- •Дәріс.4 Саясаттың әлеуметтік негіздері.
- •1. Әлеуметтік стратификация және саясат
- •2. Этнос - саясат субъектісі ретінде
- •3. Жеке тұлға және әлеуметтік топтар – саясат субъектілері ретінде
- •Дәріс 5. Қоғамның саяси жүйелері. Қоғамның саяси жүйесі мен оның саясаттанудағы теориялары.
- •Дәріс 6. Саяси тәртіп және оның қр қалыптасуы мен даму қайшылықтары.
- •Дәріс 9. Саяси партиялар, партиялық жүйелер, қоғамдық-саяси қозғалыстар. Саяси партиялар мен партиялық жүйелер
- •Саяси конфликт дамуының динамикасы
- •1. Сыртқы саясат және сыртқы саяси қызмет
- •2. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының қалыптасуы, мақсаттары, міндеттері, стратегиялары, басымдықтарының қағидалары.
- •3. Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі принциптері
Саяси конфликт дамуының динамикасы
Екіншілік шың
Конфликт экскалациясы
Конфликттің өсуінің екінші кезеңі( конфликт үшін жаңа әдістер және күштерді қосу
Конфликттік өзара қатынас
Күш түсудің өсуі
Қарама-қайшылықтың пайда болуы
Конфликттің басылуы
Конфликттің шешілуі
Конфликттің даму этаптары
Саяси жанжалдың даму динамикасы
кон
Сонымен, конфликтологиядағы ең беделді тұжырымдарды қарастыра келіп, конфликт қоғам өмірінде бәрібір де болатын құбылыс екенін көреміз. Мұның себебі неде? Бәрінен бұрын, конфликтінің ортақ себебі адамдардың қоғамдағы тең емес жағдайы, яғни біреулер басқарады, ал екіншілері бағынып міндеттемелерді орындаулары керек. Біреулердің байлығы, билігі, жоғарғы лауазымы, басқалардың бағыныштылығы мен кедейшілігінің көрінісін береді. Бұл жағдай қоғамдағы материалдық игіліктердің - материалдық, рухани, беделді қызметтер, жұмыс орындары т.б. тапшылығымен толықтырылады. Нәтижесінде қоғамдағы күшті бағдарлар үшін, яғни меншік, жоғары табыс және байлық, бедел, билік пен атақ, дискриминация мен құқықтық шектеулер мен қысымшылыққа қарсы күрестің болатыны сөзсіз. Жеке тұлға мен қоғамның құндылықтарының сәйкес келмеуі, социумдағы көптеген адамдардың бағдарлары мен қылмыскерлер және тыныштықты бұзушылардың арасындағы конфликтікен қайшылықтан көрінеді. Конфликтілерге мүдделердің қарама - қарсылығы мен эгоизм да ықпал етеді. Конфликт жалған ақпаратқа байланысты да (толық емес мәлімет, айдап салу, дезинформация, өтірік), адамның психикасының күшті болмауына да байланысты. Яғни қызғаныш, нәсілшілдік, ұлттық көре алмаушылық, діни араздыққа байланысты шектен шыққан эмоцианалдық да адамдардың қарым-қатынасы мен өзара түсінушіліктерін бұзады. Бұларды жинақтай келе конфликтілер негізінде қарсы мүдделердің, мақсаттардың, тілектерінің сәйкес келмей жатырғанын көреміз. Себебі адамдардың қажеттіліктері жоғары және өсуде, ал оларды қанағаттандыру мүмкіндіктері әр уақытта шектеулі.
Қоғам салаларының ішінде, әсіресе саяси сала әр түрлі конфликтілерге толы. Онда көп қырлы үстемдік пен бағыныштылықты көрсететін биліктік қатынастар жүріп жатады.
Егер де, саяси конфликтінің рөлі мен мәні туралы теориялық түрткілерді жоғарыда аталған ғалымдар арқылы қарастырсақ мынандай мәселені алып шығуға болады. Яғни, көп жақты әлеуметтік кеңістікте әрқашанда байланыс пен бәсекеге келетін адамдардың өзара қатынасы өмір сүреді. Саясат әлемі өзіндік қатынастар әлемін көрсетеді, олар жеке тұлғаның таңдау еркіндігіне ықпал етеді, сонымен бірге көңіл толмаушылық пен алаңдаушылыққа да серпін береді. Саясатта ешқандай гармонияға ешқандай кепілдік берілмейді. Саяси кеңістіктегі бәсеке конфликтіті конфликтілер түрлері үстемдік ету қатынасында, биліктік қатынастар мен құрылымдарда болады.
Кесте №17. Конфликттің дамуының кезеңдері
Саяси мемлекеттік билік, оны иелену, биліктік институттардың құрылымы, әлеуметтік топтардың саяси статусы, құндылықтары мен нышандар, мұның бәрі саяси биліктің базасы болып табылады жяне саяси конфликтілердің обьектісі мен пәнін құрайды. Бұл саяси конфликтінің басқа конфликтілерден негізгі ерекшелігі. А..Глухованың айтуы бойынша: «Егер де экономикада ресурстарды бөлудің біршама әділ жолы болса, яғни өндірісті ұлғайту үшін кооперациға келісіп барып, оны сосын бөлсе, ал саясатта бұл көбінесе мүмкін емес. Экономикада барлық заттар айырбасты бағаға ие болса, ал саясатта өзгеше: саяси еркіндік пен саяси тәуелсіздіктің орнын басатын ешқандай әділ эквивалент жоқң. Сондықтан да саяси конфликт биліктік ресурстарды, игіліктерді ұстап қалуға және бөлісуге ұмтылған екі немесе бірнеше жақтың өзара әрекеті болып табылады. Саяси конфликтілердің негізінде әр түрлі факторлар бар. Мәселен, Тимофеева саяси конфликтінің 5 бастауын бөліп береді. Бірінші бастау саясат субьектілерінің статустарының сәйкес келмеуімен, оның рөлдері, қызметтері, мүдде мен қажеттіліктерімен, ресурстардың тапшылығымен сипатталады. Мысалға, билеуші және контрэлита арсындағы конфликт, тұтасымен алғанда биліктік қатынастар жүйесіндегі барлық саяси субьектілердің конфликтісі. Бірақ та, биліктік өкілдікті тең бөлу мүмкін емес. Конфликтінің екінші бастауы адамдардың басты құндылықтары мен саяси идеяларының, тарихи ағымдық оқиғаларды бағалауындағы сәйкессіздіктерге байланысты. Бұл теория бойынша конфликтілер адмның және табиғаттың құрайтын қажеттіліктерінің шектетілуі немесе қанағатталмауына байланысты туындайды. Конфликтілердің үшінші бастауы азаматтардың бірегейлігі процесіне байланысты. Яғни, әр азамат өзінің әлеуметтік, діни, саяси, т.б. саяси жүйедегі орнын тапқысы келеді. Конфликтінің төртінші бастауын Тимофеева саяси коммуникация технологиясында, ең алдымен ақпараттың қателігінде немесе оны арнайы бұрмалаудан көреді. Конфликтінің бесінші қайнар көзі, билік үшін күресетін саяси конфликтідегі субьектілердің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерінде астарланған. Саяси лидерлердің осындай жақтары, яғни шектен шыққан авторитаризм, бақылаусыз эгоизм және т.б. саясаткерлер арасындағы араздықтың себебіне айналып, елдегі жағдайға тұтасымен ықпал етуі мүмкін.
2. Әр түрлі мазмұндағы саяси конфликтілер әлемі біршама дұрысталынған көрініс беруі үшін, оның типологизациясы, яғни саяси конфликтілердің негізгі типтерін бөліп алу қажет. Зерттелетін құбылыстың жүйелі, толық бейнесін жасау үшін бірнеше критерийлер қолданылады. Мұндай критерийлердің бірі саясат аумағында табиғаты жағынан әрқашанда саяси болып табылатын бөлікті бөліп алу. Бұл саяси режим, билікті жаулап алу және оны жүзеге асыру. Осыдан саяси конфликтінің бірінші тобы ретінде ғалымдар мемлекеттік билік жүйесіндегі пайда болатын мемлекеттік-құқықтық конфликтілерді есептейді. Бұл типке конфликтінің мынадай түрлері жатады:
заң шығарушы мен атқарушы билік арасындағы;
мемлекеттік-құқықтық жүйе және оны өзгерткісі келетін саяси оппозиция арасындағы;
мемлекет пен басқа саяси институттар арасындағы;
мемлекет пен жеке тұлға арасындағы.
Бұл конфликтілер институционалданған, көбінесе шынайы немесе бұқаралық болып табылады. Егер де мұндай конфликтілер құқықтық деңгейге өтіп жатса, олар ыдыратпайды, керісінше саяси жүйені күшейтеді.Қазіргі саяси жүйедегі кең тараған конфликтілердің бірі статусты - рөлді конфликтілер болып табылады. Қазіргі қоғамдарға тән әлеуметтік стратификация саяси статуста ерекше көрініс береді. Мұнда белгілі бір әлеуметтік топтардың саяси бағдарлары, саяси жүйедегі оның рөлі тіркеледі. Әлеуметтік топтың немесе жеке тұлғаның саяси статусы өзіне мыналарды қосады: саяси өмірге қатысып оған ықпал еткісі келетін әлеуметтік топтардың, жеке тұлғалардың мүмкіндіктері. Статустық - рөлдік конфликтілер әрқилы. Мұндай конфликті саяси элита мен бұқара халықтың арасындағы, билік пен халық арасындағы, парламенттегі фракциялар арасындағы, халыққа ықпал ету үшін күресетін әр түрлі партиялар арасындағы және т.б. Саяси статустар мен рөлдердің әркелкілігіне орай, қоғамдағы статустық-рөлдік құрылым ықтимал конфликтілі. Егер де статустар мен рөлдер арасындағы алшақтық өте үлкен болса, ықтимал конфликтілер шынайы саяси конфликтілерге жалғасады. Ондай конфликтілер ереже шегіне шығып кетеді. Олар саяси жүйені бұзбайды, қайта оны нығайтады. Келесі конфликтінің кең таралған түрі саяси жүйедегі статусты - рөлдік конфликтітер болып табылады. Саяси дәрежеде әлеуметтік стратификация қазіргі қоғамдағы өзіне тән маңыздылығымен білдіріледі, ол белгілі бір әлеуметтік топтардың саяси жүйедегі бағыты мен рөлін көрсетеді. Әлеуметтік топтар мен жеке тұлғалар саяси дәрежеде мынадай белгілерге ие: иерархиядағы саяси биліктің орны; саяси және адамзат құқығының жиынтығы мен көлемі; шендік саяси қызметтер мен жауапкершіліктің жиынтығы және көлемі; сонымен қатар, әлеуметтік топтардың айқын мүмкіндіктері, элиталардың саяси өмірге араласуы мен оған әсер етуі.Шенді - рөлдік конфликтілер әр алуан. Бұл конфликтілер немесе қақтығыстар саяси элита мен массаның, яғни топтардың арасында болуы мүмкін немесе билік пен халықтың, парламенттегі фракциялардың арасындағы қақтығыстар болуы мүмкін. Сонымен қатар халыққа өз билігін жүргізу мақсатында түрлі партиялардың арасындағы конфликтілер және т.б.
Қоғамдағы саяси дәрежесі мен рөлінің маңыздылығына қарай, шенді-рөлдік құрылым әрқашан да маңызды конфликті болып есептелінеді, егер де осы қоғамда немесе қоғамдық ортада орындалып отырған статустар, рөлдер, біздер күткен сапалы жұмыстардың айырмашылығы, көзқарас әр түрлі болса, онда мұндай маңызды дау - жанжалдың мәселелері үлкен саяси конфликтілерге апарып ұластырады.
Мұндай саяси конфликтілерге әкеліп соқтыратын детерминанттық түйін болып саяси бағыт - бағдарлар мен әркімнің өз қолдауының, жеке тұлғалардың бейімделу құндылықтарының айырмашылығының болуы септігін тигізеді. Мұндай конфликтілер, көбінесе қоғамдағы саяси жүйені реформалау жолдары туралы түрлі ой тұжырымдарды, идеяларының мұрат-мақсаты жоғарғы дәрежеде қарастырылған көзқарастардың қарама - қайшы келетін сол мемлекеттің құрылымы, кейде тіпті дағдарыстан шығудың түрлі жолдары туралы нұсқалардың қарама-қарсы, сан алуан түрлі болуының кесірінен болады. Иерархияда саяси конфликтілердің келесі бір түрі жеке адамның белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығын, сонымен тағдыры бір екедігін сезініп, түсінгенде болады. Осы сияқты қарама-конфликтідың түрі, көбінесе мынадай мемлекеттерде болады: егер адам өзін жаңа мемлекеттің тұрғыны ретінде сезінсе, бұрыңғы қоғамдық, жалпы мемлекеттік теңестіру (біз - совет халқымыз) бұзылса, ал оның орнына жаңа қарама-қарсы, таптық теңестірулер (мысалы, «біз- қазақпыз, «біз- белоруспыз, немесе «біз - кедейміз, «біз - баймыз және т.б.) келсе... ондай теңестірулердің бөлінуі, ең әуелі, адамдарды бұрыннан бері жақындастырып, байланыстырып берік ұстап тұрған құндылықтар мен бағыт-бағдарларын бұзады және де бәрімізге ортақ мақсатымызды немесе жеке бір бөлек топтар мен топтардың әлеуметтік, ұлттық, мүліктік және т.б. ауыз біршілігін бұзады.
Саяси ғылымда дау-жанжалдарды басқа да негіздеріне қарай топтастырады. Аумағы бойынша саяси-әлеуметтік кеңістікте конфликтілер жайылуына, тарауына, кең өріс алуына байланысты ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.
Сонымен қатар саяси конфликтілерді әділдік белгілеріне де қарай ажыратады: негізгі, түп негізгі, ақиқатты себептерге байланысты көтерілген, ал бұлар шынымен де өздерінің көзқарастарының, бағыт - бағдарларының бір болмауынан болып табылады.
Кездейсоқтық шарттар бұлар әлі де, яғни қатысушылар түсінбеген, олар, әдетте, байқаусыздықтан шығады, мысалы мәліметтерді немесе мәселені толықтай білмегендіктен эмоционалдық өзін-өзі ұстай алмаудан.Тіркелген субьектілерге нұсқаулайтын конфликтілер жиі болмаған. Алдамшы және жалған дау-жанжал шығаруға нақты себеп таба алмағандар, яғни олар алдын ала ойластырылған, немесе әдетте біреумен құрастырылған, бос орындай немесе кеңістіктегі деп айтылатындай, конфликтітерді ұйымдастыру болып табылады. Алдамшы дау-жанжалдар жиі жасанды жолмен жандандырылады, олар қоғамдағы топтарды басқаратын адамдармен әрекеттендіріледі, жанжалдасып қалған адамдармен ондай іс-әрекетті жүргізу өте оңай. Сонымен қатар, бұл кезде наразы, дау-жанжалдасып қалған адамдар, өздерінің ішкі және сыртқы жауларын іздестіріп, тиісе бастайды. Қатысушылардың дәрежесіне, атақ шеніне қарай саяси конфликтілер мемлекет аралық және олардың одақтастары, мемлекеттік, аймақтық, жергіліктік болып бөлінеді.Мемлекеттің ішінде жүріп жатқан, болатын конфликтілер позициялық және оппозициялық болып екіге бөлінеді.Позициялық конфликтілердің субьектісі ретінде саяси институттар, ұйымдар шығады. Оларды үкімет басқарып отырады, бірақ әр түрлі бағыттарды ұстанады. Мысалы, адамдар тобы әр түрлі мемлекеттік биліктің бұтағын көрсететіндер. Яғни үкімет пен парламент арасында әр түрлі элиталық саяси топтарды басқаратын позициялық конфликтілер болып тұрады және т.б. Конфликтілердің басты себебінің бірі белгілі бір саяси жүйенің элементтері мен мақсаттары, және де көзқарастарына толықтай келіспейтін кейбір топтарды басқаратын саясаткерлер, бір бөлек басқарушы күштер топтары т.б. болып табылады. Мысалы, тұлғалардың немесе басқарушы элитаның үнемі ауысып тұруы, саяси курстың ішінара түзетілуі және төмендеуі әрекеттері де осындай конфликтітердің болып тұруына әсер етеді.Оппозициялық конфликтілердің субьектісі ретінде, бір жағынан басқарушы элиталар, партиялардың мақсаттары, мемлекеттік институттар, тұлғалардың және т.б. конфликтілері тұрады. Бір жағынан ұйымдар билік астындағы бұқараның атынан шығаратындар, олар жасаған заңдылықтарға қарсы шығатындар және де саяси билікті басқарушыларға да қарсы шығатындар: яғни, конфронтация «билік-қоғамң сызығымен, түзуімен жүріп отырады, оның себебі конфликтілердің тақырыбы мемлекеттік өкіметтегі толығымен қолданылатын жүйе немесе тәртіп болып табылады. Дау-жанжалдарға қарсы тұрудың сапалық сипаттамасы бойынша позициялық жақтары қарама-қарсы тұратын нөлдік сапалық дау-жанжалдар бар. Сондықтан солардың ішіндегі біреуінің жеңісі басқаның жеңілісімен ауысады және де өзара келісушілікті табудың ең болмаса бір тәсілі болатын нөлдік емес сапалық конфликтілер деп білеміз.Нормативтік реттеушінің мазмұны және сипаттамасы бойынша немесе оның жоқ болуына байланысты саяси конфронтациялар институтционализацияланған және институтционализацияланбаған деп бөлінеді. Олардың біріншілері қызмет шеңбері бойынша қоғамда болатын әлеуметтік институттар - дамыған демократия, құқықтық мемлекет, кепілді Конституциямен орнатылған жиналыстардың, митингтердің еркіндігі, саяси партияның және ұйымдық қызметтері болып өрістейді.Институтционалдық емес саяси конфликтілердің айырмашылығы олар біріншіден қоғамдағы қызмет ететін әлеуметтік институттардың қатарына кірмейді. Ол қоғамдағы саяси жүйелердің әлсіреуіне немесе құлатылуына және онда қызмет ететін әлеуметтік инстуттарды жоюға бағытталған.Конфликтінің пайда болуы туралы айтқанда біз ашық, яғни оның көрініс беретін және жанжалдасушы жақтардың әрекеттестігін бейнелейтін формасы және алғашқының таласқа түсуінің көлеңкейлі тәсілдері биік тұратын жабық конфликтілерді жатқызамыз. Ұзақтығына байланысты саяси конфликті қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Біріншісіне мысал ретінде қоғамның қарсылығынан туатын министрдің орнынан кетуін алуға болады. Екіншісіне мысал ретінде бірнеше ондаған жылдар бойы бірде асқындайтын, бірде өшіп қалатын Израиль мен араб елдері арасындағы саяси конфликтіні алуға болады. Сонымен, конфликті қоғамда қайшылық рөлін атқарады. Әдетте құбылыс ретінде қоғамдағы келісушілікті айтуға болады.Конфликтінің қандай түрі болмасын белгілі бір ерекшеліктермен саяси процесстерде белгілі бір конструктивтік немесе диструктивтік бұзушы рөл атқарады. Осыған байланысты саяси өмірдегі конфликтінің рөлін атап өткен жөн. Оның жағымды және жағымсыз жақтары бар. Біріншіден ол әлеуметтік өзгерістердің нышаны боп табылады. Конфликті қоғамдағы болып жатқан жағымсыз заттар туралы белгі береді, пісіп жетілген мәселелердің бетін ашады және адамдардың қанағатсыздығының , қарсы тұруының себептерін ашып көрсетіп, олардың таласындағы позицияларын анықтайды. Осылай әлеуметтік құрылғысының, өмірдің жаңаруын және кемшіліктерге бағытын топтық және жеке белсендікті реттейді. Сөйтіп ол қоғамда мүмкін болатын бір қалыптың алдын алып, әлеуметтік ілгері дамушылықты қамтамасыз етеді. Айта кету керек конфликті жинақталған қауіптерге арналған қақпақшы ретінде және 2 жақтың қарсы тұруындағы конфликтінің бәсеңдету құралы ретінде қызмет етеді. Жағымсыз зардаптар мынадан көрінеді: конфликті қоғамның интеграциясына қауіп төндіруі, пайда болған әлеуметтік саяси құрылысты бұзуы, стрестік жағдайлар пайда болып қоғамның бөлінуіне алып келуі мүмкін. Дәл осындай жағымсыз зардаптардың жиынтығы ұзаққа дейін КСРО-да пісіп жетілген және қоғамдық өмірдің барлық салаларын: тиімді емес орталықтан экономикадағы ықтиярсыз шаруашылық саясаты, шамасы жоқ коммунистік идеологияны талқандағаннан әлеуметтік конфликтінің пайда болуына алып келді. Нәтижесінде Кеңес одағы және социалистік лагерь құлады, өмірді шырқы бұзылып, адамдар арасындағы қатынастарда қырғиқабақтық туды. Бірақ сонымен қатар КСРО-ның бұрынғы елдерінің өмірінде жаңарулар болды.Сонымен конфликті қоғамда қайшы роль атқарады, әдеттегі құбылыс ретінде қоғамдағы келісушілікті айтуға болады. Мемлекетке қатысты саяси жүйені сипаттау үшін саясаттануда саяси дағдарыс деген түсінік қолданылады. Саяси дағдарыс қоғамның саяси жүйесінің күйі, ол конфликтінің тереңдеуімен одан әрі конфликтіленуімен, саяси қысымның бірден күшеюін көрсетеді.Сыртқы саяси дағдарыстар көбіне аталып отырады, ал халықаралық қайшылықтармен келісілген және ішкі саяси дағдарысқа қарсы болады. Үкіметтік дағдарыс үкіметтің мәртебесінің жоғалуынан, атқарушы органның үкімет бұйрықтарын орындалмауынан көрінеді.Парламенттік дағдарыстардың тууына біріншіден белгілі бір мәселе бойынша шешім қабылдаған көпшіліетің ұзақ мерзімде болмауы себеп болады. Бұл кезде парламент өзінің заңды қызметін атқара алмайды. Екіншіден парламенттік фракциялар арасында күші, дәрежелері тең 2 жақты қарама - қарсылық пайда болуы мүмкін. Бұл көп жағдайда парламенттің әлсіреуіне әкеледі. Депутаттар көпшілік дауыспен де билік туралы бір тұрақты шешімге келе алмайды. Бұның нәтижесі жаңа парламент сайлауы болып табылады. Елдің әлеуметтік саяси құрылғыларында конфликтілердің пайда болу себебі Конституциялық дағдарыс боп табылады.
Конституцияның ішіндегі конфликті, оның дәлдігінің болмауы т.б. себептер Конституциялық конфликті пайда болуына әкеліп соғады. Бұл жағдайда Конституцияның баптарын Конституциялық сотта талқылау немесе парламент оған өзгертулер мен толықтырулар енгізу керек. Конституциялық конфликті келесі тобы, бұл - мемлекеттік билік пен Конституция арасындағы қайшылық. Бұл қайшылық саси есеп кезінде немесе құқықтық сауатсыздықта Конституциялық нормаларды белден басу кезінде көрінеді. Конституциялық қайшылықтың келесі бір түрі - ескі Конституция мен жаңа әлеуметтік – экономикалық және саяси шындық арасындағы қайшылық. Соңғысы саяси өріс алып, Конституциялық дағдарысқа ұласады. Бұрыңғы Ата заң заңдылығын жоғалтады және оны сапалы қайта қарауды талап етеді. Саясаттануда саяси конфликті пайда болуының себептері мен ерекшеліктеріне байланысты мынадай түрлерін көрсетеді: заңдылық конфликтісі, ену конфликтісі, бірегейлік конфликтісі, саяси араласу конфликтісі, бөлу конфликтісі.Заңдылық конфликтісі азаматтарды саяси реттеу формалары, яғни басқару нормалары және тағы басқа туралы ұсынылған басқару тәртібінің мақсаттары мен құндылықтарын келісу нәтижесінде туады. Бірегейлік конфликтісі әлеуметтік құрылымдық бөлінулердің этностық немесе басқа халықтық емес сәйкестік, жалпы халықтық бірігу мен белгілі бір саяси жүйеге қарсы әсер етуден тұрады. Саяси араласу конфликтісі билікке өздерінің қарсылықтарын білдіретін белсенді саяси топтар өміріне жасанды қарсылықтарды енгізетін басқару элитасын құрумен сипатталады. Сонымен қатар аймақтық тұтастықты, халықтық бірлікті және қарсы көзқарастағы топтардың саяси араласуының жылдам өсу шартындағы саяси жүйенің тұрақтылығын сақтау мәселелерін өршітумен сипатталады. Ену конфликтісі мемлекеттік басқару қабілетінің төмендеуінен туады. Ол қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларында әлеуметтік шешім жүргізеді. Бөлу конфликтісі басқару элитасының қоғам үшін материалдық жағдайды қамтамсыз ете алмауы және оны әлеуметтік дифференцацияланған көшу мүмкіндігін туғыза алмауын білдіреді.Сонымен, саяси дағдарыс рөлін дамыту мақсаты саяси дағдарыс қоғамда қайғылы кезеңді білдіреді, себебі ол саяси жүйенің белгілі бір ұйымдаспағанын, тұрақсыздығын көрсетеді. Осымен қатар ол күштердің жаңа байланыстарын, қызығушылықтарды туғызады және оның шешімі қоғам дамуының жаңа сатысының бастамасын білдіреді. Бүгінгі таңда ғалымдардың жүргізген сараптамалары бойынша конфликтінің үш сатысын атап көрсетеді: конфликтіге түсушілердің арасындағы жағдай, конфликті және конфликтінің шешілуі.Конфликті алды – потенциалдық субъектілірдің арасында туындаған қарсылықтарға байланысты, ал конфликтінің ушығуынан кез-келген қарсылықтар шиеленіске айналмайды, тек әлеуметтік тұрғыдан туындайтын субъектілір арасындағы қарсылықтар конфликтіге апарады. Конфликті алдындағы жағдайды үш кезеңдік дамуға бөлуге болады және тараптардың қатысуында өзіндік сипаттамасы бар.
Белгілі нысан бойынша қарама-қарсы конфликті туындайды, әлеуметтік тұрақсыздық және сенімсіздік көзқарас, біржақты немесе екіжақты келіспеушіліктер, қарым-қатынастың азаюы. Даулы мәселені шешудің орнына қарсыласына өзінің ұсынысын ақтауға ұмтылып және қарсыласына претензия кою, өзінің көзқарасынан шыға алмау, эмоцияға берілу және өзіндік сенімін арттыру.
Ғалымдар конфликті кезеңдерін 3-ке бөледі.
1. Конфликтінің жасырын түрден ашық түрге ауысуы. Күрес әзірше шектелген ресурстармен болады. Бірінші күшті сынақ өтеді. Осы фазада конфликтіні тоқтату мүмкіндігі мен конфликтіні басқа тәсілдермен шешу мүмкіндігі болады.
2. Өз мақсаттарына жету үшін қарсыласқа жаңа ресурстар қолданады. Келісімге келу мүмкіндігі азаяды. Конфликті өрши түседі.
3. Конфликті шарықтау шегіне жетіп, соғыстың барлық айла - тәсілдерін қолданады. Осы арада конфликті себептері мен мақсаттарын ұмытып та кетеді.
Қақтығыс - жақтардың ашық түрде қарсы күресі. Ол конфликтінің бірінші соққысына түседі. Қарсылық бәрінен де көрінеді. Көбінесе инцидент кездейсоқ сылтаудан пайда болғандай болады, бірақ шынында бұл сылтау кесені толтырған соңғы тамшы болып саналады. Екі жақтар бір-біріне ашық қарсы сөйлейтін қарсы шығуларға айналады. Сонымен қатар конфликті бастауы болатын нақты жағдай конфликтінің сылтауын айыра білу керек. Сылтау абайсыздан пайда болады, не қасақана болуы мүмкін. Инцидент ұстаным жақтарын ашады, содан соң «бетперде ашылдың деуге болады. Сонда да керекті күші білінбей, қатысушылар шамасы көрінбейді. Басты конфликті дамуының шыдамдылығының себепкер шарты оппонент ресурстарының анықталмағандығы болып саналады. Бұл кезеңде жанжалды бейбіт жолмен шешуге болады. Сол үшін жанжалға қатысушылар өркениеттік технология келісімі бойынша компромисс пен консенсус іздеу керек. Көптеген жанжалдар бұл кезеңде эскалация тенденциясын ұстанады. Қарсы күресушілер жақтары арасындағы қарым-қатынастың айқындалуымен байланысты конфликтінің өткірлігі мен қарқыны өсетін эскалациямен аңғартылады. Конфликтінің аяқталуы оның соңын білдіреді. Конфликтінің аяқталуы бірнеше нұсқадан тұрады:
Өзара қарсы күресушілер жақтарының келісуі;
Екі жақ та жеңіп не жеңіліп, жанжалдың аяқталуының симметриялық жолмен шешілуі;
Жақтардың біреуі жеңіп, ассимметриялық жолмен конфликтінің шешілуі;
Келе-келе конфликтінің өшуі не басқа жаңа конфликтіге өсуі;
Конфликтіні үшінші жақ көмегімен консенсус және компромис жолына жету арқылы шешу.
3. Жанжалды алдын-алу саяси тәжірибеде қоғамдық үрдістерді басқаруда шешуші маңызға ие. Жанжалдарды басқару дегеніміз «жалпы қоғамның, не оның жеке субьектілерінің мүддесінен жанжалды реттеу, шешу, басу. Дұрыс ұйымдастырылған басқару даулы үрдіске сипат беріп, сөзсіз болатын саяси, әлеуметтік, экономикалық және моральды /нравственных, иманды/ жоғалтуларды азайтуды қамтиды; қоғамдық өмірдің қайсы-бір салалары қызметін қарқынды ете түседің.
Жанжал саласының маманы Й. Галтунг жалпы жүйеге қауіп төндіруі мүмкін жанжалдардың деңгейін бәсеңдету басқаруын анықтайды. Жанжалдарды басқару қарама-қарсы жақтарға мақсатты ықпал ету және жанжал қарқынын басуды білдіреді.
Жанжалды басқаратын әсерлер элементтерінің бірі-оны дауласу алды сатысында ескерте білу болып табылады. С.В.Соколов айтқандай, егер жанжалды байқамай, оған мән бермей, оны идеологиялық (сөз жүзінде) шешіммен дайындаса, іс жүзінде ештеңе жасалмаса, ол апатты түрде өршіп, өзгедей дауларға ұласып, ең соңында өз дәуірінің әлеуметтік жүйенің (немесе субьектілердің) жойылуымен аяқталады. Кез-келген жанжалды алдын-алу негіздеріне превентивтік қағидалар жатады деген анықтамамен ешкім дауласа алмас. Бұл қағида жанжал жағдайларды барынша туа қалған кезінде дәл танып, қарама-қайшылықтарын анықтап, жанжалдық факторларды жойып, бәсеңдетіп, осындай әдіспен оның деструктивті дамуына жол бермеу әрекеттерін көрсетеді. "Жанжалды реттеу" ұғымына келетін болсақ, бұл жайында теориялық әдістер мен көзқарастар жетерлік. Көбіне жанжалды реттеу деп қарулы күрестерді тоқтатуға немесе алдын-алуға және қарама-қайшылықтарды бітімгершілікпен шешуге бағытталған кез-келген әрекеттерді айтамыз. Жанжалды реттеу бітімге келіп, бір жақтың райынан қайтуға бағытталады. Мұндай әдіспен жеткен бейбітшіліктің ғұмыры қысқа, қарама-қарсы күресу себептері жойылмауы себепті ұзаққа бармайды. Оны толық шешкенде ғана, оның аяқталғаны. Жанжалды шешу жанжалды тудырған себептерді құрту, мүдделік қарама-қайшылықтарды және қарама-қарсы күресуші жақтардың мақсаттарын жою. Жанжалдарды реттеуден айырмашылығы ол мәселелерді шешу жолдарын талдауға бағытталады. К.Митчелл жанжалды шынында да шешілді деп айтуға болатындай негіздегі келесідей өлшемдерді атап көрсетеді:
мәселе саяси күн тәртібінен алынады;
шешімді элита деңгейінде де, қарапайым халық деңгейінде де жанжалға араласушы барлық қатысушылар бірге қабылдайды;
үшінші жақтың келісімді қолдауына мұқтаждық жоқ, келісім жеткілікті деп табылады;
келісім барлық қатысушылардың меншіктік баға беру жүйесінде адал және әділеттілігіне сәйкес түйсініледі;
шешім "бітімшіл" деп танылмайды, себебі жақтар өз мақсаттарын тек шамалы ғана іске асырумен қанағаттануға тура келген жоқ;
келісім жанжалға қатысушылардың арасында жаңа, дұрыс қатынастар орнатады;
қатысушылар келісім-шарттарын ешбір сырттай қысымдалусыз қабылдайды.
Жанжалдың шешімін табуын білдіретін сыртқы сипаты – келеңсіздіктің аяқталуы. Бұл дауласушы жақтардың арасында даулық өзара әрекеттесу тоқтады дегенді білдіреді. Белгілі бір жақтың талаптарын өзгерту арқылы жанжалды шешу мүмкін, демек қарсылас райынан қайтып, жанжалдағы өзінің мақсатты мінез-құлығын өзгертеді. Жанжалдасушы жақтардың қорлары таусылуы нәтижесінде немесе бір жақтың басым болуына ықпал ететін үшінші жақтың жанжалға араласуынан, тіпті соңында қарсыласты түпкілікті шеттету нәтижесінде шешімін табуы мүмкін. Дегенмен, жанжал ешқашан да толық және түпкілікті шешіле қоймайтынын мойындаған жөн.
Жанжалды шешу әдістері:
Қарама-қарсылықтың өзін-өзі физикалық немесе психологиялық тауысуын білдіретін жанжалдан кету: жанжалға мән бермеу, жанжалды мойындамаудан бас тарту. Бұл әдісте қарама-қайшылықты шешетін конструктивті қадамдар жасалмайды. Бұл әдістің қасиеті оның тез іске асып, материалдық және уақытша қорларды іздеуді талап етпей, жанжалды болдырмауға мүмкіндіктер береді. Әйтсе де, жанжалды тудырған себептер жойылмайды, тек кері шегінетіндігі себепті бұл әдістің кері сардарлары да бар. Мұнан өзге, бұл әдіс жанжалды экскалациялауға әкеліп соқтыруы ықтимал.
2. Күштеп қысымдау жақтардың бірін мәжбүрлеуден тұрады. Сөзсіз
бұл әдіс жанжал деструктивті сипатқа енген жағдайда өзін ақтайды.
3. Бітімге келу және т.б.
Жанжалды шешуде зерттеушілер адамдардың негіздік тұтыныстарын зерттеуге көп мән береді. Дж.Бертон бұл мәселе жайлы бірнеше еңбектер жазған. Ғалым жанжалды шешу жанжалдың бұйымын толығымен көтеріп, қарсыластар арасында жаңа қатынастар орнатуы тиіс деп санайды. Қандай-да бір сұраныстарды қанағаттандыру кез-келген жанжалды табысты аяқталуына міндетті шарт болып табылады. Бұл үшін, әрине, әртүрлі топты халықтың негізгі сұраныстарын талдау және қызмет етуші әлеуметтік институттардың оларды қанағаттандыру дәрежелерін талдау қажет. Жанжалды шешуші әдістердің бірі – екінші жолды дипломатия. Ол ресми топжарғыштарға жанжалды шешуге немесе оны ретке келтіру арнасына түсіріп, бейресми және бейформалды түрде мүмкін шешімдер ізденістеріне бағыттауғы жәрдем береді. Алайда, дәлірек айтар болсақ, бейресми дегеніміз- маңызды ресми деңгейде қарастырылуы тиіс мәселелерді талқылау түрі ғана. Сөздіктерде консенсус "барлығы немесе көпшілігі ұстанушы пікірлермен жанжалды мәселелердің жалпы келісімге келіп шешімін табуы, әсіресе пікірлердің жалпы үндестігі". Байқап отырғанымыздай, консенсустың анықтамалары біршама бұлыңғыр. Сан-алуан пікірлерді тоғыстыра келе, ғалымдар консенсусқа негіз болатын екі қағиданы қалыптастырды: 1) шешім қабылдауда қатысушылардың көпшілігінің қолдауы; 2) бір қатысушының шешім қабылдауға қарсылық білдірмеуі. Глухованың пікірі бойынша "консенсус" ұғымы саяси әдебиеттерде екі мағынада қолданылады: 1) шынайы саяси шешім қабылдау әдісімен айқын байқалатын қатысушылардың көпшілігінің саяси ерік-жігерінің бір қатысушының наразылығының болмауымен теңесуі. Мұндай мағынада жанжалдар мен таластарды шешу консенсусын айтамыз. 2) қоғамда бар немесе қалыптасып келе жатқан кең көлемді азаматтық келісім.М. Хетих саяси консенсусты саяси билеу мен интеграцияның әдіс, құралдарын мойындау ретінде белгілейді. Консенсус – кез-келген қауымдастық көпшілігінің қоғамдық әлеуметтік тәртіп анағұрлым маңызды аспектілеріне қатысты әрекеттерімен бейнеленген келісімі деген анықтамамен келісуге де болады.Ғалымдар консенсустың материалдық және формалдық түрлерін ерекшелей келе, әлеуметтік шынайы өмірде оның екі түрі де бір уақытта өмір сүре беретінін атап кетеді. Олардың пікірінше, материалдық консенсус жалпылама келісім билеуші жеке тұлғалардың өздеріне, олардың саяси шешімдеріне немесе екеуіне де бірге таралады. Формалды консенсус та жалпылама келісім жалпы саяси жүйеге, билік жүргізу әдісіне, саяси шешімдерді жүргізуге таратылады. Консенсусқа жету – күрделі, тұрақсыз үрдіс. Бұл үшін көптеген жағдайлар қажет. Ең алдымен тұрақты, табанды құқық кеңістігін құру. Халық қабылданған заңдармен, белгіленген нормаларменжүруге даяр болулары керек, түрлі санатты азаматтардың белгілі бір қоғамға жататын тектілік сезімдерінің болуы олардың мақсат-мүдделері мен сұраныстарының сан-қилылығымен бітістіріп жібереді. Шынайы және толыққанды қызмет етуші азаматтық қоғам қажет. Мұнан басқа, консенсус – Конституцияда кескінделіп, рәсімделген демократиялық қағида. Демек, Конституция нормалары консенсустың базалық негіздерін бекітіп, оның әлеуметтік-экономикалық және саяси шарттарын қамтиды. Бұл ең алдымен адамды, оның құқықтары мен еркіндігін мемлекеттің жоғары құндылығы деп мойындау.Қазіргі кезде саяси жанжалдарды реттеуде аса дамыған және сан-алуан түрлері келісімге келу технологияларына ие болып, әлбетте, тәжірибелік маңызына қарай бүгінгі күнгі жанжалды шешу ілімінің маңызды объектілеріне айналды. Бұл саладағы көптеген зерттеулер батыс ғылымында шоғырланған, оның басты себептері: сот шығындарының құнының жоғарылығы соншалықты, қажетті сөзбе-сөз келісулер арқылы бейбіт келісімге келу анағұрлым тиімдірек. Сөздік келісімге келудің өзге технологияларға қарағанда артықшылығы, жанжалдасушы жақтар мұндай келісімді өздері жасап, әрбір жақтың қанағаттандыратын талаптарын өздері қоя алуында. Мұнан басқа, сөздік келісімге келу айтарлықтай ұзақ уақытты алатын, кәдімгі материалдық шығындар жұмсауды қажет ететін және бір жақтың жеңілу тәуекелін тудыратын сот талқылауларынан аман алып қалады. Бұл жағынан сөзбе-сөз келісулер "екі жақты да қанағаттандыратын және келісімге келу мақсатындағы өзара тікелей әрекеттесу, пікір алмасулар, бірлесе келісім ізденісі, сондай-ақ келісуші жақтардың ерікті түрде шешім қабылдаулары". Басқаша айтсақ, сөзбе-сөз келісулер екі жақтың жанжалық тудырған мәселе төңірегінде құрылымдалған диалог үрдісі.Саяси теория мен тәжірибелерден көретініміздей, шет елдердегі жанжалдарды шешу бойынша жинақталған тәжірибелер келісім-шарттар барысында негізгі екі тәсілі ерекшеленеді: "бағыттық саудаласу" және "жақтардың мүдделері негізіндегі келіссөздер". Жанжалға ықпал ететін маңызды институтталған әдіс-делдалдық, оны батыс ғылымында жанжал медиаторингі деп атайды. Делдал екі жақты жанжалдасушылардың дауын басу мақсатында үшінші жақтың араласуы.Делдалдық үрдісті мынадай жағдайларда пайдаланған тиімді:
Қарама-қарсы тараптар қатынастарын сақтауға және жалғастыра
беруге мүдделі болғанымен, пікірлері тоғыспайды. Тараптар келіссөздер жолымен бітімге келуге талпынғандарымен, оң нәтижеге қол жеткізе алмауда. Жанжалдасушы тараптар дауды реттеуге қандай жолмен болса да келісуге бар.
2. Тараптар оппонентке деген бағыттарын қайта қарауға ғана емес,
мәселені шешуге де бейім. Жанжалдағы тараптар қабылданған шешімдерді әр кезеңде бақылап, дауды реттеуге және қабылданған міндеттемелерді орындауға даяр.
3. Жанжалдасушы тараптар үшін өзара қарым-қатынастарды
сақтау және жалғастырудың маңызы зор. Осыған орай құпиялылықты сақтау қажет. Сондықтан, тараптар сотқа жүгінгеннен, делдалға хабарласқаны жөн.
4. Жанжал негізіне шектеулі қорларды бөлу мәселелері жатпауы тиіс, талқыдағы мәселелер құқықтық реттеулерді талап етпейді.
Жанжал мәселелерін шешуде делдалдық ролін зерттей келе, "челночты делдалдық" туралы айтпай кетпеуге болмайды. Үрдіс басында делдалдар тараптардың әрбірімен жекелей кездесуі қажет болады. Кейде тараптар кездесуге келісім бергенше, екі тарапқа кезектеп барудан жалықпайды. Тараптармен жүздесу барысында делдалдар үрдіс әрекетінің қағидасын түсіндіреді, ал тараптар делдалға өздерінің дауды қалай түсінетіндігін айтып, оппонентпен кездесуде өздерін сенімді ұстауды қалайды. Бұл олардың тәжірибелерін іске асырып, оқиғалар тәртібін қалпына келтіріп, қызба сезімдерін сыртқа шығаруға мүмкіндік береді.Челночты делдалдық әдісі кей жағдайларда белгілі роль атқара алады, себебі жанжалдасушы тараптар үшінші жаққа өз бағыттарын айта алады. Сондықтан, делдалдар салқынқандылық, келісім тудырушылық және беделге ие болуы тиіс.Дегенмен, делдалдық сипатының бір ерекшелігі, даулы мәселеге екі тараптың да жауапкершілікте болуы. Сондықтан да делдал басынан ескертіп қоюы тиіс. Бүгін делдалдықтың әртүрлі үлгілері белгілі:
- Фасилитаторлық.
- Кеңестік делдалдық.
- Арбитраждық сипаттағы делдалдық.
- Фасилитаторлық, тараптардың келіссөздерін ұйымдастырумен
шектеліп те жатады. Делдалдықтың негізгі мәні жанжал субъектілерін мәселелерді реттеуге әрекет ететін технологияларды пайдалануға бағыттау. Фасилитатор көбіне кездесулер мен келіссөздер жүргізудің ресми тәртібін атқарып, жанжалға теңдей қатысуға ат салысады. Өкінішке орай, оның қызметі осымен бітеді, ол келіссөздерге араласпайды, шешім қабылдауларға қатыспайды. Тек құрастырмалы талқылауға ат салысады.
Кеңестік делдалдықтың айырмашылығы, жанжалдағы тараптар алдын-ала делдалмен өз бетінше келісімге келе алмаған жағдайда, оның кеңес түріндегі бағытын нұсқауына келісім алады. Алайда, оның бағыты екі тарап үшін міндетті емес. Фасилитатор секілді кеңесші делдал да түпкілікті шешім таңдай алмайды. Шешім қабылдау бұрынғысынша жанжалдасушы тараптардың құзыретінде қала береді.Арбитраж сипатындағы делдалдық үлгісі егер келіссөздер оң нәтиже бермесе, делдал жанжал шешуге міндетті шешім шығарады.Әрине, делдалдықтың бұл үлгісі туралы айтқанда, арбитраждың жанжал шешу және реттеудегі ролін айта кету керек. Сондықтан оның сипаттық ерекшеліктері:
- жанжалдасушы тараптар үшін оның шешімінің міндетті болуы;
- заңдық нормалар мен ережелеріне сүйенеді;
- арбитр қабылдаған шешім екі тарапқа да мәжбүрлік сипатқа ие
бола алады;
- шешімдердің жылдамдығы мен анықтығы.
Әрине, кей жағдайларда жоғарыда аталған ерекшеліктер арбитраждың күмәнсіз артықшылықтары жатады. Ғалымдар оның кері салдарларын да ерекшелеп көрсетеді:
- жанжалдық тараптар, арбитр "алтын деңгейді" табар деген үмітпен
- өздерінің талаптарын өсіреді;
- келіссөздерге деген мүдделіктен айырылу, өзгенің шешімін күту;
- шешімдерден түңілу қаупі, оның берік еместігі;
- арбитрге күмәнмен қарау, екінші тараптың пайдасына шешім қабылдайды деген алаңдаушылық;
- шешімге салғырт қарау, оның міндет жүктемеу сипаты.
Делдалдықтың арбитраждан айырмашылығы, делдалдық тараптардың жанжалды шешуге белсене араласуына мүдделі болғандықтан, арбитраж шешімінің көптеген кері салдарлары азаяды.Сонымен бірге, шешімі көбіне нұсқаулық сипатта болатын арбитраж түрлері де бар. Мәселен, бұл "нұсқаушы арбитражға" қатысты.Жанжалдасушы тараптарға үшінші жақтың араласуына әртүрлі шектеу және мәжбүрлеу құралдары жатады, мысалы, жанжал жалғасқан жағдайда экономикалық жәрдем беруден бас тарту, қатысушыларға заң қолдану, күресуші тараптардың басын біріктіру үшін бітімгершілік күштерді енгізу; әскери операцияларды іске асыру, бөгет аймақтарын құру. Бұл құралдардың барлығы реттеу сатысында қаруланған жанжалда қатысушылар қанау әрекетінен бас тартулары үшін қолданылады. Сонымен бірге, тараптарды бейбіт келісімге келтіру үшін де жүгінеді. Мәжбүрлеу шаралары көбіне келісім-шарт жасалғаннан кейін де келісімдердің орындалуын қамту үшін қолданылады. Әрине, бүгінгі күні жанжалдан мүлдем аман болу оңай емес, алайда, тек құрастырмалы технологиялардың арқасында ғана жанжалдың деструктивті түрін бейбіт жолға түсіруге болатынын ұмытпаған абзал. Мұнда біз қарастырған үшінші тараптың өркениетті араласу әдістерінің маңызы зор.
Дәріс 14. Геосаясат.
1. Геосаясат болмысы мен белгісі
2. Геосаясат тәсілдері
3. Геосаясат қызметтері
4. Қазақстанның геостратегиясы
«Геосаясат» терминін ғылыми ортаға ендірген швед оқымыстысы Рудольф Челлен (1864-1922). Осы атауға ие болған ғылымды ол «мемлекетті жағрафиялық организм немесе кеңістіктік ғаламат ретінде қарастыратын доктрина» деп айқындаған.Геосаясат мемлекетті бірқалыпты күйде –ешбір өзгеріссіз тұратын жағдайда қарастыра алмайды, керісінше, динамикада – тірі организм түрінде қабылдайды. Осындай ойды алға тартқан неміс теоретигі Фридрих Ратцель (1844-1904) болатын. Ол негізінде мемлекеттің қоршаған кеңістікпен тікелей байланысын баса көрсеткен. Сондықтан да геосаясат үшін ерекше қызығушылық кеңістік қатынасындағы пайда болатын мәселелерге қатысты өрбиді.
Геосаясат, Ратцельдің ойы бойынша, саяси қатынастардың кеңістіктегі өзара байланыстарына, олардың Жерге, мәдени факторларға қатынасына қатысты зерттеуге болады. Сонымен, геосаясат – саясаттың жағрафиялық жағынан жасақтантандырылған түрі. Геосаясат, - деп жазады, профессор Н.А.Нартов, - зерттеудің тәуелсіз кеңістігі болмайтын өткінші ғылым. Саясатқа көбірек ұмтыла отырып, бұл ғылым саяси болмыстарға назар аудартуға әрі жағрафиялық құрылғыдағы дүниелерге ұмтылады, сонымен бірге сол көрсетілген құбылыстардың жағрафиялық күйінде сараптама жасайды. Профессор М.Е. Шайхутдинов өз еңбегінде геосаясат жанжақты ғылым,басқа ғылым салаларынан ерекшелігі мемлекет теңдігі,халық,ұлт мәселелерін шешу,қамтамасыз ету, болашақты бағдарлайды.Геосаясат өркениетті даму жолдарымен геосаяси бірегейлікті қалыптастыру,әлемдік байланыс ақпарат алу мүмкіндіктерін қарастырады.Қазіргі геосаяси ғылымы саяси өмірмен территория ғана емес,геоэкономика котегориялары уақыт талаптарымен қалыптасқан автаркиа,өткен уақыт талаптары емес,қоғам қажет ететін жаңа экономикалық талаптарға сай болу жолдарын зерттейді. Мұрат Лаумулин «Орталық Азия шетелдік саясаттану мен әлемдік геосаясатында» деген енбегінде ХХ ғасырға тағы бір берілетін үйлесімді атау бұл, геосаясат дәуірі атауы. Шынымен де, тарихта өткен ғасырдан басқа еш бір дәуірде геосаясат өзінің дамуында осындай деңгейге дейін көтеріліп қоғамға мұндай ықпал жасаған емес. ХХ ғасырды, ғылым ретінде де, саясатшылар тарапынан жүзеге асырылған нақтылы сыртқы саяси доктрина тұрғысынан қарағанда да геосаясатты бетке ұстап өткен ғасыр деп сенімділікпен айтуға болады. С.К. Кушкумбаев «Геосаясат – халықаралық қатынас сыртқы саясаттың теориясы мен тәжірибесінде географиялық,экономикалық,тарихи-саяси факторларды байланыстыра ортырып мемлекеттің ролін,орнын патенциалын аймақтық даму беделін көтереді». Шындап келгенде, геосаясат ішкі күшті негіздеп алу әрі ұғындыру, сонымен қоса мемлекеттің сыртқы саясатын анықтау үшін жағрафиялық факторларды пайдаланады: шекара күйі, қазба байлықтардың қамтамасыз етілуі мен басқа да табиғи ресурстардың болуы, құрылықтың суармалы немесе құрғақ жерде орналасуы, ауа райы, мекен-жәйдың аумағы және басқалар. Геосаясаттың негізгі жүйесін қалыптастырушы қатынас көпке дейін физикалық және жағрафиялық кеңістігінде қашықтық болып есептелінген. Сондықтан да дәстүрлі геосаясатты геокеңістіктің саяси мақсат пен мемлекет құзырына көрсететін әсеріне байланысты дамитын ғылым ретінде қарастырады. Дегенмен де геосаясат біртіңдеп кеңістіктің күрделі болмысына орай ортаға ойысып, мемлекеттер арасындағы экономикалық, саяси және басқа да қатынастарға ауысты. Мемлекеттер арасындағы өзара қатынастардың дамуына байланысты геосаяси сараптамадағы аса зор мағынаға ие болып мемлекеттер арасындағы қатынастар болмысы мен олардың геокеңістіктегі ендігі жерде күш ортасы маңайында шоғырланғанмен стратифицтендіріліп бейберекет ұйымдастырылған өзара қатынастары арқылы көрінеді. Ғылымның негізгі ұғымы жағрафиялық жағдайдан өзгеше геосаясаттық болмыстың күйін ажырату деп ұғындырылады. Кез келген мемлекет белгілі бір жағрафиялық аймаққа ие болғанымен, сол елдің мықтылығы (саяси, қорғаныс, экономикалық, ақпараттық және басқалар) геосаясат жағынан маңыз алмауы мүмкін. Геосаясат, болашақтағы тиімді саясат бола тұра, керісінше, өз назарын саяси құбылыстарға аударып әрі сол құбылыстардың жағрафиялық болмысы мен жағрафиялық тұстарын көрсетуге тырысады. Бұл ғылым кәсіби сарапшыға кеңістікте болатын құбылыстарды нақтылы сараптау үшін ғана емес, алдын ала білу, сценарий құру және оқиға өрбуінің және болашақ мүмкіндігін жасау үшін де жағрафия, тарих, экономика, этнология және басқа да ілімдерден хабардар болуды талап етеді. Оның өзінде де зерттеуші геосаясат классиктері куәландырғандай, жоғары деңгейдегі сауаттылыққа ие болуы, ең бастысы, жаңа ойлардың қозғаушы күші ретінде қалыптасқаны жақсы. К.С.Гаджиев геосаясатты «негізін салушы құрылымдар мен ғимараттарды, ауқымды немесе стратегиялық бағыттарды, маңызды заңдылықтар мен өміршеңдіктің принциптерін, қазіргі замандағы әлемдік бірлестіктердің қызметтері мен жаңаруын зерттейтін пән» ретінде қарастырады. Н.А.Нартов геосаясатты былайша анықтайды: геосаясат – бұл ғылым ретінде кеңістікті бақылайтын ілімдердің жүйесі. Геосаясат төңірегіндегі әртүрлі ұғымдарды шетелдік басылымдар да алға тартады. «Энциклопедии Американада» геосаясатқа ғылым ретінде дәстүрлі қалыптасқан анықтама бойынша мемлекеттің стратегиялық мүмкіндігіне әсер ететін жағрафиялық, саяси және басқа да факторлардың жиынтығы деп қарастырады. Новой Британской энциклопедии авторлары геосаясаттың жоғарыдағыдай ұғымын ұстанады, дегенмен де жағрафиялық факторлардың саясатқа қатысы шамалы екенін баса көрсетеді әрі геосаясаттың зерттеп отырған мәселелердің ауқымын жаңаша болмысқа байланысты, әсіресе коммуникация мен транспорттың дамуына қарай кеңейту қажеттігін көрсетеді. Халықаралық энциклопедияда геосаясатта «континентальдық және теңіздік қатынастарды, әрі ішкі саясатқа қатысты жүргізілетін саясатты зерттейтін пән» деген анықтама берілген. Профессор Н.А.Нартовпен келісетін болсақ, геосаясаттың көрінісі ғасырлар бойы су мен құрылықтың қайшылығындағы ғаламдық кеңістік – кең дала, су (теңіздер мен мұхиттар, өзендер, көлдер), жер шарын қоршап тұрған ауа атмосферасында жатыр. Яғни, сөз жүзінде әңгіме шекаралар мен қазба байлықтары және басқалары арқылы ажыратылған ғаламдық кеңістік жөнінде екені анық. Қысқаша айтқанда, ғылым ретінде геосаясаттың көрінісі ғаламдық кеңістік, геосаясаттық процестер мен жүйе ретіндегі әлемдік бірлестіктердегі құбылыстары болып саналады. Кез келген ғылымның көрінісі (геосаясат та одан тыс қалмайды) адамның іс жүзінде атқару процесіндегі әрекет тұстары, қасиеттері,осы бір тарихи жағдайдағы зерттеуге тиісті шынайы обьекттердің қатынастары болып есептелінеді. Геосаясат болмысы – әлемдік және жергілікті мәселелерді шешу (кеңістіктің барлық түріне қатысты әсерін есепке алғанда) кезіндегі геосаясаттық субьектілер арасындағы қарым – қатынастар. Ол дегеніміз, геосаясат мәселесі адамдар, халықтар, мемлекеттер, аймақтардың болуы мен өміршеңдігі түрлеріне лайықталған кеңістікте өрбиді. Бүгінгі жағдайда геосаясат түрлі геосаясаттық субьектілер арқылы жүзеге асатын қазіргі және болашақтағы ауқымды әрі жергілікті саясат жөніндегі тұтас ілім ретінде тек қана жағрафиялық немесе геофизикалық ортамен ғана шектеліп қалмайды. Жер, теңіз, әуе- космостық кеңістіктен басқа, оның тұрмыстық кеңістіктегі – ең алдымен, рухани-мәдени және оның көптеген салаларын – экономикалық, қаржылық, ақпараттық, виртуальдық (компьютерлік) және басқа түрлерін қоса зерттеу қажет. Сонымен, «кеңістік» геосаясаттың негізгі ұғымында қаншалықты сандық категория болса, соншалықты сапалы категорияға жатады. Геосаясат ғылым ретінде кеңістік құрылымынан бұрын тарихи құрылымды айқындайды, ең алдымен, саяси және қорғаныс, немесе соған не болмаса басқа бір бағытқа алдын ала ауыстырады. Госаясаттық сараптама үшін мемлекеттер, халықтар, соғыс пен соғыс өнері тарихын әртүрлі кеңістіктер параметрлерін, оның динамикасы мен өзінің бұрыңғы маңызын жоғалтатын факторларды немесе өзінің мазмұнын өзгертуін есепке алады. Сонымен, Қазақстан үшін геокеңістік оның дамуын алдын ала айқындайды, Қазақстан тарихының геосаяси негізін қазақ хандығының территориясы Каспий және Алтай тауының арасы қамтиды. Кеңестер бөлігі үшін – тағы да Еуразияға Африка, Латын Америкасы, Оңтүстік – Шығыс Азия мен басқа да жергілікті аймақтарда барлық теңіздік кеңістікте, ауа мен космоста, ауқымды ақпараттық, экономикалық және қаржылық кеңістіктердің ауқымды бөліктері, сонымен, идеологиялық аспектіде,коммунистік доктрина өзінің ұлттық – діни тұрғыда әсері мол екенін көрсеткен. Геокеңістікті бақылау механизмі мен үлгілерін зерттеу – геосаясаттың негізгі міндеттерінің бірі. Кеңістікті бақылау үлгілері механизм ретінде өз кезегінде өзгеріп Біріншіден, «метрополия – колония» жүйесіне лайықты кеңістікті жалпылай бақылау бағыттары «тізбек» - коммуникацияларды, материальдық- заттық және ақпараттық ағындарды, сонымен бірге геосаясаттық базаларды бақылау бағыттарымен ауыстырылған. Екіншіден, әскери бақылау экономикалық (үнемдік) жағын алға жіберіп мүмкіндігінше екінші орынға жылжытып отырады. Айта кету керек, экономикалық мүмкіндік елдің даму тарихында, ұлы мемлекеттердің әсерлерінің ауысуы мен күш салыстыру алаңдарында локомотив, жетекші ролінде болған. ХХІ ғасырдың басында әлем осындай геосаясатқа қарсы белгісіз, ешбір күшке бағынбайтын миграциялық ағыммен, кең таралып жайылған нашақорлық жолымен, қалыптаспаған халықаралық ұйымдардың виртуальды ұйымдастырылған андеграундтар (шеттетілген), тіпті кейбіреулері ашық террористік пиғылды ұстанатындарына қарамастан жаңа үрдіс ретінде алып жаһандандыру сияқты жинақталған әрі санқыйлы құбылыстардың әріқарай тереңдетілген бағыттарымен дамып келеді. Шырқау әлемде тек зиялылық, қаржылық, ұйымдастырушылық принциптер, техникалық мүмкіндіктер, технологиялық шешімдер ғана қақтығыспайды, ең алдымен көзқарастар, бұрыңғы замандағы болмыс кодекстері мен жаңа мәдениеттер санасады. Тіркелген немесе тіркелмеген түрлі ұйымдардың өлшеусіз жат пиғылдарын еркін таратуға мүмкіндігі бар ауқымды және бірнеше сатылы Ғаламтор жүйесі әлемді уысына алуға тырысуда. Жәйбарақат көңіл мен осындай ұйымдардың ыңғайлылығы өздерінің мықты артықшылығы болып саналады екен. Жаңа үлгіге қалыптастырылмаған халықаралық ортада сеттегі конгломераттар өздерінің полифониялық және динамикалық жағрафиясының шекарасын сызып алып «виртуальды» болса да мемлекеттік және ұжымдық құрылымдарға үйреншікті серіктестікті іс жүзіне асырғылары келеді. Жаһандандыру жағдайында геосаясаттық оқиғалар әлсіздікке ұшырайды. Ол көбіне геосаясаттың дәстүрлі факторларымен қоса өзін дәріптейтін жаңа геосаясаттық факторлар – ақпараттық – әскери, ақпараттық – технологиялық, ақпараттық – қаржылық, ақпараттық - мәдени және басқаларын қосып алды. Ол дегеніміз мемлекеттік, әскери, қаржылық басқару жүйесінің ақпараттық – компьютерлік технологияға қатты байланысты екенін көрсетеді. Геосаясат жинақталған көпсатылы оқулыққа – пәнге айналып отыр. Ол біздің жеріміздегі күрделі өзгерістердің көбіне әлемдік дамудың жаңа жағдайында орын алатынын ескермей кете алмайды. ХХ – шы ғасырдың ортасынан ғылыми-техникалық мүмкіндіктің дамуына, содан соң технологиялық төңкерістің геосаясат пәніне элемент ретінде техниктік – экономикалық процестер қосылып, өткен ғасырдың соңында саяси жағдайларға әсері қатты өсті. Әсіресе қатты әсер еткен, бұрын да айтып өткеніміздей, қазіргі жаһандандырудың жаңа құбылысы және оның шынайы жүзеге асуына байланыстылардың бәрі.
Геосаясаттың құрылымы мен оның ғылым жүйесіндегі орны
Геосаясат дәстүрлі түрде негізгі (теориялық) және жанама (тәжірибелік) бөліктерге бөлінеді. Француз зерттеушісі Поль Клавальдың байқағанындай, геосаясат мемлекеттік қайраткерлер, елшілік өкілдері, әскери басшылар, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қоғамдық пікірі бар халықаралық тұрмыстың белгілерінің ұмтылысының жиынтығы деп есептейді. Ол мемлекет басшыларының сасаятын жүргізерде басшылыққа алатын дүниелерді бағалап әрі есепке тіркейді. Геосаясат табиғат жағдайлары, тарих, дін, этникалық өзгешеліктерге қатты назар аударады. Ол өзара қатынастар немесе халықаралық қақтығыстарды шешу мақсаттарына, сонымен қоса күш пен қулықты пайдалану мәселелерінде аса зор ынта қояды. Геосаясаттық ой көбіне өзінің болмысын доктриналардан тауып жатады. Теориялық,немесе академиялық геосаясат ұлттық тұжырымдардан туған еркін ойларды дәріптейді деп есептелінеді. Шындығында, академиялық геосаясат өткеннен сабақ алып, оның ішінде қолдан жасалған субьективтік ойданбосатылады.Жанамалық, немесе тәжірибелік, геосаясат – ол ең алдымен, геостратегия, яғни, әртүрлі жағрафиялық және басқа кеңістіктердегі мемлекеттер, мемлекеттік блоктар, ұлттар, халықтар, тұрмыстық, этникалық топтардың өмірлік маңызды қызығушылығын қамтамасыз ету теориясы мен тәжірибесі. Геосаясаттың негізгі заңдылықтар Геосаясат, қоғам мен табиғат туралы ғылымдардағыдай тұрмыстық, қаржылық, жағрафиялық, саяси және басқа жүйелердің қалыптасуы, қызмет етуі және дамуы заңдылықтарын зерттейді. Осы ғылымды зерттеушілер негізгі назарын ғылымның ең басты заңдылықтары планетаның жағрафиялық құрылымында және өркениеттің тарихи болмысында пайда болатын фундаментальдық дуализм заңдылығы болып саналады. Бізге төменде атап көрсететіндей, батыстық және ресейлік геосаясаткерлер де осы дуализмнің құрылықтағы мықтылық (теллурократияда) мен теңіздік күштің (талассократияда) қақтығысынан көрінеді. Біріншісі әскери үстемдік өркениет көрінісінен (мысалға, Ежелгі Спарта, Ежелгі Рим), екіншісі – сауда өркениетінен (Ежелгі Афины мен Карфаген) көрінеді. Құрылықтық мықтылық, немесе теллурократия шекаралармен, нақты белгіленген кеңістіктермен қоса жұртшылықтың өмір сүру тәсілі, оның сапалы бағытының мықтылығы жағынан алғанда мынадай көріністерге сүйеніп: барша кісі, белгілі топ, ұлттар, тайпалар, халықтар, елдер, империялар бағынатын орнықтылық, еңбек түрін таңдаудағы шектеу, консерватизм, қатаң адамгершілік немесе заңдық белгілер мен заңдарымен нақты белгіленеді. Құрылықтық, геосаясат ұғымында мықты, берік, қатты дегенді білдіреді. Ол қаттылық мораль мен заңның қаттылығы, дәстүрдің тұрақтылығын қалыптастырады. Оның үстіне құрылықтағы халықтар, әсіресе отырықшылықты ұстанғандарға жекешелік, кәсіпкерлік рух, қысымшылдық жат, тек ұжымдық сезімнің жақындығы қалыптасқан. Планетаның осы бөлігіндегі басқармада негізінен бейберекеттік принцип билік құрады.Теңіздік мықтылық, немесе талассократия, осы бағдарламаның авторы А.Мэхэннің ойы бойынша, - өркениетке тұтастай қарсы белгі. Талассократия, немесе сауда өркениеті, техникалық прогреске неғұрлым жылдам жақын әрі тез қабылдайды. Оған жекешелік, қысым, кәсіпкерлік рухы жақын. Кездейсоқ пайда болған қиын жағдайдан шыға ала алатындай кісілерді тұлғалық немесе топтардың қасиеттеріне қарап алдын ала бақылап алып теңізді бағалайды. Ондай өркениетте адамгершілік және заңдық мөлшерлер көп тұрғыда тәуелді болып қалады. Өркениеттің осындай түрі құрылықтық үстемдік - теллурократиялыққа қарағанда жылдамырақ дамиды, адамгершілік пен мәдени құндылықтарды, белгілерді тез алмастырып отырса да тек бір негізгі бағытты- алға ұмтылу, тың жаңалықтарды ашу, оқиғаларға ұрыну, өмір сүру мүмкіндіктерін арттыруда озық жүреді.Континентальдық өркениеттің жүздеген жылдары (Құрылық) – Спарта, Афины, Рим – теңіздегілерге үстемдік жасап отырған, содан соң техниканың өркендеуіне, қоғамдық еңбектің ажыратылуына, тауар айырбасының және сауданың өсуіне байланысты Теңіз үстемдігі, теңіз өркениеті өсе түсті. Осыдан геосаясаттың екінші заңы – адамзат тарихындағы кеңістік факторының кеңістік заңының күшейтілуі туындады. Сондықтан да, ағылшындар басқа ұлт немесе елге қарағанда өзінің құдіретінің мықтылығы үшін теңізге қарыздар. Геосаясаттың негізгі заңының ерікті қасиеті ретінде, яғни, талассократия мен теллурократия дуализмін, кейде оны құрылық пен теңіз заңы деп атап, оның нәтижесінде «жағалау аймағы» немесе Rimland, - талассократия мен теллурократия бөліктерін алады. Ол геосаясаттық дуализм шеңберінде жүзеге асатын өзінің өсу мағынасымен жетілген негұрлым күрделі белгі (ұжым). Сонымен, Rimland, шекаралық аймақ, немесе шекара белгісі ретінде қалады. Геосаясаттағы осы термин мемлекеттер арасындағы шекараларға қарағанда өзге мағына береді. Теңізге келушілер жағалауды көреді де оны өз құрылығының шеті деп қарамайды, континентальды салмақтан жұлып тастап, әрі қарай құрылыққа апаратын сауда базасына, әскери анклавқа (алаң) айналдырады.
Геосаясат тәсілдері Геосаясат өз зерттеулерінде ең алдымен жалпы ғылымға тән тәсілдерді пайдалаланады, сондай - ақ, саяси жағрафия, тарих, социология, саясаттану және басқа да ғылымға тән әдістерді де қолданады. Тек кейбіреулерін ғана, геосаясатта көп қолданатындарын ғана атап өтейік. Жүйелік тәсіл құрылымдық – қызметтік жұмыс түрі ретінде қаржыгерлер, социологтар мен саясаттанушылардың кеңінен пайдаланатын тәсілі болып саналады. Бұл тәсіл негізгі мағынасында қоғамдық өмірдің, ғылымның, қазіргі жағдайда - геосаясаттың кез – келген саласында тұтас, ұйымдастыруы күрделі әрі өзін – өзі реттейтін организм ретінде қарастырылады. Ол организм қоршаған ортамен жүйенің «ену» және «шығу» ара қатынасын үнемі реттеп отырады. Кез - келген жүйе, белгілі түрде, өзінің қалпын сақтауға ( геосаясат жүйесі де – алшақ емес) тырысады әрі белгілі бір қызметті атқарады, олардың ішіндегі маңыздысы ретінде құндылықтар мен ресурстарды тарату және жұртшылықты қамтамасыз ету сапасын міндеттеу болып есептелінеді.Екпінді тәсілді ғылымда көбіне психологиялық немесе тұрмыстық – психологиялық әдіс деп атайды. Ол кісілер немесе топтардың мінез -құлықтарын ғаламдық деңгейдегі ортада зерттеп, сонымен қоса ұлттар, нәсілдер, топтар мен басқалардың болмысын қарастыруға бағыттайды. Геосаясатта екпінді тәсіл геосаясаттық көріністі бір қалыпты даму кезінде пайдаланады. Ол екпінді қызметтің тізбекті процес ретінде әртүрлі сатылар немесе этаптары бар жанды әрі заттық деңгейін қарастырады: қызметтің мақсатын айқындау, шешім қабылдау; көпшілікті ұйымдастыру және олардың мүмкіндіктерін жүзеге асыру; топтар, көпшілік атқаратын істерді анықтау; жаңа мақсаттардың қызметі мен жүзеге асырылуының нәтижесін сараптау. Геосаясатта кеңінен пайдаланылатын тәсілдің бірі – салыстырмалы әдіс. Ол өмірдің бір сарынды құбылыстарын салыстыру арқылы олардың жалпы белгісі мен мағынасын ажырату, міндеттерді шешудегі тиімді жолды қарастыру және басқалар. Бұл тәсіл оны тиімді пайдаланған жағдайда өзге халықтар мен мемлекеттердің тәжірибесін қолдануға мүмкіндік береді.Тарихи тәсіл барша қоғамдық ғылымда қолданылады. Ол өмірдегі барша құбылыстарды уақыттың жылжуы арқылы дамуын зерттеуді, өткеннің, бүгінгінің және болашақтың байланысын анықтауды талап етеді. Геосаясатта бұл тәсіл ең маңызды әдістердің бірі болып саналады. Мөлшерлік – құндылық тәсіл мемлекеттер, тұлғалар үшін қажетті небір деректер, құбылыстардың маңыздылығын анықтаумен белгіленеді. Деректерге баға әділдік немесе әділетсіздік, сыйластық немесе өзінің не өзге елдегі халық бостандығына қиянат сияқты көріністер арқылы беріледі. Соның өзінде саясаткерлер өз қызмет баптарында адамгершілік және этикалық нормалар мен құндылықтарға сүйене жүруі қажет. Бұл тәсіл өзінің қолданылуында ескере кететін жәйтке келсек, саясат пен адамгершіліктің тоғыспайтын кеңістікте болғандықтан шекаралары алшақ жатуы да мүмкін. Бұл тәсілдің осал жері құндылық туралы қорытындылардың белгілі бір көрінісі ғана, сондықтан оның маңызды саяси шешім қабылдауға толықтай негіз бола алмайды. Соған қарамастан, бұл тәсілге геосаясаткерлер мемлекеттік саясатта адами өлшем, адамгершілік бастау аларда қатты сүйенеді. Қызметтік тәсілдің негізіне қоғамдық өмірдің әртүрлі салалары арасындағы байланыс немесе мемлекеттер не болмаса мемлекеттер топтамасы араларындағы қатынас жатады. Бұл тәсіл итальян саясаткері әрі ойшылы Н.Макиавелли негізін салған прагматикалық анықтамаларға құрылған әрі діни уағыздар мен этикалық құндылықтардан бас тартқан шынайы саясатты дәріптеуге ыңғайластрылған. Геосаясаттың көптеген мәселесі қызметтік тәсілмен тығыз байланысты бихевиористік тәсіл негізінде де үлкен жетістікпен қарастырылып әрі сарапталуы да мүмкін. Бихевиористік тәсілді саясатқа американ ғалымы әрі президенті Вудро Вильсон (1856-1924) сонау 1880 –ші жылдар алып келгені белгілі. Оның сипаттамасының мәні мынадай болуы мүмкін:1. Саясат (әрі геосаясат) жекешелік мағынасына ие бола алады. Адамдардың әрекеттері (олардың қызығушылығы) белгілі бір тұлғаның бейнесі мен ойын білдіреді. Соның өзі нақты басты обьект ретінде қарастырылады. 2. Адамдардың әрекеттері мен болмысының басты себебі психологиялық белгілерге жатады. Олар тұрмыстық тұрғыда айқын болғанымен, жекелген кісінің табиғи ерекшелігіне қатысты болуы да мүмкін. 3. Жаратылыс ғылымдарының тәсілдері де кеңінен пайдаланылады, оның ішінде сандық өлшемдер, қажет кезінде есептеуіш статистикалық деректер, компьютерлік техниканың мүмкіндіктері мен басқалары қолданысқа енеді. Осы тәсілге құрылымдық – қызметтік сараптама жанасады. Ол қоғамды, мемлекетті, мемлекеттер бірлестігіндегі жүйені белгілі бір мөлшерде пайдаланып әрі күту барысын қанағаттандыратын әрбір элементтінің арнайы қызметін қарастырады. Жүйенің әрбір элементі ұйымның құрылымының өзі белгілеген бағдарламасы бойынша жұмыс істейді. Ұжымның (бірлестік) басты міндеті –оның элементтерінің қызметтерінің (ролінің) мүлтіксіз орындалуы кезіндегі бірқалыпты жағдайды қамтамасыз ету. Институттық тәсіл мемлекеттердің, партиялардың, ұйымдардың және басқа мекемелердің саяси жұмыстарын жүзеге асыруға көмектесетін институт - тардың қызметін зерттеуге бағытталған. Бұл тәсіл саясаттануда да, социоло – гия мен геосаясатта да ХХ ғасырдың басына дейін жетекші ілімнің бір өзі болып келген. Антропологиялық тәсіл геосаясатта қолданған кезде тұрмыстық фактордан гөрі адам табиғатын ащуға көп көңіл бөледі. Ол тәсілді қолдаушылар адам бойынан туыстық ұғымды көреді де, әрі ол түсінік принципті кезінде өте маңызды саналады, сондықтан да ең алдымен адамның болмысына, адам табиғатының құбылысына қатты назар аударады. Империкалық зерттеулер тәсілі геосаясат пен ғылымға негізінен социология, статистика, кибернетика мен басқа ғылым түрлерінен келген. Оған құжаттар сараптау, сауалнама, тәжірибелер, ойын теориялары және басқалар жатады.
Геосаясат қызметтері Геосаясат ғылым ретінде шынайы өмір заңдылықтарының обьективтік байланысын зерттей келіп, қоғамда белгілі бір қызметтерді де атқарады. Олардың ішіндегі маңыздылары деп айтуға болатындары бар: танымдық, немесе гносеологиялық; болжамдық; басқарушылық және идеологиялық. Танымдық қызмет негізінен елдер мен халықтардың геосаясаттық даму бағыттарын зерттеуге, түрлі құбылыстар, процестер, оқиғалардың өзгерісіне құрылған. Геосаясаттық қызмет жөніндегі білімнің жандана жетілуі сол әрекеттердің деректері мен бағыттарын мұқият сараптау арқылы жүзеге асады. Геосаясаттық зертеулердің екі жағын алып қарастыруға болады. Бірінші жағы, олар берілген ресми статистиканы әлемдегі (оны шынайы көрсеткіш деп атайды) кездесетін өзгерістерге сай толықтырады әрі нақтылайды, ал, екінші жағынан – саясаттың әртүрлі субьектілерінің қызметтерінің себептері, құлшыныстары, мақсаттары зерттеледі де, сол арқылы субьективтік көрсеткішті айқындалады.Геосаясаттағы субьективтік ақпараттың танымдық құндылығы өте жоғары. Онда саяси басшылардың санасындағы геосаясаттық болмысы мен көзқарасы арқылы әлемдік немесе жергілікті саясаттағы адам факторы ашылады. Болжамдық қызметі танымдықтан бастау алады. Шындығында, кез келген зерттеу жұмысы көбіне көп жағдайда геосаясаттық күштер, аймақтардың дамуына нақты болжам, елдер немесе бірлестіктер конфигурацияларын орнықтыру, олардың халықаралық қатынастарды дамытуға тигізетін әсері, болуы мүмкін немесе бар шиеленістерді реттеуге ұсынысты жасау үшін жүргізіледі. Басқарушылық қызметі. Геосаясатта эмпериялық ақпаратты жинастыру әрі сараптау, және соның негізінде нақты ұйымдастырушылық шешім қабылдау ретінде жүреді. Геосаясаттың бұл қызметі ең алдымен, бастапқы бөлімінде, геосаясаттық оқиғаларды меңгеру мен адамдарды, ұжымдарды, тұтас қоғамды басқару үшін берілетін тәжірибелік нұсқауларды дайындау әрі жасап шығуға құрылған. Идеологиялық қызметі. Біз бұрын атап өткендей, геосаясаттың бұл қызметі әуел бастан қиын жағдайда қалып, тарихында фашистік Алмания идеология-сына тер төккен. Ол дегеніміз, бүгінгі жағдайда идеологиялық жағы әсер етпейді деген сөз емес, керісінше, кейінгі жылдары мемлекеттердің идеология майданы геосаясатқа қатты әсер етіп, жылдам өсуде дегенді білдіреді.
Қазақстан Республикасының геосаясаты.Қазіргі уақытта әлемде трансформациялық процес жүруде,оның негізгі көрінісіне әлемдік жаңа тәртіптегі глобалды контексті жатқызамыз.Жан-жақты процестегі дамуды облыстық,аймақтық ерекшелігін ескере отырып геосаяси өркениетті бірегейлікті қалыптастыру. Дәл осындай жаңа гоесаяси даму аймақтарының бірі Орталық Азия. Территория үлкендігімен бай табиғи ресурсмен қатар,халықтың квалификациалық білім деңгейі жағынан Орталық Азия аймағында Қазақстан жетекші мемлекет болып есептелінеді. Қазақстан экономикалық макроэкономикалық даму деңгейі жағынан жоғары.Саяси экономикалық даму жүйесіне қайта құрған посткеңестік елдерде,Қазақстан мемлекеттер алдына саяси модернизациялық, нарықтық экономикалық даму мәселелерін бірінші реформалады. Сонымен қатар сайлау курсы,әлемдік ұлтаралық қатыныстарды реттеу,діни конфессиялық қауіпсіздік,Қазақстандағы барлық халықтардың жан-жақты мәдени даму потенциалын және білім концепсиаларын жасады.Сыртқы саясатты дамытуға ойластырылған мақсатты,нақты саясат қалыптастырды. Сыртқы саясатқа жоспарлан реформалардың барлығы өзін ақтады. Қазақстан геостратегиялық нақты даму жоспарларымен,саяси полияда ықпалды-Ресей,АҚШ,Қытай,Еуроодақтармен қарым-қатынас орнатты. Мемлекет басшысының пікірінде біздің мемлекет ХХI ғасырда халықаралық қатынастағы архитектуралық,терең трансформациялық негіздермен танысты.Ірі державалармен халықаралық қатынастағы экстремизммен күрес және басқада әріптестік қарым-қатынас орнатты. Қазақстан көпұлтты және көпконфессиялы мемлекет ретінде,көптеген мәдени,өркениеттік диолгтарды пайдалана отырып біркелкі тұрақты ұлтық ұйымдар құруда расизма,ксенофоби,антисемитизма діни конфликттілерге жол бермеді. Мемлекеттің нақты және мақсатты жоспарлары ЕҚЫҰ төреағалық етумен қатар ШЫҰ,ЕурАзЭО,АСЫҰ Түркі және «ислам конференцияларын» ұйымдастыру төреағалық етуіні негізі бола алды. Қазақстанның сыртқы саяси жүйесінің дамуында АҚШ орны ерекше.Астана саяси даму диологында Вашингтонмен арадағы байланысты маңызы зор,сонымен қатар экономикалық инвестиция,энергетика,технология саласы әсіресе атом энергиясы ядролық қауіпсіздік сұрақтарын шешуде әріптестік орнатқан. Бір ескеретін тұс,Америка Орталық Азия,Қазақстанда Каспий аймақтарындағы геостратегиялық назарын жыл өткен сайын күшейтуде. Сыртқы саясаттағы стратегиялық маңызы бар мемлекеттерді бірі ҚХДР. Орталық Азиядағы посткеңестік елдер кеңістігінде энергетикалық,транспорт-комуникациялық басқада даму салаларында ҚХДР орны ерекше. Басқада халықаралық қауіпсіздік байланыстарында ДНЯО тәртібі кең тарады,ядролық қарудан зардап шеккен мемлекеттердегі ортақ мәселелерді талқылады. Қазақстанның ЕЫҚҰ төреағалық етуі транспорттық-комуникациялық біркелкілікті дамытты. Орталық Азияның географиялық,тарихи,экономикалық сауда аймақтық дамуды күшейтуге,Еуропа мен Шығыс арасындағы қауіпсіздік копіріне айналды. Мемлекеттік бағдарлама контекстінде «Еуропаға жол» жоспары трансформациялық логистикалық транзиттік сұрақтарды шешудің құралы болды.Қазақстан Батыс Еуропа-Батыс Қытай тронспорттық магистаралды байланыстырушы.Бұл үлкен жоба ХХI ғасырдағы Жібек Жолын жаңғырту болып табылады.
Дәріс 15. Халықаралық қатынастар жүйесіндегі Қазақстан және оның сыртқы саяси басымдықтары
1. Сыртқы саясат және сыртқы саяси қызмет
2. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының қалыптасуы, мақсаттары, міндеттері, стратегиялары, басымдықтарының қағидалары.
3. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты
