Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lektsii_sayasattanu.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
248.66 Кб
Скачать

Дәріс 6. Саяси тәртіп және оның қр қалыптасуы мен даму қайшылықтары.

1. Саяси режим түсінігі

2. Билеу тәртіптерінің түрлері мен билеу формасы

3. Саяси режим мен саяси жүйе арақатынасы

1. Саяси билік көпқырлы феномен болғандықтан және де оның түрлері мен басқару механизмдері, құралдары сан қилы болғандықтан да саясаттануда «билеу тәртіптері», «саяси режим», «саяси жүйе» деген секілді терминдер кеңінен қолданылады. Саяси ілімде саясаттанушы Ж.Л.Керманның саяси режим туралы анықтамасы танымал болып табылады.Оның анықтамасына келсек, «Саяси режим деп- белгілі бір елдегі, белгілі бір уақыт аралығындағы саяси билікті қалыптастыру мен жүзеге асыру бойынша қолданылатын идеологиялық, институтционалдық және әлеуметтік тәртіптердің элементтерінің жиынтығын » айтамыз. Бұл элементтердің ішінде келесілерді бөліп көрсетуге болады:

1. Легитимділік принципі;

2.Институттардың құрылымы;

3. Партиялық жүйесі;

4. Мемлекет түрі мен рөлі;

2.Қоғамға биліктік қатынастарды жүйелі түрде жүргізу үшін, биліктің өзі мықты ұйымдасқан,түрлі топтарға, әлеуметтік қабаттарға, адамның мінез – құлқына әсер етіп, оны қалыптастыра алатын күшке ие болуы керек. Сол үшінде ықпалдың осындай түрін ұйымдастырылуын анықтайтын жіктемелік белгіні- Билеу формасы деп атаймыз.Немесе басқа анықтамада «биліктің билеу түрі» деп, жоғары мемлекеттік билікті, оның органдарын және олардың халықпен қарым қатынастарын айтамыз. Әдетте, билеу түріне мысал ретінде монархиялық және республикандық билеу түрлерін бөліп көрсетеді. Бірақ қоғамдағы саяси билік түрі билеу түрлерімен үнемі сәйкес келе бермейді. Мысалыға, Швеция, Норвегия, Бельгия Конституциялық монархия бола отырып, көптеген Республикаларға қарағанда демократиялық болып табылады. Сонымен қатар, ХХғ. 20жылдары Германия билеу формасы бойынша Республика болғанымен, диктаторлық билікке айналып отырды. Осыларға байланысты, мемлекет пен адамдар арасындағы қарым- қатынасты реттейтін, билік түрі мен саяси жүйе құрылымын анықтаудағы әдіс- тәсілдер жинақтала келе, осы саладағы саяси ілімдер аккумуляцияланады. Биліктің осы аспектісін,қызметін жіктеу «саяси режим» деген түсінікті тудырады. Саяси жүйе мен режим көбіне ұқсас мәнде қолданылады. Бірақ бұл саяси теорияда айтарлықтай күрделіліктер туындатып, саяси ұқсас құбылыстардың терминологиялық дубльдануын білдіріп, бір ғана мазмұн деп көрсетуі мүмкін. Дегенмен, айтарлықтай айырмашылықтар бар, «саяси жүйе» мен «саяси режим» саяси өмірдің бірнеше тұстарын ерекшелейді.Мысалы: Саяси жүйе – ірі үлкен біртұтастық болса, саяси режим жүйе құраушы басты элементтің бірі. Саяси жүйе – саясаттың экономикамен, әлеуметтік, мәдени және қоғамдық басқа жүйешіктермен байланыстарының сипаттарын көрсетеді. Көбіне, Саяси режим – биліктің жүзеге асуының әдістері мен құралдарын анықтайды, көрсетеді. Сәйкесінше, саяси режим саяси жүйенің белгілі бір функционалдық бөлінісін білдіреді; Жоғары билікті ұстанушы таңдайтын саяси курс және саяси іскерліктің нәтижесінде қалыптасып дамиды.

Саяси режимнің легитимділігі

К.Линцтің ойынша саяси режимнің легитимділік принципі келесіден тұрады:

1.Биліктің халық бойында сол билік ұсынған тәртіптеуді орындауға өз еркімен көнуі және оның жақсы екеніне сенуі;

2.Қоғамның басым бөлігінде көпшілікпен орындау үшін маңызды да қажетті саяси шешімдерді қабылдай білу қабілеті;

Тәжірибеде саяси режимнің легитимділік принципінің 2 деігейі болады:

1.Вертикальді (тік деңгей) – демократияны орнату үшін әділеттілік орнататын иммунитеттері мен күші бар биліктің болуы;

2.Горизонтальді (көлденең деңгей)- Элитаның ғана мүмкіндігін алға қойып, өзара билік бөлінісінің қамсыздануы. Көбіне, қоғамның басым бөлігінде екеуі де қатар жүреді.

Саяси режим институттары мен билеу түрлері әлемдік ортақ мемлекеттер құрылымдарын көрсетті.Олар:

М емлекеттер құрылымы

Монархия Республика

Абсолюттік Конституциялық Парламенттік Президенттік

Дуалистік Парламенттік-президенттік

Дәріс 7. Саясат ғылымындағы сайлау жүйелері

1.Сайлау жүйелерінің ұғымы мен түсінігі

2.Мажоритарлық сайлау жүйесі

3.Пропорционалдық сайлау немесе өкілдік жүйесі

4.Аралас сайлау жүйесі

1.Мемлекеттік билік институттарының құрылымы, елдегі саяси сайлау жүйелерінің түрі мен типіне барынша тәуелді.Әсіресе демократиялы елдерде билікті жасақтау мен мемлекеттік құрылысты құру азаматтардың сайлау құқықтары мен дауыс беру құқығы негізінде жүзеге асады. Сайлау қаншалықты әділетті әрі ерікті өткізілсе,демократияның соншалықты әлсіз немесе мықты екендігі айқындала түседі. Сондықтан сайлау жүйесі дегеніміз- бағынушылардың билеушіні тағайындау тәртіптері немесе соның негізінде биліктің заң шығарушы және атқарушы тармақтарының арақатынасы анықталатын, оларға берілетін өкілеттіліктердің легитимділігі танылатын я болмаса шектелетін арнайы құқықтарды үйлестіретін арнайы құқықтарды үйлестіретін тәртіптер жиынтығы. Барлық саяси режимдер типтерінде сайлау жүйесі болады.Бірақ сол сайлау жүйесі немесе бәсекелестік тәртіптері қаншалықты таза өтетіндігі режимнің анық сипаттамасын береді. Мысалы, Тотолитаризмде жаппай бір гильдияның даусының бәсекелестіксіз жеңіске жетуі оның сипаты болса, авторитаризмде қоғамды түрлі манипуляциялық алдау арқылы жалған дауыстарды тіркеу тәсілдері мықты жетіледі. Енді демократияда жағдай өзгешелеу болады. Мұнда ресми және бейресми түрде де сайлау және сайлау құқығы бәріне тең таралады. Яғни сайлау бәсекелестігі ашық жария және таза бәсекелестікке негізделеді. Әлемнің әртүрлі елдеріндегі (көптеген ұлттық ерекшеліктеріне қарамастан) қолданылатын негізгі сайлау жүйелері болып, 1)Мажоритарлық; 2) Пропорционалдық және 3) Аралас түрлері айтылып жүр.Бұлардың арасындағы әртүрлілік жоғары органдарға кандидаттарды таңдау мен дауыс беру әдістерімен, саяси партиялардың саны мен рөлімен, парламенттік көпшілікті қалыптастыру тәсілдерімен айқындалып, ерекшеленіп отырады.

2.Мажоритарлық сайлау жүйесінде(major-көпшілік) әрбір сайлау округінен бір депутат сайланады, әрі ол көпшілік дауыс принципіне негізделеді, сонымен қатар ең көп дауыс алған кандидаттың дауыс қорытындысы екі түрлі тәсілмен ерекшеленеді:

1) (50%+1 дауыс) абсолюттік көпшілік дауыс

2)(өзге бәсекелестеріне қарағанда көп дауыс жинау) Салыстырмалы даусы деп жіктеледі.

Сайлау кезіндегі бірнеше кандидатты алға жылжытуға алғашқы турда қиын болғандықтан,мажоритарлық жүйені қолданатын елдердің кейбірінде 1 тур-ғана өткізіліп, салыстырмалы дауыс басымдықты иемденеді. Мысалы: Ұлыбританияда және бір округтен 2 кандидат тіркелсе,50%- кем емес дауыс жинағаны жеңіске жеткен болып саналады. Ал кейбір елдерде (Мысалы Франция) егерде кандидаттардың ешқайсысы қажет етілген (50%+1) дауыс жинай алмаса,ІІ тур өткізіліп, сайлаушылардың көп даусын алған 2- кандидат сайысқа түседі. Ал басқа бір елдерде (Мысалға АҚШ­та) егер кандидат абсолюттік дауысты (50%­ң) бірден жинаса, сол сайлау округінен бірден бір дауыс алмаған болып есептеледі.

3. Парламентті жасақтау тәртібіне орай, партиялық тізім бойынша берілген немесе жиналған дауыс пайызына орай, заң шығарушы органға депутаттарды орналастыру принципі дәл пропорционалдық үлеспен бөлінетін салау тәртібін пропорционалдық сайлау тәртібі дейміз және де пропорционалдық өкілдік жүйесінде саяси партиялардың арасындағы сайыс нәтижесі мандаттық орын бөлісуді қатаң түрде жиналған дауыс бойынша дөңгелектелген пайызбен (%) бөлісуді қарастырады. Әрбір партия жалпы ұлттық сайлауда алған дауыс мөлшері бойынша соншалықты деңгейдегі округтер бойынша ықпалға ие деп есептеледі. Жеңген партия парламентке депутаттарды ұсыну құқығын өзіне қалдырады ( мандат мөлшеріне сәйкестендіріледі). Қазақстан Республикасында 2007 жылдан бастап осы сайлау жүйесі Қазақстан Республикасының Парламентін жасақтауға қолданылады.Қазіргі Парламент Мәжілісіндегі 98­ мандаттық орынды иемденіп отырған саяси пария «Нұр- Отан» ХДП­сы.

4. Дүние жүзінің кейбір елдерінде аралас пропорционалдық мажоритарлық сайлау жүйесі қолданылады. Яғни, Заң шығарушы органның жартысы мажоритарлық жүйе бойынша 1- түрмен жасақталса. 2­ші бөлігі пропорционалдық сайлау тәсілімен жасақталып, саяси партиялардың тізімі бойынша сайланады. Мысалы: ГФР- сының Бундестагын алуға болады.

Үй тапсырмасы:

1. Сайлау жүйелерінің ерекшеліктеріне салыстыру(әр режимне сәйкес).

2.Қазақстан Республикасының сайлау жүйесінің ерекшелігін қарастыру; (ҚР Конституциясы, ҚР саяси партия туралы; «ҚР Сайлау жүйесі» туралы заңдары негізінде).

Сайлау жүйесі келесі негізгі бөліктерден тұрады:

-сайлау жүйесі тар мағынасында депутатық мандаттарды бөлу мен дауыс санын санау тәсілі ретінде-сайлау жүйесінің саяси –ұйымдастырушылық қырын бейнеледі;

-сайлау процесі –сайлау жүйесінің тікелей ұйымдастырушылық жолын көрсетеді;

-сайлау құқы-сайлау жүйесінің құқықтық жағын көрсетеді.

Сайлау жүйесі сайлаушылардың дауыстарының нәтижесіне байланысты кандидаттар арасында дауысты санау мен депуттатық мандаттарды бөлу тәсілі ретінде дамыған шет елдерде кең қолданылатын келесі түрлерге бөлінеді:

-абсолютті көпшіліктің мажоритарлы жүйесі (мысалы Франция)

-біршама көпшіліктің мажоритарлы жүйесі (Ұлыбритания)

-ппропорционалды жүйе (Австрия, Бельгия, Финлияндия)

-аралас жүйе

Тарихи бірінші сайлау жүйесі мажоритарлы жүйе болды.

Мажоритарлы жүйе-белгіленген дауыстың көпшілігін алған кандидаттар сайланған болып есептелетін сайлау жүйесі. Бұл қандай көпшілік –біршама, абсолютті немесе мамандалған, соған байланысты мажоритарлы жүйе бірнеше түрге бөлінеді. Мажоритарлы жүйе қолданылатын сайлау аймақтарда көбінесе бір мандатты болады , сол себепті әр партия аймақ бойынша тек бір кандидатты ұсына алады және сайлаушы ол кандидатқа дауыс бере отырып сол немесе басқаға дауыс береді. Мажоритарлы жүйе көп мандатты аймақтарда сирек қолданылады, бұл жағдайда әр партия аймақ бойынша өз кандидаттарының толық тізімін ұсынады және сайлаушы өзі таңдаған аймақ бойынша жекелеген кандидатқа емес, жалпы барлық партиялық тізімге дауыс береді.

Абсолютті көпшіліктің мажоритарлы жүйесі –кандидат сайлаушылардың дауысының абсолютті көпшілігін алуға тиіс , яғни аймақ бойынша берілген дауыстардың жартысынан астамын. Бұндай жүйенің жалпы мазмұнын “50пайыз+1” формуласымен түсіндіруге болады.

Дауыстардың көрсетілген қорытынды саны былай болуы мүмкін

-тіркелген сайлаушылардың жалпы саны , авторитарлы жүйелердегі (мысалы, КСРО, 1977жылғы Конституцияда) мемлекеттерді қоспағанда және іс жүзінде ешқандай жерде кездеспейді және қатаң талап болып табылады;

-кандидатқа берілген дауыстардың жалпы саны;

-нақты берілген дауыстардың жалпы саны , яғни дауыс берудің барлық заңды талаптарына сай дауыс берген сайлаушылардың саны .

Абсолютті көпшіліктің мажоритарлы жүйесінің келесі ерекшеліктері бар:

А) сайлаушылар сондай-ақ бір мандатты сайлау округтері бойынша жүргізіледі;

Б) сайлауға сайлаушылардың қатысуының төменгі шегі белгіленеді , яғни сайлау нәтижесіне жету үшін қажетті сайлаушылардың аз саны . Мұндай шеке жетпесе , онда сайлау заңсыз немесе өткізілмеген болып саналады;

В) дауыс беруші сайлаушылардың нақты көпшілігі қолдаған , тіпті бұл көпшілік бір дауысты құраса да сол кандидат сайланған болып саналады.

Абсолютті көпшіліктің мажоритарлы жүйесінің күшті жағы парламентте көпшілікке сүйенетін тұрақты үкіметті құру мүмкіндігі болып табылады.

Абсолютті көпшілктің мажоритарлы жүйенің кемшілігі

  1. жеңген кандидаттарға қарсы берілген дауыстар жоғалады. Бұл кандидаттарға дауыс берген сайлаушылар парламентте өз өкілдерін өткізе алмайды.

  2. Бұл сайлау жүйесіне жиі сайлаудың нәтижесіздігі тән, яғни кандидаттардың ешқайсысы талап етілген дауыстардың көпшілігін ала-алмайды. Бұл кандидаттардың олардың арасында дауыстардың бөлінуіне алып келетін үлкен бәсекелестігімен қамтамасыз етіледі.

Көрсетілген кемшіліктерді жеңу үшін әртүрлі тәсілдер қолданылады.

Ондай тәсілдердің бірі қайтадан сайлауға түсу. Бұрын дауысқа түскен кандидаттардың ішінен жаңа бюллетенге барынша көп дауысты алған екеуінің фамилиясы енгізіледі . Мұндай жағдайда жүйе тек дауыс бөлінген кезде ғана нәтиже бермейді. Бұдан құтылу үшін дауыстардың бөлінуі сайлау мәселесімен , не жеребемен шешіледі немесе жасы үлкен кандидат сайланған болып саналады.

Екінші және одан кейінгі турлар сайлау қорытындысы анықталғанша өткізіледі. Кейбір елдерде екінші турда нәтиже біршама көпшіліктің мажоритарлы жүйесі бойынша анықталады.

Екінші тәсіл балама немесе преференциалды дауыс беру деп аталады, ол дауысты санау тәртібін күрт күрделендіруге алып келеді. Балама дауыс беру мәні келесілерге саяды.Сайлаушы дауыс бере отырып , бюллетенге енгізілген кандидаттың фамилиясына қарсы өз таңдауын қояды. Ең бірінші сайланғанын қалайтын кандидаттың фамилиясына қарсы “1” санын қояды, одан кейін “2” санымен ол оның негізгі сайланбаған жағдайда сайлануын қалайтын кандидаттың фамилиясын белгілейді, және осылай жалғаса береді.

Ең алдымен бірінші таңдаулар есептеледі. Егер кандидаттардың біреуі бұл кезеңде абсолютті көпшілікке ие болса, ол сайланған болып саналады. Сайлауға қатысушы кандидаттардың әрқайсысы дауыстың абсолютті санын ала-алмаған жағдайда, бірінші таңдау саны аз , яғни “1” санымен белгіленген кандидаттардың бюллетені бұл бюллетендерде екінші таңдау көрсетілгенге сәйкес қалған кандидаттар арасында бөлініп беріледі. Басқаша айтқанда , қалған кандидаттардың әрқайсысы екінші префенция санына тең бюллетендер санын алады. Осылайша ретімен кандидаттардың біреуі талап етілеген дауыстардың абсолютті санын алғанша жалғаса береді.

Балама (альтернативті) дауыс беру екінші турға қайтадан сайлауға түсу қажеттілігінен шығады, бірақ та абсолютті көпшіліктің мажоритарлы жүйесін оның басты ккемшілігі- өкілетті емес сипатынан құтқармайды.

Дауыстар мен депутаттық мандаттардың бытырауын жеңу үшін үшін сайлаушы шегі дауыстардың пайызы енгізіледі, онда партия елдің шеңберінде парламентте орын алу үшін алуы тиіс. Әр түрлі елдерде бұл шек әр түрлі . Орташа 3тен 10пайызға дейін. Мысалы, Түркияда сайлау шегі 10 пайыз, Ресейде 5 пайызды құрайды.

Абсолютті көпшілік мажоритарлы жүйесі өзінің барынша көп қолданысын Франциядан алды.

Біршама көпшілік мажоритарлы жүйесі

Әлемде кең таралған біршама көпшіліктің мажоритарлы жүйесі болып табылады. Онда сайлаушылардың жеке алғанда бәсекелестерінің әр қайсысынан көп дауыс алған кандидат , тіпті оның көпшілік дауысы берілген дауыстардың 50 пайызын құрамаса да сайланған болып саналады.

Біршама көпшіліктің мажоритарлы жүйесі біреу біршама көпшілік дауыс алатындықтан әрқашанда нәтижелі.

Бұл жүйенің келесі ерекшеліктері бар:

-онда бір мандатты аймақтар қолданылады;

-дауыс беруге сайлаушылардың қатысуының міндетті минимумы көрсетілмейді. Бұған қарай сайлау егер де бір сайлаушы дауыс берсе де жарамды болады,

-сайлаудың нәтижесі болмайды, егер де екі және одан да көп кандидаттар бірдей көп дауыс санын алса. Бұл жағдайда немесе қайтадан дауыс беру белгіленеді, яғни екінші тур өткізіледі (бұл сирек кездеседі) , онда тек қана енді көрсетілген кандидаттар өзара бәсекелеседі, немесе жаңа сайлау өткізіледі.

Біршама көпшіліктіктің мажоритарлы жүйесінің кемшіліктері

  1. бір кандидаттың орнына ұсынылған жағдайда ол іс жүзінде дауыс берусіз сайланған болып саналады, себебі ол үшін бір ғана сайлаушы дауыс берсе жеткілікті. Мұндай сайлау бұл аймақтың сайлаушыларының көпшілігін жариялау еркіндігі принципіне елеулі қарма-қайшы келеді және мұндай негізде сайланған депутат пен оның сайлаушылыары арасында кері байланыстың болмауын қамтамасыз етеді, бұл осы депутаттың өкілеттілігі деңгейін елеулі қысқартады;

  2. кандидат сайлаушылардың абсолютті азшылығымен сайлануы мүмкін, егер де оның қарсыластарына берілген дауыстардың жиынтық саны оған дауыс берген санынан біршама асып түссе.Бұл жағдайда осындай жолмен депутаты сайлау сондай-ақ бұл депуттатық өкілеттік деңгейінің қысқаруына алып келеді.

  3. Бұл жүйе саяси партияларға өзінің ықпалымен орташа және аз қатынаста әділетті емес, ондай жағдайда олар сайлауды жанама түрде болған кезде . Егер депуттаттар пунктте келтірілген ереже бойынша сайланса 2) мандаттардың көпшілігін бұл жерде сайлаушылардың азшылығы қолдаған партия алады.

    1. Оған қоса мұндай жүйе жеңген партияға парламентте елеулі көпшілікті қамтамасыз етеді, ол басқарудың аралас және парламенттік түрлерінде тұрақты үкімет құруға мүмкіндік береді.

Біршама көпшіліктің мажоритарлы жүйесі 43 мемлекетте , оның ішінде АҚШ, Үндістан, Ұлыбритания, Канада және т.б. парламенттің қандай да бір палатасын сайлаудың жалғыз жолы ретінде қолданылады.

Маман (квалифицированный) көпшіліктің мажоритарлы жүйесі.Анықталған көпшіліктің мажоритарлы жүйесі-бұл сирек кездесетін жүйе , онда заңмен белгіленген сайлаушылардың дауысының анықталған көпшілігін алған депутат сайланған болып саналады және ереже бойынша рұқсат етілген дауыстардың абсолютті көпшілігінен асады. Бұл жүйе сирек кездеседі, себебі абсолютті көпшілік жүйеге қарағанда әлі аз нәтижесіз. Бұл сайлау жүйесі Чили мен Италияда қолданылады.Италияның Конституциясында (1947) және 1948 жылғы заңға сәйкес сенаторлар әр облыстар үшін белгілеген өкілеттік нормасына (бір сенатор 200 мың тұрғыннан немесе 100 мыңнан асатын бөліктен) сәйкес униноминальды аймақтар бойынша облыстармен сайланады. Сайлану үшін берілген дауыстардың 65пайыздан аз емес ,яғни бағалы көпшілігін алуы тиіс. Практикада тек аз ғана кандидаттар униномальды аймақтарда жеңіске жетеді. Нәтиже барлық қалған мандаттар облыстар бойынша өкілдіктің пропорциональды жүйесі принципіне сәйкес бөлінеді.

Пропорционалды сайлау жүйесі. Пропорционалды сайлау жүйесі-бұл әлемде барынша кең таралған жүйелер, онда әр саяси партия сайлауға қатысқан парламентте оған берілген сайлаушылар дауысының пропорционалды саны депутаттың мандаттар санын алады. ХХ ғ. басында оның 152 түрлері саналады және қазіргі уақытта ол әлемнің 60 тан астам елінде бар. Пропорционалды жүйенің әр түрлі түрлері бір мәселені әртүрлі әдіс пен тәсілдермен шешеді, мәселен, мандат саны мен дауыстар саны арасында сәйкестікке жету.

Бұл жүйенің енрекшелігі сайлау процесінде жеке кандидаттар емес, партиялық тізімдер өзара бәсекелесетіні болып табылады. Сондықтан әр аймақтан бір емес, бірнеше немесе көп кандидаттар сайланады.

Пропорционалды жүйе униноминалды болмайды, себебі бір мандатты әртүрлі партиялар арасында бөлу мүмкін емес, яғни мұнда көп мандатты аймақтар қолданылады.

Аймақ көп болған сайын , пропорционализмнің басымдылығы айқын көрінеді. Кей жағдайда бүкіл ел бір сайлау аймағы болуы мүмкін.

Пропорционалды жүйенің ерекшелігі кандидаттар тізімі ережеге сәйкес иесіз болып табылатыны , сондықтан сайлаушы қолдайтын партиядан кандидаттарды мүлдем білмеуі мүмкін. Одан басқа жүйенің барынша маңызды белгісі тіпті ұсақ партияға қатысты болса да заңнамалық органда оның өкілеттілігіне кепілдік беруі болып табылады.

Пропорционалды жүйенің өзінің түрлері бар.Оның жіктелу шартына сәйкес келетін мандатты пропорционалды бөлу әдісін пайдалануға болады.

Барынша кең таралған әдістер

-сайлау квотасы (үлес) әдісі. Сайлау квотасы –бұл бір кандидатты сайлау үшін керекті дауыстардың аз саны. Үлесті санау жүйесі әр түрлі, бірақта жалпы үлес тиісті мандаттардың саны берілген дауыстардың санының бөлінуімен анықталады.

Қандай жағдайда болмасын квота әдісін қолдану одан әрі қосымша операцияларды жүргізуді талап етеді, себебі қолданылмаған дауыстар мен бөлінбеген мандаттар қалады. Осымен байланысты келесі ережелер қолданылады:

  1. барынша қалдық ережесі-ең үлкен қалдық дауысы бар партияларға бөлінбеген мандаттар беріледі;

  2. барынша орташа ереже –бөлінбеген мандаттар бірлікті үстемелеумен мандаттарды бірінші бөлуде алынған санға олардың жиналған санды бөлу жолымен алған дауыстарына барынша жеке қатысты партияларға беріледі.

Әлемдік практика пропорционалды жүйенің бұрмалайтын бірнеше тәсілдерін біледі.

Кең таралған тәсілдердің біріпанаширование, француз тілінен аударғанда қоспа(смесь) , қабат дегенді білдіреді. Сайлаушыға бос орындарды толтыратын санға сәйкес бірнеше дауыстар ұсынылады.Ол бұларды бір тізім ретінде , сондай-ақ әртүрлі тізімдердегі депутаттарға беруі мүмкін. Бұл тәсіл әртүрлі түрдегі көзбояушылықтардың тууы үшін мүмкіндіктер жасайды. Күшті партиялар аймақта қамтамасыз етілген мандаттар иеленуші ,өздерінің артық дауыстарын барынша әлсіз партияларға бере алады, өзінің сайлаушыларына панаширования тәртібімен әлсіз партияның тізімінен қандай да бір кандидатқа дауыс беруді ұсынады.

Пропорционалды сайлау жүйесін бұрмалайтын арнайы ережелердің бірі “заградительный пункт” болып табылады. Оған сәйкес заң бойынша тағайындалған дауыстардың минимумын жинай алмаған партиялар орынды бөлісуге қатысуға жіберілмейді және осы партияларға берілген дауыстар сайлау квотасын санауда ескерілмейді. “Заградительный пункт” тәсілі пропорционалтзм мақсатының өзін шектейді.

Пропорциониалды жүйені искажающий келесі ереже тізімдерді біріктіру , яғни ортақ партиялық блокты құру болып табылады. Бірқатар елдердің заң шығару органдары парияларға өздерінің тізімдерін біріктіруге мүмкіндік береді. Бұл ережеге сай блок құрушы партиялар өздерінің кандидаттарының тізімдерін біріктіргенін жариялайды, бұл партиялардың тізіміне берілген дауыстар олардың ортақ тізіміне берілген ретінде қарастырылуы керек. Біріктірілген тізімнен алынған орындар содан кейін бұл тізімдердің әрқайсысымен алынған дауыстар санына сәйкес олардың арасында бөлінеді.Тізімдерді біріктіру –бұл ең алдымен блок құрушы партиялардың мүмкіндігін жасанды көбейту әдісі.

Пропорционалды сайлау жүйесінің өзінің кемшіліктері бар. Ең басты ол кемшіліктердің сипаты саяси , қызметтік сипаты.

Біріншіден, ұсақ партиялардың парламентте өздерінің өкілдіктерін алуы , қоғамның барлық топтарының өкілдерінің мақсаты қөзқарасынан , сол уақытта үкіметті құруда күрделі мәселелерді тудырады, себебі бұл жағдайда бір де бір партия парламентте берік абсолютті көпшілікті иеленбейді. Екіншіден, пропорционалды сайлау жүйесінде сайлаушы партиядан барлық кандидаттарды білмейді, тек лидерлер және тізімде бірінші есмдер болуы мүмкін, бұл партиялық электорат пен партиялардан бірқатар мүшелердің саясаттан алыстауына алып келеді. Сонымен қатар пропорционалды жүйе демократиялық партияларға парламентте өзінің өкілеттіліктеріне жасанды жетуге мүмкіндік береді және өкілетті орган қоғамдағы саяси күштердің нақты ара қатынасы барынша объективті бейнесін береді. Әлемдік практика көрсеткендей , пропорционалды сайлау жүйесі әлемнің көптеген елдерінде өзінің қолданылуы жағынан басқа сайлау жүйелеріне қарағанда басым түседі. Ол Австрия, Аргентина, Бельгия, Израиль, Италия, Нидерланды және т. б. Қолданылады.

Аралас жүйе. Аралас сайлау жүйесі мажоритарлы және пропорционалды жүйенің элементтерін өзіне біріктірген . Бұл жүйеде бір палаталы немесе екі палаталы парламенттің бір палатасының бірін сайлау кезеңінде депутаттардың бір бөлігі партиялық тізім бойынша сайланады, басқасы-бір мандатты аймақтардан жеке сайланады. Қазіргі уақытта аралас жүйе Болгария, Венгрия, Германия, Грузия, Литва, Россияда бар. Мысалы , Германияда пропорционалды және мажоритарлы принциптер біріккен барынша табысты қолданылады. Бундестагтың жартысы біршама көпшіліктің мажоритарлы жүйесі бойынша бір мандатты аймақтарда сайланады, қалғандары партиялық тізіммен аймақтық (жерлік) негізде жүзеге асырылды. Аралас жүйкенің ерекше түрі жүйе болып табылады, онда парламенттің төменгі және жоғарғы палаталары әртүрлі сайланады. Испанияда депутаттардың Конгресі (соңғы палата) пропорционалды жүйесі сайланады, ал Сенат (жоғарғы палата) –абсолютті көпшіліктің мажоритарлы жүйесі бойынша сайлауға түседі.

Сирек сайлау жүйелері-аз танымал және аз таралған немесе іс жүзінде ешқайда қолданылмайтын сайлау жүйелері

-квалификациялы көпшіліктің мажоритарлы жүйелері.(Ол туралы жоғарыда айтылды.)

-жалғыз берілмейтін дауыс жүйесі, онда көп мандатты сайлау округтерінде партиялық тізімге емес,сайлаушы бір кандидатқа ғана дауыс береді және барынша көп дауыс санын алған кандидаттар сайланған болып саналады.Осы уақытқа дейін бұндай жүйе Жапонияда болды.

-Кумулятивті вотум жүйесі , онда сайлаушы көп мандатты аймақта кандидатты сайлау үшін қаншалықты керек, соншалықты дауысты иеленеді, немесе одан аз және өзінің дауысын жеке көзқарасына сәйкес кандидаттар арасында бөлінеді. Мұндай жүйе Германияның кейбір жерлерінде , оның ішінде Баварияда және шығыс жерлерде ,ГДР өмір сүрген территорияларда қолданылады.

-Жалғыз берілетін дауыс жүйесі онда әр сайлаушы көп мандатты аймақта бір дауысқа ие болып және бір кандидатқа дауыс бере отырып, сонымен қатар бірнеші преференциялардыкөрсете алады. Бұл жүйенің ерекшеліктері

а) бірінші преференция алған кандидаттардан мандатты бөлу басталады;

б) сайлау квотасы анықталады және бірінші преференция саны квотаны құраған немесе одан асып түскен кандидаттар сайланған болып саналады;

в) бірінші бөлінуден қалған дауыстар екінші, үшінші және одан әрі префернецияларға сәйкес басқа кандидаттар арасында бөлінеді.

Дәріс 8. Мемлекет саяси институт ретінде.

  1. Мемлекет: түсінігі мен пайда болу теориялары

  2. Мемлекеттің құрылымы мен көрсеткіштері

  3. Мемлекеттің функциялары

  4. Мемлекет формасы

  5. Мемлекет пен оның институттары

Өзінің пайда болу сәтінен бастап мемлекет саяси ойлар тарихында бірнеше рет тұжырымдалды, өйткені, адамзат тарихының түрлі кезеңдерінде мемлекеттің белгілі бір қасиеттері мен функциялары алдыңғы қатарға қойылып отырды.

Мысалға, Аристотель мемлекетті сананың, әділеттіліктің, сұлулық пен жалпы игіліктің бет келбеті деп есептеді. Оның ойынша, «саяси жануар» ретінде «ортақ тұрмысқа» талпынатын адам тегінің көрінісі болып табылады. « Өз өмірінің мәнін мемлекеттен тапқан адам жаратылыстардың ең мықтысы. Ал заң мен құқықтан тысқары өмір сүретін адам әлемнен ең ұсқынсық орынға иеленеді» - деп, атап өткен болатын Аристотель.

Керісінше, ағылшын ойшылы Т.Гоббс мемлекетті Левиафанмен, яғни Библияда суреттелген құбыжыққа теңестірді: «Оның аузынан жалыншылар шығып, от шоқтары атылып жатыр. Оның мұрын тесіктерінен түтін шығып жатыр. Оның дем алысы көмірлерді ыдыратып, аузынан жалын лаулап жатыр. Оның мойнында үлкен күш, құдіреттілік жатыр және оның алдынан қорқыныш жүгіріп отырады».

Еуропалық саяси ғылымда мемлекеттің екі образын белгілеп шығуға болады: 1) халық игілігі үшін пайда болған мемлекетті ұжымдылықтың ерекше түрі ретінде қарастыру және, 2) мемлекетті халықтық билік институттарының біртұтастығы ретінде түсіндіру.

Бірінші дәстүр Аристотельден шығады, ол өз кезегінде мемлекетті ерікті және тең азаматтардың ассоциациясы ретінде көрді. Мемлекет саяси қарым қатынастың формасы болып табылады, ал оның негізі ретінде «билік болып табылады. Адам соған байланысты өзіне ұқсас және ерікті адамдарды басқарады». Мемлекетті саяси қоғамдастық ретінде түсіну факторы саяси ғылымда он алтыншы ғасырға дейін доминантты болып қала берді. Фома Аквинский мемлекетті саяси қоғамдастық деп түсінді.«Қала – мемлекет жетілген қоғамдастық болып табылады».

И.Кант мемлекетке осыған сәйкес тұжырымдама жасаған болатын. Оның белгілеуінше, «мемлекет – өздігінен таралып, басқарылатын адамдардың қоғамы». Одан басқа, философтың ескеруінще, « мемлекет құқықтық заңдар негізінде адамдардың бірігуі» болып табылады.

Он алтыншы ғасырдан бастап, мемлекеттің жаңа тұжырымдамасы пайда болады. Оның дамуы француз ғалымының есімімен Ж.Бодэнмен (1530-1596) тығыз байланысты болып келеді. «Мемлекет жайлы алты кітапта» ол мемлекетті «суверенитет» пен «мемлекеттің тұрақты және абсолютті билігі» түсініктері арқылы анықтаған болатын. Ол адамдардың қауымдастығын басқарады және де бұл басқарушылықты егеменді билік арқылы орындайды. Мемлекеттің бет келбеті басқарушы және билік органдары.

Т.Гоббс мемлекеттің осыған сай түсінігімен келіскен болатын. Адамдарды қорқынышта ұстай алатын және сонымен олардың өзара әсерлесуін реттеп, олардың талаптарын жалпы игілікке баулитын жалпы билік монархқа негізделген. Тек монарх қана мемлекет мәнінің, суверенитетінің жүзеге асырылуына септігін тигізеді. Тек ол билік астындағыларына бейбіт ұсынып, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады. Нәтижесінде билік тек билеушімен, бюрократиямен, мемлекеттің аппаратымен ассоциацияланып қоймай, сонымен қатар нормалармен, қарым қатынастармен, рольдермен, процедуралармен, институттармен ассоциацияланады. Мысалға, марксистер мемлекетті тек таптай бөлінген қоғам ретінде мойындап, оны бір класспен екіншіні басып жаныштайтын машина ретінде, заңның қадағалануын орындайтын орган ретінде, ал мемлекеттіліктен мемлекетсіздікке өтпелі кезеңінде «жалпы істерді басқаратын комитет ретінде» қарастырған болатын.

Саяси ғылымда мемлекеттің әлеуметтік мәні мен табиғаты бірдей түсінілмейді.

Теократиялық теория мемлекетті Құдайылық идея ретінде қарастырып, «билік Құдайдан» деген тезиске сүйенеді. Теократиялық теория шынайы дәлелдерге иеленді: алғашқы мемлекеттер діни формаларға иеленді, құдайылық құқық мемлекеттік билікке мәртебе берсе, ал оның шешімдеріне міндеттілікті жүктейді. Патриархтық концепция мемлекетті үлкен отбасы ретінде тұжырымдайды, онда монархтың және қол астындағыларының қарым қатынастары отбасыдағы әке мен отбасы мүшелерінің қарым қатынастарымен баламаланады. Мемлекет тайпалардың руларға, рулардың қауымдастықтарға, кейін мемлекетке бірігуі нәтижесінде пайда болады. Монарх өз қол астындағыларына күтім көрсету керек, ал екіншілері билеушіге бағынуы керек. XVII-XVIII ғасырларда мемлекет пайда болуының келісімдік теориясы пайда болады. Мемлекетті қоғамдық келісім ретінде түсіне бастады, оған сәйкес адамдар өзінің шынайы құқықтарын, еркіндіктерін сенімді түрде қамтамасыз ету мақсатында мемлекетті құруға келісім береді.

Француз ойшылы Д.Дидроның (1713-1784) ойынша, «адамдар келісіні тез түсінген болатын: егер олар өздерінің еркіндіктерін, тәуелсіздіктерін қолдануды жалғастырып, өздерінің сезімдеріне берілсе, онда адамның бөлек тұрғанына қарағанда, қоғамдағы бөлек адамның қалпы бақытсыздыққа айналады; олар әрбір адамның өзінің шынайы тәуелсіздігінің бір бөлігімен бөлісуі және қоғамның еркін білдіретін, сонымен қатар барлық еркіндіктердің қосылуының орталығы мен жалпы пунктысы болатын еркіндікке бағынуы керек екенін түсінді. Мемлекеттердің пайда болуы осылай».Марксистік теория (ХІХғ) мемлекеттің пайда болуын антагонистік класстарға бөлінуімен түсіндіреді. Экономикалық билеуші тап мемлекетті өзіне кедейлерді бағындыру үшін құрайды.

Зорлық зомбылық теориясы жақтаушыларының ойынша, мемлекет тікелей саяси әрекеттіліктің нәтижесі, яғни сыртқы және ішкі зорлық зомбылықтың нәтижесі болып табылады.Мемлекеттің әлеуметік институт ретінде пайда болуы қоғамдық өмірдің күрделенуінің үрдістерін, экономикалық, әлеуметтік, мәдени мүдделер мен қажеттіліктерді сипаттай алды. Мемлекеттің пайда болуы жалпы қажеттіліктердің және мүдделерді көрсетудің қажеттілігімен негізделген. Мемлекеттің жалпы мақсаттар мен мүдделерді орындауда артықшылығы оның жоғары ұйымдастырылуымен және билеушілер арасында еңбектің бөлінуімен байланысты болып келеді. Мысалға, заң шығарушылар құқықтық нормаларды өңдесе, әкімшілік оларды қоғамның мүшелеріне қолданады, ал сот азаматтар мен билік тарапынан құқықтық нормалардың орындалуын бақылайды. Мемлекет саяси институт ретінде оны үкіметтік еме саяси ұйымдардан ерекшеліндіретін қасиеттердің бір қатарына иеленеді.Біріншіден, барлық мемлекет төңірегінде саяси билік ұйымдасуының бірегей террториалдық ұйымы ретінде анықталады. Мемлекеттік билік барлық халыққа белгілі бір территория бойынша тарайды.

Екіншіден, мемлекет саяси биліктің ерекше ұйымдастырылуын білдіреді. Ол өз кезегінде арнайы механизмге, органдардың жүйесі мен құрылымдарына иеленеді. Мемлекеттің механизмі заң шығарушы, атқарушы және сот биліктерімен ұсынылған.

Үшіншіден, мемлекет құқық негізінде қоғамдық өмірді ұйымдастырады. Тек мемлекет жалпы міндетті сипатқа ие заңдардың көмегімен қоғамның өмірін реттеуге деген құқыққа иеленеді.Төртіншіден, мемлекет биліктің егеменді ұйымын білдіреді. Мемлекеттік биліктің егемендігі оның заң күшінің жоғарылығында және мемлекет төңірегінде басқа да билік тармақтарынан және басқа мемлекеттермен қарым қатынасында тәуелсіз болып келеді. Бесіншіден, мемлекет экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін салықтар мен басқалай ақшалай төлемдерді мәжбүрлі түрде алуға құқықылы болып келеді. Мемлекет оны басқа да саяси институттардан ерекшелейтін функциялардың бір қатарын орындайды. Дәстүрлі түрде мемлекеттің функциялары жалпы қойылған мақсаттарды орындау салалары бойынша ішкі және сыртқы деп бөлінеді. Іщкі функцияларға экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық, құқықтық, саяси, білім беруші, мәдени тәрбилеуші жатқызылады. Экономикалық функция салықтық және несиелік саясаттың көмегімен экономикалық үрдістерді реттеу, координациялау мен ұйымдастыруында сипатталады. Әлеуметтік функция адамдардың тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыруға негізделеді.Құқықтық функция құқықты сақтауды, құқықтық нормаларды орнықтыруды қамтамасыз етуден тұрады. Ол өз кезегінде қоғамдық қарым қатынастар мен адамдардың әрекеттерін реттейді. Құқықтық нормалардың қорғалуы мемлекеттің арнайы құқық қорғаушы органдарымен орындалады.

Мәдени тәрбиешілік функция халықтың мәдени қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жағдайларды туғызуға бағытталған.Ең маңыздылардың бірі ретінде мемлекеттің саяси функциясы қарастырылады. оның негізі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуде, биліктік құзырларды орындауда, саяси курсты өңдеуде қаланған.Сыртқы функциялар ішінде өзара тиімді функцияны және мемлекет қорғанысының функцияларын атап өтуге болады. Мемлекет саяси билікті ұйымдастырудың ерекше формасын білдіреді. Ол өз кезегінде белгілі бір құрылымға иеленеді. Мемлекеттік биліктің жүзеге асырылуын, құрылымын, ұйымдастырылуын «мемлекет формасы» сипаттайды.

Мемлекет формасы мемлекеттің сыртқы қасиеттерінің біртұтастығы ретінде үш элементтен тұрады: билік формасы, мемлекеттік құрылымның формасы, саяси режим. Билеу формасының астарында жоғары мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу әдісі түсініледі. Мемлекеттік билікті кімнің және қалай орындағанына байланысты монархия мен республиканы бөліп көрсетеді. Монархиялар абсолютті және конституциялы болып келеді. Абсолюттік монархия мемлекеттік билік бірегей монархпен орындалатын басқарудың осындай формасын білдіреді.Конституциялық монархия монархтың билігі белгілі бір өкілеттік органмен шектелетінін білдіреді. Республикаларда биліктің көзі ретінде халық қарастырылады. ол өз кезегінде президенттік және парламенттік болып келеді. Президенттік республика (АҚШ) үшін заң шығарушы және атқарушы биліктің қатал бөлінісі сипатты болып келеді. Президент мемлекетті басқара отырып, атқарушы билікке иеленіп, парламенттің алдында жауапкершілік алмайды. Үкімет президентпен тағайындалып, оның алдында жауапкершілікке иеленеді. Президент парламентті тарата алмайды.Парламенттік республикаларда (ФРГ) заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарының өзара қатынастары әріптестік принципінде құралады. Президент парламенттік республикада мемлекет басшысы деп есептелінеді, бірақ атқарушы билік үкіметке зейінделген. Президенттік парламенттік республика (Франция, Австрия, Ирландия, Польша, Португалия, Болгария) үкіметтің екі түрлі жауапкершілігімен, яғни президент пен парламент алдындағы жауапкершіліктерімен сипатталады. Бұл форма күшті президенттік билік пен парламент тарапынан үкіметті тиімді бақылаумен сыбайластырады. Мемлекет белгілі бір территорияда орналасып, азаматтармен қамтылған. Территорияда халықтың бірігу әдістері, адамдардың мемлекетпен саяси және территориалдық ұйымдар арқылы байланысын «мемлекеттік құрылымның формасы» түсінігі білдіреді. Унитарлық мемлекет территориалды саяси ұйымдасудың кең тараға формасы болып табылады. унитарлы мемлекетте мемлекет үшін жалпы өкілеттік, атқарушы, және соттық органдар бар. Олардың құзырлары барлық территорияға тарайды. Заң шығарушының бірегей жүйесі, бірегей ақша және ақша жүйелері, бірегей азаматтылық қызмет етеді. Федеративті мемлекет жеке мемлекеттік құрылымдардың ортақ одақтасты мемлекетке ерікті бірігуін білдіреді. Қазіргі таңда федерациялар ретінде әлемнің жиырма мемлекеті танылады: Австралия, Австрия, Аргентина, Бельгия, Бразилия, Венесуэлла, Индия, Канада және т.б. федерацияның территориясын оның субьектілерінің территориясы қалыптастырады: федерацияның ішкі шекаралары оның субьектілерінің келісімімен өзгертіледі. Федерациялар территориалды (АҚШ) және аралас (Ресей) көрсеткіштері бойынша құрылады, олар өз кезегінде мемлекеттік құрылымның мазмұнын, сипатын анықтайды.Конфедерация саяси қоғамдастықтың кездеспейтін ұйымдастырылу формасын білдіреді. Конфедерация мемлекет дегенді білдірмейді. Тәжірибеде конфедерация деп белгілі бір мақсатты жүзеге асыру үшін бірнеше тәуелсіз мемлекеттердің одағы аталады. Мемлекеттің келісілген саясатын жүргізу үшін конфедерациялар басқару органдарын құрайды. Конфедерацияда жоғары заң шығарушы орган, ортақ азаматтық болмайды, ал қатысушы мемлекеттер халықаралық қызметтерді өз аттарынан атқара алады.

Саясаттанудағы мемлекет теориялары: 1.Теократиялық; 2.Патриархалдық; 3.ХVIII-XVII ғасырда пайда болған келісімдер теориясы; 4.Маркстік; 5. Күштеу теориялыры т.б

2.Мемлекеттің функциялары

1.Ішкі 2. Сыртқы

а.Экономикалық; а. Экономикалық, әлеуметтік, технологиялық,

б. Әлеуметтік; Мәдени,сауда және т.б

с.Құқықтық; б. Мемлекеттің қорғаныс уиздикциясы;

д. Мәдени- тәрбиелік;

е. Саяси т.б

3. Негізгі 3 элемент бар:

1).Басқару формасы; 2) Мемлекеттік құрылым формасы; 3). Саяси режим

4.Құқықтық мемлекеттер- Конституционализмге негізделеді; Әлемдік мемлекеттер- мемлекеттің азаматтарын үлкен қамқорлыққа алуын мысылға алуға болады.

Мемлекет пен оның институттары

Мемлекеттік емес БАҚ Саяси күштер Қысым топтар

Саяси партиялар Саяси клубтар

Қ оғадық саяси қозғалыстар Клиентелла

Азаматық қоғам (азаматтар мен

олардың мүдделері)

«Мемлекет- қоғам» байланыстары құрылымындағы саяси күштердің ролі мен орны. Саяси сахнадағы ең күшті де ықпалды жекелеген және бірлескен мүдделерді білдіруші саяси күшті- саяси партиялар дейміз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]