Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
lektsii_sayasattanu.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
248.66 Кб
Скачать

Дәріс 1. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде.

  1. Қазіргі заманғы саяси ғылым нені зерттейді.

  2. Қазіргі заманғы саясаттануды зерттеудегі екі бағыт.

  3. Саясаттанудың дамуының Еуропалық және американдық мектептері

Кіріспе орнына. Саясаттану түсінігі: пәні және мазмұны.

Адамдар мемлекеттер пайда болмай тұрып ерте заманнан саясатты түсінуге тырысты. Саясаттанудың орыс тіліндегі аудармасы, яғни «Политология» сол уақыттың өзінде екі түсініктен тұратын: латын тілінен аударғанда «politica» - саясат және «logos» - ғылым, яғни «саясат туралы ғылым».

«Саясат» термині Ежелгі Грецияда polis — қала-мемлекетті атауда пайдаланса, «politiсa» мемлекеттік және қоғамдық істер ретінде аударылып қолданысқа ие болды.

Саясаттану – саясат туралы, қоғамның өміршеңдігін, қоғам мен мемлекет арасындағы өзара әрекетті қамтамасыз ететін билік қатынастарымен, қоғамның мемлекеттік ұйымдасуымен, саяси институттар, принциптер мен нормалармен тығыз байланыста болатын адамдар өмірінің саяси саласы туралы ғылым.

Саясаттану рухани, материалдық, тәжірибелік, сонымен қатар саясаттың қоғам өмірінің басқа да салаларымен өзара әрекетін қамтитын саяси өмірдің барлық қырларын зерттейді.

Көпшіліктің санасында «саясат» термині негізі екі мағынада қолданылады. Бірінші мығынада белгілі бір саяси үрдісті басқару болса, мысалы «саяси экономика», «білім саласындағы саясат», яғни мемлекет тарапынан қолдау мен бақылау қажет керек екендігін көрсететін ұғым. Осындай қолдау мен бақылаулар мемлекеттің мүмкіндіктерімен үйлесе отырып, міндеттер мен мақсаттарды айқындауға, оларды жетілдірудегі мүмкіндіктерді белгілейді. «Саясаттың» көпшіліктің санасындағы екінші мағынасы – белгілі бағытталған саяси іс-әрекеттердің адамның өзінің мақсаттарды алға қою бейімділігі мен оларға жетудегі мүмкіндіктері, оны жүзеге асыру кезіндегі шығындары мен нәтижелері болып есептеледі. Бұл ұғымда саясат «стратегия» ұғымымен ұштасады. Мұндай «саясат» терминінің мағыналары - мақсатты айқындау, оны үкіметпен бірлесе отырып жүзеге асыру сияқты түсініктермен байланысты.

1857 жылы американдық профессор Ф.Либер саясаттануды академиялық пән ретінде енгізген болатын. Еуропа мен АҚШ оқытыла бастады, батыс мәдениетінің ажырамас бөлшегі ретінде қалыптасты. Мемлекеттәк билік пен азаматтық қоғамның тиімділігін арттыруға көмектеседі деді.

1948 ж ЮНЕСКО, Парижде:

  1. Саясаттанулық теория (политическая теория и история идей)

  2. Саяси институттар (конституция, орталык баскару, аймақтық және жергілікті басқару, жергілікті әкімшілік, баскарудың экономикадык және әлеуметтік функциялары, саяси институттардың салыстырмалы талдамалары. т. б)

  3. Партиялар мен топтар және коғамдық ой(саяси партия, топтар мен қауымдастықтар, азаматтардың басқару мен әкімшілікке араласуы, когамдык ой.)

  4. Халықтық қатынастар (халықтық саясат, саясат пен халықтық ұйымдар, халықтық құқықтар)

Саясаттануды зерттеудегі негізгі 2:

1.Мемлекет туралы ғылым, оның институттары мен турлері және іскерлігін зерттеп жүйелейді. Қысқа түрінде Аристотельмен негізі қаланған.

2. Саясаттану билік пен оның барлық көрінісі, болмысы туралы ғылым. Кеңірек мағынасын білдіреді және Н Макиавели.

Жалпы алғанда саясаттану, саяси қоғамдастықтағы биліктің пайда болуы, турлері мен бөлініс байланыстарын зерттейтін жариялы билік пен басқару институттары болып табылатын мемлекетті, қоғам мен индивид арасындағы қарым-қатынасты зерттейтін ғылым бодып табылады.

3. Әр елдің тарихы мәдениетті экономикалық және әлеуметтік басым факторлары арқылы билік институттарының қалыптасуы мен қызмет ету түріне байланысты. Саясаттың ғылым ретінде жетілуінің ерекшелігі әрқилы болып келеді. Соның жарқын мысалы, саясаттың даму генезіндегі негізгі ұлттық мектептердің бөлініп шығуын қамсыздандырды. Мысылы, соның негізіндегі 2-басты ұлттық мектептер: Еуропалық және Американдық;

Еуропалық мектеп үшін негізінен:

Саясаттың әмбебап заңдылықтарын қалыптастыруға ұмтылысты көрсетуге болады, биліктік қатынастардың, мемлекеттік органдар мен басқа да институттардың философиялық, әлеуметтік аспектерін кеңінен қамтуға тырысады. Саяси тарих, саяси философия, саяси әлеуметтану т.б.

Американдық саяси мектеп керісінше, Шешімдердің қабылдануы мен жүзеге асуындағы қатынастардағы прагматикалық пен функционалдық түрлері тән болып табылады.

Саясаттанудағы билік туралы ілім ретінде қарастыра отырып, көптеген зерттеушілер биліктік қатынастарды көбіне бихевиористік, мінез-құлықтық, қызметтік (функционалдық) сипаттамаларға үлкен назар аударған.

Т.Парсонс пен Р.Даль билік қатынастарын реттеуде рессурстардың бөлінуі мен қоғамдық тәртіптің қамсыздандырылуын ерекше көрсетеді.

Д.Истон саясаттың зерттеу пәні ретінде қоғам үшін қабылданатын шешімдердің мәні мен мазмұны деп түсінген.

Дәріс.2. Саясаттану ғылымының қалыптасу кезеңдері.

Саясаттану ғылымының пайда болуы мен дамуы. Саясаттанудың негізгі мектептері

Саясатты түсінуге ұмтылу алғашқы мемлекеттер пайда бола бастаған ежелгі дәуірге оралумен, саясатқа деген қатынасты білдірумен пара-пар. Өйткені алғашқы саяси қатынастар мемлекеттердің пайда болуында орын алды деп есептеледі. Саясатты ұғынудың алғашқы тарихи формасы болып діни-мифологиялық түсіндірме табылады. Бұл түсіндірме бойынша билік ерекше қасиетті бастаудан бой алады. Қазіргі заманға дейінгі бірінші мыңжылдығында саяси сана өзіндік жеке сипатқа ие бола бастады, бірегей философиялық білімге негіз берген алғашқы саяси көзқарастар, тұжырымдамалар пайда болды. Бұл үрдіс бірінші кезекте Конфуций, Платон, Аристотель сияқты ежелгі дәуірдің ойшылдарының шығармашылығымен тығыз байланысты. Бұл ғұламалар саясатты теориялық тұрғыда зерттеудің негізін қалады. Ортағасырлар мен жаңа заман кезеңінде саясат, билік, мемлекет туралы мәселелер зерттеудің жаңа сапалы теориялық деңгейіне өтті. Бұл жетістікке саяси және философиялық ойдың Н.Макиавелли, Т.Гоббс, Дж.Локк, Ш.Монтескье, Ж.-Ж.Руссо, Г.Гегель сынды өкілдері үлес қойды. Осы тұлғалар саяси ғылымды діни-этикалық формадан бөліп шығарды, сонымен қатар олар саяси ғылымды табиғи құқық, қоғамдық келісім, халық егеменділігі, билік бөлінісі, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет сияқты концептуалды ұстанымдармен байланыстырылды.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында саяси ғылым ерекше өзіндік жолға түсті, жеке ғылым болып қалыптасты. Осы кезеңнен бастап саясаттану жеке оқу пәні ретінде қалыптаса бастады, оқу және ғылыми орталықтар пайда болды. Лондон университеті қарамағында ХІХ ғасырдың соңында Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің негізі қаланды. 1857 жылы Колумбия университетінде Америка тарихындағы тұңғыш рет саяси ғылымдар кафедрасы құрылды.

XIX ғасырдың ортасында пайда болғаннан бастап саясаттанудың пәні әрқашан дауға түсіп, нақты анықтауды талап етіп отырды. XX ғасырдың ортасында американ саясаттанушысы Д.Истон өзінің «Саяси анализдің негіздері» (Easton D. A Framework for Political Analysis. Chicago. University of Chicago Press, 1981) атты еңбегінде саясаттануды «барлық қоғамды қамтитын шешімдер қалай қабылданатынын және сол шешімдер барлығына неліктен міндетті болады деген мәселелермен айналысатын ғылым» ретінде анықтаған.

Саясаттанудың зерттеу пәні болып саяси институттар, саяси процестер, саяси қатынастар, саяси идеология мен саяси мәдениет, саяси іс - әрекет сияқты саясаттың негізгі құрылымды элементтері табылады.

Қазіргі заманғы саясаттанудың маңызды мәселелерінің біріне саяси билік, заманауи саяси жүйелер мен режимдер, басқару мен мемлекеттік құрылыс формалары, саяси тұрақтылық пен саяси тәуекел, партиялық және сайлау процестері, саяси құқықтар мен еркіндіктер, азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет, саяси жүріс-тұрыс пен саяси мәдениет, саяси коммуникация мен бұқара ақпарат құралдары, саяси жанжалдарды реттеудің әдістері, халықаралық саяси қатынастар, геосаясат, саяси жаһандану және тағы басқалары жатады.

1903 жылы Американдық саяси ғылымдардың қауымдастығы дүниеге келді. Әсіресе, АҚШ пен Батыс мемлекеттеріндегі саяси ғылым екінші дүнежүзілік соғыстан кейін тез дами бастады. Бұл үрдіске 1948 жылы ЮНЕСКО бастамасымен Париждегі саяси ғылымдар мәселелері жөнінде Халықаралық коллоквиум өз септігін тигізді.

Кесте №2. Саяси ғылымның тараулары

Саяси ғылымның негізгі зерттеу объектілері болып төмендігілерді есептеу шешілді:

  1. саяси теория (тарихи-саяси ойларды қамти отырып);

  2. саяси институттар (орталық және жергілікті басқару органдары, үкіметтік құрылымдар, осы институттар атқаратын функциялар, сонымен қатар саяси институттар қалыптастыратын әлеуметтік күштер);

  3. саяси партиялар, топтар, қоғамдық пікір;

  4. халықаралық қатынастар.

Париждегі халықаралық коллоквиум саясаттанушылардың арасындағы саясаттануды саясат туралы жалпы, саяси социология, саяси философия, саяси география сияқты ғылымның құрамдас бөліктерін қамтитын интеграциялық ғылым ретінде қарастыру төңірегіндегі пікірталасқа нүкте қойды. Нәтижесінде «саяси ғылым» терминін жекеше түрде қолдану шешілді.

Осылайша саяси ғылым өзіндік жеке ғылым және пән ретінде өзгріске ұшырап, бекітілді. 1949 жылы ЮНЕСКО-ның бастамасымен Саяси ғылымдардың халықаралық қауымдастығы құрылды. Саясаттану АҚШ және Батыс Еуропаның жетекші университеттерінің оқу бағдарламасына оқу пәні ретінде енгізілді.

1962 жылы КСРО-да Саяси (мемлекеттік) ғылымдардың кеңестік ассоциациясы құрылған еді. Қазіргі кезеңде бұл құрылым Ресей саясаттанушылар ассоциациясы болып аталады.

Тек 1989 жылы Жоғарғы аттестациялау комиссиясы саясаттануды ғылыми пәндер қатарына қосты. Ресей Федерациясы Үкіметінің қаулысымен саясаттану жоғарғы оқу орындарында оқу пәні ретінде анықталды.

Қазақстанда саясаттану ғылымы жоғарғы оқу орындарына 1992 жылдан бастап енгізілді. Қазіргі таңда саясатану міндетті оқу пәндерінің қатарына жатады.

Саясаттанудың пәнін, оның негізгі айналысатын мәселесін анықтау үшін қоғам өмірінің ерекше саласы, оның құрылымы мен өзара қарым-қатынас етудің негізгі элементтерінің сипаты ретінде саясаттың табиғаты және мәні жоғары әдіснамалық маңызға ие болады.

Қазіргі таңда әр мемлекеттерде түрлі ұлттық саясаттану мектептері қалыптасқан.

1. Заманауи шет елдердің саяси ғылымында ерекше рөлді саясаттанудың американдық мектебі алып отыр. Саясаттанудың ежелгі американдық мектебінің қалыптасуына Аристотель мен Платонның дәстүрлі көзқарастары, Т. Гоббс, Дж. Локк, Ш. Монтескье сияқты ойшылдардың классикалық конституциализм идеялары әсерін тигізді. Американ саясаттанулық мектептерінің келесідей бағыттары бар:

- Саяси ғылымның теориялық мәселелері (Р. Даль, Д. Истон және т.б.). Негізгі назар саяси тұрақтылық пен модернизация, саяси жүйе мен режимдердің қызмет етуіне аударылады.

- Салыстырмалы саясаттанулық зерттеулер (Г. Алмонд, С. Верба, С. Липсет). Негізгі мәселелердің қатарына экономика, саясат пен тұрақтылық, саяси мәдениет ерекшеліктері арасындағы тәуелділікті анықтауға бағытталған эмпирикалық зерттеулер жатады.

- Халықаралық мәселелер мен жаһандық даму, Шығыс пен Батыс арасындағы қатынастар, саяси жанжалдар себептері, посттоталитарлы даму мәселелері саласындағы зерттеулер (3. Бжезинский, С. Хантингтон және т.б.).

- Қоғамдық пікірлерді зерттеу. Негізгі назар сайлау науқанындағы сайлаушылардың таңдауларын, саясаткерлердің имиджін қалыптастыруға, саяси институттарға және саяси шешімдерді қалыптастыруға, сонымен қатар зерттеуді жүргізуге арналған әдіс-тәсілдерді жасақтауға аударылады.

- Саяси билік мәселелерін зерттеу: саяси биліктің конституциялық негіздері мен принциптері (Конгресс, президенттік және әкімшілік-басқару аппарат жүйесі және т.б.); саяси билік пен сайлаушылардың саяси жүріс-тұрысы (сайлаушылардың қоғамдық жүріс-тұрысының қызмет ету механизмі, саяси партиялардың іс-әрекеті).

- Саяси басқару, халықаралық саясат, саяси модернизация, салыстырмалы саясаттану мәселелерін зерттеу.

2. Саясаттанудың американдық мектебі Ұлыбританияның саяси ғылымына елеулі әсерін тигізді. Қазіргі таңғы ағылшын саяси ғылымындағы саяси зерттеулерде талдауға экономикалық, әлеуметтік әлеуметтік-психологиялық бағыттар күшеюде.

Ерекше назар ағылшын саяси жүйесін, сайлау институттарын, түрлі формальді және формальсіз топтардың, сайлаушылардың саяси жүріс-тұрысы және т.б. жағынан үкіметке және парламентке саяси қысым көрсету механизмдерін талдауға бөлінеді. Қазіргі заманғы ағылшын саяси жүйесінің негізгі мәселеріне жанжалдар теориясы, келісім теориясы, плюралистік демократия теориясы жатады.

3. Германияның қазіргі саяси ғылымы теориялық-философиялық сипатқа ие және саяси-әлеуметтік зерттеулермен ұштасады. Саяси ғылымның бұл неміс мектебі келесі бағыттарды қамтиды:

- Саясат философиясын зерттеу психоанализ бен философия дәстүрлерінің жандануы әдістерін, атап айтқанда неоканттық және веберлік ренессансты (Т. Адорно, Ю. Хабермас, Э. Фромм) пайдалануды көздейді.

- Саяси режимдердің әлеуметтік табиғатын талдау, соның ішінде тоталитаризмнің пайда болуы, формалары мен көріністерін анықтайды (X. Арендт, К. Поппер).

- Әлеуметтік жанжалдарды, саяси қатынас саласында көрініс табуының ерекшеліктерін және типологиясын зерттеу (Р. Дарендорф).

4. Саяси ғылымның француз мектебі салыстырмалы жас ғылым болып табылады. Негізінен ол жеке ғылым ретінде тек Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасты. Бұл мектептің ерекшеліктеріне мемлекетті тану аспектілері, конституциялық құқық шеңберінде саяси процестерді зерттеу тән. Саясаттанудың француз мектебіне келесідегідей бағыттар орын алады:

- Саяси қатынастарға түсетін таптар, топтарды зерттеу (Л. Сэв, М. Фуко и др.).

- Билік мәнін, басқарушы элиталарды іріктеу әдістерін зерттеу (П. Бурдье, Ф. Буррико және т.б.).

- Саяси партиялар мен қозғалыстар стратегиясын, саяси дағдарыстарды, түрлі әлеуметтік тотптардың саяси әлеуметтенуін, әсіресе жастардың саяси әлеуметтенуін зерттейді.

- Қолданбалы саясаттанудың дамуы: саясат техно­логиялары мен саяси маркетинг (Д. Давид, М. Бонгран және т.б.).

5. Саясатты талдауға арналған Ресейдегі еңбектер XX ғасырдың басында-ақ пайда болды. Н.А. Бердяев, С.Н. Булгаков, М.М. Ковалевский, М.Я. Острогорский, П.Б. Струве және тағы басқалары өздерінің еңбектерінде билік, мемлекет, төңкеріс мәселелерін талдады.

6. Бұрынғы КСРО республикаларында 80-жылдардың екінші жартысына дейін саясаттану ғылымына идеологиялық тұрғыда рұқсат берілмей, шек қойылды. Көп уақытқа дейін саясаттану ресми түрде жеке ғылыми пән болып табылмады.

Тек 1989 жылы КСРО-ның Жоғарғы аттестациялау комиссиясы саясаттануды ғылыми пәндер қатарына енгізді.

Дегенмен бұл жағдай саяси мәселелер мүлдем көтерілмеді немесе зерттелмеді дегенді білдірмейді. Ол мәселелер философия, мемлекет пен құқық теориясы, саяси экономия және тағы басқа пәндер бағдарламаларының шеңберінде зерттелді.

7. Қазақстанда саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде ресми түрде толық тек соңғы жылдары қалыптасты. Қазақстан Республикасында саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде 1991 жылдан бастап қалыптаса бастады. ҚР Үкіметінің Қаулысымен саясаттану барлық жоғарғы оқу орындарында міндетті пәндер қатарына жатқызылды.

Саясаттанудың ең алғаш кафедрасы бұрынғы С.М.Киров атындағы ҚазМУ қазіргі кездегі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінде ашылды. Ең алғаш рет профессор Т.Т.Мустафин төрағалығымен саяси ғылымдар бойынша диссертациялық кеңес құрылды. Бұл диссертациялық кеңесте төмендегідей әйгілі отандық ғалым-саясаттанушылар еңбектерін қорғап шықты: М.Б. Тәтімов, Ж.Х.Жүнісова, Г.Ж.Ибраева, К.Л.Сыроежкин, Л.К.Бакаев, А.Х.Бижанов, И.Н.Тасмағамбетов, К.Е.Күшербаев, Д.А.Жамбылов, С.Борбасов, Н.В.Романова, Л.М.Иватова, М.С.Машан, К.С.Сұлтанов, С.А.Дьяченко, Л.В.Адилова, Л.Ю.Зайниева, М.Т.Лаумулин және тағы басқалар.

Саяси ғылымдар академиясы құрылды. Ол академияның мүшелері болып бірінші Қазақстан саясаттанушылары Т.Т.Мұстафин, А.Ш.Ишмухамедов, Т.С.Сарсенбаев, С.К.Қозыбаев, С.З.Нарматов, М.Б. Тәтімов, Ж.Х.Жүнісова, Г.Ж.Ибраева, К.Л.Сыроежкин, Л.К.Бакаев және тағы басқалары табылды.

Кейінірек ірі саясаттанушыларды дайындап шығарған ҚР ҰҒА-ның Философия және саясаттану институты, Абай атындағы ҚазҰПУ, Еуразиялық ұлттық университет тұсында басқа да диссертациялық кеңестер ашылды.

Қазақстан саясаттанушыларының мәселелерді зерттеу аймағына келесілер жатады:

- саяси өмір және оның негізгі сипаттамалары;

- билік және билік қатынастары теориясы;

- қазіргі заманның саяси жүйесі және режимдері;

- саяси мәдениет пен саяси идеология;

- тұлға мен саясат;

- қоғамның саяси модернизациясы;

- геосаясат; халықаралық саяси қатынастар,

- заманауи жаһанды процестердің саяси аспектілері.

Саяси құбылыстар мен процестер түрлі әдіс-тәсілдер, амалдар көмегімен зерттеледі (грек сөзінен аударғанда rnethodos — зерттеу жолы деген мағына береді.).

Дәріс.3. Саяси билік.Саяси билік теориялары.Биліктің негізгі сипаттамалары.Биліктің әлеуметтік табиғаты, әлеуметтік мазмұны.

Билік саясаттың негізгі мәнді ұғымы. Билік:

Мемлекет пен оның мекемелері мен ресурстары арқылы таныстырылған, мәжбүрлеу мүмкіндігі;

Жалпы мәнді, топтық және жеке мүдделерді тиімді түрде қанағаттандыруға жағдай жағдай жасайды;

Топтың, партиялардың, қозғалыстардың, мемлекеттің, индивидтің күресі мен өзара әрекеттесуінің басты объектісі рөлін иемденеді;

Сонымекн қатар, билік саясатта ең құпиялы,жұмбақ құбылыс рөлін иемденеді; Э.Шартье айтқандай: "Билік түсініксіз, құпиялы және оның күші де сонда". Бірақ, қазіргі биліктен халық көбіне есеп түріндегі түсініктеме алуға ұмтылады.

XVIII ғ. Француз ойшылы Г.де Мабли биліктің әлеуметтік орны мен рөлі туралы:"Адамдар билікті орындай отырып,алдына зорлық пен зомбылықты азайтып, жекелеген тұлғаларға байланысты әділетсіздікті жою үшін биліктің қоғамдық мәніне сауаттылыққа қарай бастауына жол ашуды мақсат етеді" деді.

Ол саясатта билік монархтың, дворяндердің, мырзалардың зорлығы мен үстемдігі шектеуші шама ретінде қалыптасады.

Әлеуметік мәні мен шығу тегі мынада:

Қоғамда биліксіз хаос туындап,әлеуметтік байланыстардың бұзылуы, әртүрлі ұйымдар пйда болады.

Бәріне бірдей ортақ мінез­ құлық пен тәртіптің негігіздерін енгізу арқылы адамдар арасындағы қатынастарға жүйелілік, мақсаттылық, ұйымшылдық береді;

Интеграцияланудың әмбебап механизмі рөлін иемденеді. Мысалы: қоғам топтары әртүрлі,мәртебе мен балыққа әртүрлі бөлінген, сондықтан әр алуан ұйымдастыру мен кірігу іс шаралары арқылы бәрін біріктіреді, сабақтастырады, келістіреді;

Әлеуметтік­ биотабиғи әртектілікті еске отырып, ортақ тиімді шешім жолдарын қарастырады. Мысалы: біреулер талантты, қабілетті т.б

Алай да, биліктің түрлі қоғамдық қызметтері біртектілік пен жүйелілікті көздеген мақсатқа жету үшін биліктің әлеуметтік мазмұнын бөліп көрсетеді. Соның өзінде биліктің мазмұны әрқилы болады. Оның әлеуметтік мазмұны мен әсері келесідегідей етіп жіктеледі:

  • Конструктивті, парасатты;к

  • Бұзу, жаныштаушылық, себептілік;

  • Бұқаралық сана – сезімді манипуляциялау жолдары арқылы билеуші топтың мүддесіне сәйкес, бұрмалануы мүмкін.

  • Халықтың басым бөлігінің адами қажеттіліктері мен мүдделерін, қанағаттандыру арқылы қоғаааммм үйлесімділігіне қол жеткізу қабілеті;

  • Қоғамның бүтінді гін белгілі бір топтың(бағынушы)мүддесіне , екінші бір топтың(бағындырушы немесе билеуші, басқарушы) мүддесін жоғары қоя отырып, тікелей күштеу арқылы сақтауға ұмтылысы;

2. Билік ресурстарының түсінігі, эволюциясы. Билік ресурстарының типологиясы.

Билік ресурстары дегеніміз- билік субъектісінің билік объектісіне қатысты(тұлға, топтар және қоғам) ықпалын жүзеге асыруға, алға қойған мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін әдістер мен тәсәлдердің жиынтығы.

Р.Даль: "билік ресурстары-индивидтің немесе топтың басқаларға ықпалын жүргізу үшін қолданылатынның барлығы" деді. Ресурстар үшін билік субъектілері мен объектілерінің арасында болады да,олардың арасындағы қатынастарға байланысты қалыптасады.

Адамзат тарихының өзгеруі мен дамуына байланысты, билеудің ресурстары мынадай болып өзгеріп отырған:

  • Примитивті қоғамдарда негізінен билеушінің беделіне сүйенген(көсем, әскер басы т.б) Қантегі бойынша биліктің мүліктік қатынастарға ауысуы билік ресурстарының байлық пен күш басқаратын формациясына ауысты;

  • Индустриалды қоғамдарда басым билік ресурсы ретінде ұйымдастыруды айтады( бюрократия, партия, қозғалыстар т.б)

  • Қазіргі замандық қоғамдарда биліктік қатынастар басқа да биліктік ресурстардың рөлін сақтай отырып, маңызды әдіс қажетті ақпаратты білген субъектінің уысында болып табылады дейді.

Ақпарат биліктік ресуртардың ең маңыздысының біріне айналуда. Ақпараттың жоқтығы немесе әлсіздігі өзге адамға бағыныштылыққа әкелетін жағдайлар кездесуде.

Билік ресурстарының типологиясы

Ертерек пайда болған түрінің бірі – антропологиялық. Билеудің түрлі детерменанттары мен тұрақты мотивтері субъект пен объект мінез- құлқында доминанттылық танытады дейді.

Конфуций бойынша: Билеушінің жеке үлгісі, әділеттілік, гумандылық, халық мүддесін ойлау т.б мораль принциптерін өзінің орындауы. Өзгелер оған тәнті болып, ақылдылығы мен әділеттілігін мойындап, сыйлауы керек. Н.Макиавелли бойынша: Адам мінез-құлқының басқа мотивтерін көрсетті.Басты ресурс- қорөыныш пен махаббат деді.

1. Махаббат- нәзік материя, адам қанағаты мен рахметінде ұсталынады, ол қиын иррационалды болады.

2. Қорқыныш- керісінше, қатты әрі шыдамды рационалды.

Жауыз адам сенің рахметіңе түкіргені бар, ол сені өз мүддесі үшін сатып кету түкке де тұрмайды. Кейде, билеушінің өздері бірінен бірі қорқады, дейді, биліктен алшақтау, соттан қорқады, бірақ, ең ауыры дүниеден айырылуы ауыр соққы деген.

Олвин Тоффлер классификациясы:

Билік ресурстары жіктемесінде аралас критерийлер болады. Адамзат дамуымен бірге билік ресурстары дамиды дейді. Сондықтан айтарлықтай өзгеріске ұшырататын критерийлердің негізгісі үшеу деді: Күш.Байлық және Білім. Осылардың қайсысы үстемдікке ие болса, қоғам билігінің және ресурстарның жіктемесі анықталады деді:

  • Күшке негізделсе, төменгі сапада болғаны;

  • Байлыққа сүйенсе, орташа сападағы болғаны;

  • Білімге негізделіп, сүйенсе, ең жоғары сапалы билік болады деген.

Ақпаратты өңдеу мен білімді тиімді пайдалану арқылы, жоғары сапалы билікке, "биліктің антибюрократиялық формасына" ауысады деген ойды О.Тоффлер айтқан болатын.

Жеке дайындалуға арналған сұрақтар: Билікті анықтаудағы бағыттар

  1. Биліктің бихеовиристік трактовкалары;

  2. Әлеуметтік бағыт;

  3. Мінез құлықтық бағыттар шегіндегі билік концепциялары; теологиялық,морфологиялық, бихеовиристік, биологиялық т.б

  4. Социологиялық бағыттар шегіндегі билік концепциялары:

4.1 Биліктің құрылымдық функционалдық концепциялары;

4.2 Биліктің дағдарыстық концепциялары;

4.3 Биліктің дуалистік концепциялары;

5. Биліктің ұйымдастырылуы мен қызмет ету принциптері:

5.1 Саяси биліктің суверенинеті;

5.2 Легитимділік ұғымдары;

5.3 Легитимділік түрлері;

5.4 Қазақстандағы билік легитмділік мәселесі;

Аралық бақылауға дейін әрбір студент 6-7 апталарда әрбір студент , әлем мемлекеттерінің билік жүйесін талдау бойынша өзіндік жұмыс өткізеді.

Дәріс.4 Саясаттың әлеуметтік негіздері.

1. Әлеуметтік стратификация және саясат – саясаттың әлеуметтік негіздері ретінде.

2. Этнос - саясат субъектісі ретінде

3. Жеке тұлға және әлеуметтік топтар - саясат субъектілері ретінде

1. Әлеуметтік стратификация және саясат

ХХ ғасырда әлеуметтік стратификациялау ұғымы ғылымға енгізілді. Страт латын тілінде жік, қабат деген сөзден геологияда жер қыртысының қабаттарын білдіретін ұғым ретінде қолданылды. Әлеуметтік стратификация негіздері М.Вебердің, П.Сорокин, Т.Парсонстың, В.Пареттонның және басқа да авторлардың еңбектерінде көрініс тапқан. Қазіргі батыстық қоғамдық және саяси ойларда бұл теория-маңызды ғылым және қолданбалы функцияларды атқарған кең тараған теория.Әлеуметтік стратификация тоериясына әлеуметтік страта мен әлеуметтік тұтастық орталық ұғымдар болып есептеледі. Жер беті қабаттарына білдіретін гоелогиялық старта термині мұнда қоғамның әлеуметтік жіктелу белгілену, үшін ғылыми зерттеу мақсатында халықтың әлеуметтік маңызды топтарын бөліп көрсету үшін пайдаланылады. Бұл жағдайда зерттеушілік және практикалық мүдделердің байланысты стратификациялық айырмашылықтарды анықтау үшін, яғни страттарға бөлуде іргелі, тұрақты әлеуметтік белгілермен қатар әлеуметтік тұрғыда жанама белгілдің де қолданылуы ықтимал. Мәселен,меншік қатынастары, табыс, аяси бағдар, моралдық ұстамдылықпен қатар тұтынушы мүдде, хобби, эстетикалық, моральдық құндылықтар тәрізді балгілер алынуы мүмкін.Өйткені,әлеуметтік прогресс жолына түскен қоғамда қызмет ететін қоғамдық ғылым сәл өзгешелену функцияны атқарды. Егер шынайыылыққа қатыстығы революциялық сыни көзқарас қоғамдық өмірдегі түбірлі төңкерісті жүзеге асыру үшін әлеуметтік проблемалардың терең негіздерін терең ашып көрсетуді талап етсе,ал реформаторлық көзқарас қоғамдық ғылымдардан қоғамдық өмірдің әлеуметтік технологиясын жетілдіруге және қоғамдық қатынастарды үйлесімденумен, консенсустық мәдениетті қалыптастырумен, қатыстарды шешудің әлеуметтік ауыртпалықсыз жолдарын табумен,яғни әлеуметтік педогогика, әлеуметтік серіктестік тәрізді қолданбалды бағыттарының дамуымен байланысты проблемалардың шешілуіне қатысуын талап етеді. Осы ретте қазіргі дамыған елдердегі таптық құрылымның айтарлықтай өзгергендігін ескеру қажет. ХІХ ғ. еуропалық елдерге тән болған таптық антогонизм қазіргі жағдайда жұмсарған. Бұған белгілі бірдеңгейде,меншіктің таралуы мен халықтың елеулі бөлігінің материалдық иелікке, әлеуметтік мәртебемен, білімге ие, саяси өмірге белсенді қатысуға қабілелтті және демократиялық құрылымдардың қызметіне қажетті әлеуметтік мағына беретін орта тапқа айналуына мүмкіндік туғызады. Жоғары дамыған азаматтық қоғам мен адамдардың тіршілік әрекетінің құқықтық режимі бұл елдердің саяси болмысының шынайылығына айналды.Осының бәрі қоғамдық организмнің өзінде проблемаларды қоғамдық сұхбат негізінде,өзара ымыра мен келісілген шешімдер аясында бейбіт жолмен шешуге қабілетті жағдайларды,күштер мен құралдар жасады. Азаматтық соғысқа дейін алып баратын белсенді қарсылықтар мен таптық күш көрсету орнына проблемаларды парламенттік саяси қызмет саласында және әр түрлі құрылымдық реформалардың қабылдану саласында шешу мүкіндігі пайда болды. Стратификациялық айырмашылықтар әлеуметтік антагонизмнің дамуына алып келмейді, себебі қазіргі қоғам-тұтас, страттар арасындағы шек тұлға үшін жеңіл алынатын.Егер ол қажетті энергияны жұмсай отырып, іскерлік танытса, стратификациялық сатымен жоғары өрлеп, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыра алатын ең тиімді позицияларды иелене алады, немесе көлденеңінен жылжып,өз талантын көрсетуге мүмкіндіктер беретін страттаға өте алады. Марксистердің көзқарасы бойынша, қоғамдық өмірдің барлық саласына еніп, экономикалық, идеологиялық және саяси түрдегі негізгі формада жүзеге асқан тап күресі қоғамда сақталғанымен, өзінің әлеуметтік мазмұны мен бағыттын өзгертті. Пролетариаттың және оның революциялық партиясынның билікті басып алу пролетариат диктатурасын орнатуды көздеген саяси күресі өз қажеттілік өз қажеттіліктерін жоғалтып басқа мәнге ие болды. Қазіргі жағдайдағы күрес алаңы-парламентте басымдыққа ие болу әрі сол арқылы қажетті құрылымдық реформаларды жүзеге асыру. Идеологиялық күрестің мазмұныда өзгерді. Саясат идеологиялық әрекетті элементтерді бірігуін талап етеді және идеологиялық байсалдықты қалыптастырады. Экономикалық күрестің мазмұны да өзгеше сипат алады. Ол капиталистік қоғамдағы негізгі таптардың қарама-қарсы тұру ауұымдылығын жоғалтып, жұмысшылардың жеке топтарының өз экономикалық мүдделерін қорғау күресіне айналды. Бұл күресті жүргізуде жалданып жұмыс істейтін адамдар ерікті бірлестіктер, кәсіподақтар маңызды рөл атқарды. Кәсіподақтар бірлестігі күресінің мәні-«жұмыс күші»тауарын ұтымды өткізу үшін кәсіпкерлермен саудаласу. Қазіргі жағдайда осы саудаласудың нәтижелерін жалдамалы жұмысшылардың кәсіпкермен ұжымдық келісімінен,сондай-ақ жеке келісімшарттардан да көруге болады. Әлеуметтік жіктелу теориясы,міне,осы талаптарға сай келетін әдістемелік және теориялық құрал.Әлеуметтік жіктелу теориясы адамды қызметкер ретінде де, тұтынушы ретінде де қарастырады.Ол билік жүйесіндегі барлық жағдайын, басқара алатын обьектісінің аумағы мен түрлерін ескереді. Осылардың арқасында ол қоғамдағы әлеуметтік жіктелу жүйесін және қалыптасқан теңсіздікті жан-жақты зерттеп білуге мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]