Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sayasattanu_kitap.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
461.29 Кб
Скачать

1898 Жылы ұйымдастырылған Ресей социал-демократиялық жұмысшылар

партиясы (РСДЖП) еді. 1917 жылғы қазан айында В.И.Лениннің басқаруымен

осы партия революция арқылы билікке келіп, бүкіл Кеңес Одағында марксистік

(коммунистік) идеологияны орнатты. Бірақ күшпен енгізілген идеология 70

жыл бойы өз мақсатына жете алмады, себебі экономика саласындағы жеке

меншік жойылғаннан кейін қоғам тоқырауға ұшырады. Бұл саяси оқиға

идеологияның бәрі бірдей сәтті бола бермейтінін дәлелдейтін бұкіл әлемдік

тарихи сабақ болып саналады.

К.Маркстің ең үлкен қателігі – «капитализмнің өзін-өзі дамытуға

мүмкіншілігі жоқ» - деген қағидасы болатын.

Бұған қарсы Еуропаның батыс елдерінде, соның ішінде әсіресе

Германияда ХХ ғасырдың басында марксизмді қайта қарап, оған өзгерістер

енгізу мақсатымен реформистік идеялар ұсынылды. Бұл идеялар саяси ғылымда

реформизм болып аталады. Реформизм дегеніміз -эволюциялық даму,

реформалар және әлеуметтік-саяси модернизация арқылы қоғамдағы

тұрақтылықты сақтау идеологиясы.

Реформизм идеологиясы үш бағытқа бөлінеді, олар: эволюция, реформа

және модернизация. Осы үш бағыттың арнайы аталуының өзі – революция

идеясына қарсылық білдіру үшін қажет болды.

Реформистік идеологияның негізін қалаушы - неміс саяси қайраткері

Эдуард Бернштейн(1850-1932). Бұл саясатшы реформизм туралы идеяларын

Социализмнің алғы шарттары және социал-демократияның мақсаты” деген

еңбегінде ұсынады. Э.Бернштейннің реформизм идеологиясына келу жолы

қиын да күрделі болатын. Ол өзі саясат жолын марксизмнен бастаған еді.

Марксшыл Ф.Энгельстің серігі болып, екеуі Германияда 1869 жылы құрылған

социал-демократиялық жұмысшылар партиясының жетекшілер құрамында

болды. Марксистік идеяларды таратқаны үшін Э.Бернштейн өз елінен жер

аударылып біраз жылдар Швейцария, Англияда тұрады. Әсіресе Англияда

болған уақытында Э.Бернштейн либерализм идеологиясымен терең танысады.

Соның әсерінен саясатшының марксистік көзқарасы күрт өзгеріп, жоқшылық

мәселелерді шешудің басқа да жолдары бар екенін байқады. Э.Бернштейн

өзінің кейінгі жаңа көзқарасында кедейлердің, жұмысшылар мен шаруалардың

әлеуметтік жағдайын тек революция, социализм жолы арқылы ғана емес, оны

реформалар арқылы да шешуге болатынын дәлелдейді. «Таптық, саяси теңдік

110

орнату жолы міндетті түрде капитализмді құлату емес, себебі капитализмнің

реформалар арқылы кедейшілікпен күресуге мүмкіншіліктері толығымен бар,

кедейлердің жағдайын жақсартам деп байларды құртып жіберу – ол да

әділетсіздіктің бір түрі» деп қорытындылайды. Ол «дұрысы буржуазиялық

тапқа қарсы күресу емес, қоғамдағы кедейшілікті азайту үшін күресуі керек» -

деген қағиданы таратты. Яғни, Э.Бернштейн марксистік идеологиядан бас

тартып реформизм идеологиясын берік ұстаным етті.

Э.Бернштейн өз еліне, Германияға қайтып келгеннен кейін, Германия

социал-демократиялық жұмысшылар партиясы (ГСДЖ) ыдырап, үш топқа

бөлініп кетті. Э.Бернштейн енді тек ғана реформизм көзқарасын қолдайтын

топтың жетекшісі болды. Кейін осы реформистік идеяға сүйенген социал-

демократиялық партиялар Еуропа елдеріндегі реформизм идеологиясының

дамытушысы, халыққа таратушысы болды.

Сонымен, біз әлемде кең тараған идеологиялардың негізгі түрлерін

қарастырдық. Идеология қоғам өміріндегі зор қозғаушы күш екені ақиқат.

Сондықтан идеологияны тудыратын себептерге аса мұқияттылықпен қарап,

идеологияны таңдай білу жоғары білімді, аса жауапкершілікті қажет етеді.

Негізінен жалпықоғамдық идеологияның көзі халық болуға тиіс екенін есте

ұстау керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]