- •Дәріс.4 Саясаттың әлеуметтік негіздері.
- •1. Әлеуметтік стратификация және саясат
- •2. Этнос - саясат субъектісі ретінде
- •3. Жеке тұлға және әлеуметтік топтар – саясат субъектілері ретінде
- •Дәріс 5. Қоғамның саяси жүйелері. Қоғамның саяси жүйесі мен оның саясаттанудағы теориялары.
- •Дәріс 6. Саяси тәртіп және оның қр қалыптасуы мен даму қайшылықтары.
- •Дәріс 9. Саяси партиялар, партиялық жүйелер, қоғамдық-саяси қозғалыстар. Саяси партиялар мен партиялық жүйелер
- •Саяси конфликт дамуының динамикасы
- •1. Сыртқы саясат және сыртқы саяси қызмет
- •2. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының қалыптасуы, мақсаттары, міндеттері, стратегиялары, басымдықтарының қағидалары.
- •3. Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі принциптері
Дәріс 9. Саяси партиялар, партиялық жүйелер, қоғамдық-саяси қозғалыстар. Саяси партиялар мен партиялық жүйелер
1.Партиялардың мәні және олардың саяси күштеу арасында алар орны
2.Саяси партиялардың саяси теориялардағы даму кезеңдері
3.Саяси партиялардың белгілері
4.Қазіргі заманғы партиялардың пайда болу себептері мен олардың табиғаты
5.Қазақстандағы саяси партиялардың қалыптасу ерекшеліктері(Жаңа тарих)
1. Қазіргі заманда саяси партиясыз саяси жүйелерді түсіндіру мәнсіз болып көрінуі мүмкін. Сәйкесінше, азаматтық қоғамда қалыптаса отырып, саяси күштер өз топтарының мүддесін білдіре отырып, мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы байланыстырушы буын рөлін иемденеді.
2. «Партия» термині (partis- лат. Бір нәрсенің бөлігі) саяси партиялардың өзі пайда болғандығына дейінде ертеде пайда болған және де азаматтар мен халықтың билікке ықпал етуіндегі басты құрал болған. Қазіргі танымымыздағыдай саяси партиялар ХІХ ғ. 2-ші жартысында пайда болды. М.Вебар осындай саяси ұйымдасудың қалыбының пайда болуын 3 кезеңге бөлген:
+ Саяси партиялар- аристократиялық топ мүддесін білдіруші ретінде;
+ Саяси партиялар- Саяси клубтар ретінде;
+Саяси партиялар- қазіргі заманғы бұқаралық партияларретінде;
Алғашқы этаптарды саяси партияларға негативті көзқарас басым болды, өйткені олар: қоғамның бір бөлігінің немесе бір тобының мүддесін қорғай отырып, оны іштей қаратып, конфликтер орталығына айналған.Сондықтан да, ХVIIғ. Соңына бастап, ағылшын зиялылары қоғамдық ойды, саяси партияларды дұрыс түсінуге үгіттейбастады, тіпті олар ұлт мүддесін қорғатын бірден- бір өкілетті бірлестіктер деді. Э.Берк (1729-1797) былай деген: «Ұлттық мүддені жылжыту мақсатында бірлескен арнайы принциптерді жүзеге асыру бойынша келісімге келген бірлескен адамдар тобының ерекшке ұйымдасу түрі –Партиялар болып табылады».
3. Алайда, олардың ортақ мүддесін жүзеге асыру үшін бірлескен адамдар тобын- партиялар деп атауға болмайды.Ол үшін арнайы саяси партияға тән белгілер болуы керек. Өзге саяси күштерден саяси партиялық тізбегі ерекшелеген белгілерді Дж.Лапаломбара мен М.Вейнер келесідей етіп көрсетті:
1.Партия- өз алдына ұзақ уақыт бойына бірлескен адамдар мүддесін көрсететін ұйым;бұл партияны – өз ұйымдастырушылры, рух берушілері мен бірге құрайтын- фракцияладан, бірлестіктерден бөлектейді;
2.Ұлттық басшылықпен үнемінгі байланыстарды үдемелі сақтап тұратын, тұрақты жергілікті ұйымдар болуы керек;
3. Ең бастысы барлық саяси партиялардың маңызды мақсаты- билікті жеңіп алу және соны жүзеге асыру. Қысым топтарының басты мақсаты болса, билікті құру емес, оған түрлі саяси- экономикалық манипуляциялау арқылы ықпал ету болып табылады.
Халықтық қолдауды қамсыздандыру оның дауыс беруінен бастап, оның құрамына қосуға дейін, яғни мүшелікке дейін барады. Осы белгі оны саяси билікке немесе парламенттік билікке ұмтылмайтын, тек сыни функция атқаратын саяси клубтардан бөліп тұрады.
4. Қазіргі замандағы саяси партиялардың шығу тегі ХІХғ. Еуропа елдеріндегі күрделі саяси, экономикалық, қаржылық және институционалдық өзгерістерге байланысты болды. Мысалы: келесідей:
1.Парламент рөлінің өсуі;
2.Сайлау құқығының әмбебаптылығы мен оның кеңеюі,жаңа сайлаушы топтардың билікке ықпалын көтермелей түсті;
3.Саяси партияладың жаңа эволюциялық өрлеу тарихының басталуы;
Партияның болуы бойынша саяси партиялардың 2 типі бөлінеді:
1).Парламенттік топтар мен сайлау комитеттерінің рөлінің күшейуі; Электоралдық және парламенттік партияларды бөлу себептерінің шығуы бойынша;
2). Ешқандай сайлауға таза машықтанбаған, кезіндегі үлкен саяси ықпалдың мұрагері болып табылатын саяси партиялар.
* Еуропа елдерінде көптеген либералды партиялар – философиялық қауымдастықтардан пайда болған;
* Өндірістік және қаржылық топтар мен бірлестіктер үлкен спектрлі құқықтық партиялардың пайда болуының себептері;
* Бейлегалды жағдайларда қызмет еткен революциялық топтардан- Коммунистік партиялар шыққан;
* Бұрынғы майдандас ардагерлер одақтарынан Италия мен Германиядағы фашистік партиялардың негізі пайда болды;
Силлабусқа қосымша үй тапсырмасы:
1.Кадрлық және бұқаралақ партиялар;
2.Партиялар функциялары;
3.Саяси партияладың саяси салмағы бойынша жіктемесі;(коалиция,милиоритарлық, доминанттық және мажоритарлық партиялар)
4.Қазақстандағы саяси партиялардың қалыптасу ерекшеліктері(егемендіктен кейінгі кезеңдер)
5.ҚР «Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер» турлы заң.(Соңғы редакциясындағы).
Дәріс 10. Саяси мәдениет және саяси әлеуметтану
1. Саяси мәдениет түсінігі;
2. Г.Алмондтың,Дж. Пауэлл, Л.Пай және С.Вербаның саяси мәдениеті;
3.Саяси мәдениет типтері;
4. Саяси әлеуметтану түсінігі мен тұжырымдамалары;
5. Саяси әлеуметтану типтері;
1.XVIII ғасырда неміс ойшылы Иоган Гердер «Саяси мәдениет»- түсінігі ғылыми айналымға енгізген.
«Саяси мәдениет»- қоғамның барлық мүшелерінің арасындағы саяси мінез құлық пен саяси тәжірибені ретке келтірудегі жалпы қабылданған құндылықтардың, оларды білдңретңн нышандар мен бағыттар жиынтығын айтады.Ол өз бойына тек ғана саяси идеалдарды ғана емес, сонымен бірге саяси өмірдің қызмет етуші нормалары мен тәртіптерін де біріктіреді.
2.Батыс саясаттануында саяси мәдениеттің, теориялық бағыттарын анықтау белсенді түрде ХХ ғасырдың 50 жылдары жүзеге асырыла бастады. Онда 2 көзқарас басымдыққа ие болды. Ол бойынша:
1)Саяси мәдениет азаматтардың саяси бағыттарының(позицияларының) жиынтығы;
2).Саяси мәдениет адамның мінез құлқымен анықталатын бағыт.
Саяси мәдениеттің тұжырымдамаларының алғашқыларының біреуі- Әлеуметтік ғылымдар бойынша зерттеулік кеңестің жанындағы салыстырмалы саясат бойынша комитеттің негізін қалаушылар Г.Алмонд,Л.Пай, С.Верба және Дж.Пауеллдің белсенді еңбектену арқасында жасақталған болатын. Ғалымдар көбінесе осы саяси құбылысты ғылыми негіздеуде – функционалдық бағытты қолдана отырып, басым түрде саяси мәдениетті психологиялық феномен ретінде қарастырды. Тұжырымдаманың негізгі қағидаттары келесідей болып жіктеледі.Қоғамдағы саяси мәдениет өзара саяси жүйелердегі өмір сүруші тәртіптер негізіндегі мінез құлық типтері мен басқарушы топ айрықшылық беретін негіз қалаушы, саяси позициялар арқылы бір бірінен ерекшеленеді. Илесідей бандивидттердің саяси позициялары келесідей 3 элементтен тұрады:
1. Когнитивті индивидтің саясат туралы саяси институттар мен саяси партиялар туралы;
2.Аффективті- индивидтің реакциясын негіздейтін сезімдер(симпатия және антипатия) бір нәрсеге берілу немесе жек көру, көтермелеу немесе қолдау;
3.Бағалаушылық, құндылықтарды біріктіре отырып, сенімді идеалды идеологияны танып бағалай білу т.б
Осы 3 компоненттің бірінсіз басымдылыққа ие болуы, қоғамның қаншалықты зайырлы екендігін, саяси мәдениеттің индивидтің танымында сенімге немесе рационалдылыққа қаншалықты бейім екендігін пайымдауға мүмкіндік береді.
3. Г.Алмонд пен С.Вербаның ойынша саяси мәдениет негізінен өз бойына қоғамдағы саяси бағдардың үш типін біріктіреді:
1.Патриархалды; 2.Бағынушылық; 3.Белсенді қатысуға бағдарлылық;
Нақты қоғамда осы үш типтің біреуі осы басымдыққа ие. Осы үш идеалды бағдар типтерінің негізі болып табылады.
1. Патриархалды бағдар жергілікті жердің құндылықтарымен сипатталады;(тайпаның белгілі бір тектің құндылықтары және де жергілікті патриотизм, отбасылық құру, жемқорлық формаларында көрінуі мүмкін).
2. Индивид әдетте ғаламдық саяси мәдениетті әлсіз қабылдайды, ешқандай нақты саяси рөлдерді атқармайды. Көбіне, көп субмәдениеттер өткелінде тұрған жас тәуелсіз елдерге тән болып келеді;
2. Бағынушылық бағдар- индивидтің саяси жүйеге енжар немесе алшақтай бағытталуы. Ол саяси саналы болса да, дәстүрлі бағыт ұстайды. Билікке бағына отырып, индивид одан көптеген (әлеуметік пособиелер, кепілдіктер т.б) ізгіліктер күтеді және оның диктатурасынан қорқады.
3. Саяси қатысу бағдары – саяси белсенділікпен, рационалдықпен және нәтижелілікпен ерекшеленеді. Азаматтар билікке түрлі легитимді іс әрекет арқылы әсер етіп, бірлесе теңдік пен әділеттілікті орнатуға тырысады. Әсіресе, демократиялы елдерде сайлаулар, еркін және бейбіт түрдегі шерулер арқылы және т.б
4. Саяси әлеуметтану ХХғ 50- жылдары АҚШ-та алғаш рет ғылыми айналымға енгізілген. Қоғамдағы индивидтердің, тұлғалардың, топтардың туылғаннан бастап, өмір ұзақтығы бойынша өзі өмір сүретін қоғам құндылықтарын жалпыға ортақ мінез-құлық пен саяси әлеуметтік үрдістердің ерекшеліктері мен стандарттарын тану, бойына сіңіру процесстерін –саяси әлеуметтану деп атаймыз. Оның ғылыми айналымға енуіне келесідей себептер әсер етті:
Мықты дамыған елдердің постматериалдық құндылықтарға өтуі;
Жаңа буынға жаңа идеалдар мен стереотиптердің саяси жүйе трансформациясы арқылы берілуі;
Үй тапсырмасы:
1.ҚР саяси мәдениетінің ерекшеліктері;
2.Кеіестік саяси мәдениет;
3.РФ саяси мәдениет ерекшеліктері;
4.Посткеңестік саяси мәдениеттіңсипаттамалық белгілері;
Дәріс 11. Қазіргі саяси идеологиялар.
1.Саяси идеология туралы түсінік және саяси идеологияның қоғамдық функциялары.
2. Қазіргі заманғы негізгі саяси идеологиялар.
3. Қазақстан қоғамын реформалаудағы идеологиялық фактор.
Саяси идеология танымы тек посттоталитарлық елдерде ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемде ғылыми-практикалық және әлеуметтік-саяси маңызы жоғары мәселе.Субьективті және обьективті факторлардың ықпалымен ,рухани құндылықтарға талпына отырып әлемді қайта құруда әр түрлі саяси идеологиялар мен жалпыадамзаттық құндылықтардың атқаратын ролі жоғары.Нормалар,мақсаттар және идеалдарды іздестіру жүріп жатыр. Бұлар жанжалсыз дамуға әсер теуші басты факторлар.
Саяси идеология-идеология ядросы болып табылады.”Идеология”(гректің ideа және logos идея, білім; оқу, идеялар туралы ілім) –көзқарастар мен идеялар жүйесі.”идеология”терминін қоғамдық ғылымдарға Антуан Дестют де Траси енгізді.Ол өзінің “Идеология элементтері” атты еңбегінде анықтама берген.Траси және оның замандастары П.Кабанис және К.Вильней ерекше “идеология ғылымын ” жасап шығарды,яғни идеялар туралы ілім. Идеологияның практикалық маңызын ерекше атай отырып, Траси идеология- саяси және идеологиялық өмірдің, саяси іс-әрекеттің,мемлекеттің фундаменті болуы тиіс дейді.Траси Бэкон, Локк,Гельвеций,Кандильяктің еңбектерін алғаш рет жүйелеп,идеология туріалы алғаш рет толықтай ілім жасаған адам. Саяси идеология - бұл абстрактылы –теориялық /түсініктер, идеялар, теориялар/ және абстрактылы –практикалық /бағдарламалар, шешімдер, лозунгтер/ жүйесі. Саяси идеологияға тағы да бір анықтама бұл саясаттану ғылымында кең тараған саяси идеологияны “белгілі доктрина қоғамдық пікірлерді өз идеяңмен ұштастыра білу”.Саяси идеология өте ерте заманнан дамып келе жатқан процесс.Адамзаттың жүріп өткен тарихы ежелгі полистің идеялары мен идеалдарынан(азамат идеясы, демократия және республика идеясы) бастап, ортағасырлық догмалар мен ересейлермен (хистиандық-Европаның мемлекеттік идеологиясы ретінде, діни көзқарастар қақтығысы) жалғасып, жаңа заманның және қазіргі заманның саяси концепцияларына дейін (гуманизм, либерализм, консерватизм, марксизм). Ғылыми әдебиеттерде бірнеше басты философиялық-социологиялық бағыттарды бөліп қарастырады.Олар саяси идеологияның концепциясының қалыптасуына ықпал еткен басты факторлар:марксизм-ленинизм(К.Маркс,Ф.Энгельс,В.И.Ленин), неміс”социология білімдері” (М.Шелер, К.Мангейм), әлеуметтік позитивизм (К.Коппер, Г.Альберт, Т.Гейгер, Э.Топич т.б.), Франкфурт мектебі (Т.Адорно, М.Хоркхаймер, Г.Маркузе, Ю.Хабермас т.б.), оңшыл ревизионизм (Э.Фишер, Л.Колаковский, Р.Гароди).
Саяси идеологияны анықтаудағы тұжырымдардың көптігін екі сипатта бөліп қарастыруға болады:
1.батыс ғалымдарының бағыты бойынша саяси идеоологияны жасанды сана ретінде қарастыру.
2. ғылыми тұжырым басымдылығы,идеология прогрессивтілігі кеңес ғалымдары мен оқытушыларына тән сипат.
Саяси идеология пәнінің мазмұны оның түсініктері мен категорияларында көрініс табады.Олардың басқа идеологиялық формалардан айырмашылығы –ойлаудың спецификалық формасы болып табылады.
Танымның келесі формасы саяси идеялар. Саяси идеяда идеалдық обьектінің саяси шындыққа айналуы бейнеленеді.
Саяси идеялар, концепциялар мен теориялар тек практикалық іс-әрекеттер негізінде ғана жүзеге асып қоймайды, рухани әрекеттің тағы д бір формасы- саяси бағдарламалар арқылы жүзеге асады,бұлар теориялық қосымша сипатқа ие. Саяси бағдарламалар –бұл партияның, әлеуметтік топтың және басқа да ұйымдардың ұсынылатын жоспары.Саяси идеологияның құрамдас ажырамас бөлігіне саяси лозунгілер кіреді.Олар қысқаша формада негізгі идеялар мен талаптарды бейнелейді.Лозунгтің басты сипаттамасы –бұл императивтік. Ол қоғамның аяси дамуының нақты қажеттілігінен туындайды. Жоғарыда көрсетілген мәліметтерден келіп шығатын қорытынды саяси идеология құылымы абстрактілі – практикалық сиптатқа ие.Бұл құрылымның дамуы абстракциядан практикаға немесе керісінше жүреді.
Тек функциялары арқылы ғана саяси идеологияның қоғамда алатын құндылықтарының мазмұны ашылады.Саяси идеологияға екі функция комплексі сипатты:танымдық функциялар комплексі және әлеуметтік функциялар. Алғашқысына танымдық ,бағалаушылық,нормативтік функциялар кіреді. Бағдарламалық-саяси деңгейде әлеуметтік функциялар комплексі үлкен роль атқарады: қорғаныстық, болжамдық, тәрбиелік, пропагандалық, легитимдік функциялар.Саяси идеологияның басты бағыты-қоғамның әлеуметтік мүдделерін қорғау. Жоғарыда аталған функциялар саяси идеологияның соңғы деңгейі актуалды немесе белсенді деңгейіне алып келеді.Мұнда нақты саяси идеологияның іс жүзіне асырылуы, принциптер, мақсаттар негізінде жүзеге асырылды.Саяси идеология тұлғаның әлеуметтенуіне жеке идентификациясына әсер етуші басты фактор. Тарихи эволюция, менталитет ерекшеліктері, қоғамның әлеуметтік стратификациясы, идеалдар көпшілігі саяси идеологияның түрлі вариацияларының туындауына алып келеді. Оларды төмендегідей сипаттары бойынша классификациялауға болады: деңгейлік (вертикалды және горизонталды анализ), түрлі жүйе жасаушы сипаттамалар.
Саяси идеологиялар өз қызметі барысында бір-бірімен, сонымен қатар мемлекетпен және өзге де саяси институттармен,жалпы қоғаммен белгілі бір қарым-қатынасқа түседі.Осындй қарым-қатынастар арқылы олар социологиялық жүйені түзеді.Бұл ұғымға мемлекеттегі саяси идеологиялар жиынтығы мен олардың қарым-қатынас принциптері кіреді.Қандай да бір елдің идеологиялық жүйесінің сипаттамсы мен ерекшеліктері көптеген факторларға -әлеуметтік-саяси күштердің орналасуына,қоғамның саяси сауаттылық дәрежесіне, саяси сана мен мәдениет деңгейіне , тарихи дәстүрлерге, ұлттық құрам мен діни жағдайға және т.б.байланысты.Идеологиялық жүйенің қалыптасуына әрекет етуші заңнама елеулі ықпал етеді.
Осыған орай идеологиялық жүйенің әр түрлі типтері қалыптасады: плюралистік және монистикалық (моноидеологиялық).
Плюралистік идеологиялық жүйе идеялық саладан саяси плюрализмнің көрінісі болып табылады,елде бірнеше саяси идеологияның болуымен сонымен қатар саяси көзқарастарды еркін түрде білдіру мүмкіндігімен сипатталады. Бұл идеологиялық жүйе түрлі әлеуметтік топтардың толығырақ өкілеттілігін қамтамасыз етеді,саяси поцестің бәсекелігі мен бұқаралығына ықпалдасады,қоғамның демократиялық дамуының оңтайлы нысаны мен шарты ретінде болады,қандай да бір идеология тарапынн болатын тотальды басынушылықтан тұлғалық қозғалуына кепілдік береді.
Монистикалық идеологиялық жүйе бір саяси саяси идеология тарапынан билікке монотиппен сипатталады.Үстем саяси идеология өзінен өзге қоғамдық ой-санаға билік етушілерді болдырмайды.Бұл жүйе тоталитарлық мемлекеттерге тән,мұнда идеологиялық және мемлекеттік құрылымдар бірігіп кетеді,ал билік етуші идеология мемлекетте үстемдігін жүргізіп қоғамды езгіге ұшыратады.Билік функцияларының бір саяси идеологиямен мононполизациялануы субьективизмге,догматизмге,саясат пен қоғам өміріндегі дағдарыстарға, қоғам мен билік арасындағы бұзылуына, тұлғаның шеттетілуіне әкеледі.Қазіргі қоғамда қлыптасқан әлеуметтік-саяси ағымдарды талдау негізі саяси идеологиялар туралы айтуға мүмкіндік береді.Бұл либерализм,социлизм, консерватизм. Олардың “классикалық” үлгілері XVII ғасырдан бастап қалыптаса бастады.
Либерализм тұлға және индивидтің өзге де әлеуметтік және саяси құқықтарының еркіндігі мен мемлекеттік қызмет ету саласын шектеуді қолайтын ілім және қоғамдық-саяси ағым болады.Либералды дүниетанымның тамырлары Ренессанс пен Реформацияға кетеді.Оның бастауында Дж.Локк, Т.Гоббс, Шарль Луи Монтескье, И.Кант, А.Смит, В.Гумбольдт, Т.Джефферсон, т.б.
Батыстық қоғамдық – саяси ойдың ағымы ретіндегі либерализмнің қалыптасуындағы бұрылыс нүктесі ретінде Ұлы француз буржуазиялық революциясын санау керек. Классикалық либерализмнің маңызды жүйе түзуші құралы болған негізгі идеялар мен ұстанымдар 1789 жылы адам және азамат құқықтарының Деклорациясы мен 1791жылы Конституцияда қалыптастырылды.
Жалпы либералды дүниетаным бастан-ақ келесілерді мойындауға ұмтылды.
1. Әмбебап мақсат ретіндегі индивидуалды бостандық идеалы;
2. Адами индивидуалдықты бөліп көрсету;
3. Жекелеген тұлғаның өз іс-әрекеті үшін өз алдындағы жауапкершілігін сезіну;
4. Барлық тұлғалардың теңдігін бекіту;
Осылайша либерализмнің негізінде келесі қағидалар жатыр: жеке индивид қоғам мен оның институттарына қарағанда бірінші ретті және нақтырақ ;индивидуалды қажеттіліктер мен құқықтар кез келген ұжымдық қоғамдық құқықтар мен мүдделерден маңыздырақ;әрбір адамның өзге адамдардан айырмашылығы мен ерекшелігі сөзсіз және бірінші ретті,ал байланысы мен ұқсастықтары –шартты және екінші ретті;адам баолық заңдары мен құндылықтарын өзі жасайды;адам еркін және өз алдында және өз бостандығы алдында жауапкершілігі бар,жеке бостандық пен жауапкершіліктің негізінде жеке меншік жтыр.
Классикалық либерализмнің негізгі саяси идеялары: парламенттік құрылым мен дәстүрлі парламенттік процедураларға жақын болу;мемлекеттік қанат жайған экономикалық және әлеуметтік функцияларына жағымсыз көзқарас; билікті бөлу қажеттілігі ,саяси плюрализм мен заңның үстемдігі; азаматтардың саяси құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз ету,адамның қадір-қасиетін сыйлау;плебисцитарлы демократия, заңдарды бүкілхалықтық талдау, жергілікті өзін өзі басқару тәжірибесін кеңейту. Қазіргі таңдағы либерализмнің саяси идеологиясы біртекті емес, бірінші 3 бағытын бөліп көрсетуге болады: бірқалыпты, консервативті, сомипллибералды (радикалды).
Либерализмді жақтаушылар қоғамдық еркіндіктің негізі жеке меншік,
әлеуметтік иерархия мен жалғыз мүмкін “адамгершілік, теңдік ретінде мойындау үшін қажет, халықтық дәстүрге құрмет пен сенім тиімді саясаттың маңызды белгісі болып табылатына сенеді.
Либералистер ХХ ғ.80-жылдары Британия, Европа, Жапония, АҚШ-та зор табысқа ие болды.Қазіргі консерватизмнің неоконсервативтік (либерал-консервативтік) ағымы – салыстырмалы жаңа құбылыс. Оның пайда болуының объективті негізі ХХ ғ. 70-жылдары әлемдік экономиканы қамтыған құрылымдық дағдарыс болып саналады. Ол нарықтық жүйенің бұрынғы реформаларының жеткіліксіздігін тауып, радикалды амалдарды талап етті.Неоконсерватизм Германияның жетекші өкілдерінің бірі Г. Рормозердің пікірінше, қазіргі қоғамның дағдарысымен тағысын - тағы жасалып жатты. Оны адамзаттық бірлестіктің рухани құлдырауын және өмір сүрудің дағдарысын тудырды, ол жағдайда жүйені сақтаудың механизмдерінің бірі ретінде көрінеді. Неоконсерватизм экономикада нарықтық қатынастардың еркіндігі идеясынан туады, бірақ та саяси салаға мұндай принциптердің ауысуына қарсы және сондықтан либерализмнің мұрагері және сыншысы ретінде көрінеді. Оның саяси доктринасында бірқатар орталық шарттар ерекшеленеді: индивидтің мемлекетке бағынуының артықшылығы және ұлттың саяси және рухани жалпылығын қамтамасыз ету, барынша радикалды тәсілдерді және қарсыласпен ең шекті жағдайларда қарсыласымен өзінің қатынастарында пайдалану дайындығы.
Бұрынғының көптеген әлеуметтік утопия мен эгалитарлы теориядан социализмді өндірістің құралдары мен жеке меншіктің қатынасының әлеуметтік қайыршылық байланысына, әлеуметтік салада саяси өзгерістермен сәйкестілігі қайта құруларға сәйкестілігі қажеттілігіне басым көңіл бөлуі ерекшелендіреді.
Ежелгі Греция мен Римде “алтын ғасыр “ туралы әртүрлі нұсқаларда аңыз тарады (қауымдық-рулық қатынастарда, теңсіздікті білмеген, қанау мен жеке меншік) мүліктік теңсіздік пен қоғамның “табиғи жағдайы” , полистік демократия және “әділетті бөлінушілік” мәселелері шеңберінде пікірталастар жүрді, касталық коммунизм (Платон) утопиясы қалыптасты. Ерте христиандықта жалпы адамзаттық теңдік, ағайындық және тұтынушылық коммунизм ағымдары күшті болды. Кейінірек әлеуметтік-утопиялық мотивтер вальденс, катар, беггард, ағайынды апостолдар, лоллард, таборит, анабаптист және басқа секталардың ересяларында қарқынды дамыды.
Социалистік идеялардың одан әрі құрылуында маңызды тармақ Т.Мор мен Т.Кампанелланың коммунистік утопиялары болып табылады. Бұл ойшылдардың зерттеулерінде мүліктің жалпылығы принциптерінен қоғамдық өндірістің принциптеріне және қоғамның шаруашылық өмірін біртұтас ретінде ұйымдастыру, мемлекетті қажет етпейтін жабық қауымның идеалынан қала және қалалардың федерациясы түріндегі ірі саяси құрылыс идеалына, оның шаруашылығы мен мәдениетінің жетекшілігінде саналы қоғамдық құрылыстың негізін бекітуде мемлекеттің басты рөлін мойындауға өтуі негізделді. Эгалитаристік ағымның жалпы игерілмегенін атап өту керек және социалистік көзқарастарда ол ұзақ уақыт бойы үстем болып қала берді. Жаңа заман кезеңінде социализм діни қабыршағын тастап және бара-бара Ағартушылық философиясында өзінің идеяларын негіздеді.Д.Уинстеили, Ж.Мелье, Моррели, Мабли, Г.Бабеф жаңа қоғамдық құрылыстың принциптерін жасады және іс жүзіндегі бекітілуі жолындағы мәселелерді қойды.Социалистік идеялар өзінің классикалық түрін капитализмнің орнығуымен бірге иелене бастады. К.А.де Р.Сен-Симон, Ш.Фурье, Р.Оуэн, социализмнің қайта құру жолын жасай отырып, өндірістік-экономикалық салаға басты назар аударды, бірінші жоспарға ірі қоғамдық өндіріс мәселесін, ғылым мен техниканың жоспарлы қолданылатын жетістіктерін шығарды. Олар ерте социализмге тән жалпы аскетизм мен теңдестіру елестеріне қарсы шықты, “қабілет бойынша бөлу” принципін негіздеді, одан әрі дамуы үшін мақсатты маңызды бірқатар әлеуметтік-идея болжамдарды айтты-физикалық пен ой еңбегінің арасындағы, қала мен ауыл арасындағы қарама-қайшылықты жою, мемлекетті адамдарды басқару органынан өндірісті және басқаны басқару органына айналдыру.
Бұл кезеңде социалистік ізденістер бір-бірінен мәні жағынан бөлек (Бюше, Л.Блан, К.Пеккер, Леру, Прудон, Дезами, Ж-Ж.Пийо, О.Бланки) әртүрлі ағымдарға бөліне бастады, бірақта ғасырдың ортасына қарай барлық бұл ағымдар мен мектептерді К.Маркс пен Ф.Энгельстің “ғылыми социализмі” ығыстыра бастады.
К.Маркс пен Ф.Энгельс әлемдегі саяси процестерге , тарихи даму барысына үлкен әсер етті. Марксизмнің негізгі алғы шарты тарихи даму мен таптық күрестің заңды нәтижесі болып табылатына сенім болды. Капитализм Маркс бойынша еңбектің қоғамдастыру процесі арқасында қоғамдық құрылыстың болашақта қайта құрылуына барлық қажетті материалдық-техникалық алғы шарттарды дайындайды.
Революциялық қайта құрылудың басты субъектісі болып пролетариат табылады. Ол болашақта өз табиғатына сәйкес интернационалды еңбекшілердің қозғалысын басқарады. Бүкіл әлемдегі әлеуметтік қарсылық күштерін өз айналасына біріктіреді және алдыңғы қатарлы ғылыми идеяларымен қаруланған, адамзаттың жаңа кезеңге енуін білдіретін социалистік революция арқылы төңкеріс жасайды.Маркс кезеңінен бастап социализм туралы тек доктрина ғана емес, әлеуметтік және саяси практика-ең алдымен революциялық қозғалыс түрінде, соңынан қоғамдық құрылыс түрі ретінде айтуға мүмкіндік туды.Маркс ілімдерінің көптеген элементтері бүгінгі күні де өзінің маңызын сақтап отыр. Мәселе тек коммунистік идеалдың бірқатар маңызды белгілерін және социал-демократияның бірқатар құндылықтары туралы ғана емес, белгілідей қазіргі әлемнің көрсететін жүйесінде мықты ұстаным иеленуін жалғастырды. Постиндустриализм идеологиясын жақтаушылар бұл ойшылды бұл дәстүрдің негізін салушы деп санауы кездейсоқ емес.
В.И.Ленин маркстық доктринаның жабдықтық белгілерін елеулі өзектендірді, саяси технологияның тиімділігін (пролетариат диктатурасы мемлекеті туралы ілім, “демократиялық орталықтандыру” “жаңа типтегі” партия туралы және т.б.), саяси және идеологиялық қарсыластарымен күрестің қызуын күшейту бағытында оларды дамыта отырып.В.И.Лениннің тірі күнінде - ақ марксизмді ресми идеологияға айналдыру мақсатында жұмыстар жүзеге асырыла бастады. “Марксизм-ленинизм” классиктерінің көзқарастарына еліктеу мен заңдастыру тән болды. КСРО-ның бөлшектенуімен социализм моделі қалыптасқан одақтас елдерде социалистік идеялардың дамуы үзілмеді, ол посткеңестік кеңістікте коммунистік партиялардың, оның ішінде Қазақстанда, күшті оппозицияның болуымен дәлелденеді. Бұл партиялардың идеологтары күшті қолдауға ие болып, меншіктің көптүрлі формалары, саяси плюрализм, әлеуметтік әріптестік және т.б. мәселелерді белсенді жете зерттеп жатыр.Социал-демократия платформасына өтуге нандыруға негіз жоқ болса да , бірақ халықаралық тәжірибенің есебіне үлкен бағыт сәйкес саяси қозғалыстардың және социалистік ойлардың ағымы көзге ұрып тұр.
Бүгінгі күнде барлық идеологиялар ашық типтегі балама құндылықтарды ығыстыру негізінде емес, өздерінің моделдеріне олардың бейімделуі негізінде бір-бірімен бәсекелес идеологияларға айналды. Нәтижесінде консерватизм бұл жерде социалды және либералды, либерализм – социал-демократиялық, ал социал - демократия–либералды болады және олардың барлығы осылайша немесе басқаша топ, партия азаматтардың қарқынды мүмкіндігі мағынасында әріптестердің теңдігі, күштемеу, гуманизм, адамгершілік, заңдылық сияқты құндылықтардың парадигмасын қабылдады.
Консерватизм әлемнің ұжымдық санасын өзінің азаматтық жатақхананың негізгі құндылықтары, қоғамдық дамудың шектеулі сипаты, ұрпақтан - ұрпаққа берілетін бар байланыстарды жаңарту мен басымдылығы мәні туралы идеялармен байытты. Либерализмнің тұлғалық бастаманың басымдылығы, адамның еркіндігі мен жауапкершілігі, азаматтық қоғамның өзінің негіздерін сезінуде үлкен тарихи еңбегі бар.
3. Тұрғындардың көпшілігінің ойланған идеялық ұстанымымен кез-келген терең өзгерістер байланысты, Қазақстанда өзіне қуатты интегративті зарядты алып жүруге қабілетті ұлттық идеологияны біріктіруге үлкен қажеттілік, жаңа азаматтық саяси мәдениетті орнықтыру процестеріне қажетті негіздер жасау сақталып отыр. Мұндай идеологияны құрудың жасанды барлық талпыныстары жақында жоғалған “жалғыз дұрыс және ғылыми идеология” марксизм-ленинизммен ассоциация тудырады. Ұлттық идеология елдің тарихымен бірге өсіп жатыр және елдің тарихын өзінің мүдделері мен көзқарастарына сай жазуға тырысқан бұрынғы партноменклатураның бұйрығымен емес.
Қазақстан үшін идеология туралы айта отырып бұл ұғымды өңдеу керек, себебі посткеңестік шындықта жағымыз мағынада барынша жиі қолдана бастады.Бұл ұғымның тарихы тек жағымсыз ғана емес Саяси идеологияны саяси мәдениеттің қалыптасуының теоретикалық деңгейінде мойындай отырып, ойшылдар, партиялар, зерттеушілер және қарапайым азаматтар өздерінің көзқарастары бойынша консервативті, либералды, социал-демократ, марксист, радикал, яғни сәйкес идеологияны ұстанушылар екенін түсіну керек. Саяси дамудың тәжірибесі, оның ішінде дамыған елдердің саяси мәдениеттің қызмет ететін саласына саяси идеологияның ықпалы өте күшті екенін көрсетеді. Бұдан келіп идеологияның идеологиясызданудың пайдасына қарай бас тартуы демократиялық мемлекеттің құрылуының жағдайы ретінде маңызды негіздерден айырылады, себебі саясат, сәйкесінше саяси мәдениетте бірлесіп әрекет етудің саласы ретінде идеологиясыз мүмкін емес. Демократиялық өмірлік кеңістікті құра отырып, саяси плюрализмнің таралуы үшін кеңістік құру қажет, онда әртүрлі идеялық-саяси, көзқарастық және методикалық принциптер, ағымдар мен негіздер болар еді.
Қазақстандағы бүгінгі күндегі идеологиялық жағдайды суреттей отырып, тура және мақсатты идеологиялық концепциялардың жоқ екеніне азаматтар мен мемлекеттің арасмындағы бірлік пен өзара түсіністікті қамтамасыз етпейтін қоғамның дамуының келешегін айқындаудағы күңгірттікке назар аудару керек. Бұл жағдайларда құрылымдық құндылықтарында материалдық қажеттіліктер мен рахатқа бөлену басым болатын адам типі қалыптасып жатыр. Нәтижесінде - “Отан”, “ұлт”, “отбасы” ұғымдарының дәстүрлі мағынасын жоғалтуы мен космополитизация мен тексіздік сезімінің күшеюі жүрді. Қазіргі идеологиялық жағдайға тән белгі гуманитарлық әлемдік танымның әлсіреуі болып табылады, ол гуманитарлық білімді компьютерлендірумен байланысты. Компьютер санасында білім мен белгісіздік біріккен адамды жасап жатыр, ал ғылыми білімдердің дифференциялануы барынша күшейіп жатқан адамдарды жалпы барлығын қамтитын ойға қабілетсіз етеді.Гуманитарлық әлемдік танымның әлсіреуіне өзінің жағымсыз үлесін бұқаралық ақпарат құралдары да қосады. Олар көпшілік мәдениетті үгіт-насихаттап, адамдарды ақпаратсыздандырады, еңбекқорлық сияқты дәстүрлі құндылықтарды таптап, тұтынушылық пен тыраштануға қызығушылықты оятады. Бүгінде қоғамды бекітетін идея мен идеалдардың бос кеңістігі көзге ұрып тұр.Жаңа идеологиялық парадигмаларды іздестіру ұмтылысында ғалым-саясаттанушылар әртүрлі әдістерді ұсынады, бірақ олардың барлығын бір ой, А.Швейцер айтқан: “Біздің әлем оның сауығуы қандай да бір шаралардан емес, жаңа идеяларға тәуелді екенін түсінгенде аяғынан тік тұрады” деген біріктіреді /3/. Саяси ғылымдағы саяси идеологияның ерекшелігі, Қазақстан Республикасында жаңа саяси идеологиялардың қалыптасу жетістііктері, басқа ТМД-ның мемлекеттерінде (оның ішінде Ресейде), жалпы қазақстандық идеологияның басымдықтары төңірегінде бүгінгі күнде болып жатқан пікір таластар қарама-қарсы көзқарастарды көрсететін пікірлердің әртүрлілігімен ерекшеленеді.
Радикалды бағытталған ғалымдар Қазақстан сияқты посттоталитарлы мемлекет үшін қандай-да бір идеологияның керектігін жоққа шығарады. Бұл көзқарасты жақтаушылар өз позицияларын қоғамды қайтадан құру процесі әлі аяқталуға алыс, яғни қоғам әлі бір текті емес, өзінің ерекше мүдделері, мақсаттары бар жаңа әлеуметтік жалпылықтар (кәсіпкерлер, фермерлер, жұмыссыздар және т.б.) пайда болып жатыр деген белгілерге негіздейді.Сондықтан мұндай кезең индивидуалды өзін-өзі анықтауға аз қабілетті.Мұндай позицияны ұстанушы ғалымдар мемлекеттік аппаратқа емес , ең алдымен адамға қоғамның мүшесі ретінде жақын идеологияны таңдау құқын жақтайды. Дамудың жолын іздестіру азаматтың қоғамның ісі болуы керек, ал азаматтық қоғам әлі дамыған жоқ. Жаңа саяси идеологиялар әлемнің бір-біріне тәуелділігімен ақпараттық жетістікпен қамтамасыз етілген құндылықтардың жаңа жүйесіне негізделуі керек. Қазақстанның барлық халықтарында қайта құру идеясы басым болуы керек, яғни демократия идеялары, нарықтық экономикаға әлеуметтік -бағытталған идеялар, барлық әлеуметтік-саяси процестердің ортасында тұрған адамның қайта құрылуы. Қазақстандағы саяси идеологиялардың қалыптасу мәселесіне қатысты ағымдарды сараптай отырып, қазақстандық менталитеттің барлық бояуларын ашу мен қоғамның нығаюы идеясына бағытталған қазақстандық мемлекетке идеологияны қабылдауды жақтайтын тағы бір ұстанымды бөліп көрсетуге болады.
Дәріс 12. Саяси даму мен модернизация.
1. «Саяси даму» және «саяси модернизация» ұғымдары;
2.Дәстүрлік қоғам мен қазіргі заманғы саяси жүйелердің сипаттамалық белгілері;
3. Саяси дамудың теорияларының пайда болуындағы себепетер;
4. Саяси модернизацияның қорғаушы күштері мен мазмұны;
5. Саяси өзгерістердің табиғаты: ғылымдағы бағыттары. Саяси жүйелердің даму критерийлері.
6. Қазақстан Республикасының саяси модернизациясы.
1. «Даму» мен «модернизация» ұғымдары батыс саясттануында саяси өмірдің үнемінгі дамуын, динамикасын суреттеу үшін, сонымен қатар қоғамның даму деңгейлерін анықтау үшін енгізілген. «Саяси даму» немесе «Саяси модернизация» ұғымдары көбіне, қазірде дәстүрлік жүйеден қазіргі заманғы жүйеге өткізуді білдіреді.
2.Саясат әлемі айтарлықтай динамикалы әрі көпқырлы өмір сүріп отырған саячи жүйелер бір – бірінен кәдімгідей ерекшеленеді, өйткені әрқайсысында өзіндік саяси идеялар, құндылықтар, басқару формалары болады. Саяси модернизациялар теориясының қозғаушы ядросы ретінде «дәстүрлі – қазіргі заманғы» дихотомиясын айтуға болады.
Дәстүрлі қоғамдардың(көбіне дамушы елдер) сипаттамалық белгілері:
Саяси
өмір қатаң түрде әдет – ғұрып пен
дәстүрлерге бағындырылған, олар қоғамның
саяси тәртіптерінің үлгілерін
қалыптастырады;
Саяси институттардың функциялары әлсіз дифференцияцияланған;
Саяси жүйе болып отыратын экономикалық, әлеуметтік және технологиялық өзгерістерге баяу жауап береді, жаңа пайда болған әлеуметтік топтарға олардың жаңа талаптарына әсерсіз қарайды;
Қазіргі заманғы саяси жүйелердегі сипаттамалық белгілер көбіне келесідей (өндірістік тұрғыдан жақсы жетілген елдер):
Өзінің
функционалдауының ауыспалы шарттарына
барынша тез бейімделуге тырысады;
Саяси
күштеу мен жанжалды барынша айналып
өтуге тырысады;
Саяси
институттардың функциялары барынша
деформацияланған және жаңа әлеуметтік
топтар талаптарын егер рационалды
болса, қабылдауға тырысады.
3.Саяси даму теорияларын қалыптастыруға әсер еткен себептердің негізгілері келесідегідей:
Жаңа
егемендік жариялаған мемлекеттердің
саяси тоқыраудан кейінгі дәстүрлі
қоғамнан бойын алшақ салып, экономикалық
және саяси дамудың жаңа үлгілеріне
бейімделуде, осы тұрғыдағы саяси дамудың
көрнекті әрі жетістікті моделі ретінде
американдық немесе британдық үлгілеуін
енгізуге ұмтылу ерекшеліктері;
Батыстық саяси модернизацияның таңдалуы мен жүзеге асырылуын дамушы елдерді әлеуметтік –экономикалық, технологиялық және мәдени мешеуліктен алып шығады деген идеологияның басымдыққа ие болуы;
Бірақ саяси дамудың батыстық институттары мен үлгілерін кең көлемді эксперименттеу күтілген қоғам институттары толығымен мойындай қоюы екіталдай нәрсе;
Дегенмен де,тәжірибе көрсеткендегідей бұл мәселелер саяси ғылымға саяси модернизацияны жетілдіруге қажеттілікті туындатып отыр деген.
4. Саяси модернизацияның теориялары мен басты идеялары
Аристотель заманынан бергі келе жатқан әлеуметтік әділдікті орнықтырудағы ерекшеліктерге мән беруді көздейтін Детерминистік теория:
Саясат өзіне әсер етуші сыртқы факторларға тәуелді(экономикалық, әлеуметтік, мәдени, т.б)
Әрбір
қоғамдық саяси жүйелердің пісіп –жетілу
деңгейі қоғамдағы материалдық
өндірістің(базистің) даму деңгейіне
тәуелді;
Келесі Н.Макиавелли(кейіннен В.Порето, Г.Моска және Р.Михельс) дамытқан қоғамдық саадағы саясаттың басымдығы мен еркіндігі идеясы немесе теориясы. Саяси даму – қоғам дамуы мен прогресс дейді, бірақ саясаттың өзі саяси элитаға тәуелді дейді.
ХХғ. 50 жылдары –саяси модернизация салыстырмалы саясат аясында жетіледі.Ол бойынша саясат пен саяси даму түрі салыстырмалы талдаулар арқылы дәйектеледі. Өкілдері: Г.Алмонд, Дж. Пауэлл, Д.Элтер, Л.Пай, С.Эйзенштадт, С.Хантингтон т.б
Бұлардың ойына сәйкес саяси модернизация:
Өз
алдына дәстүрліден жаңаға өту, қарапайымнан
күрделі дифференциациялаған саяси
жүйеге өту, сапалы өзгерістерге өту;
Дәстүрлі қоғам мен қазіргі заманғы қоғам екі түрлі түсінікке ие, жаңа әлеуметтік адаптация мен жаңаша технологизация;
Әр қоғамда индивидтің өзін –өзі жетілдіру мен дамыту рөлінің ерекшеліктері болуында және т.б
5. Г.Алмонд пен Л.Пай тұжырымдамасы бойынша(функционалды бағыт):
Саяси
даму үнемі функциялардың жаңаруын
талап етеді;
Саяси институттардың функциялары мен сапалық белгілерінің өсуіаяси институттардың функциялары мен сапалық белгілерінің өсуі 3 үрдістен тұрады:
1). Саяси жүйенің институттарының құрылымдық дифференцияциясы мен арнайы функциялары;
2).Саяси жүйенің инновацияларға қабілетінің өсуі, өмірді жалғастыруға өзін жұмылдыру үрдісі;
3). Теңдікке бағытталған тенденциялар т.б
6 .Г.Алмонд, Дж.Пауэлл саяси жүйенің модернизациясының деңгейін өлшеудегі 3- критерийін енгізді:
1).Саяси рөлдердің дифференциациясы –жаңа дербес құрылымдардың жаңа функциялады атқара бастауы;
2).Саяси институттардың мамандануы таңдауы соған сәйкес жұмыс істеу;
3). Мәдени секуляризация
И ррационалдылықтан Рационалдыққа өту;
(Cезім, эмоция) (Дәл факттер, нақты ақпараттар)
Қазақстан Республикасының саяси модернизациясы.
Қазақстандық реформалау тәжірибесі «қоғам – мемлекеттік билік» қоғам жүйесінде саяси партиялармен «бәсекелесетін» функционалды өлшемімен бұқаралық ақпарат құралдарында байланыстырушы құрал ретінде ерекше роль атқаратындығын көрсетіп отыр. Тәжірибеде тәуелсіз БАҚ – ның саяси ықпалы үлкен потенцияға иелік ететін және нақты жағдайда қоғамның саяси модернизациялау процесінде белсенді орын алатындығы әбден мүмкін екенін мойындайды.
Саяси модернизацияны жүзеге асыруда саяси инновация мен шешімдерді қабылдаудағы басты құрал болып табылатын жоғары саяси элита маңызды роль атқарады.
Бұл тезис бүкіл посткеңестік елдердегі реформалардың жасандылыққа ұрынуы «жоғарыдан» деп жүргізілетін қызметі демократиялық модернизацияның алғышарттарын айқындайды. Бұрынырақта алмастыру процессі мен демократияны дамытудың басты импульсі партиялар мен бюрократтар арасындағы қарым-қатынасы болып саналатын (мемлекеттік шенеунітермен).Осы орайда қазақстандық тәжірибеге жүгіне кетуге тура келеді. Республикамыз үшін, сонымен барлық посттоталитарлық елдер үшін тәуелзіздіктен кейін мемлекеттік шенеуніктер кадрін сұрыптау мен орналастыру мәселесін қолға алуға итермелеиді. Қазақстандағы жағдай секілді өтпелі қоғамды басынан өткіріп отырған кезде мемлекеттің бастамасымен жүйелік трансормациялау, әсіресе алғашқы кезеңде шенеунікке негізделген саяси элита посттоталитарлы қоғамда либералды – демократиялық реформаны жүргізуші күш ретінде, әрі әлеуметтік кешеннің құрылуындағы белсенді белгілі өткен номенклатуралы жүйеде альтернативті айқындаушы роль атқаратын басқарушылардың ротациясы мен дайындық жүйесін қалыптастырады. Бұл елдің саяси жүйесі енді ғана қалыпқа келе бастаған кезеңмен байланысты, біріншіден бұл мемеккет белгілеген, конситуциямен бекітілген және қоғаммен мойындалған өзінің «ереже» «тәртібі» бар саяси партиялар мен құрылушы топтардың мүддесімен құпталған институционалды жүйе (лоббистермен де), екіншіден, ақпараттық – коммуникативтік жүйе (бұл да енді ғана құрылып келе жатқан деңгейде және коммуникация арналары мен ақпараттық инфражүйелердің тек қана саяси жүйе институттары арнасында ғана тұрақсыздығымен емес,сонымен қатар БАҚ жүйесінде де тұрақсыздық танытып отыр).
Қазақстанның спецификасы деп қоғамымызда саяси элитаның өмірін әлем елдердің тәжірибесімен санаса отырып еңгізілген нормалармен заңдардың орын алуын және республикамыздың даму алғышарттарын айтамыз. Осыған байланысты саяси элитаның саяси, ұйымдастырушы және заңнамалық ролі жүргізіліп отырған реформаның қайталанбау контекстінде бекітіліп, ол стратегиялық айқындалушы болып табылады, немесе қоғам массасымен мойындалып бекітілген болашақ буынды тәрбиелейтін жаңа либералды демократиялық құндылықтар тек бірнеше буыннан кейін күшіне енетін норма-әдеттер. Бұдан шығаратынымыз Казақстан Республикасында мемлекеттік саясат басында Батыстың бетке ұстар білім ордаларында оқуға жіберу үшін талантты қазақстандық жастарды сұрыптау жолымен ұлттық элита кадрлерін дайындауға бағытталған болатын.
Қалыптасу барысында посткеңестік тәжірибе негізінен басты ауыр жүк элитарлы топтың саяси санасына түсетінін көрсетіп отыр. Қазақстандық қоғамда мемлекеттің саясаттың саяс мақсаты мен нормативтік мағынасын күшейту талаптарын қалыптастыруды, керісінше құндылықтық, қоғамдық - саяси тәртіптерге бағытталатыны зерттеу бекітіп отыр. Бұл ішкі саяси ортаға либералды-демократиялық реформаның стратегиялық курсы үшін жағымды жағдайда қалыптасуына мемлекеттің өмір сүру стилі, тәртіпке бағытталған нормативтерін сұрыптау мен бекітуде белсенді позиция ұстану талаптарына жағдай туғызады. Қазақстанның мемлекеттік билігінің қажетті күшті қырына ішкі саяси тұрақтылықты қамтамассыз етудегі жоғары ептілікті, экономикалық шаруашылық пен қоғамдық құрылымды қайта ұйымдастурды жүзеге асыруды, нақты мәселелерді шешу үшін ресурстарды жинастыруды жатқызуға болады. Еліміздің мемлекеттік билігіндегі осы аталмыш сапалық қырлары экономикалық реформа процесінде нақты жетістіктерге жетуге тиек болады. Посткеңестік кеңістікте демократизация феноменін сараптауда демократизация мен либерализация сынды екі түсінікті теориялық талдауды қажет ететінін болжайды. ТМД елдерінің қатарында либерализм мен демократияның қарым-қатынас диалектикасы сындарлы қаратыруға жүгінген емес. Олардың теориялық және саяси түзетулерге немесе тіпті мағыналық өзгерістерге ұрынатынын байқаймыз. Қазіргі либерализм парадигмасы деп мемлекеттің экономикаға әсері мен тигізер ықпалын шектеу ретінде қатысатын саяси ағымды айтамыз. Оған жеке тұлға еркіндігінің талап етілуі, гуманизм мен демократизм, нарықтық шаруашылық мемлекет арасалмағының аз шебіндегі өнеркәсіп пен бәсекелестік еркіндігі, реформаторлық жоғары деңгейі, рационализм, жеке тұлғаның өзіндік құндылықтарын мойындау мен барлық халықтың басынан бірдей теңдігі, құқық, еркіндік және адамдардың жауапкершілігі, халықтың билікті, конституционализмді, заңдылық пен тәртіп ережесін, билігін талап ету , мемлекетті қоғам мүшелерімен жалпы консенсусқа негізделген, әрі бастапқыда адам құқығын қорғау мақсатымен шектелетін және жеке –меншікке қол сұқпауды көздейтін орган ретінде түсінуді жатқызады.
Демократия парадигмасы дегеніміз халықтың билік көзі ретінде мойындалуына негізделген, принциптері де халық билігі болып танылатын, аракідік билік орган қызметін бақылауға алатын әртүрлі саяси күштердің іс-әрекеті мүмкіндігі бар қоғамның саяси және экономикалық құрылыс формасы. Бұл түсініктерді салыстыруда олардың арасында қажетті әрқилықты байқаймыз. Либерализмге индивидуумның және оның бас тартпайтын нақты құқығы сынды приоритеттер тән. Демократияның басты қыры саяси еркіндік танытуда және көпшілік еркіндігі сияқты приоритетін мойындауда барлық азаматтардың тең екендігі есепке алынады. Посткеңестік транзиттік мемлекеттердің ерекшелігі оптималды арақатынаста либералдық және демократиялық принциптердің тарихи уақыт мерзімінің (1988-2003) тым тар болса-дағы жүргізілуіне негізделген мемлекеттік саясаттың –иемделуі болып табылса, ал өндірістік экономикалық, әлеуметтік және саяси институттардың қазіргі кезеңде ортақ мәселелері болып отыр. Демократияға өту процесінің басты мәселесі және оның қадағалау ретінде модернизация феноменін сараптауда кейінгі кезде салыстырмалы саясаттануда концептуалды парадигманың акценттіктен әлеуметтік – экономикалық және демократияның мәдени – құндылықтық сілтемелер мен талаптарында демократияландыру процесінде қатысушылардың іс-әрекеті мен ролін және формалды демократиялық процедураның ролін айқындауға көшкендігін ескеру қажет. Сонымен, парадигмалардың орын алмасуы демократияның құрылу қажеттігін баса көрсетіп, ең алдымен формалды демократиялық институттарды құру және процедуралардың мәселен, көппартилық институты, сайлаушылық, көпшілік еркіндік таныту мүмкіндігі және т.б. жолдарды таңдау. Берілген қаулыда қарастырылып отырған мәселенің сараптауда концептуалды сызбалары қажетті аспектімен санаса бермейді. Ол ішкі нақты формалды демократиялық процедуралардың бар екендігін айқындауда көрінеді. ТМД мемлекеттерінің жаңаша тарихи дамуы көрсетіп отырғандай нақты қоғамдағы жағдайлар мен жайттар демократиялық институттар мен процедуралардың мағыналық толығуына спецификалық тұрғыда әсер етеді. Демократияландыру процесінің осындай ішкі қырларын ескермесек, транзиттік мемлекеттерде жүргізіліп жатқан саяси режимдердің табиғатын объективті тұрғыда ашу мүмкін емес. Модернизация теорияларның белгілері арасында посткеңестік мемлекеттердің 1991 жылдан кейінгі әлеуіметтік-саяси және экономикалық тұрғыда дамуы 1917 жылдары үзілген «модернизация көзіне» «оралуды» білдіреді. Мұндай бұрынғы социалистік елдердің өтпелі қоғамының дамуы сынды инверсивті (немесе қайтымды) мінездемесі бұрынғы экономикалық қызметі ұйымының принциптері, стимулдары мен әлеуіметтік болжаулар мен рухани құндылықтардың жаңа қалыпта «қайтарылуы» деп білдіреді. 1992 жылдың басында жаңадан тәуелсіздік алған мемлекеттердің өркендеуі, оның құраушы бөліктері – саяси, экономикалық, әлеуіметтік – мәдени- барлығы да либералды – демократияландыру трансформациясында бір-біріне тәуелді жаңа қоғамдық жүйені құру қиындығымен шыңдалды. Өтпелі кезеңнің ерекшелігі ескі коммунистік кезеңде шешілмеген мәселелерге жаңадан, жаңа экономикалық және әлеуіметтік өндірістік қарым-қатынастардың нәтижесінде туындаған ескіге кардиналды қарама-қайшы – «дәстүрлі» жаңа жүйе мен құндылықтар, нормалар сынды мәселелер тоғыса кетуінде еді.
Демократиялық реформаны бастағанда барлық посткомунистік елдер не теориямен, не өркениетті рыноктық шаруашылық тәжірибесімен қаруланбаған еді. Тоталитарлық рижимді ысырып тастағаннан кейін, бірпартиялы саяси жүйедегі авторитарлықты және оған тән өндірістік қарым-қатынасты бұзғаннан кейін, посткеңестік елдер классикалық түсінігі либералды демократияны орнатуға бел шешіп кірісіп кетті. Қоғамның барлық жүйесінде демократияның сипат алуы үшін нақты жүргізіліп жатқан процестің, немесе демократияландырудың мақсаты азаматтық қоғамды құру азамат пен адамның әлеуметтік жағдайына қарамастан оның құқығы мен еркіндігін қорғауды міндеттейтін алдыңғы жобадағы, әрі оларды шешуде посткомунистік қоғамның алға жылжуына жағдай туғызуда жаңа институционалдық форманы қалыптастыру. Сондықтан посткеңестік қоғамдағы демократияландыру процесі бастапқы фазадағы дәстүрлі либералды түсінігіндегі классикалық демократияны құру болып танылады (индивидуалды еркіндік құндылығы, адам құқығы, заңның билік етуі және т.б. ). Мұндай көзқарас демократия генезисі, онымен жүргізілген өзгерістер логикалы тұрғыда коммунистік тоталитарлық және посттоталитарлық режимді жоққа шығаратындығын түсіндіреді. Демократия процесі бұрынғы кеңестік республикалардың саяси режимдерінің мінездемесінде өтпеліліктің сипат алуына жол беріледі. Өркендеудің басты ішкі саяси факторы болып демократиялық құрылысқа тән саяси құрылым мен институттрады ендіру, биліктің бөлінуі, құқықтық шекараларды, саяси жүйенің басты факторы – «ойын тәртібін» құру, бұқаралық ақпарат құралдарының тәуелсіздігін қамтамассыз ету, либералды – демократиялық ойды, экономикалық белсенді жобалар мен тәртіп типтерін жасау, азаматтық қоғамды құру, орта класты, жеке меншік пен серіктесік қабатын қалыптастыру. Бүгін қазақстандық қоғам бифуркациясы деп аталатын шепте, яғни оның даму векторы құлашты қашықтықтарға алмасатын, жоғары - өзгергіштік пішін-шебінде орналасқан. Көріп отырғанымыздай, Қазақстан қоғамындағы процесстер бифуркация механизмін айқындайтын канспектрлі себептерге негізделген.Сондықтан жас мемлекеттер кеңестік тоталитарлы жүйесінің мемлекеттік құрылымындағы басты құрылымдар мен институттарын мұралық еткен еді. Тоталитаризм посттоталитаризм жүйесінде эволюцияға бой ұрса, ал коммунизм болса – барлық жүргізіліп отырған процестердің осы жаңа жүйенің дамуы мен консолидациясы құру мүдделеріне тәуелді саяси, әлеуіметтік, экономикалық мәдени, рухани және т.б. жаңа қоғамдық жүйе мен қоғам мен мемлекеттің жаңа бүтінділікке қарай жылжуына жағдай туғызатын посткоммунизмге көшу. ТМД елдерінің көпшілігіндегі сияқты Қазақстанда демократия орнату республикамыздағы экономикалық халықаралық жүйеге қосылудан емес (көбіне посттоталитарлық және поставторитарлы елдердегі секілді демократияға көшуді бұрынырақ бастаған), саяси жүйені өзгертуден басталған бастама бейбіт революция тұрғысында өтті. Қазақстанның саяси даму ерекшеліктерін міне осы жағдайлар айқындайды. Процестің алғашқы кезеңінің құрылу барысында ішкі саяси өзгерістер мәні жарқын бейнеленеді. Сыртқы және әскери саясат міндетті көбіне сыртқы қатынасқа трансформация процесінің жағымды ықпал етуіне қамтамассыздырылған. Революция концепциясы жоғарыда аталған мәселелермен қатар, тамыздан кейінгі (1991 ж) даму кезеңінің алғы шарттарымен байланысты ескі кеңес құрылымын жаңамен орын алмастыруындағы ұзақ процесс, негізгі аймақтық массаның саяси және әлеуіметтік белсенділігі, жаңадан құрылған демократиялық институттардың және кейбір кезде олардың қызметіндегі демократиялық емес қырларының байқалуы сынды айырмашылық, азаматтық қоғамның әлсіздігі, әлеуіметтік мүдденің бір жүйеге келтірілмеуі, қоғамдағы саяси бағыттың антогонизмі және сияқты қазақстандық демократияландыру процесінің ерекшеліктерін ашып көрсетеді. Демократиялық реформа субъектісінің роліне біріншіден, өзінің жағдайымен өзгерістерге мүдделі қоғамдық күштің әлсізігі мен дамудағы тежелу, екіншіден, әсіресе алғашқы құрылу барысындағы аймақтық негізгі массаның саяси белсенділігінің нәтижесінде мемлекет ұсынылады. Осылайша алғашқы құрылу фазасы үшін мемлекеттік бастамада мемлекеттік билік құрамының көмегімен әлеуіметтік қатынастар мен осы негізде аяңдап алға ілгерілеу үшін сілтемелер жасалуы жағдайына тән. Демократиялау мәселесіндегі «жоғарыдағы» күштер жаңадан құрылуы барысында дамуға, демеулік танытушы ретінде қатысып, мемлекеттік органдар мен беделді лидерлердің айналасында топталып, ал идеология болса жеке айқын мінездемені қажет етпейді. Мұндай жағдайдан Қазақстандағы 1991-2003 жылдар кезеңінде саяси биліктердің, яғни оппозицияда құрылымдық бағдарламасы жоқ, альтернативті мемлекеттік жобада болуға дайын емес және оның іс-әрекетінде ғана аймақты мобилдеуге бейімделген ресурстардың игерілмегені сияқты дәйектер партиялық саяси жүйенің әлсіз қатынасын себеп етуге болады. Қазақстандағы мемлекеттік саясат өзінің стратегиялық бағытын қоғамдағы демократиялық келісімге бекітілгенін танытып отыр.Аталмыш мәселелер өзінің болашақта да зерттеу қажеттілігін танытады. Әлемдік тәжірибе посттоталитарлық және поставторитарлы мемлекеттердегі модернизация барысында өтпелі қоғамда модернизацияландырылған социализмсіздердің авторитарлы өткен рецидивтерін қажетті ұзақ уақытқа сақталатыдығын да атап көрсетеді.Қазақстанның ерекшелігі саяси реформалардың тарихи уақыт тұрғысында қиындық туғызғанына қарамастан, белгілі бір жеке тұлғаның және азаматтық қоғамның дамуына қол жеткізу болып табылады. Қазақстандық коғамда мемлекет басымдылығының күшейтілуі азаматтық қоғам институттарының ролін көтеру, аймақтың даму сатысынан өткен тоталитарлық стереотиптерді өшіру, жаңа экономикалық және әлеуметтік құрылым мен қатынастардың қалыптастыруы сынды объективті себептерге жүгінетінін байқаймыз.
Егер айтулы себептерді мемлекеттік саясат тәжірибесінде ашып анықтар болсақ, онда экономикадағы модернизациялық процестерді мемлекет тарапынан қадағалау мен қалыпқа келтіруде қалыптасқан және өзін-өзі ретке келтіруші нарықтық қатынас пен оны негізінен жүзегеасырушы класс күшінің болмауынан көреміз. Сондықтан Қазақстанда біруақытта азаматтық қоғам институты мен құқықтық мемлекеттік аппаратты модернизациялау мен оны бекіту стратегиясы таңдап алынды. Қазіргі уақыттағы принципиалды жоспарды бүгінгі жағдайда Қазақстанды батыстық стандарттағы классикалық либералды демократиялық теориясындағы демократиялық немесе авторитарлы мемлекетке жатқызуға болады. Дегенмен, сол уақыттың өзінде реформаның стратегиялық бағыттылығы, басшылық экономика, саясат, әлеуметтік және соттық – құқықтық жүйеде іске асырылып жатқан демократиялық модернизацияның алғашқы жетістіктерін ескермей өтуге болмайды. Қазақстанның саяси дамуындағы демократиялық, модернизациялық сипатына мынандай жағдайлар әсер етеді:
1. Қазақстан Республикасы конституциясында азаматтық құқығы мен еркіндігі және оның жауапкершілік артатындығын бекітілуі бұл азаматтық қоғамның қалыптасуындағы басты сілтеме болып табылады;
2. альтернативті негізде жалпылама сайлау арқылы мемлекеттік билікті ауыстыру механизмі;
3. атқарушы билік салмағын арттырушы жаңа екі палаталы парламенттің функцияларынан айқын көрініс табатын парламентаризм институтының дамуы;
4. соттық – құқықтық жүйенің реформалануы;
5. жергілікті өзін-өзі басқару институтының қалыптасуы;
6. көп партиялы жүйе мен саяси плюрализмнің дамуы;
7. тәуелсіз БАК-тың функциялануы.
Дәріс 13. Саяси жанжалдар мен дағдарыстар.
1).Cаяси конфликт: анықтамасы мен түсінігі
2). Ғылыми зерттеу бағыттары
3).Шешілу жолдары
4). Қазақстандағы саяси –этно, этномәдени, этно- әлеуметтік жанжалдар мен олардың шешілу жолдары.
1).Саяси конфликт – екі немесе одан да көп бәсекелесуші субъекттердің (лидер, партия, саяси институттар) өзара биліктік қатынастарды бөлу үшін күресін анықтайды. Батыста ХХғ 50-60жылдары енгізілген. Қоғамтанудағы белгілі бір зерттеу бағыты ретінде конфликтің себептерін анықтайды. Саяси конфликтер екі негізгі типке бөлінеді: деструктивті және конструктивті.
2).Диалектикалық және функционалдық теориялар К.Маркс, Р.Дарендорф, Г.Зиммель т.б Мұны Әлеуметтік объективтілік дейді.
Л.Козер, Р.Дарендорф
Билік авторитетінің қарары билікті сақтауға тырысады.
1908ж («Социология Конфликта») Г.Зиммель
1).Интеграцияның бұзылуы, Әлеуметтік бүтіндіктің бөлінуі;
2).Құраушы элементтері арасындағы бөліністер;
3). Уақытша дезинтеграциялайды;
4).Әлеуметтік жүйені майысқақтыққа тәрбиелейді;
Лекция 13. Дәріс жалғасы: Саяси жанжалдар, олардың қоғам өміріндегі орны
2. Саяси жанжалдардың типологиясы. Саяси дағдарыс.
3. Саяси жанжалдардың кезеңдері, олары реттеу және шешу тәсілдері
4. Қазақстандағы саяси жанжалдардың алдын–алу тәсілдері мен жолдары
1. Қазақстандағы қазіргі модернизацияның ең басты және өзекті міндеті қоғамды жан-жақты реформалауда бейбіт заңды-конституциялық тәсілдерді қолдану керектігін дәлелдеудің қажеттілігі де шамалы. Шындығында да, өтпелі кезеңдегі әлеуметтік және саяси зорлық, азаматтық соғыстар мүмкіндігі өсе түседі. Бұған дәлел - өткір саяси жанжалдарға ұласып жатқан қазіргі кезеңдегі посткеңестік кеңістіктегі саяси жағдай. Жанжал-бұл қарсы іс-әрекет мақсатындағы екі немесе одан да көп әр түрлі бағыттағы күштердің өздерінің мүдделерін жүзеге асыру мақсатындағы қақтығысы.
Көптеген ғалымдардың саясаттың жанжалды табиғатын тануы, әлеуметтік саяси ой тарихындағы мәселелерді тұтасымен әр түрлі конфликтологиялық тұжырымдардың орын ауыстыруы ретінде қарастыруға себеп болады. Шындығында да, Ежелгі Қытай мен Ежелгі Грецияның өзіңде жанжал проблемасын қарастырған. Қоғамдағы жанжалдарды зерттеуге Макиавелли да көп көңіл бөлген. Рим тарихына арналған еңбегінде ол әр түрлі деңгейдегі жанжалдардың қоғамның дамуы процесіндегі жағымды рөлін атап көрсеткен. Жанжал, әлеуметтік құбылыс ретінде А. Смиттің ’’Халықтардың байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеулер’’ деген еңбегінде де зерттелген. Жанжалды зерттеуде Гегельдің қарама-қайшылықтың бірлігі мен күрес заңы жөніндегі ілімі да басты орынды алады. Осымен қатар, көптеген атақты фәлсәфашылар, әлеуметтанушылар және саясаттанушылар қалай болса да, қоғамдық жанжал мен саяси күрес феномендері мен оның себептерін, оны шешудің, алдын-алудың немесе жанжалды шешудің жолдарын қарастырған. Бірақ та, біз конфликтологияның тарихына көп үңілмейміз және автордың негізгі түсініктемесіне ғана тоқталамыз. Одан да, саяси ғылымдағы ең ықпалды концепцияларға көңіл аударған жөн. Конфликтологиядағы ең ықпалды теорияның бірі К. Маркстің конфликт теориясы. Бұған сәйкес, экономикалық қатынастар, ең алдымен мүліктік қатынастар, барлық қоғамның ұйымдасуын анықтайды. Таптық құрылым, әлеуметтік жүйедегі құндылық бағыттары секілді, экономикалық базистің бейнесі болып табылады. Сондықтан да коммунистіктен басқа, әр қоғамның экономикалық ұйымдасуына таптық жанжалдар тән. Маркске сәйкес,әлеуметтік қатынастар, жүйеге тән ерекшеліктерді көрсете отырып, жанжалдық мүдделерге толы болады, ал жанжалдың өзі әлеуметтік жүйедегі өзгерістердегі ажырамас ерекшелік және қайнар көз болып табылады. Таптық жанжалдар полярлық қайшылықта, мүдделердің антагонизмінде көрініс табады, ал олардың қайнар көзі ресурстардың, атап айтар болсақ мүлік пен биліктің жетіспеушілігінен болып табылады. Конфликтологияның дамуына біршама үлес қосқан Г. Зиммелдің әзірлеген ’’конфликтілік функционализмы’’ еді, ол ғылыми айналымға ’’әлуметтік жанжал’’ терминің енгізді. Оның көзқарасы бойынша, қоғамдағы жанжалдан құтылу мүмкін емес, бірақ та олар (Маркстен ерекшелігі) қарсыласушы таптардың экономикалық мүдделерінің қарама-қарсылығында, жауыздық инстинктісі негізінде пайда болады дейді. Осыдан жанжалдың ең ақырғы қайнар көзі адамдардың ішкі табиғаты болып табылатынын, сонымен бірге мүдделер қайшылығы күресті шиеленістіреді, бірақ та оның негізгі себебі болып табылмайтынын білеміз. Г. Зиммелдің ойынша, жанжалдың динамикасындағы ең тереңдері мен күрделілері біртіңдеп онша қарқынды және өткір еместеріне жол беріледі, осының нәтижесінде берілген жүйенің беріктігі мен интеграциялануы, оның өзгерістері беріктеледі. Ол жанжал қарқының, оған қатысушылардың эмоционалдық толқыны қарқынымен тығыз байланыстырады. Оның көзқарасы бойынша, жанжалдан туындаған эмоциялардың күштілігіне байланысты, жанжал зорлықтың қолдануымен байланысты болады.
Конфликтологияны зерттеу кезіңде элита теориясын қарастырмай өтуге болады. Бұл теорияны В. Парето күшті қалыптастырған болатын, ол мынандай тезисті шығарған болатын, яғни адамзат тарихы-бұл аристократтардың ауысу тарихы. Г. Моска элитаны оның қоғамдағы әлеуметтік бағдарынан ғана емес, билеуші тап ретіндегі-саяси іс-әрекет бағдарынан түсіндіреді. Элитаның көптеген теоретиктері, қоғамдағы өзгерістердің экономикалық және әлеуметтік тәуелділігінің үстінен саяси приматтың болуы, әр түрлі элиталар арасындағы жанжалдың белсенді етуі түсіндіріледі.
Таптар арасындағы қатынас дихотомиясының саяси түсіндірілу нұсқасын ұсынған Р. Дарендорф еді. Ол қалыптастырған ’’жанжалдың функционалдық теориясы’’, конфликтологияның дамуындағы басты кезең болды. Берілген теория индустриалдық қоғамдағы таптардың көптігін түсіндіреді және осыдан туындайтын үстемдік пен бағыныштылық, мүдделердің қайшылығына ғана емес, осымен бірге әр түрлі таптар арасындағы қайшылықты түсінуге әкеледі. Бұндай қоғамда үстемдік пен бағыныштылық рөліндегі авторитет қатынасында дихотомизациядан құтылу мүмкін емес, мұнда әрекет етушілердің еркі мен санасынан тыс, қарама-қарсы квазитоптар пайда болады. Осындай қоғамдағы мүдделердің қайшылығының өсуіне сәйкес, әлеуметтік жүйедегі квазитоптар жанжалды топтар болып өзгереді және олардың қақтығысы әлеуметтік жанжалға алып келеді. Дарендорфтың ойынша, әр қоғам өзгереді, әлеуметтік өзгерістер барлық жерде болады. Ол әр кезеңде әлеуметтік жанжалды сезінеді, әлеуметтік жанжал бәр жерде жүреді. Қоғамның әр элементі оның өзгеруіне әкеледі, әр бір қоғам, өзінің мүшелерінің басқаларымен көндіруіне сүйенеді. Осы себептен дейді,- Дарендорф, қоғам үшін билікке қатынасындағы адамдардың алған әлеуметтік теңсіздіктегі бағдары тән, ал бұдан олардың арасындағы мақсат-мүдделер өзгешелігі, өзара келіспеушіліктер, антагонизм, ал мұның нәтижесі ретінде-қоғамның өзіңдегі құрылымдық өзгерістер пайда болады. Ғалым әлеуметтік және саяси жанжалдар жағдайына ерекше көңіл аударған. Бұның біреуі-жанжалдың өткірлігінің, үстемдік етуші және бағынышты топтар арасындағы жұмылдырушылық деңгейінен тәуелділігі. Екіншісі-зорлық сипатының техникалық, саяси, әлеуметтік ұйымдасу жағдайына тәуелділігі. Өз кезегінде, жанжал қарқынды және зорлыққа толы болса, оның әлеметтік жүйедегі құрылымдық өзгерістері мен қайта құрулары және оның көлемі үлкен болады. Даредорф бойынша, жанжал себептерін жою мүмкін емес. Сондықтан да басты міндет, институционалдандыру жолымен жанжалдарды реттеу. Жанжалды басу оның шиеленісуіне алып келеді, оны ол қоғамдық организм денесіндегі қатерлі ісікпен теңестіреді. Ал рационалды реттеу бақыланушы эволюцияға келеді. Тек, жанжалдың мүмкін нәтижелері қоғам пайдасына арналған жағдайда ғана, еркіндік пен демократиялық дамудың басты өлшемі болады.
Р. Дарендорфтың ұсынған концепциясы 50-жж. Т. Парсонс ұсынған ’’қоғамның тең үлгісіне’’ ұсынған объектісі болды. Бұл теорияға сәйкес, әлеуметтік жүйе теңдігі бірқатар жағдайларға байланысты. Институционалданған үлгілерді ұйымдастыру немесе ’’әлеуметтік жүйелерді’’, ’’акторлар’’ өзара әр түрлі бағдарларды келісіп алу нәтижесінде шығады; нормативті алғышарттар пайда болады, өзінің артынан іс-әрекет ұйымдасуын жалғастырады; бұлай ұйымдастыру әлеуметтік бақылаудың әр түрлі тетіктері көмегімен жүзеге асады. Барлық күрделі қоғамдарға ішкі қайшылықтар мен жанжалдар тән, бірақ та консенсусты институттар мен құндылықтар олардың сақталуына жағдай жасайды. Яғни, Дарендорфта конфликт норма болып табылса, парсонстық үлгіде қоғамның даму үлгілері нормадан ауытқу болып табылады. Дарендорф, Парсонстың теориясы әлеуметтік шындықтың жанжалдық табиғатын басып тастайды. Тәртіп пен теңдікті әрқашанда көздеу, жанжал мен тұрақсыздықты патологияға, аномалия мен ауытқуға әкеледі. Сондықтан да дейді Р. Дарендорф әлеуметтік жүйені зерттеуде ’’тәртіпсіздік механизмі’’, парсондық әлеуметтік бақылау механизмі секілді, аналитикалық маңызға ие болуы керек. Бұнсыз Т. Парсонстың әлеуметтік функционализмі утопияға айналады.
Осылармен қатар, атаққа ие болғандардың бірі Л. Козердің ’’позитивті-функционалды жанжал’’ концепциясы. Ол, жанжалдар белгілі бір жағдайларда әлеуметтік жүйені ыдыратады және дезинтеграциялауға әкеледі деп есептеді. Бірақ, осымен қатар Л.Козер жүйені сақтайтын және қайта қалпына келтіретін, өзгеріп жатқан жағдайларға қарай бейімделе алатын жанжалдың позитивті функциясын ерекше бөліп қарастырды. Оның ойынша, жанжалдардың құндылығы әлеуметтік жүйенің қатып қалмаушылығын қамтамасыз етеді, инновацияларға жол ашады. Козердің пікірінше, жанжалдардың себебі материалдық қажеттіліктердің, оның ішінде ресурстардың шектеулігі. Қоғамға тағдыр жазған әлееумееттік тееңсіздік тән, қоғам мүшелерінің әрдайым психологиялық қанағаттанбаушылығы және осыдан шығатын жеке тұлға мен топ арасындағы шиеленіс. Козер жанжалды, объективті мақсаттарға жету үшін, яғни, билікке, деңгейін өзгертуге, табысты қайта бөлуге және т.б жету үшін әлеуметтік топтар немесе жеке тұлғалар күресін көрсететін идеологиялық құбылыс ретінде анықтайды. Әсіресе, Козер ашық жанжалдың пайда болуына әкелетін психологиялық ерекшеліктерге күшті көңіл бөледі. Сондықтан, жанжалдың өткірлігіне жанжалға қатысушылардың көңіл-күйі, әлеуметтік құрылымның қаталдығы, жанжалдағы шынайылық деңгейі және т.б факторлар ықпал етеді. Осыған байланысты, Козер жанжалды екі типке бөледі: реалистік, белгілі бір мақсаттарды көздеген және мүмкін болатын ұстанымдарды ескеретін және реалистік емес, жауласудың ашық түрімен байланысты және жанжалдың нашар салдары туралы толық түсінігі болмайтын. Әмбебап қолдануға болатын концепциялар арасында, Кеннет Боулдингтің ’’Жанжал және қорғану: жалпы теориясы’’ атты еңбегінде баяндалған ’’жанжалдың жалпы теориясы’’ маңызға ие. Ол әлеуметтік жанжалдардың көбі, өздерінің дамуы үлгісінде жалпы элементтер мен бейнелерге ие, оларды зерттеу жанжал феноменің әр түрлі жағынан қарастыруға мүмкіндік береді. Бұнымен бірге Боулинг әр түрлі жанжалдар арасындағы мазмұнды ерекшеліктерді жоққа шығармайды. Бірақ та, бұл ерекшеліктер жанжалдың жалпы теориясынсыз түсініксіз болып қалуы мүмкін.
