Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lektsii_sayasattanu.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
248.66 Кб
Скачать

3. Жеке тұлға және әлеуметтік топтар – саясат субъектілері ретінде

Қоғам әрқашанда гуманитарлық ғылымдардың зерттеу объектісі болып саналады. Ал пән белгілі бір өзіндік ерекше қасиеті бар объективті шындық элементтерінің жиынтығы немесе соның бір бөлігі. Сонымен бірге әрбір ғылымның өзі пәніне байланысты ерекшелігі болады.

Әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың жиынтығы әлеуметтік таным объектісі. Осы тұрғыдан алғанда таным объектісіне бүкіл әлеуметтік жүйе жатады. Әлеуметтану ғылымының міндетіне әлеуметтік жүйені типологияландыру, әрбір типтендірілген объектінің байланыстары мен қатынастарын заңдылықтар дәрежесінде зерттеу, осы мақсаттағы бағытқа жету үшін әлеуметтік жүйенің әрқайсысының іс-қимылы мен түрлерінің көрініс беруінің миханизімі жайлы нақты білім беру кіреді.

Әлеуметік топтарға адамдардың әлеуметтік маңызды белгілерінің ортақтығы бойынша қалыптасқан топтар жатады. Бұл топтардың құрылымы мен ерекшеліктері қоғамдық әлеуметік-экономикалық құрылысына, ең алдымен қоғамдық таптық құрылымын анықтайтын өндіріс тәсіліне байланысты.

Әлеуметтік топтар ең алдымен оның мүшелерінің ұлт, тап, еңбек ұжымы т.б. өзара қарым - қатынастарының тәсілдерімен анықталады. Әлеуметтік қауымдастықтың қала, ауыл, еңбек ұжымы т.б. ерекшелігі әлеуметтік жүйе осы қауымдастықтың негізінде қалыптасады. Ал әлеуметтік қауымдастық дегеніміз адамдардың іс-қимылдарының, өзара қарым-қатынастағы индивидтердің, тарихи қалыптасқан жер аумағы құрылымдарының белгілі бір әлеуметтік институттарға қатыстымен анықталады.Осындай бір немесе бірнеше әлеуметтік білгілермен бірлескен адамдар жиынтығын әлеуметтік топ дейміз.Адамдар саяси процесте белгі бір әлеуметтік топтың өкілі немесе мүшесі ретінде қатысады.Олар жалпы қоғамдық өмірдің,оның ішінде саяси процестің басты субьектісі болып табылады.Сондықтан қандайда болмасын саяси іс-қимылдың сыртында біреулердің топтық мүддесі тұрады.Еңбектің қоғамдық бөлінуі негізінде жұмыс істейтін топтар мен олардың өзара қатынас жүйесінің жиынтығын қоғамның әлеуметтік құрылымы дейді. Адамның қоғамдық жағдайындағы негізгі белгілеріне қарай қоғам құрылымның негізгі түрлерін атауға болады.Оған әлеуметтік-демографиялық(жынысы мен жасына қарай әлеуметтік топқа бөлу), әлеуметтік-таптық, кәсіби және елді мекендік құрылым жатады. Марксистік қоғамтану әлеуметтік құрылым негізгі түрі деп қоғамның таптық құрылымын санады. Өйткені ол қоғамдық өмірдің ең маңызды саласы қоғамдық өндірістік жүйесінде құрылады.

Дәріс 5. Қоғамның саяси жүйелері. Қоғамның саяси жүйесі мен оның саясаттанудағы теориялары.

1. Саяси жүйе ұғымы мен түсінігі

2. Т.Парсонстың қоғамдағы жүйелілік бағыты

3. Д.Истонның Саяси жүйелер теориясы

4. Г.Алмондтың саяси жүйелер теориясы

ХХғ. 50-60 жж "Саяси жүйе" ұғымы саяси ғылымға енгізілген. Оның енгізілуі саясаттың жүйелілік сипаттарын ашып көрсетті.Жүйелілік бағыттың саясаттануға енуі, тиімсіз қоршаған орта әсерінен қоғамның тұрақтылығы мен өміршеңдігін қамтамасыз ететін, әмбебап қағидатар мен механизмдерді іздеуге жол ашты."Шарлардың айналысы мен өмірдің біртұтастығын тиімді арнаға бұра білу маневрлігін саяси өмірде қолдану жүйе мен жүйешік арасындағы қатынастарды кеңінен түсінуге мүмкіндік беретін құбылыс – саяси жүйе" деп аталынады.

Т.Парсонс жүйе ұғымын қоғамның төртінші жүйешігі арасындағы өзара тәуелділік пен өзара айырбастағы қатынастардағы басты үлкен жүйе – қоғамды тудырады деген. Олар: Экономикалық, Саяси, Әлеуметтік және Рухани.

1.Экономикалық жүйешік- адамдардың тұтыным тауарларына деген сұранысын қанағаттандыруды жүзеге асырады.

2. Саяси жүйешік- ұжымдық мақсаттарды анықтау саласын қамтып, оларға жету жолында ресурстарды жұмылдырады, жинақтайды,саяси шешімдердің қабылдауын жүзеге асырады.

3. Әлеуметтік жүйешік-тұрақты дамудың өмір салтын қолдауға бағытталады,қоғамның жаңа мүшелеріне мінез-құлықтық түрткілердің қалыпқа келтіретін маңызды факторлар құндылықтар мен игіліктік тәртіптердің жиынтығын қалыпастыруды жүзеге асырады.

4. Рухани жүйешік- қоғам кірігуін жүзеге асырады,оның элеметтері арасындағы сабақтастық пен ынтымақтастықты жүзеге асырады.

Саяси ғылымдардардағы жүйелік бағыттың негізін қалаушылардың бірі ретінде Д.Истон былай айтады: ол саясатты құндылықтардың еркін бөлінісі деп анықтаған.Бұл бойынша,Саяси жүйе- қоғамдағы билікті қалыптастыру мен бөлудегі, құндылықтар мен ресурстарды жіктеу мен бөлудің басты механизмі рөліне енеді, адамдарды негізділік пен тәртіпке бағынуға үндейді.Жүйелілік бағыт саясатты 2 қырынан бөліп қарауды көрсетіп өтті. Біріншіден: қоғамның басым бөлігіне міндетті болып саналатын, саяси шешімдерді қабылдау мен ресурстарды бөлудің еркін, дербес саласы; Екіншіден: қоғам тұтастығының өте кең бөлімі ретінде.Билік пен оның ресурстарын бөлу кезеңдерінде пайда болатын адамдар мен топтардың арасында өрбитін конфликтерді реттеудің басты тетігі,қоғамдағы әртүрлі импульстерге жауап беру механизмі;

Саяси әрекеттесудің талдауындағы функционалдық бағыттың авторы американ ғалымы Г.Алмонд. Оның ойынша-қоғамның тұрақтылығы мен дамуын қамсыздандыруда саяси жүйе оның элементтерінің: саяси институттардың, топтардың, лидерлердің рөлдері мен қызметтеріне тәуелді болып келеді. Ол оның тұтастығын сақтауда үлкен маңызға ие. Тұтастықтың әрбір элементі(мемлекет, саяси партиялар, қысым топтары,элита, құқық пен заң) бүкіл жүйе үшін өмірлік маңызды функциялар атқарады. Сәйкесінше, жүйе тек ғана "сақтау","өзгеріс" және "бейімделу" деген терминдерден ғана тұрмайды, сонымен қатар, құрылымдар арасындағы белгілі бір функцияларды жүзеге асыратын "өзара бвайланысқа" бағытталып негізделеді, барлығы бірге қоғам жүйелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға ұмтылады. Осыған орай, Алмонд "Саяси жүйе белгілі бір тар саяси мәселеге ғана арналған мемлекеттік мекемелердің арасындағы рөлдер мен қарым –қатынастар өрнегі ғана емес, сонымен қатар қоғамның барлық жүйелерінің өз қызметтерін бөлісу, саяси сұрақтарды шешуге атсалысу" деп есептеді.

Саяси жүйе кемінде 3 функцияны жүзеге асыруы керек деді:

1.Сыртқы ортамен қатынас жасау;

2.Саяси сала ішіндегі байланыс;

3. Жүйені бейімдеу мен сақтау;

5. Г.Алмонд ұсынған саяси жүйелер типологиясы:

1). Англо – американдық;

2). Құрлықтық – еуропалық;

3). Индустриялдыққа дейін және жартылай индустриалды;

4). Тотолитарлық;

1). Англо-американдық саяси үрдіске қатысушылардың рөлі анық бөлінген. Саяси жүйе қоғамда қалыптасқан либералдық құндылықтарды қорғауға бағытталған;

2). Батыс Еуропа елдеріне тән саяси жүйе ортақ шешім мен мәдениетке негізделеді, дегенімен, әрбір ұлттық тарихы, әдет- ғұрпы бар түрлі топтар ішінде де;

3). Аралас мәдниеті бар дамуды жаңа түрде қалыптастыруды таңдаған елдерде болады. Мұнда күшсіз билік орнату қиын делінген, сондықтан, билік белгілі бір үстем топтың қолына шоғырланады;

4) Бүткіл саяси жүйе құндылықтары бір саяси партияның немесе топтың қатаң бақылауымен уысына жинақталады;

Үй тапсырмасы қосымша:

1. Д. Истон бойынша саяси жүйенің функционалдау механизмдері кесте түрінде;

2. Г.Алмондтың саяси жүйелер типологиясы;

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]