Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
sayasattanu_kitap.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
461.29 Кб
Скачать

1917 Жылы желтоқсанның 5-13-күндері өткен Екінші бүкілқазақтық съезі

Қазақстан тарихы үшін маңызды оқиға саналады. Дәл осы съезде ұлттық Алаш

мемлекетін орнату мақсатымен “Алашорда” уақытша халық кеңесі –жаңа

үкімет құру туралы шешім қабылдаған болатын. Бұл тарихта Қазақ хандығынан

кейін құрылған екінші мемлекет болды.

Алаш” партиясының бағдарламасында төмендегідей демократиялық

құндылықтар бар болатын, олар:

- “… діни нанымына, шығу тегіне және жынысына қатыссыз адамдар тең

құқылы”;

- “мемлекеттік шенеуніктер заңсыз жолмен ешкімді ұстай алмайды”;

- “мемлекеттік қызметшілер қожайынның рұқсатынсыз ешкімнің тұрғын

үйіне кіре алмайды”;

- “соттың қарауынсыз және шешімінсіз бас бостандығынан айырмау”;

- “жиналыстың, бірлестік құрудың, сөздің, газет, кітап шығарудың

еркіндігі”.

Өкінішке орай “Алаш” партиясының өмірі ұзаққа созылған жоқ. Кеңестік

үкімет билікке келісімен-ақ оларға «ұлтшыл партия» деген айып тағылып, кейін

күшпен, зорлықпен жабылып қалды. Ал “Алаш” партиясы қайраткерлерінің

тағдыры қайғылы аяқталды, олар сталиндік жазалаудың құрбаны болды.

Қазақстан тарихында “Алаш” партиясының алатын орны айрықша. Егер

жоғарыда аталған осы партияның бағдарламасына қайтадан жүгінетін болсақ,

бұл партия Қазақстандағы алғашқы либерал-демократиялық партия болды.

Тарихи тұрғыдан алатын болсақ аты аңызға айналған барлық түркі

халықтарының атасы – “Алаш” атын алған партия – қазақ даласындағы

алғашқы дербес партия болды. Кейін, 1918 жылдан бастап Қазақстанда бір ғана

саяси партия - коммунистік партия болды. Бірақ ол, біріншіден, Кеңестер

Одағы Коммунистік партиясының (КОКП) бөлімі (филиалы) ретінде ғана өмір

сүрді. Екіншіден, КОКП-ны партия емес, мемлекетті жеке-дара, шексіз билеген

әзірейіл (монстр) деп атаған да дұрыс болатын.

Мемлекеттік билікті толығымен өз қолына алған КОКП алғашқы күннен

бастап –ақ бүкіл елді «орасан зор еңбек артеліне» айналдырды. 1919 жылы

енгізілген «әскери коммунизм» саясатының озбырлық сипаты елдегі жергілікті

бюджеттерді жоюдан, оларды бірыңғай мемлекеттік бюджетке қосып біртұтас

қазына құрудан, ұсақ және жеке өнеркәсіпті мемлекет меншігіне алудан

көрінді. Жаңа Кеңестік республиканың адам және материалдық байлықтарды

игеруге бұйрықтар, реквизициялау,яғни экономиялық басқаруға жатпайтын

мемлекеттік күштеу әдістері арқылы қол жеткізілді. Экономика саласындағы

осындай төтенше шаралар, «қоршаудағы қамал» идеологиясы және жанталаса

қарулану, «бәрі жоғарғы жақтан» саясаттары елімізде өктемдік, зорлық-

зомбылық психологиясын туғызды. Азық –түлікке мемлекет монополиясын

бекіту үшін жүргізілген адамгершілікке жат саяси шаралар халықты аштыққа

ұшыратты.

78

1921 Жылы в.Ленин Кеңестер елінің әлеуметтік- саяси жағдайын«күйзеліс,

жоқшылық, қайыршылану» деп сипаттады.

Осы жылғы наурыз айында Ресей Коммунистік (большевиктер)

партиясының Х съезінде қабылданған Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) кейін

Сталиннің мемлекет билігі басшылығына келуіне байланысты таптық,

идеологиялық себептермен тоқтатылды.

1925 Жылғы желтоқсанда Бүкілодақтық Коммунистік большевиктер

партиясының ХІҮ сьезінде қебылданған елді соиалистік индустрияландыру

туралы шешімі КСРО-да және оның ішінде Қазақстанда ауыр өнеркәсіптің

дамуына әсер етті. Мысалы, Қазақстанда көптеген зауыттар мен фабрикалар

салынды. Сол кездегі іске қосылған үлкен құрылыстардың бірі Түркістан-Сібір

темір жолы («Турксиб») болатын.

Индустрияландыру саясаты қоғамда жағымсыз жағдайлардың туындауына

да себеп болды. Социалистік индустрияландыру саясаты тек ғана КОКП-ның

жоғарыдан берілетін бұйрығы,үкімі арқылы жүзеге асырылды. Ақырында,

Кеңес Одағында мемлекеттік басқарудың әміршілдік-әкімшілдік әдісі, саяси

биліктің жеке диктатурасы қалыптасты.Оның жалғасы тоталитарлық режимге

айналды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]