүзеге асыратын тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи іс-әрекет субъектісі.
Акме – тұлғаның дамуының жетілгендігі және іс-әрекет пен шығармашылықта едәуір жоғары жетістіктерге жетумен сипатталатын оның соматикалық, физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік күйі. Бұл күй адамның жасымен байланысты шамамен 30 жастан 50 жас аралығын қамтитыды. Кейбір творчествалық тұлғаларда ол ары қарай да жалғасуы мүмкін. Математика саласында ең жоғарғы жетістіктер 30 жасқа келеді, ал көркем әдебиетте – 50 жастан кейін және т.б. Акме күйінен кейін адамның организмінде инволюциялық процестер пайда болады. Бұл олардың кейбір физиологиялық және психологиялық функцияларының әлсіреуінде, еңбек қабілетінің төмендеуінде және т.б. көрініс табады. Адам жетілуінің жоғарғы шыңы (акме) – оның өмірінің ұзақ уақыт қамтитын кезеңнен тұратын және әрқашан да оның қаншалықты азамат, белгілі бір іс-әрекет саласының маманы ретінде қалыптасуын білдіреді. Сонымен қатар, акме ешқашан тұрақты болып табылмайды, ол аз немесе көп вариативтілікпен, өзгергіштікпен айрықшаланады. Антикалық өмірбаяндарда «акме» деп өмір мен шығармашылықтың жоғарғы нүктесін, ең жақсы кезеңін атаған. Қазіргі заманғы акмеологияны – «гүлдену кезеңі» жөніндегі ғылымды – ең алдымен, әртүрлі мамандықтардағы адамдар қай жаста оған жететіні және осы деңгейде қанша уақыт тұра алатыны қызықтырады. Акме басты проблемасы болып табылатын – ол өмірдің белгілі бір кесіндісі емес, ал кез келген кезеңді гүлдендіре алатын жасампаздың өзінің рухының күйі.
Айырма сезгіштік деп - сезім мүшелерінің тітіркендіргіштердің арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады. Айырма сезгіштікті сипаттау үшін де айыру табалдырығының мөлшерімен пайдаланады. Мәселен, егер алаңанға жүз грамм салмақ салып, оған тағы бір грамм қосса, салмактың артканы білінбейді. Мәселен, жарықты айыратын табалдырыктың күші 1/100-ге тең келеді. Бүл айтылғандарды мынадай фактілермен дәлелдейді. 100 шамдық жарық күшіне тағы бір шамдык жарық қосылса, сонда жарықтың аздап та болса артатындығы байқалады.
Анкета – зерттеудің негізгі міндетімен логикалық түрде байланысты сұрақтар жүйесінен тұратын алғашқы әлеуметтік-психологиялық ақпараттарды алудың әдістемелік құралы. Анкета сұрау арқылы адамдардың үлкен топтарынан ақпарат алуға мүмкндік береді.
Ақыл-ой тестілері – индивидтің ақыл-ой қуатын анықтауға арналған психологиялық диагностика әдісі.
Ақыл-ой әрекеттері – сыртқы амалдарға сүйенуде, сананың ішкі мүмкіншілігімен жүзеге асырылатын таным әрекеті.
Ақыл-ой – адамның танымдық мүмкіндіктерінің жалпыланған сипаттамасы.
Әдіс – көздеген мақсатқа жетудің біріңғайланған тәсілдері, тәртіпке келтірілген қызмет жүйесі. Ғылыми негізделген әдістерді саналы түрде қолдану – жаңа мағлұматтарды алудың маңызды шарты. Тәрбие және оқыту әдістерін жасап, топтастыру – тәлім-тәрбиедегі негізгі міндеттердің бірі. Тәлімдік әдістерге байқау және қателік, жобалау әдісі, рейтинг әдісі, басқару әдісі және т.б. жатады.
Әдіснама (грек.metһodоs – зерттеу жолы, теория және logos – ілім) – 1) ғылыми таным әдісі; 2) ғылымда қолданатын негізгі принциптер. Психология теориясына лайықты танымның ұстанымы, әдісі нысаны мен таным амалдары арқылы психологиялық болмысты өзгеріске түсіру. Зерттеуші психологтың нәтижеге жетуі оның ғылыми құрал-жабдықтармен қарулануымен қатар, түрлі тәсілдерді әдіснама қорынан таңдап алумен байланысты; 3) дүниенің, қоғамның обьективті заңдылықтарымен мен құбылыстарын практика және теория игеруге және өзгертуге бағытталған таным принциптерінің жиынтығы.
Әңгімелесу – 1) сөздік коммуникациялы үрдіске негізделе мағлұмат алатын психологиялық, педагогикалық зерттеу әдісі; 2) оқытудың сұрақ-жауап әдісі, жаңа білімдерді алу үрдісінде немесе бұрын алынған білімдерді қайталау мен бекітуде мұғалім оқушының ақыл-ой іс-әрекетін белсендіру мақсатында қолданылады.
Бағдар – субъектінің дайын, пейілді болуы; белгілі бір объектінің пайда болатынын күн ілгері білген кезінде пайда болады және осы объектіге қатысты іс-әрекеттің орнықты мақсаткерлік сипатта өтуін қамтамасыз етеді.
Бақылау – кішкентай баламен жұмыс жасауда таптырмайтын әдіс. Баланың мінез-құлқының барлық ерекшеліктері қызықтырған кезде, тұтастай бақылау болады, бірақ көбінесе бақылау таңдаулы болады. Бақылау- күрделі әдіс, оны қолдануға бірнеше талаптар бар. Бір нақты қойылған мақсат және бақылаудың схемасы (бақылаушы ол нені көріп нені тіркеу керек екенін біледі және байқаған құбылысын тез суреттейді), объективтілік (фактілердің өзі әрекетте суреттеледі, фраза немесе баланың эмоционалды реакциясы), бақылаудың жүйелілігі (эпизодтық бақылауда балаға тән сипаттамаларды ғана емес, кездейсоқтық мезеттерді де көрсетуге болады); баланың табиғи мінез-құлқын бақылау (бала оны ересек адам бақылап отырғанын білмеуі керек);
Валидтілік – әдістеменің соны өлшеу үшін жасалған құбылысты өлшеуге жарамдылығы және тәжірибелік пайдалылығы жөніндегі мәліметтерді қамтитын зерттеу әдісінің кешенді сипаттамасы. Барлық өлшеу процедураcының валидтілігі алынған нәтижелер өлшенетін объектілер қасиетіне қатысты біржақты (орнықты) болып табылады, яғни өлшеу пәніне қатысты болады. Валидтілік статистикалық аппараттан тәуелді емес, дифференциалды психологияның теориялық аппаратының даму деңгейімен байланысты. Валидтіліктің сенімділіктен айырмашылығы – өлшеудің «объектісі» мен «пәні» ұғымдарын айырумен байланысты түсіну керек.
Еңбексүйгіштік – жеке адамнын еңбек әрекеті процесіне жағымды қатынасынан көрінетін мінез бітісі.
Жастық шақ – жасөспірімдік кезеңнен ересектік шаққа өту аралығындағы адамның даму кезеңі, осы кезде өзіндік сананың дами түсуі мен кәсіби мамандық алуға дайындық мәселесі елеулі орын алады.
Жеке адамдық бітістер – түрлі жайттарда кдйталанып отыратын индивид мінез-кұлқының бітістері.
Жетістік тестілері – зерттелінушінің нақтылы білімдері мен икемділіктерді, дағдыларды игеру деңгейін анықтайтын психологиялық диагностика әдістерінің бірі.
Жеке адамдық тестілер – индивидтің жеке тұлғасының қалыптасу деңгейін өлшейтін психодиагностикаіық әдіс.
Жоғары жүйке әрекетінің типі – адам мен жануарлар мінез-құлқының жеке-дара ерекшеліктерін, физиологиялық негіздерін құрайтын жүйке жүйесі қасиеттерінің жиынтығы.
Икемділік – білім мен дағдыларды стихиялы түрде пайдаланудың алғашқы көрінісі, қандай нәрсені болмасын орындай алу кабілеті.
Индивид – (лат. Individuum – бөлінбейтін) – жекелей табиғи тіршілік иесі. Индивид дербес өмір сүретін ағза (бөлек, жеке тірі ағза). Тұлғаның биологиялық сипатын түсіндіретін ұғым. Биологиялық, физикалық, әлеуметтік, психологиялық т.б. қасиеттер жиынтығы бар дараланған адам. Индивид – 1) жеке табиғи мақұлық ретіндегі адам, Homo sapiens өкілі, филогенетикалық және онтогенетикалық дамудың өнімі; 2)адамзат қауымының жеке өкілі; ол тек қана биологиялық ғана емес, сонымен қатар құралдар мен белгілерді белсенді пайдаланып, соның негізінде өз мінез-құлқы мен психикалық функцияларын меңгеретін әлеуметтік пенде. Кеңестік психологияда адам психологиясын талдауда «индивид», «тұлға», «іс-әрекет субъектісі», «жеке-даралық» ұғымдарын бөліп қарастыру қалыптасқан (Б.Г.Ананъев, А.Н.Леонтьев, А.Г. Асмолов). Тұлға ұйымдасуында және оның мінез-құлқын реттеуде индивидтік қасиеттердің маңызы зор. Индивидтің едәуір жалпылама сипаттамалары: психофизиологиялық ұйымдасудың тұтастылығы; қоршаған дүниемен өзара әрекеттестіктегі тұрақтылық, белсенділік; тұтастылық белгісі индивид өмірлік қатынастарды жүзеге асыратын алуан түрлі функциялар мен механизмдердің арасындағы жүйелі байланыстарды көрсетеді. Тұрақтылық индивидтің ақаиқат дүниеге деген негізгі қатынастарының сақтылуын білдіреді. Мұның өзінде индивид икемділігі де жақсы байқалады. Индивид белсенділігі оның өзін өзгертуге қабілеттілігін қамтамасыз ете отырып, жағдаятқа тәуелділік пен оның тікелей әсерлерін еңсеруді диалектикалық тұрғыда ұштастырады және қоршаған дүниеден келген әсерлерге жауап беруінен көрініс табады.
Интеллект (парасат, зият), (лат. Intellektus – ақыл, парасат, ес) – индивидтің ақыл-ой қабілеттерінің біршама орнықты құрылымы. Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, қазіргі кезде оған барлық танымдық процестер кіреді. Интеллект адамның болмысты тануының негізгі нысаны. Интеллект ақпаратты мақсатты бағытты қайта өңдеуге, реттеуге оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті. Интеллект функциялары: а) оқуға деген қабілеттілік; б) қоршаған болмыстың заңдылықтарын белсенді меңгеруге қабілеттілік. Бірқатар психологиялық тұжырымдамаларда интеллект ақыл-ой операцияларының жүйесімен теңдестіріледі. Теориялық және практикалық интеллект жеке адамның эмоциялық-ерік ерекшеліктерімен байланысты. Интеллект түрлері: абстрактілі зияты, ересектер зияты, нақты интеллект, кристалданған интеллект, күнделікті интеллект, жануарлардың зияты, жасанды интеллектінің көрсеткіші анықталған коэффицент деңгейіне байланысты.
Креативті тестілері – жеке адамның шығармашылық қабілеттерін зерттеу мен бағалауға арналған әдістеме жиынтығы.
Қабілет – (қабілеттілік, алғырлық, алғырттылық, мүмкіндік). Қабілет деп әр адамның белгілі бір іс-әрекет түріне икемділігін айтады немесе қабілет дегеніміз – мақсатқа бағдарланған, тәлім-тәрбие жұмысына байланысты адамның бір іс-әрекетке ұйымдасқан түрде бейімделуі және оны нәтижелі етіп атқаруы.
Қанағаттану – бұл мотивтің реализациялануы нәтижесінде пайда болатың эмоционалдық күй.
Қызығу – шындықтағы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағыталған жеке тұлға біршама тұрақты жеке ерекшілігінің бір көрінісі.
Қорғанысқа деген қажеттілік – физиологиалық қажеттілікті қанағаттандырғаннан кейін ең нгізгі орында қорғанысқа деген қажеттілк тұрады. Қорғанысқа деген қажеттілік – бұл қорқыныш, мазасыздықтын болмауы; бұл тұрақтылық пен қорғанысқа деген қажеттілік. Қорғанысқа деген қажеттіліктін белсендендірілуі, нақты бір этапта доминантты болуы мынаны білдіреді, яғни нақ осы қажеттіліктің қанағаттануынан адамның барлық жүріс-тұрысы тәуелді.
Лидер – басшы, жетекші. Топта, ұжымда, әдетте жетекші міндетін атқаратын бір адам. Әлеуметтік психологияда мұндай адамды “лидер” деп атайды.
Мазасыздану, үрейлену – тосыннан болатын кауіпті жағдайларда пайда болып, уақиғалардың колайсыз өріс алуынан көрінетін теріс эмоциялық күй.
Махаббатқа деген қажеттілік – қорғанысқа деген қажеттілікті қанағаттандырғаннан кейінгі кезекте махабаттқа деген қажеттілік тұрады. Ол өзіне мыналарды қосады: қарым-қатынасқа ұмытылу, әлеуметтік топқа жату, достық және сүйіспеншілік қатынас және т.б.
Меңгеру – индивидтін қоғамдық-тарихи тәжірибені ұғынуының негізгі жолы.
Мойындауға деген қажеттілік – бұл қажеттілік өзіне ұмытылыс пен тілектерді қосады, ол басқалардың қадірлеуіне деген қажеттілікпен байланысты. Бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру тұлғаның өз-өзіне деген сенімін арттырады. Ал, бұл қажеттіліктін қанағаттанбауы әлсіздік, қорғансыздық сезімін туғызады.
Мотивация – бұл адамның жүріс-тұрысын физиологиялық және психологиялық басқаратың, бағыттайтың, ұйымдастыратың, белсендендіретің, тұрақтандыратың динамикалық процесс.
Мінез – адамның негізгі өмірлік беталысын әр қырынан көрсететін, тұлғалық қасиеттерінің бірсыдырғы тұрақты және тұрлаулы ерекшелігі.
Намыс, ар – әлеуметтік-адамгершіліктік құндылық ретінде адамның өзін-өзі сыйлау түрі.
Ой-қорытындысы – бірнеше пікірлерден жаңа бір пікір шығарудан көрінетін ойлау формаларының жоғары түрі.
Ойлау – заттар мен құбылыстардың, олардың байланыстары мен қатынастарының адам санасында жалпылай бейнеленуі.
Өзіндік жетілдіруге деген қажеттілік – бұл адамның жеке даралыққа деген ұмытылысын білдіреді. Афористикалық формада бұл қажеттілікті былай суреттеуге болат: адам өз табиғатына сай болу қажет. Сондықтан да, өзіндік жетілдіру әр адамда әртүрлі жүреді. Бір адам идеальді ата-ана болғысы келсе, екінші адам спортта жоғары жетістіктерге жеткісі келеді, үшіншісі ғылым жағында өзін жетілдіргісі келеді және т.б. Жалпы тенденция мынада өзіндік жетілдіруге ұмытылу, төмендегі қажеттіліктердің қанағаттануымнан кейін жүреді.
Өзінің кәсібін анықтау – тұлғаның өз еркімен, ынтасы ауған еңбек іс-әрекетінің аумағын таңдауы. Әлеуметтік анықталу бөлімі.
Парадигма – (грек. Paradigma – үлгі) – 1) берілген білімдер саласындағы белгілі бір тарихи кезеңдегі ғалымдардың зерттеу практикасы соларға қарап ұйымдастырылатын негізгі ғылыми жетістіктер (теориялар, әдістер) жүйесі. Ұғымды енгізген америкалық тарихшы Т.Кун ғылыми пәннің дамуында препарадигмалық кезең (парадигма белгіленер аддындағы кезең) парадигмалық үстемдігі кезеңі, дағдарыс және ғылыми революция кезеңі (парадигмалардың алмасуы, бірінен екіншісіне өту) болады деп пайымдады. Парадигма тұжырымдамасы алға қойған проблемалар (ғылыми пән және оның даму кезеңдері туралы танымның субъектісі ретіндегі ғылыми қауымдастық туралы және т.б.) Отандық ғылымда диалектикалық-материалистік әдіснама тұрғысында талдап шешілуге; 2) Шындық болмыстың мәндік сипаттарын білдіретін ұғымдар жүйесінде тұлғаланған қатаң ғылыми теория; 3) Белгілі бір тарихи кезең ішінде ғылыми қоғамдастықта үстем болатын зерттеу әдістерінің, проблемалар қою мен оларды шешудің бастама тұжырымдамалық схемасы, моделі.
Рулық - алғашқы адам тектестер тобырынан кейінгі бірінші адамдық әлеуметтік топ (қауымдастық), яғни тас дәуірінде (палеолит дәуірінде) өмір сүрген тобырдан кейінгі әлеуметтік топ.
Саяси мәдениет – өкімет пен азаматтардың өзара қатынастарына байланысты тарихи қалыптасқан саяси нұсқаулар, қазыналар, адамның өзін-өзі ұстауы жөніндегі жарлық, қаулылар жүйесі.
Саясат – мемлекеттік қызметке қатынасу, араласу, оның бағытын белгілеу мемлекеттің формасын, міндетін, мемлекеттің формасын, мазмұнын анықтау.
Сезгіштік дегеніміз - сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді түйсіне алуы. Сезгіштік түйсіктің табалдырығымен тығыз байланысты. Мәселен, абсолюттік сезгіштік түйсіктің абсолюттік табалдырығына тәуелді.
Синестезия – (грек сөзі, қазақша мәнісі "қосарланған түйсік" деген мағынаны білдіреді) тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды.
Сезімдер – адамньщ баска адам-дарға қоршаған құбылыстар мен оқиғаларға белсенді карым-қатынастарын көрсететін жан қуаты.
Сенім – адамның мақсат-мүддесіне, бағыт-бағдарына айналған білім жүйесі, құндылықтарына сәйкес әрекет етуіне түрткі болатын қасиет.
Сенімділік – объектіге қатысты өлшеу процедурасының орнықтылығы. Сенімділік міндетті түрде валидтілікті болжамайды. Психологияда мына жағдай жиі кездеседі: зерттеуші алдымен өлшеу процедурасын ұсынады, оның сенімділігін көрсетеді, ол объектілерді орнықты айыра алатын қабілеттілік, ал валидтілік сұрағы ашық қалады. Мысалы, сыналушы А инструкцияны стимулды объектіні салмағы бойынша салыстыру деп түсінеді, ал сыналушы В өлшемі бойынша деп түсінеді. Егер де өлшеу процедурасы сол объектілерге қатысты қайталанса, онда ол объектілерге қатысты орнықты мәліметтерді береді. Бірақ та, «салмақ» түйсіну шкаласы не «өлшем» шкаласы жайлы валидті мәліметтерді бермейді. Cенімділік қажет, бірақ ол влидтіліктің жеткілікті шарты бола алмайды.
Сұхбат – 1) бағытталған диалог. Психологияда әдетте не ақпарат жинау үшін, не психотерапевттік әсер ету үшін қолданылады. Сұхбаттың еркін және стандартты түрлері бар.
Суггестия (немесе сендіру әдісі) – сөзбен немесе басқа әдістермен көңіл-күй, сыртқы әсер, идея немесе нақты әрекетті жасанды жолмен қосу, ол адамдардың психикасына әсер ету процесі, ол сендіретін мазмұнды қабылдаған кезде сынның және санасыздықтың төмендеуімен байланысты.
Талант – қабілеттер, әсіресс арнайы қабілеттер деңгейінің жоғарғы түрі.
Тану – есте қалудың алғашқы бір көрінісі, бұрын қабылдаған объектімен қайтадан кезіккен кезде туындайтын естің түрі.
Темперамент – индивидтің психикалық қуаттары мен күйлерінің қарқындылығы, жылдамдығы, екпіні, ритмі оның динамикалық ерекшеліктері жағынан керінетін адамнъщ тума касиеттерінен туындайтын жеке қасиеттерінің бірі.
Темірбеков Абдолла (1904-2004) – психолог. Мектеп оқушыларының патриоттық (отаншылдық) сезімдерін қалыптастырудың психологиялық мәселелерін зерттеген автор.
Тәжибаев Төлеген (1910-1964) – психолог. Қазақ ағартушыларының (Шоқан, Ыбырай, Абай) психологиялық көзкарастарын, қазақтың ұлттық психологиясын тұңғыш зерттеуші ғалым.
Тіл – адамның кдрым-кдтынасының ойлау әрекетінің қызметін атқаратын белгілер жүйесі.
Тұлғалық бағыттылық түсінігі – адамның негізгі жүріс-тұрыс жолы мен іс-әрекетін және адамдармен қарым-қатынасын анықтайтын доминантты мотивтер мен қажеттіліктердің жиыны.
Ұлт – үлкен тарихи адамдар қауымдастығы белгілі территорияда әдеби тілмен, ерекше мәдениеттпен, мінез бен психикамен біріккен адамдар қауымы.
Ұлттық сана-сезім – өзінің ұлттық өкілдігін мойындай отырып, ұлтына деген сүйіспеншілік, жанашырлық, халқық мұраларын, мақтанышы бағалай білу.
Халықтық – топтасу құл иеленушілік және феодалдық қоғамдық формацияларға тән тарихи-әлеуметтік жиынтық болып табылады.
Шартты рефлекс – кез келген шартсыз рефлекс тудыратын тітіркенгіштің бірізді әрекетімен бір мезгілде байланысу барысында түзілетін рефлекс.
Шаршау – шаршап-шалдығу күйінің дамуымен бірге жүретін субъективті күйзелістердің жиынтығы.
Іскерлік қарым-қатынас тренингі – кәсіптік іс-әрекет жағдайында тиімді қарым-қатынасты жүзеге асыруға кажетті білім, икемділік пен дағдыларды меңгеруге және нұсқауларды қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік-психологиял ық тренинпің бір түрі.
Эксперимент – балалармен олар әдеттенгендей жағдайда өтуі керек. Констатациялаушы экспериментте бала дамуының ерекшеліктері және деңгейлері анықталады. Бұл баланың тұлғалық дамуына және қоршаған әлемге деген қатынасына және интеллектуалды дамуына қатысты.
Эмоция – адам қоршаған ортаның құбылысына жеке өзінің қатынасын бастан кешіреді немесе әртүрлі күйге адам организмінің субъективті бейнесі
Этникааралық байланыс – нақты бір ұлт өкілдерінің бір-біріне ақпарат алмасу арқылы, мәдени құндылықтарымен таныстыру арқылы өзара әсер етуі.
Этникалық ассимиляция (латынша – еліктеу, ұқсау, ұқсастық) – этникалық процестердің бірігу түрі, халықтардың бірінің өз тілін, мәдениетін, ұлттық өзіндік санасын жоғалтып алуының нәтижесінде басқа халықпен бірігуі, әлеуми-ұлттық ерекшеліктерінің трансформациясы.
Этникалық дискриминация (латынша – айыру) – этникалық ерекшелігіне қарай азаматтардың құқықтарын шектеу.
Физиогномика – адамның сыртқы келбеті, бет пішіні аркылы белгілі бір психологиялықтип-ке жаткызуға болатыны жайлы ілім.
Физиологиялық қажеттілік – ең негізгі, ең күшті қажеттіліктер жүйесі. Бұл қажеттіліктер қанағаттандырылмай бұдан жоғары тұратын қажеттіліктер (әлеуметтік қажеттіліктер) белсендірілмейді. Физиологиялық қажеттіліктерге мыналар жатады: тамақ, су, температураның қалыптылығы, сексуалды қанағаттану және т.б.
Эстетикалық сезімдер – айналадағы заттардың сүлулығын, әдемілігін, әсемдігін қабылдаудан туындайтын жоғары сезімнін бір түрі.
Эмпатия – өзге адамдардың жан дүниесінің қыры мен сырына канықболудың арқасында оған жанашырлық білдіру, оның қуанышы мен сүйінішіне ортақтасу, бұларды ез басында кешіргендей халде болу.
Эдипов комплексі – ерте балалық шақта пайда болатын ұл баланың анасына деген санасыз түрде елігуі мен әкесіне жағымсыз, теріс қатынасын сипаттайтын фрейдизмнің негізгі ұғымдарының бірі.
